Зорлық зомбылыққа заң бар!

Зорлық зомбылыққа заң бар!

Қоғамымызды тұрмыстық зорлық-зомбылық оқиғаларының көбейіп кетуі айтарлықтай мәселе болып отыр. Бұл еліміздегі адам құқығының өз деңгейінде қорғалмауының көрсеткіші бола алады. Сондықтан еліміз тұрмыстық зорлық зомбылық оқиғаларының алдын алуға барынша тырысуда. Әсіресе тұрмыстық зорлық зомбылық оқиғаларына қатысты заңның күшейіп, жауапкершіліктің ұлғаюын еліміздің бұл бағыттағы жұмысының бір мысалы ретінде айта аламыз.

Құр сөзбен айтпай нақты статистикалық деректерге сүйенер болсақ биылғы жылдың басынан бері  отбасылық зорлық зомбылық салдарынан 700 ге жуық қылмыс жасалып, отбасындағы зорлық көрсетіп, әлімжеттік жасаушыларға 35 мыңнан астам әкімшілік хаттама толтырылған екен. Еліміздегі отбасылық зорлықшылардың құрбаны болатын көп жағдайда нәзік жандылар мен кәмелеттік жасқа толмаған балалар екенін ескерсек отбасылық тирандар тарапынан орын алатын зорлықшыл әрекеттердің алдын алу парыз екенін сезіне түсеміз. Салыстырмалы түрде алар болсақ, былтыр елімізде орын алған тұрмыстық зорлық-зомбылық оқиғалары салдарынан 100-ге жуық адамның құрбан болғанын ескерсек, тентекті тезге салу ісінің әлі де болса құқықтық тұрғыдан жетілдірілуі керек екенін сезіне түсеміз. Сондай-ақ былтырғы жылдың алғашқы он бір айында елімізде отбасылық-тұрмыстық оқиғаларға қатысты нақты 900-дей қылмыстық құқықбұзушылық тіркелген көрінеді. Саланың мамандары бұл 2021 жылмен салыстырғанда 6,9 пайызға аз деген дерек келтіріп қуантып отыр. Демек еліміздің тұрмыстық зорлық зомбылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстары нәтижесіз емес дей аламыз. Жалпы саладағы статистика көз қуантып отырғаны жасырын емес. Өйткені 2021 жылдың дәл сол кезеңінде  900 ден астам отбасылық және қылмыстық құқықбұзушылық оқиғалары тіркеліп, 2020 жылмен салыстырғанда 7,7% аз көрсеткіш екенін көрсеткен. Осыдан-ақ еліміздегі тұрмыстық жанжалдардың азайып, оған қатысты қозғалатын істердің де кеміп, сәйкесінше отбасы жанжалдарының да құрбандары төмендеп келе жатқанын байқаймыз. Бұл еліміздің осы бағыттағы жұмысының нақты нәтижесін көрсетеді.   

Осы орайда айта кетсек, көп жағдайда халқымыздың қанына сіңген қасиет, отбасылық жанжалдарды сыртқа шығармауды қалайды. Қазақ әйелі ерінің абыройын, отбасы құндылығынан асып кете алмай "жауырды жаба тоқып", жасырып жабуға бейім келеді. Бірақ осындай «бас жарылса – бөрік ішінде, қол сынса – жең ішінде» салдарынан іс ушығып, кей жағдайда соңы адам өлімімен аяқталуы өте өкінішті. Адам құқығын қорғаушылар "тұрмыстық зорлық-зомбылық дегеніміз отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында бір адамның басқаға қатысты дене зардабын және психикалық зардап келтіретін немесе келтіру қаупі бар құқыққа қарсы қасақана әрекеті" деп сипаттайды. Яғни сізді отбасында біреу жәбірлейтін болса онда сіздің құқығыңызға қарсы әрекет орын алып жатыр деген сөз. Сондықтан өз құқығыңыздың бұзылуына жол бермеңіз. Негізі тұрмыстық зорлық-зомбылық әртүрлі сипатта болуы мүмкін. Ол физикалық күш көрсетумен қатар, сөзбен кемсіту, психологиялық қысым, тіпті сексуалдық тұрғыдан зорлық-зомбылық көрсету түрінде де болуы мүмкін. Сондықтан осы сипаттаға кез келген әрекетке дер кезінде тосқауыл қоя білгеніңіз жөн! 

Еліміз тұрмыстық зорлық зомбылық оқиғалары кезінде әлсізді, құқығын қорғай алмай тұрған жанды өз дәрежесінде қорғау үшін ең алдымен заңнамалық тұрғыдан "қаруланып" алды. Яғни заңдарымыз заман сұранысына сай! Осы орайда атап өтсек, елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдырмау мақсатында «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» заңы қабылданған. Қазіргі таңда аталмыш заң азаматтарымыздың қорғанына айнала алып отыр. Тек зорлық құрбаны өзінің шынайы жағдайын жасырмаса болғаны. 

Заңгер Мырзабек Бекберді аталмыш заң аясында "Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы еліміздің азаматтрының құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, құқықтық заңдылықтың сақталуын қадағалау,  отбасы мүшелерінің заңды мүдделерінің сақталуына кепілдік беру, еліміздің кез келген мүшесінің дене зардабын және психикалық зардап шегуіне жол бермеу, отбасы құндылығын қолдау және сақтау, өмірлік қиын жағдайда жүрген әрбір адаммен жеке жұмыс жүргізу секілді әрекеттерге негізделеді. Ең алдымен зорлықшының құрбаны өзі жайлы ақпаратты ашық айтуы қажет. Өйткені тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін сол жандардың өтініштері немесе хабарламалары, құқық қорғау орындары қызметкерінің тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жасалу не оны жасауға әрекет ету дерегін тікелей анықтауына негіз болатын дәлелдер керек.  Тұрмыстық тиран Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің арнайы баптарымен әкімшілік жазаға тартылады. Заңнама аясында оның отбасына жақындай алмайтындай мүмкіндіктер де қарастырылған. Тек тұрмыстық зорлық зомбылық көрсетушінің әрекетіне табанды қарсылық көрсете білуіңіз маңызды" дейді.

Осы орайда жоғарыда атап өткен «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» заңына сүйене отырып, отбасындағы жанжал шығарушы былапыт сөйлеп, қорлап тиiсіп, кемсiтсе, үйіңіздегі мүліктерді бүлдіріпсе, отбасы мүшелерінің мазасын алса, тыныштығын бұзса  ескерту жасалып немесе бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады. Егер зорлық көрсетуші осы әрекетін тағы қайталар болса ӘҚБтК-нің 73-бабына сай он тәулiкке дейiнгі мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алынады. Ал, егер тиран отбасы мүшелерін ұрып соғып,  денсаулыққа орташа немесе аса ауыр залал келтірілетін болса, кінәлі азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылып, бас бостандығынан айрылады. Демек қорғаушыңыз бар. Бәрі заң аясында шешіледі. Тек үнсіз қалмасаңыз болғаны!

Әлеуметтанушы Бота Рысқали: "Тұрмыстық зорлық зомбылық оқиғасымен күрес тек заңнамалық тұрғыдан жүргізілмей кешенді болғаны дұрыс. Мәселен қоғамымызда отбасы құндылықтарын дәріптеп, отбасындағы әке рөлі, бала құқығы, ананың отбасындағы маңызды тұлға екенін ашып көрсетуіміз керек. Ұзақ жылдар бірге тұрған ерлі зайыптылардың берік жанұя қалыптастыру сырлары ашық айтылуы тиіс. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың залалы, ажырасудың теріс әсері үнемі ашық айтылып, теледидар арқылы жиі көрсетіліп тұруы керек" деген пікірде. Яғни тұрмыстық зорлық зомбылықпен күрес кешенді түрде жалғасуы керектігін алға тартады. 

"Әрбір отбасы шағын мемлекет" екенін ескере отырып, осы шағын мемлекеттердан құралатын Қазақстан атты үлкен еліміздің болашағы жарқын болсын десек, отбасы түсіністігі мен ерлі-зайыптылардың құқығының сақталып, балаларының бақытты ғұмыр кешуін қамтамасыз ете білуіміз керек.   

Еркенұр Ерсұңқар

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста