Жауапкер сот талқылауына қатысуға міндетті

Жауапкер сот талқылауына қатысуға міндетті

Мемлекетіміздің заңдық базасын дамыту қашан да маңызды. Яғни, қоғамым дамыған сайын заңдар да заман талабына сай жетілдіріледі, өзгертіліп, толықтырылады, сонымен қатар, жаңалары қабылданады. Биыл сондай жаңа заңның бірі Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі күшіне енді. Еліміздің құқықтық тарихы үшін бұл жаңалықты айтулы оқиғаға теңеуге болады. Жаңа заңмен мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдері, оларды жүзеге асыруға байланысты қатынастар, сондай-ақ, әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібі реттелген. Әкімшілік рәсімдердің міндетіне жеке және заңды тұлғалардың жария құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін іске асыру, жария-құқықтық даулардағы теңгерімділікті қамтамасыз ету кіреді. Ал, әкімшілік сот ісін жүргізудің міндеттері жария-құқықтық қатынастарда жеке және заңды тұлғалардың бұзылған немесе дау айтылатын құқықтарын, т.б. тиімді қорғап, істерді әділ, бейтарап, уақтылы шешуді қамтиды.

Іс жүргізуде сот талқылауының маңызы зор. Сондықтан, бұл мақаламызда әкімшілік істер бойынша сот талқылауының нормалары жайлы айтқымыз келіп отыр. ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің 110-бабына орай, сот талқылауы тікелей және 23-тарау тәртібімен қаралған әкімшілік істер бойынша іс жүргізуді қоспағанда ауызша жүргізіледі. Сот талқылауы барысында іске қатысты дәлелдемелер тікелей зерттеліп, тараптар мен әкімшілік процеске қатысатын басқа да адамдардың түсініктемелері, сондай-ақ, куәлар мен сарапшылардың айғақтары тыңдалады, заттай дәлелдемелер қарап-тексеріледі. Бұған қоса судья жазбаша дәлелдемелер, өзге де құжаттар, дыбыс-бейне жазбалар, кино-фото, ақпарат жеткізгіштердегі материалдармен танысып, дәлелдемелерді зерттеу мақсатындағы қажетті әрекеттерді жасайды.

Ерекше жағдайларда, мысалы, процеске қатысушылардың ауызша түсініктерін тікелей тыңдау мүмкін болмаса, сот олардың әкімшілік рәсім барысында алынған айғақтарын жария ете алады. Қажеттілік туса, дәлелдемелерді зерттеу кезінде маман кеңестері мен түсініктері тыңдалады. Әкімшілік іс бойынша түпкілікті шешімдер мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияларды қамтитын құжаттарды қоспағанда, тікелей сот отырысында зерттелген дәлелдемелерге негізделеді.

Әкімшілік істі талқылау кезінде сот құрамы өзгермейді. Бірақ, судьяның сот талқылауына қатысуы мүмкін болмаған жағдайда, ол басқа судьямен ауыстырылып, талқылау басынан басталады. Жауапкерге сот талқылауына қатысу міндеті 112-баптың 1-тармағымен жүктелген. Олай болмаса, сот жауапкерге ақшалай өндіріп алу шарасын қолдануға, қайта келмеген жағдайда әкімшілік істі оның қатысуынсыз қарауға құқылы. Мүдделі адамдар іске соттың бастамасы немесе әкімшілік процеске қатысушының өтінішхаты бойынша тартылуы мүмкін.

Әкімшілік процеске қатысушыларға істің қаралатын немесе жекелеген процестік әрекеттердің жасалатын уақыты мен орны хабарланады. Тиісті ұйғарым шығарылған, не сот талқылауы өтетін күн тағайындалған күннен бастап қатысушылар сотқа шақыртылады және олар міндетті түрде келулері

керек. Айта кетерлігі, қатысушылар жазбаша, оның ішінде электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында соттың әкімшілік істі өздерінің қатысуынсыз қарауын және сот актісінің көшірмелерін жіберуін сұрата алады.

ӘРПК-нің 115-бабының талабына сай, әкімшілік іске қатысатын адамдардың келмеуі сот отырысын өткізуге кедергі болмайды. Қатысуы сотпен міндеттелген адамдар келмесе, судья оларға аталған Кодекстің 18-тарауына сәйкес, процестік мәжбүрлеу шараларын қолданады. Сонымен бірге, әкімшілік процеске қатысушылардың кейбірінің немесе өкілдерінің келмеуі істі толыққанды қарауға мүмкіндік бермейтіні сотпен танылған, талап қоюдың нысанасы мен негізі өзгерген, процеске жаңа қатысушылар тартылған жағдайларда талқылауды кейінге қалдыруға болады. Әкімшілік істі мәні бойынша шешпейтін сот актісі ұйғарым нысанында шығарылады. Ұйғарымдар сот отырысында да, одан тыс уақытта да шығарылуы мүмкін. Әкімшілік істер бойынша сот талқылауының жалпы бастаулары осы Кодекстің 17-тарауымен жан-жақты айқындалған.

Әкімшілік әділет институты мемлекет пен азаматтар арасындығы қатынастарды жаңа сатыға көтеріп, заңның үстемдігін одан әрі арттыруымен, қоғамдық келісімге қолайлы әсер етуімен құнды.

Гүлназ Оспанова,

Алматы қаласының мамандандырылған

ауданаралық әкімшілік сотының судьясы

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста