Сот жүйесіндегі ашықтық халықтың сотқа деген сенімін арттырды

Сот жүйесіндегі ашықтық халықтың сотқа деген сенімін арттырды

Сот жүйесінде соңғы жылдары жасалған өзгерістердің барлығы дерлік халықтың сотқа деген сенімін арттыруға бағытталды. Өйткені бір кездері саладағы жүйесіздік салдарынан халық тарапынан сотқа сенім қашып, тіпті сот шешіміне наразылық танытушылар да көбейіп кеткен еді. Сот шешіміне наразылық танытып жазылған хаттар соңғы кездері күрт азайған. "Мұның басты себебі саладағы өзгерістер" дейді сарапшылар. 

Осы орайда айта кетсек, ең алдымен салада заманауи ақпараттық технологияларды қолдану – сот қызметінің қолжетімділігін, ашықтығын және тиімділігін қамтамасыз етіп келеді. Қазір тіпті сот істеріне судьяларға бөлуге мамандар араласа алмайды. Бәрін автоматты жүйе арқылы бөледі. Нәтижесінде алдын ала кімге қай судья тап келетіні немесе судьяларға қай істің алдын ала келетіні белгілі емес. Яғни адамдар тамыр таныс іздеп, судья көңілін табуға тырысады деген күдік сейілді.  

Бүгінгі күні халық әлеуметтік желіде белсенді. Кейбір мәселелер қоғамдық пікірден соң оң шешім табуы әдетке айналды. Демек халықтың үніне айналып отырған әлеуемттік желіде құқық қорғау орындарының да белсенділігі маңызды. Осы орайда Жоғары сот та бірнеше жылдан бері қарамағындағы сот қызметкерлеріне барынша әлеуметтік желіде белсенді болуды талап етуде. Сондықтан еліміздің барлық соттарының желіде парақшалары ашылды. Осы ашық алаңда халық пен соттар өзара пікір алмасып, сауал қойып, жауап алып ашықтыққа көшкені байқалуда. Қазіргі таңда әлеуметтік желіде белсенді, кейбір шу туғызған сот отырыстарын қоғаммен ашық талқылап отыруды әдетке айналдырған соттар халық алдында бедел де жинап үлгерді. Кейбір соттардың әлеуметтік желідегі парақшасында халық сот шешіміне қарсылық танытып, азаматтар шағымын қалдыруда. Дер кезінде болған кері байланыс сотқа деген халықтың сенімін арттыратыны анық. Еліміздің Жоғарғы сотының да әлеуметтік желіде арнайы парақшасы ашылған. Мұнда да қалаған адам шағымын қалдырып, Жоғары сот тарапынан жасалған өзгерістерді анық көріп, сот саласының жаңалығымен де танысуға болады. Бәрі ашық, жариялы түрде жүзеге асуда. Осы орайда еліміздің сот орындарының мұндай ашықтығы «Әділетті Қазақстан» құруға ұмтылған еліміздің ниетімен астасып жатыр деп айта аламыз. Әсіресе осы әлеуметтік желі арқылы халықтың құқықтық сауатын арттыру жұмыстары өте жақсы жүруде. Қазір халық өзінің кез келген мазалаған сұрағын желіде жазып қалдырса, құзырлы орындар құқықтық жігін ажыратып, талдап, халыққа түсінікті тілде жол сілтеуде. Сондай-ақ судьялар мен сот қызметкерлері мамандары саладағы маңызды тақырыптарға арнап мақала жазып, заңдарға түсініктеме беріп, халықтың құқықтық сауатының артуына көңіл бөлуде. Бұл да болса елімізде жасалып жатқан оң қадамдар деуге болады. 

Сот жүйесіне сенімді арттырған тағы бір өзгеріс сот шешімінің халыққа түсіндірілуі. Бұрын судья сот шешімін оқыр оқымастан сот залынан шыға жөнелетін. Ал халыққа көп нәрсе түсініксіз күйінде қалатындықтан сот шешіміне наразылық танытып, сотқа арыз жазатындар көп еді. Қазіргі таңда бұл арыздардың саны айтарлықтай төмендеген. Демек сотқа деген күдік азайып, сенім артып келеді деуге болады. Көп нәрсенің автоматтандырылуы да сотқа деген сенімді арттырды. Мәселен бұрын көп нәрсе мамандар арқылы атқарылатындықтан, адам факторы араласқан іске көпшілік күдікпен қарайтын. Қазір азаматтарды сотқа шақыру автоматтандырылып, халыққа СМС хабарламалар жолдау мен гибридті электрондық пошта сервистері кеңінен қолданылуда. Көп қызметтер автоматты жүйе арқылы жасалатындықтан, халық сотқа деген сенім артуда. Екінші жағынан автоматтандырылған жүйе сот шығындарын қысқартып, процеске қатысушылардың да уақытын үнемдеуге жол ашуда. Әрине мұндай қызмет кім кімнің де көңілінен шығары даусыз. Жалпы еліміздің сот жүйесіндегі мұндай жаңару мен жаңғырулар, автоматтандыру мен сандық технология елімізді әлемдегі дамыған отыз мемлекеттің қатарына қосты деуге болады. Осы орайда саладағы 

Маман пікірі

Әлібек Айтпаев, заңгер:

Басқа басқа сот саласында халықтың сенімі аса маңызды. Өйткені сотқа сенімі қашқан халықтың мемлекетке де сенімі қашады. Ал халық мемлекетке сенбесе ел болуымыз қиын. Сондықтан Халықтың сотқа деген сенімін арттыруға тырысу керек. Жалпы елімізде бұл бағытта жүріп жатқан жұмыстардың кешенді түрде жалпы мемлекеттік деңгейде жүргізілуі қуантады. Мәселен сот саласында сандық технологиялар көмегімен, түрлі реформалар арқылы халық сеніміне лайық болуға тырысып жатқан тұста "Еститін Үкімет" жобасы да жұмыс жасады. "Еститін Үкімет" барынша халыққа ашық болуға тырысып, елдің мәселелерін шешуге ұмтылды. Халық белгілі бір деңгейде мемлекеттің халық көңілін табуға тырысып, елдік мәселелерді шешуге тырысқанын байқады. Бұл еліміз үшін үлкен жетістік. Қазіргі таңда еліміздің сот жүйесі үлкен өзгерістерден өтуде. Және бұл өзгерістердің барлығының сот қызметін жетілдіріп, халық сұранысына сай етіп жатқаны қуантады. Өз басым маман ретінде еліміздің сот жүйесінде болып жатқан өзгерістерді жоғары бағалаймын. 

Еркенұр Қалдыбайқызы

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста