Сот билігінің басты күші заңның мүлтіксіз орындалуында!

Сот билігінің басты күші заңның мүлтіксіз орындалуында!

Биыл ел Тәуелсіздігіне 30 жыл толып отыр. Осы жылдар ішінде еліміз айтарлықтай дамудың даңғыл жолына түсті. Тәуелсіздік жылдарында биліктің басқа тармақтары сияқты сот билігі де үлкен өзгерістерді бастан кешіріп, құқықтық мемлекеттің қажеттілігіне және заман талабына сай жетілдірілді, дамытылды. Еліміз азаттық алған тұстан бастап, сот жүйесінің Тәуелсіздігі мен оны нығайтуға бағытталған жұмыстар жүзеге асырылды. Соттар мен судьялардың мәртебесі нығайтылып, сот құрылымы мен сот өндірісін жүргізу тәртібі түбегейлі өзгеріске ұшырады.

Сот жүйесін одан әрі жетілдіру бағытында соттарды мамандандыруға басымдық берілді. Еліміздің барлық өңірлерінде мамандандырылған экономикалық соттар, әкімшілік соттар, қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соттар, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған соттар құрылды. Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарынан кейін соттар қызметінің заңнамалық және іс жүргізу нормаларын жүйелі түрде жетілдіру, сот құрылымын әрі қарай дамыту,әлеуметтік саладағы даулар мен қақтығыстарды шешудің баламалы жолдарын енгізу, сот әділдігіне азаматтардың қолжетімділігін қамтамасыз ету және судьялар корпусының кәсіби деңгейін арттыру сияқты іргелі тапсырмалары тыңғылықты орындалды. Одан соң мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауларының да негізгі арқауы еліміздің сот саласының мәселелері болды десек қателеспейміз! Ел азаматтарының құқығын қорғауды барынша жолға қою үшін сот саласында реформалар да көп жасалды. 

 Сот төрелігіне халықтың қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында ғаламтор жүйесінде әрбір соттың арнайы әлеуметтік желіде парақшасы ашылып, онда соттағы істердің қозғалысы жайлы мәліметтер, соттардың атқарған жұмыстары жайлы хабарламалар жарияланып тұруы әдетке айналды. Бұл мәліметтерге ғаламтор қызметін пайдаланушы әрбір азамат қол жеткізе алады. Басты мақсат халықтың сотқа деген сенімін арттыру, ақпаратты қолжетімді ету екенін атап өту керек. 

Сот өндірісін жетілдіру әрі жеңілдету мақсатында соттарда «Бірыңғай автоматтандырылған ақпаратты талдау жүйесі» бағдарламасы енгізіліп, қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың дамуына байланысты «Төрелік» ақпараттық жүйесі бағдарламасымен алмасты. Бұл жүйенің басты ерекшеліктерінің бірі талап-арызды тіркеу және қарау мерзімдерінің сақталуына бақылау жасау, оның есебін жүргізу - бәрі электронды жүйе арқылы болады. Келіп түскен арыз-шағымдарды судьяларға бөлу автоматты түрде жүзеге асырылады. Осылайша бұл бағдарлама сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл болып, судьялардың істі таңдап алу мүмкіндігіне шектеу қойды. Яғни қазір қолына қандай іс келіп түсетінін судьялар да білмейді, тараптардың да хабары жоқ.

Сот істерінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында соттардың сот мәжілісі залдарында дыбыс-бейне жазбаларын жүргізетін арнайы қондырғылар орнатылған. Бұл өз кезегінде сот отырысына қатысушы жақтардың тарапынан түсетін наразылықтар мен шағымдарды азайтуға, тараптардың сот отырысы хаттамаларымен жедел танысуына жол ашады. Соттар қызметінде «Электронды Үкіметтің» кеңінен қолданылуы азаматтардың уақытын үнемдеуге, істердің қозғалысын бақылауына, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, соттың әділ өтуіне мүмкіндік береді.

Еліміздегі сот жүйесі өз тарапынан түрлі реформаларға мұрындық болып, халықтың сотқа деген сенімін нығайтуға, тәуелсіз Қазақстанда адам құқығының аяқасты болмай, бостандық пен теңдіктің сақталуын биік мұрат етіп келеді.

Сот билігінің күші Заңның мүлтіксіз орындалуында, құқыққа деген зор құрметте. Қазіргі қоғамда азаматтардың өз құқықтарын жетік білмеуі немесе өзгелердің құқықтарын бұзу сияқты көріністер кездеспей тұрмайды. Әлеуметтік ортадағы түрлі құқық бұзушылықтардың Ата Заң негізінде қалпына келтірілуі, әділеттілік табуы, халықтың сот билігіне деген сенімінің нығаюы Конституциямыздың арқасында мүмкін болып отыр. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын таба береді.

Омарова Арай Ғаниқызы, Алматы қаласы Бостандық ауданы №2 сотының жетекші маманы

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста