Құқық қорғау жүйесі жетіліп келеді

Құқық қорғау жүйесі жетіліп келеді

Егеменді еліміздегі кезең-кезеңімен жүргізіліп жатқан құқықтық реформа тәуелсіз мемлекетіміздің стратегиялық даму бағытын айқындайтын құқық қорғау жүйесінің қызметін арттырып, құқық қорғау органдары қызметкерлеріне көптеген жауапкершілік пен міндеттер жүктейді.

Сондықтан өркениетке жету жолындағы жауапкершілік пен міндеттер құқық қорғау органдары қызметкерлерінің мол тәжірибесі мен кәсіби біліктілігін жетілдіруге арқау болады деген сенімдеміз.
Егеменді еліміздің құқық қорғау жүйесінде қоғамдық тәртіп пен саяси тұрақтылықты сақтау мақсатында көптеген жалпыға ортақ заңдар мен нормативтік-құқықтық актілер қабылданған. Егеменді еліміздің стратегиялық дамуы бағытында құқықтық реформалардың өз әсерін тигізері сөзсіз. Мемлекеттің стратегиялық даму бағытын айқындайтын тың реформалардың нәтижесінде егеменді еліміз тәуелсіздік алған аз ғана 20 жылдың ішінде бірталай жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Оның бір айғағы ретінде – тәуелсіз мемлекетіміздің бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына еніп, өзге елдермен терезесін теңестіргенін айтуға болады. Тәуелсіз мемлекетіміздің ендігі алға қойған мақсаты – алдыңғы қатарлы отыз елдің қатарына еніп, өркениетті елдердің қатарынан көріну. Өркениетке жетудің алғышарттарының бірі – құқықтық мемлекет құру. Құқықтық мемлекетте әрбір азаматтың құқықтық мәдениеті мен құқықтық санасы бірге жетіледі. Құқықтық сана әрбір азаматты құқықты құрметтеуге, заң талаптарын мүлтіксіз орындауға, қылмыс зардабын түсініп, оны жасамауға және екінші тұлғаның қылмыстық әрекетке бармауына ықпал етуге көмектеседі. Қоғамда тәртіп пен саяси тұрақтылық қалыптасқан жағдайда ғана халықтың құқықтық санасы оянып, жетіле бастайды. Егер қоғамда тәртіп пен тұрақтылық бұзылған жағдайда халықтың қоғамдағы тәртіп пен саяси тұрақтылықты реттейтін заң нормаларына наразылығы туып, оны құрметтеуден бас тартады. Мұндай жағдайда азаматтардың санасынан бірін-бірі сыйлау, құрметтеу, өзара түсіністікпен қарау, этика сақтау сияқты ізгілік ұғымдары тыс қалады. Қоғамдағы барлық азаматтардың жүріп-тұру, қарым-қатынас жасау сияқты әрекеттерін заң бір жүйеге келтіріп, реттеп отырады. Заң нақты, жалпыға ортақ әрі түсінікті болғанда ғана мемлекеттегі қоғамдық тәртіп пен саяси тұрақтылықты сақтауға мүмкіндік туады. Сол заңның нақтылығын, жалпыға ортақ талаптарын халыққа терең түсіндіру жұмыстары құқық қорғау жүйесінде іске асырылатындықтан өркениетке жету жолында құқықтық мемлекетіміздің қорғанын мықтап қалау үшін елді тәртіпке, ауызбіршілікке, өзара келісім мен ымыраға және ізгілікке шақыратын заң нормаларын халыққа жете түсіндіріп, олардың құқықтық санасын қалыптастыру бүгінгі күннің кезек күттірмес мәселелерінің біріне айналып отыр. Мақаламыздың басында айтылғандай, егеменді еліміздің өркениет жолына қадам басқан сәті бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына ену саясаты болатын.

Қазіргі таңда тәуелсіз құқықтық мемлекетіміздің құқық қорғау жүйесінде айтарлықтай реформалар жүріп, өз нәтижесін беріп жатқаны баршаға мәлім. Бұл реформалардың жүргізілуі – заңды құбылыс. Сондықтан қазіргі заман талабы құқық қорғау жүйесінің жаңаша халықаралық стандартқа сәйкес жұмыс жүргізу тәртібін, сауаттылық пен кәсіби біліктілікті және заңгерлік мамандықтың ерекшелігіне байланысты іс жүргізу кезінде заңгерлердің қызметіне, сөз сөйлеу мәнеріне халықтың, сондай-ақ сотқа қатысушы тараптардың қанағаттануын қамтамасыз етуін қажетсінуде. Заман талабына сай ғылыми мақаламызда қылмыстық, азаматтық істер бойынша соттағы даулы істерді заңгерлер кәсіби біліктілігі арқасында сотқа қатысушы тараптарды мәмілеге келтіру арқылы дауласушы тараптарды кектесу психологиясынан айырып, ізгілендіру жолымен шешу мәселесі баяндалады.

Егеменді елімізде тәуелсіздік алған 20 жылдың ішінде бірнеше заңдар қабылданып, сол заңдардың қоғамдық тәртіп пен саяси тұрақтылықты сақтауға қосқан үлестері де аз болған жоқ. Экономикалық даму және саяси тұрақтылық жағынан егеменді еліміз көшбасшы мемлекеттер қатарында келеді. Мұндай жетістіктерге аз уақытта қол жеткізе білуді мемлекет мүддесін қорғайтын заңдардың дұрыс қабылданғандығында деп түсіну қажет. Дегенмен заманның талабы өзгерген сайын бұрын қабылданған заңдардың озығы мен тозығы ескеріліп, жаңа заман талабына сай заңдар өзгерістерге ұшырап отырады. Ал құқық қорғау жүйесіндегі реформа заңдарға түбегейлі өзгерістер енгізіп, нақты бір жүйе құру болып табылады. Осы орайда Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2010 жылғы «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа Жолдауында:

«Біз құқық қорғау жүйесін реформалау бойынша байыпты жұмыс жүргізуге тиіспіз. Бәрінен бұрын құқық қорғау жүйесін оңтайландырып, әрбір мемлекеттік органның нақты құзыретін түзу қажет. Біздің заңдарымызды ізгілендіріп, олардың сапасын арттыру қажет. Басқаша айтқанда, жаңа онжылдықта бізге демократиялық мемлекеттегі құқық қорғау қызметінің жоғары халықаралық стандарттарына сәйкес келетін жаңа құқық қорғау жүйесі қажет» , – деп еліміздің құқық қорғау жүйесін реформалау арқылы құқық қорғау органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, сондайақ сот отырысын жүргізу тәртібі мен сотқа қатысушы заңгерлердің халықаралық стандарт талаптарына сай сот ісін жүргізу қызметтерін жетілдіру керектігін айтқан болатын.

2010 жылы демократиялық құқықтық мемлекетіміздің стратегиялық даму жолын айқындайтын 2010-2020 жылдарға арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасы қабылданып, құқық қорғау жүйесін реформалау бойынша байыпты жұмыстар жүйелі түрде іске асырылуда. 2010-2020 жылдарға арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасында қазіргі заңдарды ізгілендіру арқылы халықтың мұңмұқтажын қанағаттандыратындай және заңгерлік қызметтің сапасын арттыра отырып, халықтың құқықтық санасын қалыптастыру мәселелері кеңінен насихатталған. Құқықтық сананы қалыптастыру арқылы ғана құқықтық мемлекеттің негізін қалауға болады. Құқықтық сана Қазақстан Республикасы азаматтарының жүзеге асырылып жүрген заңдарға, оларды қолдануға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына құқықтық сезімдерінің, көзқарас пікірлерінің жүйесі болып табылады. Құқықты ұғынумен қоса азаматтарды заңды құрметтеуге, қорғауға, орындауға дағдыландыру мен заңның әділдігіне сендіру – құқықтық сананың негізгі белгілері. Құқықтық сана-сезім арқылы қоғам басқарылады, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары қорғалады және теңдік пен қоғамдық тәртіпті сақтауға негізделген қағидалар жүйелі түрде жүзеге асырылады.

Елбасы Жарлығымен 2009 жылдың тамыз айының 24 жұлдызында Қазақстан Республикасының «2010-2020 жылдарға арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасы» еліміздің құқықтық даму саясаты саласында, оның ішінде ұлттық заңнаманы жетілдіру бағытында жаңа мақсат-міндеттерді жүзеге асыруды көздейді. Оның ішінде құқық қорғау мен сот жүйесін дамыту, сондай-ақ бүгінгі әлемдік тәжірибені ескере отырып, Қазақстанның құқықтықдемократиялық қоғамын құру тұжырымдамасының басты мақсаты ретінде қарастырылуда. Жаңа тұжырымдамада көрсетілгендей, бүгінде еліміздің жалпы стратегиялық дамуы аясында отандық заңнаманы сақтау мен құқықтық тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында нақты іс-шараларды қолға алу қажет. Осы орайда Қазақстанның жаңа құқықтық жүйесі мемлекет пен қоғамның барлық құқықтарын қамтамасыз етіп, ашықтық пен нәтижелілікке бағытталған мемлекеттік басқару моделіне негіз болмақ. Елбасы бекіткен құқықтық саясат тұжырымдамасында негізі жаңадан қаланған құқықтық демократиялық мемлекетімізді басқарудағы құқықтық жүйені жетілдірудің таяудағы он жылға арналған базалық басымдықтары айқындалған. Тұжырымдамадағы негізгі басымдықтардың бірі – елімізде зайырлы, құқықтық, демократиялық мемлекет пен заң нормаларын, барлық құқық қолданушы жүйені, әсіресе қылмыстық жазаны қолдану мәселелерін ізгілендіру қағидалары заң және іс жүзінде орнығуын қамтамасыз ету болып табылады. Міне, біздің зерттеп отырған ғылыми мақаламыздағы құқық қорғау органдары қызметкерінің кәсіби қызметіндегі адамгершілік қағидасының құндылығы мемлекет басшысы бекіткен он жылдық тұжырымдамада негізгі басымдықтардың бірі ретінде көрініс тапқан. Құқықтық саясат тұжырымдамасында заңдарды ізгілендіру арқылы халықтың құқықтық санасын қалыптастырудың негізгі тетіктері ұсынылады:

біріншіден, халықтың рухани және құқықтық сана-сезімін дамыту;
екіншіден, азаматтарға заңдар мен құқықтық актілердің мазмұнын және жазаның мақсатын ұғындыру;
үшіншіден, заңдылықты, құқықтық тәртіпті орнату;
төртіншіден, құқықтық мәдениеттің жетістіктерін қорғау;
бесіншіден, құқықтық мемлекет қалыптастыру болып табылады.
Сондықтан тәуелсіз демократиялық құқықтық мемлекетіміздің бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарынан орын алу стратегиялық мақсатына қол жеткізу үшін халықтың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін жетілдіру қажет. Құқықтық мемлекетімізде халықтың құқықтық санасы мен мәдениетін қазіргі қоғам талабына сай ізгілік жолымен қалыптастыру мәселелері қолға алынған жағдайда ғана көпжылдық тұжырымдаманың талаптары іске асады. 

Еркенұр Ерзия

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста