Омбудсмен жұмысын жетілдіру – адам құқығын қорғаудың бір жолы

Омбудсмен жұмысын жетілдіру – адам құқығын қорғаудың бір жолы

Биыл әлем бойынша Адам құқығы жөніндегі Дүниежүзілік Декларацияның 75-жылдығы атап өтілмек. Сонымен қатар Қазақстанның ұлттық құқық қорғау мекемесінің құрылғанына да былтыр 20 жыл толды. Омбудсмен – адам құқығы жөніндегі уәкіл қызметі Қазақстанда 2002 жылы енгізілді. Содан бері ол қызметті Болат Байқадамов пен Асқар Шәкіровтер атқарды. Қазіргі омбудсмен - Эльвира Азимова. Алғашында омбудсмен қызметіне Республика Президентінің жарлығымен тағайындалып, босатылатын. Ал 2017 жылдан бастап оны 5 жылға сайлау мен босату құзыреті Парламент Сенатының қарауына өтті.

Осы уақытқа дейін омбудсмен мен оның Астанадағы офисі уақытша ереже негізінде жұмыс істеп келген. «Қазақстан Республикасының адам құқықтары жөніндегі уәкілі туралы» өз алдына жеке заң қабылдау мәселесі бірнеше рет көтерілді. Сол заң жобасын өткен күзде Парламент Мәжілісі қабылдады. Енді осы заң бойынша Қылмыстық істер, Азаматтық істер, Әкімшілік істер және Бюджеттік кодекстер мен «ҚР жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару» және «»ҚР шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы» заңдарға өзгерістер енгізілуі керек.

   Омбудсмен – бірқатар жағдайларда құқығына қол сұғуға болмайтын тұлға. Бірақ, ол өзінің құзыретін оңды-солды жұмсай береді деген сөз емес. Жаңа заңда оның қызметінің шегі мен мүмкіндіктері нақты жазылған. Мысалы, омбудсмен өзінің өкілеттігі жүріп жатқан кезеңде саяси істермен шұғылдануға құқы жоқ. Сонымен қатар мемлекетік қызметте және басқа жалақы төленетін істермен айналыса алмайды. Әрине, ұстаздық, ғылыми және шығармашылық жұмыстарға шектеу қойылмайды. Ал, жеңілдіктер мен мүмкіндіктері туралы айтар болсақ, жаңа заң бойынша омбудсменнің өз өкілеттігін атқару кезінде әлдекімдер тарапынан кедергі келтіруіне тиым салынады. Сол өкілеттігі жүріп тұрған уақытта адам құқығы бойынша өкілетті уәкілді полицияға сүйреуге және әкімшілік жазаға тартуға болмайды. Бұның бәрі де адам құқығын құқығын сапалы әрі тиімді қорғау үшін, омбудсменнің құқықтық иммунитетін сақтауға арналған. Омбудсменнен көмек сұрап келген жұртшылықтың құқығы бұзылған болса, оны қалпына келтіру құқығы да кеңейтілген. Омбудсмен адам құқығын бұзған мемлекеттік басқармалар мен өзін-өзі басқару мекемелеріне шағым берушінің құқығын қалпына келтіру бойынша ұсыныстар жібере алады. Адам құқығы мен бостандығын бұзғандардың үстінен тәртіптік, әкімшілік шаралар қолданып, қылмыстық іс қозғау жөнінде мемлекетік органдар мен лауазым иелеріне ұсыныс беруге құқығы бар. Мемлекеттік органдар шара қолданбай, лауазым иелері жеке немесе бір топ адамның, үлкен топтың құқығын бұзған кезде, сотқа шағымдануға, осыған байланысты сот отырыстарына заң бекіткен шектеуге сәйкес қатысуға құқығы бар. Оның үстіне омбудсменнің сотқа шағымы ҚР салық заңдарына сәйкес төленуге тиіс мемлекеттік пошлинадан босатылады. Тағы бір мәселе: адам құқықтары жөніндегі уәкіл азаматтардың арыз-шағымдарын қабылдаумен бірге, БАҚ пен әлеуметтік желідегі құқық бұзушылық деректері бойынша өзі де арыз-шағым түсіруге құқығы бар. Ондай жағдайда омбудсмен адам құқығын бұзу туралы ақпаратты тексеру мен сараптау мүмкіндігіне ие болады. Сонымен қатар оған адам құқығы мен бостандығын сақтауға байланысты әкімшілік процедураларды жетілдіру жөнінде ескертулер мен ұсыныстар жасау құқығы да берілген. Омбудсмен заң жобасын ұсыну құқығы бар мекемелерге, ҚР заңдарына өзгеріс енгізу жөнінде ұсыныс жасауға құқылы. Ал қоғамдық маңызы бар жағдайларға байланысты Республика Президентіне, Үкімет пен Парламент палаталарына, тіпті Конституциялық Кеңеске тікелей үндеу жасайтын мүмкіндігі бар.

      Осы уақытқа дейін Қазақстан омбудсменінің Астана қаласында 12 адамдық бір ғана кеңсесі бар еді.  Енді  облыс орталықтары мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларында адам құқығы жөніндегі уәкілдің аймақтық бөлімшелері ашылатын болды. Облыстық өкілдікте – 3, республикалық маңызы бар қалаларда – 4 қызметкер жұмыс істейді. Осындай аппаратты ұстап тұруға бюджеттен қосымша 2,3 миллиард теңге қаржы бөлінбек. Иә, бұл заң жобасын әзірше Парламенттің Мәжілісі бекітіп отыр. Ары қарай да кедергі туа қоймас деген ой бар. Өйткені, адам құқығы мен бостандығын сақтау -  мемлекеттің басты қағидаларының бірі. Бұл демократияның іргетасы десе болады. Бұл заңды қабылдап, жүзеге асыру – мемлекетіміздің халықаралық абыройы үшін қажет. Өйткені, біз онда Біріккен Ұлттар Ұйымының Париж қағидасы бекіткен межеге қарай жылжи түсеміз. Мәселе - әлемдік әділет қағидалары арасындағы межені көздеу емес, еліміздегі адам құқығы бұзылмауын қатты бақылауға алу, оны заң тұрғысында бекітуде болып отыр. Әділетті Қазақстанның басты принципі, қағидасы осы емес пе?

     С.Ақынжанов      

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста