Электрондық сот төрелігі жүйесі қарқынды дамуда

Елбасымыз еліміздің сот жүйесін әлемдік стандарттарға сәйкестендіру мақсатында көптеген көшелі міндеттерді алға қойып, жаңа жүйе енгізіп жатқаны да белгілі. Соның ішінде 2010-2020 жылдарға арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасы негізінде халықтың сот қызметі туралы ақпаратқа барынша қол жетімділігін арттыру, сот жүйесінің ашықтығын қаматамсыз ету басты назарға алынған болатын. Сондықтан еліміздің сот жүйесінің электрондық жүйеге көшуі бұл мақсаттарды жеделдете түсті.
Жалпы елімізде цифрлы технологияға, электронды ақпаратқа ең алғаш қадам басқан Жоғарғы Сот болатын. Қазір күнделікті сот тәжірибесінде соттар IТ-технологиялар мен ғаламтор ресурстарының мүмкіндіктерін көбірек пайдалана бастады. Осыған орай, жедел ақпарат алмасудың технологиясы дамыған шақта сотқа жүгінудің инновациялық тәсілдері іске қосылып, ақпараттық технологияларды белсенді түрде қолданудың нәтижесінде бұқараның басым бөлігі сот төрелігіне қол жеткізуге мүмкіндік беретін заманауи жобалардың толықтай игілігін көріп отыр. Нәтижесінде халықтың ақпаратқа қолжетімділігі артып, салаға сенім де қалыптасуда. Қазіргі таңда сот отырыстарында бейнеконференциялық байланыс арқылы азаматтар қай қалада болсын уақытын үнемдеп, тікелей байланысқа шығу мүмкіндігіне ие. Осыған орай істер жедел қаралып, қауіпсіздік тетіктері қамтамасыз етіліп, бас бостандығынан айыру орындарында және тергеу абақтысында отырған адамдарды тасымалдамай-ақ жауап алу жеңілдегенін мысал ретінде айта кетуге болады. Сондай-ақ электрондық цифрлық қолтаңбасы бар республиканың кез келген азаматына үйден шықпай-ақ «Сот кабинеті» электронды ақпараттық сервисі арқылы елдің кез келген сотына талап арыз беріп, кейіннен оның қаралу динамикасын бақылап отыруға мүмкіндік береді. Бұл саланың электронды жүйеге, ақпараттық технологияға бет бұру арқылы игілігін көріп отырған көп ісінің бірі ғана.
Елбасының «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын іске асыру аясында Жоғарғы Сот тарапынан бүгіндері жүзеге асырылып жатқан мұндай бастамалар, соттардың халықпен өзара іс-қимылындағы барлық мәселені кеңінен қамти отырып, республикамызда «электронды сот төрелігін» мейлінше дамытуға, төрешілдік кедергілерді болдырмауға, азаматтардың уақыты мен қаржысын үнемдеуге, ел тұрғындары игілігі үшін сот жүйесінің қолжетімді әрі барынша ашық болуына жағдай туғызып отыр. Заманауи жетістіктер сот төрелігін жүзеге асыру процесін жеңілдетіп, оңтайландыруда және автоматтандыруда. Ақпараттық технологиялардың қарыштап дамуы және осыған байланысты қоғам сұранысының артуы оны сот жүйесінің қызметінде пайдалануды ұдайы жетілдіруді қажет етеді. Сот процесінің дыбыс-бейне жазбаға тіркелуі соттың ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен қатар,
іске қатысушылардың да мәжілісте өздерін барынша заңға сай ұстап, сотты сыйлауына ықпал етіп отыратынын тәжірибе көрсетіп отыр. Осы орайда алдағы уақытта да сот төрелігін жаңғырту болашақ сот жүйесінің даму бағыттарының бірі болмақ.

Сраилов Толебек Турапулы, Медеу аудандық №2 сотының Бас маманы, Сот Мәжілісінің хатшысы.
Алматы қаласы

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста