Құқықтық жүйенің қуаттылығы байқалады

Құқықтық жүйенің қуаттылығы байқалады

Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгелі бері жиырма алты жылдың жүзі болды. Осы жылдар ішінде ата-баба аңсаған іргелі істер жүзеге асып, небір армандар ақи­қатқа айналды. Экономикалық жетістіктерімізбен қатар, құқықтық реформалар өмірге еніп, заң үстемдігі үлгілі үдеріске ұласты. Осынау өзгерісте еліміздегі прокуратура органдарының еңбегі зор!

Соның ішінде Құқықтық саясат тұжы­рымдамасының міндеттерін орын­дау елдің құқықтық дамуын арттыра түсті. Бұл орайда еліміздің құқық қорғау жүйесінің ұйытқысы болып табылатын прокуратура органдары 2002-2010 жыл­дар аралығындағы кезеңге арналған Құ­қықтық саясат тұжырымдамасын іске асы­ру кезеңінде көптеген жұмыс атқарды. Бас прокуратура заң шығармашы­лығы процесіне белсенді түрде қаты­суда. Осының алғышарттары Қазақстан прокуратурасы үлгісінің өзінде және мемлекеттік орган жүйесіндегі оның бірегей ережесінде қаланғандығы анық. Еліміздің бас құзырлы органының мәлі­мет­теріне сүйене отырып аңғарғаны­мыз, 2002 жылға арналған Құқықтық сая­сат тұжырымдамасының ережесін жү­зе­ге асыру барысында Бас прокуратура құқық қорғау жүйесінің үйлес­тірушісі ретінде заңдылық пен құқық­тық тәр­тіпті қамтамасыз ету үшін маңызды бірқатар заңдарды әзірлеуге атсалыс­қаны байқалады. Мысалы, 2009 жылы Бас прокуратура әзірлеген «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қар­жы­ландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Заң қабылданды.

Бұл заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жы­лыс­татуға) және терроризмді қаржылан­дыруға қарсы әрекет етудің құқықтық негізін айқындады, қаржы мониторингі субъектілерінің құқықтық қатынастарын белгіледі. Кәсіпкерлік қызметке заңсыз арала­судың жолын кесу бойынша да едәуір жұмыстар жүргізілуде көрінеді. Ішкі ведомстволық актілерге сәйкес кәсіп­керлікті қорғауға және қолдауға да бағытталған заңнамалардың қолданы­луын қадағалау прокуратура қызметін­дегі басымдық дейміз. Осыған байла­нысты прокуратура бақылаушы орган­дардың кәсіпкерлікке заңсыз араласуға немесе шаруашылық жүргізуші субъек­тілердің құқықтарына қысым жасауға байланысты кез-келген заң бұзушы­лықтың жолын кесетін жалғыз орган болып табылады. Бұл жұмыстың тиімділігі Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің кәсіпкерлер қызметін міндетті түрде тіркеуді заңмен белгілеуге ықпал етеді. Қазіргі таңда Бас прокуратура жанында жұмыс істейтін Кәсіп­керлер жөніндегі сараптамалық кеңес осы мәселелерді шешуге ықпал етеді. Прокурорлар барлық аудандарда кәсіп­кер­лердің қауымдастықтарына бақылау жасайтын, бизнеске заңсыз араласу туралы шағымдар мен дабылдар келіп түскен кезде дереу сапарға шығатын, прокуратура қызметкерлерінен тұратын ұтқыр топтар құрды.

Конституцияға сәйкес прокуратура органдарына жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын жоға­ры қадағалау міндеттері жүктеліп, ерекше рөл бөлінді. Міне, осы орайда атап өтер болсақ, жоғарыда аталған тұжырымдама негізінде құзырлы органның атқарған жұмы­сы аз емес. Олар Әділет министрлігімен бірлесе отырып, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жеке өміріне қол сұғылмаушылық құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен то­лықтырулар енгізу туралы» Заң жоба­сын әзірледі, оған Мемлекет басшысы қол қойды. Хат жазысу, телефонмен сөйлесу, почта, телеграф немесе өзге де хабарлама құпиясын заңсыз бұзғаны үшін Қылмыстық кодекске жазаны қа­талдатуға бағытталған өзгерістер енгізуді қабылдау Заңның ерекшелігі болып табылады. Осы Заңмен жеке өмірге қол сұғушылықтан қорғау деңгейін арттыру мақсатында байланыс желілерінде ар­наулы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге кедергісіз тексеруді жүзеге асыруға арналған уәкілетті прокурор институты енгізілді. Азаматтардың хабарсыз жоғалып кету фактілері бойынша қабылданған іс жүргізу шешімдерінің заңдылығын қам­та­масыз ету және олар бойынша қыл­мыс­тарды жасыру фактілерін болдыр­мау мақсатында Бас прокуратура егер тергеуге дейінгі тексеру мерзімі ішінде оның тұрғылықты жері анықталмаса, адамның хабарсыз жоғалу фактісі бо­йынша қылмыстық іс қозғау бөлігінде қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамаларына өзгерістер мен толық­тыру­лар енгізу туралы заң жобасын әзірледі.

Омбудсмен, жемқорлық қылмыста­ры­ның ауқымын заңды тұрғыдан айқындау, шетелдік азаматтардың балаларды асырап алу тетіктерін белгілеу институтын енгізу мәселелері бойынша нормативтік база әзірлеуге және қабылдауға белсене ат­салыс­ты. Сонымен қатар, тиісті жұмыс топтарының мүшелері ретінде сот ісін жүргізуді алқабилердің қатысуымен енгізу мәселелері бойынша соттылықтың ара-жігін ажырату, сот жүйесін жетілдіру, өлім жазасы түріндегі жазаның айрықша шарасын қолдану аясын тарылту, қамауға алуға санкция мәселелерін соттарға беру, қылмыстық заңнамаларды ізгілендіру, кейбір қылмыстарды қылмыстан арылту туралы заңдарды әзірлеуге және қабыл­дауға қатысты. Сондай-ақ, прокуратура органдары­ның қызметкерлері төрелік соттар туралы, соттардың тәуелсіздігін нығайту, қыл­мыстық процесте жәбірленушілердің құқықтарын қорғауды күшейту, адвокатура туралы заңнамаларды жетілдіру мәсе­лелері бойынша заң жобаларының ережелеріне өзгерістер енгізді. Атап айтқанда, қылмыстық және азаматтық іс жүргізу заңнамаларына, әкімшілік құқық бұзушы­лықтар туралы заңнамаларға тараптардың айтысу қағидатын іске асыруға, алдын ала тергеу және анықтау сатысында адвокат­тардың іс-жүргізу құқықтарын кеңейтуге, білікті заң көмегімен, соның ішінде мемлекет есебінен қамтамасыз етуге, азамат­тардың адвокаттық қызметке қол жетімділіктерін оңайлатуға, мемлекет есебінен тегін білікті заң көмегін ұсынуға нақты негіздемелер белгілеуге бағытталған өзге­ріс­тер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар енгізілді.

Бас прокуратура жұмыс тобының мү­шелері ретінде төрелік соттар және Халықаралық коммерциялық арбитраж туралы заңды әзірлеуге, сүйемелдеуге және Республика Парламентінің қабыл­дауына белсене атсалысты. Осылайша 2002 жылдан бастап, құқықтық реформа кезеңінен кейін Қазақстан заңнамаларды дамытудың келешекті жоспарына, елі­міздің құқықтық жүйесін дамытудың түбегейлі бағытын кезең-кезеңмен іске асыруға көшті. Мемлекеттік құқықтық саясаттың бірлігі мен сабақтастығы 2002 және 2010 жылдарға арналған тиісті ұзақ мерзімді тұжырымдамаларда өз орнын тапты дей аламыз. Ал енді бүгінгі таңда прокуратура органдары 2010 жылдан бастап 2020 жылдарға арналған Қазақстан Республи­ка­­сының Құқықтық саясат тұжырым­дамасын іске асыру қызметіне жан-жақты кірісті. 2010-2020 жылдар аралығындағы кезеңге арналған Құқықтық саясаты тұжырымдамасы ережелерін іске асыру мақсатында құзырлы орган прокуратура қызметіне қатысы бар төмендегідей заңдар қабылданғандығын жеткізді. Олар: Құқық қорғау қызметі туралы; Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметі және сынып­тық шендер, әскери және арнаулы атақтар беру, әскери қызметшiлердiң және өзге де мемлекеттiк органдар қызмет­керлерiнiң нысанды киiм киiп жүру құқығы мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы; Қазақ­стан Республикасының кейбір заңна­малық актілеріне прокуратура органда­рының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы; Қазақстан Республика­сы­ның кейбір заңнамалық актілеріне Қазақ­стан Республикасындағы бақылау және қадағалау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы болып табылады. «Құқық қорғау қызметі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заң­на­малық актілеріне құқық қорғау қызметі және сыныптық шендер, әскери және арнаулы атақтар беру, әскери қызмет­шiлердiң және өзге де мемлекеттiк органдар қызмет­керлерiнiң нысанды киiм киiп жүру құқығы мәселелерi бойынша өзге­рiс­тер мен толық­тырулар енгiзу туралы» заңдар бірегей құқықтық стандарттар мен құқық қорғау қызметінен өту нормаларын, қызметкер­лердің әлеуметтік қорғалуына бағытталған. Құқық бұзушылықтың алдын алу және профилактикасын күшейту мақсатында «Қазақстан Республикасының кейбір заң­на­малық актілеріне прокуратура орган­дарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңмен құқық қорғау қызме­тіне қатысы бойынша прокуратура органдарының функцияларын үйлестіру (құқық қорғау қызметінің үйлестіру мақ­саттары, заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңестерінің құқықтық мәртебелері заңды тұрғыдан) бекітіледі. Сонымен қатар, әлеуметтік салада азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтауға прокурорлық қадағалаудың тиімділігін арттыруға ба­ғытталған шаралар көзделеді. Ал «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасындағы бақылау және қада­ғалау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң мемлекеттік органдардың бақылау және қадағалау өкілеттіктерін, сондай-ақ, мемлекеттік бақылау және қадағалауды жүзеге асыратын мәселе­лерді кешенді реттеу үшін бірыңғай құқықтық база қалыптастыруға бағыттал­ған басқа да түзетулер енгізуді белгілейді. Әрине, бұдан басқа құқық қолдану практикасын біркелкі ұғынуды қамтама­сыз ету мақсатында заң жобасы шеңбе­рінде бақылау және қадағалау ұғымы­ның ара-жігін ажырату жүргізілуде. 2010-2020 жылдар аралығындағы ке­зеңге арналған Құқықтық саясат тұжы­рым­дамасында көзделген қылмыстық саясатты жетілдіру мақсатында «Қазақ­стан Республикасының кейбір заңнама­лық актілеріне қылмыстық және қыл­мыс­тық іс жүргізу заңнамаларын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қа­был­данды.

Аса қоғамдық қауіп туғыз­байтын қылмыстарды әкімшілік құқық бұзушылықтар санатына ауыстырып және оларды жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікті күшейте отырып, қыл­мыстан арылту мәселелері осы заңда өз орнын тапты. Сондай-ақ, жекелеген қыл­­мыстардың ауырлық дәрежесін жазаны жұмсарту (депенализация) жо­лы­мен қайта бағалау жүргізілді. әкімшілік преюдиция енгізілді, бас бостандығынан айыруға байланысты емес қылмыстық жазаларды қолдану аясы кеңейтілді, соның ішінде бостандығынан айыру түріндегі жаза жекелеген санкциядан алып тасталды не бас бостандығынан айырудың барынша мерзімі қысқартыл­ды, мемлекеттік мәжбүрлеудің және басқаларының қылмыстық жазаға барабар шаралары енгізілді. Бас прокуратура соңғы жылдар аясында құқық қорғау органдарының қызметін үйлестіруді жүзеге асыра оты­рып, өз құзыреті шеңберінде қылмысқа қарсы күресте, қылмыстық қудалауды жүзеге асырғанда, сотталған адамдарды берген және қылмыскерлерді табыс еткенде халықаралық құқықтық көмек көрсетудің негізгі өлшемдерін айқын­дайтын бірқатар маңызды халықаралық құқықтық келісімдерді әзірледі. Осы салада қазіргі таңда 23 келісім әрекет етеді. Қазір мемлекеттің халықаралық-құқықтық базасы едәуір кеңейіп келеді. Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы құқықтық көмек көрсету және қылмыскерлерді ұстап беру туралы келісімге өткен жылы қол қою соның куәсі болып табылады. Мемлекет басшысының Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары барысында сотталған адамдарды ұстап беру туралы екі мемлекет арасындағы келісімге қол қою Қазақстан үшін ма­ңызды жаңалық болды. Бас прокуратура Шанхай Ынтымақ­тас­­тық Ұйымына (ШЫҰ) мүше мем­лекеттер Бас прокурорларының, ТМД мүше мем­ле­кеттер Бас прокурорлары Үйлестіру Кеңесінің (БП ҮК), «Қазақ­стан Респуб­ликасы – Еуропалық Одақ» (ҚР-ЕО) сот төрелігі мен құқықтық тәртіп жөніндегі шағын комитет оты­рыс­тары сияқты ірі көлемдегі халық­аралық іс-шараларды ұйымдастыра­ты­нын және оған тұрақты негізде қатысып отыратынын атап өту қажет. Осындай іс-шараларға аса назар аударылады, өйткені, онда терроризмге, экстремизм­ге, сепаратизмге, есірткі, психо­троптық заттар мен олардың заңсыз айналымына қарсы күрес, сондай-ақ қарудың, оқ-дәрілердің және жарылғыш заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес, қыл­мыстың трансұлттық түрлеріне қарсы әрекет ету саласындағы проблемалар шешімін табады. «ҚР-ЕО» Комитетінің жұмысына қа­ты­су қазақстандық және еуропалық заңна­маларды үйлестіру, кейін оларға қосылу саласында бірқатар маңызды проблемаларды шешуге, қылмысқа қар­сы күрес, заңдылықты және құқық­тық тәртіп­ті қамтамасыз ету саласында Еуро­­палық Одақ мемлекеттерімен жекелеген халықаралық шарттар жасасуға, азамат­тардың, әйелдердің, кәмелетке толмаған­дардың конституциялық құ­қық­тарын қорғауда оң әлемдік тәжірибе алуға мүмкіндік береді.

Прокуратура орган­дары­ның құқық қорғау жүйе­сіндегі үйлестіруші рөлін ескере оты­рып, ТМД Бас прокурорлары үйлестіру кеңесінің отырыстары шеңберінде қылмысқа қарсы күресте бірлескен шаралар қабылдауға, тұтастай алғанда, ТМД-да заңдылық пен құқықтық тәртіп­ті қамтамасыз етуге, соның ішінде проку­рорлық қадағалауды күшейтуге және үйлестіру деңгейін арттыруға бағытталған мәселелердің өте үлкен спектрі қамтылады. 2010 жылғы 15 қыркүйекте Мәскеу қаласында өткен отырыста 2011-2013 жылдарға арналған адам саудасына қарсы күрестегі ТМД қатысушы мемле­кет­тердің ынтымақтастығы бағдарла­масы мақұл­дан­ды, соттар қылмыстық істерді қараған кездегі мемлекеттік айыптауға қолдау көрсету бойынша жұмыстарды ұйымдас­тыру тәжірибесін алмасу мәселелері талқы­ланды, 2008-2010 жылдарға арнал­ған қылмысқа қар­сы күрестің бірлескен шараларының Мемлекетаралық бағдарла­масының орын­­далуына, терроризмге және экстре­мизмнің өзге де күш көрсету көрініс­теріне қарсы күресте, есірткі, психо­троптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күресте қадағалауды үйлестірудің деңгейін арттырудың басқа да мәселеле­ріндегі ынтымақтастыққа қорытынды жасалды.  

Еркенұр Ерзия

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста