Сот-құқықтық реформа сәтті жүргізілуде

Сот-құқықтық реформа сәтті жүргізілуде

Жүргізіліп отырған реформалар тұр­ғысынан алғанда, Қазақстанның қа­зіргі дамуы жағдайында конститу­цио­нализмнің идеялары мен принциптерін, олардың таралу деңгейі мен ұлттық заңнамада іске асырылу динамикасын терең түйсіну қажет. Бұл құқықтық постулаттар іске асуының негізгі нысаны ретінде Конституция түбегейлі қоғамдық қатынастарды реттейтін ең жоғары саяси-құқықтық акт болып табылады, сондықтан жаһандық сын-қатерлерге және мемлекет дамуының қажеттілігіне сәйкес оны одан әрі жетіл­діріп отыру қажет.

Мемлекеттің Негіз­гі Заңының мазмұнында жалпы адами да, ұлттық та асыл мұраттар көрсе­тіліп, қоғам мен мемлекет тіршілігінің әлеу­меттік-экономикалық, саяси, мәдени-гуманитарлық және өзге де салалардағы сұраныстарына сай болуға тиіс. Халыққа арнаған Үн­деуінде Мемлекет басшысы былай деп атап өткен болатын: «Реформалар бағдарламасы – бұл Қазақстан қай бағыт­та барады деген сұраққа біздің жауа­бымыз. Жауап айқын әрі дәйекті – демо­кратиялық даму жағына».

Демократиялық құқықтық мем­­лекеттің жұмыс істеуін қамта­масыз етудің бірден-бір шарты ретінде судьялардың дербестігі мен тәуел­сіздігінің кепілдігін күшейту ре­фор­маның негізгі мақсаты болды. 1995 жылғы Конституция, сол жылы қабылданған «Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заң күші бар Жарлыққа сәйкес Президент жергілікті соттарды тағайындаса, Жоғарғы Соттың судьяларын Пар­ламент Сенаты тағайындады. Төр­е­лік сот таратылды. Судьялар ал­ғаш­қы рет тұрақты мерзімге тағайын­далды. Жоғары Сот Кеңесі мен Әділет біліктілік алқасы құрылды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары сот жүйесінде жүргізілген реформалардың алды осындай еді. Елбасы Әділет органдары, сот төрелігін атқарудағы түбегейлі өзгерістерсіз экономикадағы өзгерістерді тұрақтандыру мүмкін еместігін білді.

Азаматтардың конститу­ция­лық құқықтары мен бостан­дықтарын қорғауда, мемлекеттік-құқықтық құрылымдардың тұ­рақты жұмыс істеуі үшін қажетті жағдайларды құруда, ішкі саяси тұрақтылық пен қоғам бірлігін сақтауда құқық қорғау жүйесінің маңызды институты ретінде тәуел­сіздік жылдарында сот, про­куратура органдарының ерекше рөлі қалыптасты.

Еркенұр Ерзия

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста