Хантағы атауының сыры

Қазақ даласының топырағы мен әрбір тасы құпия бүгіп жатқандай. Ұлан-ғайыр өлкеміздің қай қайсысына ат басын тіресеңіз, көне заманнан бүгінге жеткен құнды қазынаға кезігесіз. Кейде еріксіз ойға қаласың осындайда. Көкейге олардың бағасын қаншалықты біліп жүрміз деген сауал келіп тіреледі. Қазір жер шарындағы кез келген халық өзінің түп-тамырын тереңнен іздеуге құлшыныс білдіреді. Қалың қатпарлы тарих беттерін қайта парақтап, өзге ел-жұртқа өзінің бағалы байлығын көрсетуге құлық танытады. Бүгінгі күні жұмыр жерде туризм саласы ерекше қарқынмен дамып келеді. Осындай сәттерде жергілікті жұрт келушілерді табиғат тамашасын көзбен көруге шақырады. Кейбіріне таңдай қағып, таңғалуға мәжбүр боласың. Жұмбақ жаратылысқа бас шайқамасқа амалың қалмайды. Осындай орындар бізде аз ба? Он сегіз мың ғаламның құпиясын ішіне бүккен жерлер бізде де жетіп артылады. Өкінішке қарай, біз әлі күнге дейін солардың қадірін білмей келеміз.
Бірде Қаратау қойнауына қоныс тепкен Кентау шаһарына жолымыз түскен. Қаншама дәуірді көзі көрген тауда табиғаттың талай тамашасы бар екенін көпшілік жақсы біледі. Бұл жолы да осындай орын жайлы біліп қайттық. Кіндік кескен туған топырағымыз Қаратау етегінде қоныс тепкендіктен осы маңдағы ерекше жерлерді бала кезімізден естіп өстік. Үлкендер талай орындарды тілге тиек етіп айтады. Сол сәттерде Хантағы деген мекеннің бар екенін білдік. Былайша айтқанда, Ханның тағы деген мағынаны білдіреді ол мекен. Табиғаттың қолмен құйған тамашасы емес пе бұл жер?
Абыз даланың аңыздарын жадында сақ­таған қазыналы қарттарымыз әрбір ерекше орындар жайында әңгімесін бас­тап кетер еді. Біз сол айтылған аңыздарды зердемізге тоқып, күні бүгінге дейін ұмыт­пай келеміз. Хантағы аталған жерге келіп тұр­ғаннан кейін арнайы бұрылып, атал­мыш жердің керемет көрінісін қызыға тама­шалап қайттық.
Осы сапар барысында қария кісілер­мен де жолықтық. Олар да бұрын біз есті­ген әңгімені тағы да бір мәрте термелей жөнелді. Таудың ұшар басында ханның отыратын тағына ұқсайтын жер бар. Ол неге бұлайша аталған? Жасы жетпістен асқан ақсақал бізге бұл жайында баяндап берді.
– «Мен Қаратау қызықтарын жиі та­машалап тұрамын. Еліміздің оңтүстік өл­ке­сінде ұзыннан ұзақ созылып жатқан тау­да талай қызықты жерлер бар. Ежелгі заман­дарда осы жерлерді мекен еткен адам­дар тау тасына қашап, талай бейне­лерді қал­дырып кеткен екен. Ондағы су­рет­тер сол кезеңдегі адамдардың тұрмыс-тіршілігін білдіреді. Одан қалды таби­ғат­тың өзі сал­ған «суреттер» де аз емес. Мынау тұрған Хантағы да сондай айрықша жердің бірі емес пе?» – деді ағынан жарылып.
– Аға, бұл жерді неге Хантағы дей­ді?
– Елдің аузында жүрген аңыз бар. Олардың айтылуы да түрліше. Дегенмен негізі бір арнаға тоғысады. Қай дәуір екенін ешкім білмейді. Елдің көшпелі тіршілікте өмір сүрген кезеңі болса керек-ті. Қаратауға жақын Түркістан қаласының маңында бір хан өмір сүріпті. Сол хан күндердің-күнінде бір жаман түс көреді. Оның сұқ саусағын қарақұрт шағып алып­ты. Бұдан секем алған хан шошып оянады. Дәл осы түс көру күн сайын жалғаса бер­ген көрінеді. Хан әбден қорқа бастайды. Ол түсті жоруға да екінің бірінің жүрегі дауалай алмағанға ұқсайды.
– Содан не болды екен?..
– Әлгі хан еріксізден нөкерлерін ша­қы­рып алады. Күн сайын өзінің маза­сын алған түсті жоруға бұйрық береді. Әмірлі ханға кім жақпай қалғысы келеді дейсің? Ешқайсысы да ханның алдына бара қоймайды. Осындай күндердің-күнінде Түркістан шаһарына Қытай елінен сауда-саттық керуені келген екен. Олардың ішін­де бір бақсы болыпты. Оған қатты қуанған ханның нөкерлері әлгі түсті жорып беруді өтінеді. Бақсы ол түстің тектен-текке бір­не­ше мәрте қайталанғанын естіп, оның аян екенін жорамалдайды. Қарақұрт шақ­қандықтан ханның тауға барып тұру керек екенін ескертеді. Себебі қарақұрттар негі­зінен ыстық жерлерді мекендейді ғой. Таудың салқын ауасы ондай жәндіктердің болуына кері әсерін тигізеді емес пе?
Уәзір бұл жорамалды ханның құла­ғына жеткізеді. Дереу тауға жиналған әмір­ші осы жерге келіп қоныс тепкен. Оның да көңілі жайланады. Биік жартасқа шығып, жан-жақты бір шолып шығуды дұрыс көреді. Ұйқысы да тынышталады. Бір күні қызметшілері ыстық жазықтан жеткізілген жемістерді алдына қояды. Хан тәтті жемістерді рахаттана жеп отырған болса керек. Алайда оның ішінен қарақұрт шығып, ханның түсінде көрген жағдай қай­таланады. Ажалдан қанша қашқаны­мен, ханның өлімі сол қарақұрттан болған екен.  Хан дәл сол жерде тіл тартпастан қа­за табады. Бұл жартас содан бері «Хан­тағы» аталып кетіпті деседі. Осы маңдағы сай да, өзен де сондай атауға ие. Менің үлкендерден естігенім осы еді.
Жалпы, Қаратау қойнауында талай құпия жатқанын халық біледі. Өкініштісі, олардың барлығы дерлік көзден таса қа­лып келеді. Келешекте бұл орындарды халықтың жиі келетін жерлеріне айнал­дыру басты тақырып болса дейміз. Мәсе­лен, Қаратаудың Қызылорда облысы бө­лігінде де Тастүскен, Күйгентас секілді жер­лер бар. Атынан көрініп тұрғанындай, ол жерлердің де ерекшелігі аз емес. Алайда бүгінгі күнге дейін бұл орындар ешкімнің назарына түспей келеді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста