Тылсымға толы табиғат туындылары

Қалың қатпарлы Қаратаудың құпиясы өте көп. Оның санын түгендеп тауыса алмайтының ақиқат. Әрбір қатпары, жартасы, шыңы және сай-саласы түрте қалсаңыз, тіл бітіп, талай сырды ақтарып тастайтын тәрізді. Елдің аузында айтылатын аңыз-әңгімелер де көбінесе соған байланысты тілге тиек етіліп отырады. Қаратау ішіндегі Қатынқамал үңгірі талай құпияны ішіне бүгіп жатқанын бәріміз білеміз. Одан басқа да көптеген табиғат кереметі аз емес. Олардың барлығы еріксізден елең еткізіп, өзінің қызығына баурай түседі. Соларға назар аудара отырып, біздің тұмса табиғатымызға таңдай қағуға тура келеді.
Қаратаудың соңғы сілемдері Қызылорда облы­сының Жаңақорған ауданына жетіп жығылады. Осы аумақта елдің аузында жүрген талай-талай қызықтар бар. Естекбел аталатын аумақтағы күзетші мұнарасы сияқты ғажап құрылыс солардың санатына жатқы­зылады. Онда бауырлап жатса, адам еркін бойлайды. Бұл орыннан төрт құбыла көзге анық көрінеді. Мықты қорғаныс тастан салынған. Одан оқ өтуі де – екіталай нәрсе. Ол орын қаншама уақыттан бері келеді. Десе де, баз баяғы қалпын сақтап, ешқандай бұзылмаған күйінде бізге дейін жетіп отыр.
Жаңақорған ауданы Қыраш ауылының тұрғыны Бейбіт Рашидинов тағы бір қызықты деректерді бізге көлденең тартты. Сол маңда Қара ешкінің сайы деп аталатын жер бар. Сай ішінде бір үңгір бар көрінеді. Үңгірден басталған жол тауішілік жолдарға ұласады екен. Ол жайында ел ішінде әңгіме айтылып жүр. Үңгірдің ішіне қара ешкіні кіргізіп жібереді. Ешкі сол кіргеннен 25-30 шақырым жердегі Бесарық өзені аумағынан шыққан дейді. Тіпті оны Қатынқамал үңгірімен байланыстыратын азаматтар да бар . Бәлкім, солай болуы да ғажап емес, табиғаттың құпиясын толық тани алған жоқпыз ғой әлі.
Тау баурайындағы Бесарық аймағын бойлай отырып, жалпақ жазықтан өткеннен кейін сонау жерден Егізқара мұнартып тұрады. Оған дейін Бесарық өзенінің арнасы үзілмейді. Кейде өзенді жағалап, кейде кешіп өтуге тура келеді. Тауға жақындағанда жақпар-жақпар тастардың жылтыр бетінде қашап салынған таңбалар мен суреттерді көзің шалады. Олардан ежелгі кезеңдегі өмір тынысын сезініп, сол заманға ойша барып қайтқандай болатының ақиқат. Тас беттерінен талай суреттерді көруге болады. Онда жайылып жүрген жылқылар, боталы түйелер бейнеленген. Сондай-ақ тау-тасында секіріп жүрген арқардың, садақ тартып тұрған адамның, киіз үйлердің суреттері салынған. Тіпті тау ішіндегі Күйкентай деп аталатын жерде Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің суреті қашалып салынған.
Осыған қарай отырып, ол дүниенің бері де сол аумақты мекен еткен адамдар­дың қолынан шыққанын аңғару қиынға соға қоймас. Екі суреттің біріне «Азан» деп жазылса, екіншісінен «Мешіт» дегенді оқуға болады.  Әрине, оны адам қолымен жасалды демесеңіз, ол да біз үшін баға жетпес мұра саналады емес пе?!
Жолға шыққан адам одан әрі жүре түссе, алдынан Қабыланды сайы шығады. Сол жерден өткеннен кейін Дат деген жер кездеседі. Қазақта «дат» деген сөздің қандай мағынада айтылатыны бәрімізге белгілі. Онда мұң шағу, әділеттілікті талап ету, тілек айту деген секілді мағына бар. Ал таудағы Дат атауымен аталатын жердің тарихы бы­лайша өріледі: Ескі заманда шал мен кемпір өмір сүрген екен. Олар бір шаранаға зар болыпты. Олар осылайша өмірден түңіледі. Әбден қалжырап, тау мен тасты кезіп кетуге мәжбүр болады. Үңгір мен құздан пана табады. Әулие-әмбие жағалайды. Сөйтіп жүріп, ел-жұрттан жыраққа кетіп қалған көрінеді. Туған-туысқан олардан хабарсыз қалады. Қос мұңлықтың жасаған дұғасы қабыл болып, әйелі жүкті болады.  Осы сәт­те ер-азамат жоғалып кеткен. Әйел шекесі торсықтай ұлды өмірге алып келеді. Көзкөр­гендердің айтуынша, сол жерлерде әлі күн­ге дейін шырақ жанып тұратынға ұқсайды.
Қаратау қойнауында Кітән ұшқан деген биік тау бар. Ол өте биік. Төменде тұрып қараған адамның тақиясы жерге түсіп қа­лады екен. Таудың дәл түбінен өтетін өзен­нің өзі ол жерлерде айнала ағады. Таудың биік жарқабақтарына құстар ұя салады. «Кітән ұшқан»  деген сөз қайдан қалған? Бұл жөнінде елдің аузында мына әңгіме айтылып келеді: Сол маңда Мүтән деген кедей азамат өмір сүріпті. Оның Кітән деген жар дегенде жалғыз баласы бар екен. Мүтән байдың жылқысын бағып күн көр­ген деседі. Ал баласы кедейлігіне қарамас­тан  сал-сері болған дейді. Оның Желжүйрік деген жүйрік аты бар екен. Бәйгеге шапса, оның соңынан ілесе алатын сәйгүлік болма­ған. Көкпарға түссе де, ешкімге дес бермеп­ті. Оған талайдың көзі түсіп жүріпті. Күндер­дің күнінде әлгі жүйрік ат жоғалып кеткен екен. Іздейді, бірақ таба алмайды. Осындай күндердің ібірінде оны бай шақырып алып:
– Жоғалып кеткен Желжүйріктің бір сыбысы шығып тұр. Тауып берсем, сүйінші­сіне не бересің? – деген екен. Бұл хабарға жүрегі жарыла қуанған Кітән:
– Сіз не қалайсыз, соны беруге тырыса­мын, – дейді. Сонда оған ащы мысқылмен қараған әлгі бай:
– Сенің маған бере қоятын малың жоқ қой. Саған басқаша бір тапсырма берейін. Сен соны орындасаң, жүйрігіңді тауып беремін, – дейді. Оған Кітән келіседі. Бай оны құз шыңның басындағы бүркіттің балапанын алып келуге жұмсайды.
Жүйрігі үшін кез келген іске дайын болған Кітән жаңағы құздың басына шығады. Соған шығып келе жатқанда оны бүркіт байқап қалады. Қиядан төмен қарай құлдилаған бүркіт Кітәнді жерге ұшырып түсіреді. Терең құзға құлаған Кіәтін сол жерде тілге келместен жантәсілім етіпті.
Сондай-ақ Қаратау қойнауында Тастүс­кен, Күйгентас секілді жерлер де бар. Аты­нан көрініп тұрғандай, Тастүскен көзге аспаннан алып тас түсіп ойылып қалғандай көрінеді. Ал Күйгентас аумағы күйіп қалғандай болып көзге шалынады. Қара­таудың кереметтері тек мұнымен шектел­мейді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста