Табиғат тамашасы мол Үстірт

Маңайындағы жазықтардан жарқабақпен ерекше оқшауланып тұратын қыратты жазықты ғылыми тілде үстірт деп атайды. Мұндай аймақтар біздің елімізде көп кездеседі. Олар Қазақстан аумағында кеңінен тараған. Олардың арасында ірілеріне Үстірт, Торғай және Маңғыстау үстірттері жатқызылады. Үстірт пайда болу жолдарына қарай құрылымдық, жанартаулық және денудациялық болып үшке бөлінеді. Мәселен, құрылымдық түрінде өткен геологиялық дәуірлеріндегі теңіз орындарында кездеседі. Жер астынан шыққан лавалардың жер бедерінің бұрынғы кедір-бұдырларын тегістеулеріне байланысты қалыптасатын түрін жанартаулық деп атайды. Денудациялық түрінде таулардың үгіліп аласаруы салдарынан пайда болған үстірттер саналады. 
Қазақ даласының бір бүйірінде жатқан Маңғыстау өлкесінде біздің халқымыз үшін маңызды мәдени құндылықтар баршылық. Солардың барлығы дерлік елдің аузында үстірт аталып кеткен аймақта жатқаны белгілі.  Еліміздің батыс бөлігіндегі Маңғыстау түбегі мен Қарабұғазкөл шығанағы аралығында қоныс тепкен Үстірт жайында естігенде еріксіз елеңдап қала­тынымыз рас.  Үстірт алабы біраз аумақты алып жа­тыр. Ол – Арал теңізі мен Әмудария атырауы аралығын алып жатқан дөңесті аймақ. Тұран ойпатында орналасқан. геологиялық құрылымы ұқсас. Үстірттің солтүстіктегі және шығыс бойлықтың 56 °C-қа дейінгі батыс бөлігі Қазақ­стан аумағына кіреді. Қалғаны Өзбекстан жерін­де орналасқан.
Жалпы, бұл өлкені көзбен көрген адам еріксіз таң­ғала­ды. Өйткені табиғаттың қолмен жасап қойғандай кере­мет көріністері әрбір адамға ерекше әсер ететіні даусыз. Егер бұл аймақ өркениетті елдердің бірінде бол­са, одан адам аяғы үзілмесі анық. Өкінішке қарай, біз әлі күнге дейін оны өз деңгейінде насихаттай алмай келеміз. Сол маңдағы ескерткіштер ата-бабалардың өмір тынысынан сыр шертеді. Бұл құндылықтар қазақ халқының ұлттық сәулет өнерінің ескілікті кесенелер тобына жатқызылады. Салыну мерзімі жағынан ХVІ-ХХ ғасырлар аралығын қамтиды. Олардың көпшілігі дер­лік тұщы су көздері маңында, құдық пен бұлақтың жа­нында орын тепкен. Сонымен қатар керуен жолының бойын­да орналасқаны да аз емес. Атап айтқанда, Маң­ғыстау өңірінің Үстірт қыраты мен Сам құмы маңын­да кесенелер көптеп көзге түседі. Осы аумақта Пір Бекет атаның кесенесі бар. Сондай-ақ Үштам (Үшшонқол), Қырғын, Айтмансу, Медет, Бармақ, Сисем ата, Уәли, Асау-Барақ, Күше-Бейіт тәрізді кесене кешендері көпшіліктің жиі ат басын бұратын қасиетті мекендеріне айналды.
Үстірттің қақ төрінде Құсшы ата деген үлкен қорым бар. Ескіден жеткен ол әулие көкте қалықтаған құстардың тілін түсінген дейді. Құстарды қорғауға мән берген. Соның нәтижесінде елдің арасында үлкен беделге ие болып, әулие атанып кеткен көрінеді.
Бұл кешенде 17-20 ғасырлар аралы­ғын­дағы қазақтар мен түрікмендердің 500-­ге тарта ескерткіші бар. Олардың ара­сын­да тас қоршаулар, арқа, түрлі қой­тас­тар, сағана тамдар сияқты сәулетшілік өнер­дің озық үлгілері де көзге ұшырасып жатады.
Ғалымдардың айтуынша, көнеден бү­гін­ге жеткен тарихи мұралар арасында түбі бір туысымыз – сапар, қожа, иомут-баға тәрізді тайпаларының белгілері де кездесіп жатады. Әрине, олардың саны өте көп емес, ішінара ғана бар екені бай­қа­лады. Сондай-ақ қазақ халқының та­бын және адай руларының таңбасы бар бейіттер көбірек көрініс береді. Атап айт­қанда, шөмішті табынның таңбасы 20 нұс­қада кез­деседі. Оған қоса, қазақтың та­рақ­ты-табын, шекті, тама, жаппас сияқты рулары­ның таңбалары да бой көрсетеді. Осыған қарай отырып, Үстірт аймағын қа­зақтың атақонысының біріне айналғанын аңғара­мыз. Оны сол маңдағы осындай та­рихи мұ­ралар дәлелдей түседі.
1984 жылы Үстірт қорығы мемлекеттік шаруашылығы тұсауын кесті. Қазақ­стан­ның оңтүстік-батысында қоныс тепкен атал­мыш қорық табиғи кешенді сақтауды жолға қою мақсатында қолға алынғаны белгілі. Атал­мыш қорық облыстың Ералы ауданы­ның аума­ғында жатыр. Жалпы аума­ғы 223,3 мың гектарға жуық. Бұл жер Үстірт аймағы­ның Кендірлі сорын қорша­ған таға пішіндес бірнеше ғажайып қырат­тарда орналасқан. Ғалымдар мұндай ор­ын­дардың ғасырлар бойы жел мен су эро­зиясы салдарынан өз­ге­ріп отырғанын тілге тиек етеді. Әрине, оны адамның өзі қол­мен қашап қойғандай сезінетінің анық. Та­би­ғаттың тамашасына еріксізден бас шай­қауға тура келеді. Өйт­кені сол аумақтан пышақпен кескен секілді, тік. Биіктігі 200 метрден асатын құлама жар­тастар кезде­седі. Оны адам баласы қолмен жасап шы­ға алмайды. Он сегіз мың ғаламды жарат­қан Жаратушы иеміздің құдіретіне осы­лайша тағы да бір көз жеткі­зіп, табиғат құн­дылықтарын одан әрі терең­деп тани түскің келеді. Сондай-ақ төбесі теп-тегіс не конус тәрізді мұнара төмпешік­тер де бай­қалып отырады. Бұл маңда ақ, көк және қызыл түсті қабаттардан тұратын, үстіңгі бөлігінде біз секілді ұлутасты қамал­дар да айқын аңғарылады.
Үстірт қорығының қызықты дүниелері тек осымен шектеліп қалмайды. Осы аумақ­та елең еткізетін ерекше қақпалар, аса үл­кен емес қос тесікті қақпалар бар. Ғалым­дар аталмыш аймақты өте көне замандар­да теңіздің түбі болған деп жорамалдайды. Өйткені сол жерлерде мүйіз сауыт, сүйек, тіс, олардың іздері секілді ежелгі заман жан­уарларының қалдықтары мен сол кезеңде адамдар пайдаланған қару-жа­рақтарды тапты.
Қорықтағы жануарлар әлемі де сан алуан. Үстірттің солтүстігіндегі шөлді ай­мақ­тарында өсімдіктердің 300-ден астам түрі байқалады. Онда сүтқоректілердің – 27, бауырымен жорғалаушылардың 30 түрі бар. Осы аумақта Қазақстанның «Қы­зыл кітабына» тіркелген үстірт арқары, қабылан, қарақұйрық, қарақал, төртжо­лақты қарашұбар жылан, жорға дуадақ, қарабауыр бұлдырық, ителгі тіршілік етеді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста