Әулиетас, Әулиебұлақ және жеті әулие

Әулиетас, Әулиебұлақ және жеті әулие

Тәңірдің құты түсіп, табиғаты ерекше жаратылған Баян елі десе, елең етпейтін, арнайы келіп ат шалдырмайтын қазақ жоқ. Әйтсе де Баян елінде жұртқа танылмаған, қойнауына талай құпия сыр бүккен жерлер, тау-тас, сулар қаншама.
Соңғы уақытта осынау жер жаннатындағы Әулиелі Қызылтау, Әулиетас, Қоңырәулие үңгірі, Әулиебұлақ ел назарын өзіне аудара бастады. Сонда неліктен ата-бабамыз бұл жерлерді әулиелі деп атады екен?
Қоңырәулие атауы жануарлар мен құстар әлемінің қорғаушысы Нұх пайғамбар заманынан бар деседі. Аңызға құлақ түрсек, бүкіләлемдік су тасқыны кезінде Нұх пайғамбар өз кемесіне адамдарды, жан-жануар­ларды аман сақтау мақсатымен толтыра бастапты. Кемеге мінбекке Құлан, Қыран, Қоңыр әулиелер де келіпті-міс. Нұх пайғамбар оларды да ала кеткісі келгенімен, кемеде орын болмапты. Содан үш көріпкел үш бақанды жалғап байлап, сал жасап, кемеге тіркеледі. Солтүстіктен оңтүстікке беттеген олардың арасынан алғашқы болып үлкен әулие – Құланның бөренесі тасқа соғылып, жұлынып кетеді. Бұл Қызылтау ма­ңын­да болған (оны Әулие тау деп те атайды. Әу­лиелі Қызылтау – Алаштың арда ұлы Жүсіпбек Ай­мауытовтың атақонысы). Екінші болып тасқа ортаншы әулие – Қыранның бөренесі ең биік тау – Ақбетке соғылған екен. Су қайтып, таулар мен шоқылар ашыла бастағанда, кенже әулие — Қоңырдың бөренесі үңгірге келіп тірелді де, ол осы жерді қоныстанды. Бүгінде сол үңгір киелі орынға айналған.
Ал Баянауылдың Қойтас елді мекеніндегі Әулие­тастың сырын әлі күнге дейін ешкім аша алмай келеді. Зәулім тастың әр қырынан қарағандағы көрінісі әртүрлі. Ауылға кіреберіс тұстан қарасаңыз, тас бейнебір аспанға қарай жайылған саусақтар іспетті.


Әрі бетінде жоғарыдан төмен аққан судың сала-сала ізі бар. Көнекөздер «ерте­ректе тастың ұшар басынан су атқылап тұр­ған. Суында қасиет бар екен...» деп атала­рынан естігендерін еске түсіреді. Кейіні­рек­те сарқырап аққан суды табиғат­пен тілдесетін ерекше күші бар дуалы адамдар жапқызып тастаған деседі. Тіпті бертін бі­реу­лер бұлақ көзін қайта ашамыз деп талпынып та көріп­ті. Бірақ нәтиже жоқ.
Бұл өңірдегі жұмбақ орынның бірі – Са­рыөлеңдегі Әулиебұлақ. Бұлақтың әу­лие атануы тікелей осы өңірді мекендеген жеті әулиемен байланысты көрінеді. Бұл жеті әулиенің аты Мәшһүр Жүсіп атамыздың еңбектерінде «Ақтурадан шыққан екен жеті әулие» деп айрықша аталады.
Осы ауылдың құймақұлақ, шежіреші қарттарының бірі Нығмет Жәмінов әу­лие­лердің атын:
«Ташмағанбет, Төлембек пен Жаулы­бай­ды,
Дәнсат абыз, әулие Мұратайды,
Қажы Лекер баласы Исабаймен –
«Жеті әулие» деп Мәшһүр елге жайды», – деп атайды.
Ал енді осы жеті әулие мен Әулиебұлақ­тың қатысы қандай?
Әулиебұлақ жеті әулие мекендеген Сарыөлең өлкесінде, Әулиелі Қызылтаудың күнбатыс жақ бауырында ағып жатыр. Бұлақ басы ертеде әулие аталарымыздың дұға оқып, азан шақыратын мекені болған жер екен. Бұлақтың табиғи ерекшелігі: әдеттегідей бір емес, үш көзі бар. Үш көзі­нен дәмі де, қасиеттері де үш түрлі су аға­ды. Бұлақ суы қыста қатпайды және күн суық­та ішсең де, тамағыңды қарымайды, жұмсақ. Таңғаларлығы – бұлаққа қаңтар­дың сақылдаған сары аязында келер болсаңыз, астынан жап-жасыл шөптер өсіп тұрғанын көресіз. Бүгінде Әулиебұлаққа арнайы тәу ете келіп, оның суынан дәру іздеушілер қатары көбейген.
– Осы Әулиебұлақ басында Айтмағам­бет әулиенің намаз оқитынын бала кезімде қой бағып жүріп талай көрген едім. Бұлақ­тың ерекшелігін айтайын. Үш көзден аққан су бір 20-30 метрден ары бармай, жердің астына сіңіп жоғалады. Байқасаңыз, бұл бұлақ күнбатысқа, құбылаға қарап ағып жатыр. Бұлақ суынан талай адам дертінен құлан-таза айыққанын көзім көрді. Бірне­ше жыл бұрын менің ағам бұлақтың құпия­сына қызығып, тіпті немістің көріпкел кем­пірін де алып келген. Әлгі қария бұлақты көргенде басын шайқап: «Бұл – жерасты бұлағының жердің бетіне шығып кеткен азғана бөлігі. Ол өзінің ағысын жер астын­да жалғастыруда», – деген еді. Бұлақ суы­ның қасиетін қазір қаладан келіп, зертха­на­ға беріп, арнайы зерттеп жатқан оқушы­лар да бар. Дегенмен зертхананың су қасие­тін толықтай ашып бере алатынды­ғына сен­бей­мін. Өйткені төбе басында сарқыраған бұлаққа үн қосып намаз, дұға оқып, Алла­сына құлшылық еткен әулие­лер­ден сіңген құдіретті ешқандай зертхана ашып бере алмасы белгілі. Бұлақ суының кереметтілігі де оған Алланың ерекше ықыласы түскен­дігінде жатса керек, – дейді Нығмет Жәмі­нов ақсақал.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста