Ақиректегі Арыстанбаб кесенесі ме?

Ақиректегі Арыстанбаб кесенесі ме?

Абыз даланың аңыздары біздің өткен шежіреміз іспеттес. Әрине, ескіден жеткен есті әңгімелер тектен-текке айтыла бермейді. Олардың барлығы бұрынғы кезеңнен сыр шертеді. Біздің халықтың ілгерідегі тыныс-тіршілігін сол аңыздан табамыз. Кейбір адамдар қазақтың тарихы болмаған деген бостекі әңгіме айтады. Алайда ықылым заманнан бері айтылып жүрген аңыздар мен әпсаналар желсөзді жоққа шығарады емес пе? Ұлан-ғайыр даламызда өткен әулие адамдар біздің даламыздың киелі де қасиетті мекен болғанын айғақтайды. Қай өңірге барсаңыз да, тамам елдің құрмет тұтатын кесенелері мен құпиясы мол орындарға кезігесің. Әсіресе оңтүстік аймақта осындай орындар көптеп саналады. Түркістанға келген адам Отырар төріндегі Арыстанбаб кесенесіне арнайы ат басын тіреуге тырысады. Кезінде осы топырақтағы ислам дініне мойын бұрған жамағаттың рухани ұстазы атанған әулие жайлы талай аңызды естіп өстік.
Сопылық ілімнің аса көрнекті өкілдерінің бірі Сүлей­мен Бақырғани өз еңбектерінің бірінде «Баб­тар­дың бабы – Қорасанда, сансыз бабтар – Үндістанда, Бабтар басы – Арыстанбаб» деп жазған екен. Ертеде қазақ бақсылары да «Түркістанда түмен баб, Сіздерден медет тілеймін, Сайрамдағы сансыз баб, Отырардағы отыз баб, Ең үлкені – Арыстанбаб, Сіздерден медет тілеймін» дейтін. Жалпы, талай әулиенің ішінде Арыс­тан­бабтың жоғары тұрғанын аңғару қиын емес. Мәсе­лен, «Алпамыс  батыр» жырының бір нұсқасында Баба түкті Шашты Әзіздің батырдың әкесі – Байбөріге пер­зент­ті болатынын жеткізіп, «Әулиелер жиналдық, бас­тығы болып Арыстанбаб» деген сөзі бар. Ескі әңгі­мелерде Арыстанбаб бабамыз осы аймақта өмірден өтіп, мәңгілік мекенін тапқаны айтылады. Десе де, бай­тақ даламыздың қай жерінен де бабамыздың атымен аталған мекендерді кездестіруге болады.
Арал теңізінің тап түбінде Ақирек деген мекен бар. Жалпы, бұл өңір таулы жер емес. Дегенмен негізінде таулы аймақтарда кездесетін қыраттар осы аймақта да байқалады. Ақирек биік жерде қоныс тепкен. Қасиетті қоныс қазіргі Арал және Қазалы аудандарының қақ орта­сында орналасқан. Аңыздарда Арыстанбабтың мәңгілік мекені деп саналатын жеті жер бар делінеді. Бұл жер де сондай орынның қатарында саналады.
Бабамыз дүниеден өткен уақытта исі мұсылман баласы арасында келіспеушілік болған деседі. Әрқай­сысы ол кісінің жансыз денесін өздері өмір сүретін жер­лерге қоюды дұрыс көреді. Дау-дамайдың оңайлықпен оң шешімін таба қоймайтынын анық түсінген мұсылман басшылары оны шешудің өзге жолын іздейді. Бабаның мүрдесін түйелер керуеніне артып жолға шығады. Олардың барлығының түр-түсі бір-бірінен аумайды екен. Мүрде қай түйенің үстінде екенін ешкім де біл­мейді. Түйелер Арабия, Иран, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстан аймақтарын басып өтеді. Оның әрқайсысында бір-бір түйеден шөгіпті. Соңғы екеуі қазақ даласына дейін жеткен көрінеді. Бірі Оты­рар алқабындағы қазіргі Арыстанбаб кесенесі орын тепкен жерге шөксе, соңғысы Арал топырағындағы Ақирек жеріне дейін келген.
«Осы екі түйенің бірінде бабамыздың сүйегі болған» дейді көнекөздер.
Әрине, оның қайсысы шындыққа жана­сады? Бұл жайында нақты жауап жоқ. Дегенмен Ақирек етегіндегі киелі мекен неге Арыстанбабқа қатысты айтылады? Оның да жауабын әлі күнге дейін таба алмай келеміз. Бабамыз кезінде кең-байтақ даламызды аралап жүрген болуы да әбден мүмкін ғой. Қазақ қасиетті кісі­лер­дің жүрген жерлерін де ардақ тұтады. Сондықтан Ақиректегі кесене сондай орындардың бірі болды ма екен?
Осы кесене жайындағы алғашқы деректерді Қазалы жерінде қызмет істеген ғалым Игорь Аничков еңбектерінен де табуға болады. Көнекөз қариялар бұрынғы кезеңдерде осы аймақтың жасыл желекті жер болғанын айтады. Қамыстыбас, Райым көлдерінің ортасында арал болған. Кесене маңында суы шипалы бұлақ бар екен. Дегенмен бертін келе ол бұлақ белгі­сіз себептермен жұрттың көзінен жоғалып кеткен екен.
Қасиетті жерде қайсыбір замандарда кесене салынған. Ол өткен ғасырдың ба­сы­на дейін жеткен. Кеңес заманындағы саясат салдарынан күтімсіз қалған атал­мыш ғимарат қирап қалған. 90-жылдар­дың басында қайтадан имандылыққа бет бұрған халқымыз оның басындағы кесе­нені қайта тұрғызып, сауапты іс атқарды.
Бұл жердің қасиетті мекен екенін ай­ғақ­тайтын оқиғалар да бар. Қазақтың бұ­рын­ғы өміріне көз жұма қарағысы келген дүмбілез адамдар Кеңес Одағы тұсында сол жерде жиын-той өткізбекші болады. Әрине, ол кезеңде мұндай шаралар арақ-шарапсыз өтпейтіні тағы да белгілі. Арақ та ішіледі. Еріккен кейбір адамдар жөнсіз әрекеттерге де барады. Тып-тыныш болып тұрған күн қабағы да әп-сәтте өзгеріске түседі. Сол сәтте көз аштырмас шаңды  дауыл тұрады. Жиналған көпшілік әбден абыржиды. Дауыл да тоқтай қоймайды. Тойды тойлауға ешқандай мүмкіндік қалмайды. Ақырында жұрт жүгін жинап, қайтуға мәжбүр болады. Мұндай оқиға тек бір рет қана болмаған. Жөнсіз әрекет­тер орын алған сәтте табиғаттың осындай құбылысы талай мәрте қайталанған. Бұл жердің қасиетті мекен екені содан-ақ аңғарылып тұрса керек-ті.
Біз Арыстанбаб сол аймақта мәңгілік мекенін тапқан деп жаңалық ашудан аулақ­пыз. Десе де елдің аузында жүрген аңыз жайында баяндай кеткенді жөн көрдік. 
Аңыз бізге осылай деп сыр шертеді. Біздің қазақ өткенді бағалайды. Болмаса көне кезеңнің құпиялары бүгінгі күнге дейін сол күйінше жетпес еді. Қай жеріне барсаң да, қасиетті мекендер көптеп саналатын байтақ даламызды осылайша мақтан тұтамыз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста