Жоңғариядағы дағдарыс (XVIII ғ. ортасы) және Абылай ханның күшеюі
Галдан-Церен кезінде Жоңғария мықты империяға айналды, ол сол кезеңде Қытай империясымен бірнеше соғысына төзімділік ете алу фактісінің өзі айтып тұр. Галдан басқарған жылдары оның билігі Орталық Азияның үлкен аумағына таралды. Шығыс Түркістанның барлық аймағы мен халықтың еңбекқорлығы империя құрамына кірді. Қазақтарғ қырғыздар, оңтүстік-сібір түріктері жоңғар мүдделерінің басымдылығын мойындады. 1734 жылдан бастап Ұлы жүз, ал 1742 жылдан бастап Орта жүз өзінің билеушілерінің балаларынан аманат беруге мәжбүр болды.
Егер Ұлы жүздің жоңғар протекторат шарттарын қабылдауы «Ақтабан шұбырынды» кезіндегі оқиғалармен байланысты болса, тарихи аңыздар бойынша Орта жүз басқа жағдайлармен байланысты болды. 30-шы жылдардың ортасынан бастап, Орта жүздің саяси өмірінде, содан кейін бүкіл қазақ одағының өмірінде маңызды рөлді Абылай сұлтан ойнады. 30-шы жылдардың соңындағы ірі қақтығыстардың бірінде Абылай сұлтан жекпе-жекте атақты жоңғар жауынгері Шарышты өлтіреді. Шарын Галдан-Цереннің жақын туысы болған. Шарыш өлімі және оның әскерін тойтарғаны үшін жоңғарлар қазақтарға қарсы ірі қақтығысты дайындайды. 1741 жылы Орта жүздің қазақ көшпенділері 3 жақтан қалмақ әскерінің үлкен контингетімен қоршауға алынды. Оңтүстіктен қалмақ жауынгері Сары-манджының әскері, солтүстіктен Ертіс өзені бойынша Септен әскері, шығыстан Галданның үлкен құлы Лама Доржидің әскері оларға қарсы жүрді. Осы шабуылған және Абылай сұлтанның келешектегі тұтқындалуына байланысты қазақ шежіресіндегі оқиғалар «Сүзекінің қолы» (сүзекі –балық аулайтын жабдық) аңыздар кезеңінде баяндалған.
Қазақ аңыз әгімелерінде жазылғандай, жоғарыда аталған қалмақтардың негізгі жасақтарынан басқа, қарт батыр Жалбы басшылығында арнайы тағайындалған шағын топ болды, олардың мақсаты бір – Абылайды іздеп табу. Сондықтан бүкіл соғыс науқаны «Сүзекі» деп аталды. Жалбы Абылайды ұлытау тауларынан ұстап алады.
Абылай тұтқынға алынғаннан кейін қазақтар Қаз дауысты Қазыбек би және Малайсары батырдың басшылығымен 90 би мен батырды жоңғар ордасына жібереді. Қазақтар мен қалмақтар арасындағы келіссөздер барысында кейбір уағдалысттыққа келді. Галдан және Абылай арасындағы келіссөздер мен өзара қарым-қатынастарға жататын мәліметтердің үлкен саны қазақ фольклорында сақталған. Абылайды әкелгенде, Галдан былай айтқан, деген әңгіме бар: «Мен сен сияқты Шарыш батыр үшін сені өлтіремін. Қандай тілегің бар?» Онда Абылай былай жауап берді: «Тақсыр, менің 3 тілегім бар. Бірінші, мен Шарышты шын жекпе-жек күресінде өлтірдім: ал сендер мені ұйқыда тұтқынға алдыңыз. Мен қазақтардың қалмақтармен соғысында қайтыс болуды армандадым. Екінші, қазақ көшпенді халық, отырықшы тұрмысқа үйренбеген халық. Мен оларды отырықшылыққа үйреткім келеді, оларға өз қалаларын қайтарғым келеді. Үшінші, менің тұқымымда әрбір ұрпақта бір ұлдан туды. Егер менің ұлды болмай өлсем, менің ұрпағым жойылып кетеді».
Осы сөздерден кейін Галдан басты түсіріп, ұзақ уақыт бойы ойланып отырды. Содан кейін өз тілінде өзінің уәзірне қарап: «Оның айтып отырғаны – ақиқат. Әсіресе соңғысы. Мен де өз ұрпағымда жалғызбын, егер менің ұлыммен бірнәрсе болып қалса, менің ұрпағым үзіледі», - деп айтты. Сол уақытта Абылай «Алдияр» деген сөзді айтты да, орнынан тұрды.«Сен неге олай сөйлейсің, мен саған бсотандықты сыйладым ба?», - деп, сұрады Галдан. «Тақсыр, мен сендердің тілің түсінемін», - жауап берді Абылай, - «Сіз мені өз ұлымен салыстырдыңыз, бұл бостандық қой!»
30-60-шы жылдары қазақтардың жоғарғы ханы Әбілмәмбет Абылайдың босатылуында және Жоңғариямен бейбітшілік қатынастарды орнатуда маңызды рөлді ойнады.
Абылай хан кейін жетекшілік еткен халықаралық қатынастардың стратегиясы Әбілмәмбет билік еткен жылдары орнатылады. XVIII ғ. 40-шы жылдары аса жарқын көрінді. 1740 жылы Ор бекінісінде Әбілмәмбет хан Ресейге табынушылық антын берді.
Әбілмәмбет және Абылай В. Урусовпен келісімге қол қойғанда, Галдан Церенге қарсы күресте орыстардың көмегіне сенді, сол көмекке уәде берілді; құқық бойынша Орданың үлкен ханы Әбілмәмбет болғандықтан, Әбілқайыр өзінің жағдайына жоғалтуға қорқып, сол кездесуге келген жоқ. XVIII ғ. 40-шы жж. басында Орта жүздің көшпенді қазақтары Жоңғария жағынан жаппай шабуылға ұшырағанда, орыстар көмек көрсеткен жоқ. 1742 жж. ол өзінің баласын Әбілфеизді Галдан Церенге амантқа (ақ үйліге) берді. Осының арқасында Абылай сұлтан тұтқыннан босатылды. Ақылды дипломат Әбілмәмбет Түркістан қалаларына билікті қайтарды. Келешектегі оның өмірі осы қалада – қазақтар астанасында өтті. Жазда ол Сарыарқаға көшіп кетті.
1745 ж. Галданның өлімі жоңғар мемлекетінің құлдырауына әкелді. Галданның үш ұлы болды. Үлкен ұлы Лама Дорже 19 жаста, ортаңғы баласы Цеван Дорже (Аджахан) 14 жаста, ал кіші баласы 8 жаста болды. Галдан қайтыс болғанда көптеген зиялы қауым өкілдері есейген және әскери істі жақсы білетін Лама Доржидан қорқып, билікті ортаңғы баласына тапсырды. Лама Доржи еріксіз әйелден туды. Нәтижесінде тақ үшін күреске Дебачи мен Әмірсана араласты. Осылай көптеген жылдаға созылған Жоңғар хандығының жанталасы басталды, ол оның толық құлдырауы, халықтың негізгі санының жойылуы, басқа халықтар арасында жойылып кеткен қалмақтардың көптеген қайғыларымен аяқталды. Жоңғар билеушілерінің өзара тартыстарының нәтижесінде көптеген жылдар бойы соған ұмтылған қытайлықтар жоңғарияға өз әскерлерін енгізді.
Дереккөз: Артықбаев Ж.О. Қазақстан тарихы, Астана, 2004ж.-159б.