Жоңғар шапқыншылығы қай тұстан басталған?

Жоңғар шапқыншылығы қай тұстан басталған?

Жоңғар шапқыншылығы қазақ халқына қай тұстан басталған?! Біз мектеп қабырғасында оқып жүргенде, тарихта жоңғар деп аталған қалмақтар Алатаудың шеткі сілемдері арасынан орын тепкен, кейіннен әйгілі «Жоңғар қақпасы» аталып кеткен тұстан бері өтіп (Алакөлдің сол жақ жағалауынан ары біршама жер), көктемгі аласапыран кезінде қазақтарға ойламаған тұстан шабуыл бастаған деп оқитынбыз. Сол ұғым санамызда берік қалыптасты.

 

Дегенмен, осы нақтыланған пікірге қарама - қайшы ой -  кезінде  газет тапсырмасымен Шығыс Қазақстан облысының  Үржар ауданындағы Бақты кеденінде болғанымда келгені бар. Содан бері он төрт жыл өтіпті. Аудан орталығынан мінген таксимен ұзақ жолда келе жатып, көлік жүргізушісімен әңгіме дүкен құрып отырдық.

 

Жолда Еміл өзенінен өтіп, Бақты ауылына жақындап қалғанда, жүргізушім: - Естіген боларсыз, жаңағы өткен Еміл өзеніне жақын аралықта бұрынғы Жоңғар – Қалмақ хандығының орталығы болған қалашық бар, - деп әңгімені қоздата түсті. - Осы өлкенің тұрғындары бұл қалашықты жақсы біледі, - деп қосып қойды. Қасымда отырған жүргізушінің айтқандары мені қатты қызықтырды. – Осы арадан алыспа?, - дедім оған қарап. Жүргізуші кезінде сол жерде болғанын және көріп қайтқанын айтты. – Бұл жерден көп алыс емес. Шамамен, он төрт – он бес шақырымдай-ау, - деді. Әрине, туған еліміздің тарихының қыр-сырын терең білу мен үшін өте қызықты болатын. Қалам ұстаған адам болған соң, атамекеніміздің құпия сырына, жұмбағына ынтызар келетініміз шындық емес пе?! – Қосымша ақша төлейін, қайтар жолда соған соға кетсек қайтеді?, - дегеніме жүргізуші келісе кетті. Біраздан кейін, тағы сол жүргізушім Барлық тауымен Жалаңашкөлдің аралығына орналасқан Шыңғыс хан сайын білесіз бе?, - дегені. – Бұрындар естуім бар, - дедім оған жауап қайтарып. - Шыңғыс хан Қытайды шабуға бара жатып, сол арада қалың әскерімен бір түнеп, ары асқан көрінеді. – Иә, бұл шындық, - дедім қасымдағы әлігінде жүргізушіге.

 

Кеденге барған соң, өзіме керекті деректерді жинап алып, шапшаңдатып кері қайттық. Бағытымыз Жоңғар – Қалмақ мемлекетінің орталығы болған көне жұрт. «Қала болғанда қазіргідей шаһар емес, тек өздерінің жиналатын, хурал (құрылтай) өткізетін орталық іспеттес қалашық болар», деп ойладым.  Бірнеше қырды асып, әупірімдеп, шаршап–шалдығып, сонау бір ғасырларда Жоңғар хандығының орталығы болған араға да келдік. Көлікті тоқтатып, далаға шықтық. – Осыдан ары тағы біраз жүрсек, атақты Башпайдың көпірін де көруге болады, - деді Амандық.

 

Амандық екеуміз біраз жаяу жүріп, бұрынғы  Жоңғар- Қалмақ  хандығының орталығы болған араға да жеттік. Кішкене төбешік – төбешік болып қалған еске тамдар, жер ошақтар, айналада шашылған күл, кейбір жерден найза мен садақтың сынықтарын, жебелердің ұштарын көрдік. Аралап біраз жүрдік. Сынған тостаған, көтек арбаның доңғалағының темір белдіктерін ажыратып байқадық. Көбі шіріп кеткен. Сондықтан ештене алмадық. Көне шаһардың орнын аралап біраз жүрдік. Жалпы, шаһардың ұзындығы 600 қадақтай болады екен. Көлденеңі  де біраз жер. Осы арада қалмақ қонтайшылары елдің ішкі – сыртқы саясаты жөнінде талай кеңес өткізгені белгілі. Көне жұртты аралап жүріп, ойға не келіп, не кетпеді дейсің?! Осыдан үш – төрт ғасыр бұрын осы арада қалмақ шонжарлары ақ киіздің үстінде малдас құрып отырып, талай кеңес құрды дегенге көңіл сенбейтін де секілді. Бірақ, тарихты суыртпақтасақ солай болып шығады. Осы шаһарда жоңғар хандары мен билері, баһадүрлері гөй – гөй әңгіме айтып, көршілерін, соның ішінде қазақ елін қалай жаулап алу керектігі жөнінде жоспарлар құрды-ау...

 

Кезінде Шыңғыс ханның Қытайды шабуға бара жатқанда, осы жоңғар хандығында болғаны тарихи еңбектерде, тіпті, киноларда да бар. Соған қарағанда ұлы хан моңғол аумағынан емес, осы Қазақстан жерінен шыққан-ау. Бұл пікір орыс және еуропа ғалымдарының зерттеу еңбектерін үңіліп оқысаң нақты жазылған.

 

Қалай десекте, Тарбағатай жоңғар – қалмақтардың қойған аты. Еміл сөзі де – ойрат тілінде «жайқын су» деген мағынаны білдіреді екен. Сол бір ғасырларда суы мол, көктем кезінде жағасынан асып, жайылып кетіп отырған болар,  деп топшыладым. Орыс пен Қытайдың шекарасы түскенше бұл алқабты жоңғарлардың мекен еткені белгілі.

 

Швед офицері өз жазбаларында Жоңғар елінің картасын жасаған екен. «Жоңғар Алатауы, Балқашқа құятын Іле өзенінің екі қапталы, Алтынемел мен Қойлық аралығы, Сарқан өңірі (қалмақ батырының аты), Кегеннің (қалмақ биінің аты) солтүстік жағалауы мен Шоңжы даласы, Шарынның шығысына қарай Кетпен тауларының солтүстік беткейлері, Қаскелең, Боралдай өңірі, қазіргі қырғыз жеріндегі Үлкен Кемік алқабы, Түп жағалаулары, Ыстықкөлдің оңтүстік жағалауы, сондай-ақ Тарбағатай алқабы, Еміл өзенінің атырабы, Зайсан көлінің маңайы, Гүршім даласы (қазақтар Күршім деп атайды),  Шәуешек (қалмақтың «тостаған» деген сөзі) және Үрімші өлкесі – жоңғарлардың көнеден мекен еткен атамекені», - деп жазыпты.

 

Сонда деймін-ау, қалмақтар қазақ еліне қай тұстан шапқыншылық  бастаған?! Біз соны толық дәлелдей алмай жүрміз. Жоңғар қақпасынан бері өтіп, соғыс жүргізді дейін десек, орталық қаласы Үржар ауданының Еміл өзенінің бойында жатыр?

 

Тағы бір айтарым, жоңғар тіліндегі атауларды, мүмкіндік болса алдағы уақытта қазақ тіліндегі сөздермен алмастырсақ болар еді деп ойлаймын.

 

 

 

Бейсенғазы Ұлықбек,

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Abai.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста