Жоңғар мен қазақты туыс деу қиын, бөтен деу – қате

Жоңғар мен қазақты туыс деу қиын, бөтен деу – қате

Кез-келген қысылтаяң шақта «ондықтарды» құраудан басталатын Шыңғысхан кезінен қалыптасқан әскери жүйе негізінде жұптарын жазбай, шоғырлана қоныстанған Жоңғария ойраттарының көшіп-қонған аймақтары төмендегідей болды. Торғауыттар мен дүрбіттер Жоңғарияның солтүстік аудандарында – Ертістің жағасында Моңғол Алтайында, Тарбағатайда көшіп жүрді. Чоростардың иелігінде Іленің жоғарғы-орта ағысы және аталған өзенге құятын үлкенді-кішілі өзендердің сағаларындағы жерлер болды. Ал одан ары шығысқа қарайғы жерлерді хошауыттармен 1701 жылы Еділ бойынан Жоңғарияға қашып келген торғауыттардың бір бөлігі жайлады. Кейінгі қарастырулармен, кеңестік кезең археологтары зерттеулері Қазақстанның шығыс, оңтүстік-шығыс аумақтарында ХVІІ ғасыр соңы – ХVІІІ ғасырдың бірінші жартысында көшіп жүрген ойраттардың жоғары дамыған материалдық мәдениетінің болғандығын дәлелдеді.
Жоңғария ойраттарының экономикасының негізін құраған көшпенді мал шаруашылығын, егіншілік, аңшылық, қолөнерімен айналысушылар толықтыра түсті.
Жоңғар хандары арасында өзіндік ерекше орны бар – Галдан Церен (1727-1745) билігі тұсындағы кезеңге қатысты жағдайларға аздап шолу жасап өтсек. Елдің еңсесін көтерген «Аңырақай шайқасындағы» - жеңістен кейін де елдің жағдайы жақсара қоймады. Үш жүздің «Ұлы ханы» болуы үшін туындаған ақсүйектер арасындағы тартыс жоңғарлар мен орыстарға жалтаңдауға мәжбүрледі. (Аңырақай шайқасы жайлы толыққанды танысам деушілер «Анырахайский треугольник» ғылыми еңбекті қарап шығуға болады).
1735 жылдары Орталық Азияның солтүстік аудандары, Ташкент, Түркістан сияқты қалалармен Ұлы жүз қазақтары ойрат феодалдарына бағынышты күй кешті. Ұлы жүз феодалдары жыл сайын хан Ордасына «аманат» жіберіп тұрса, ал тұрғындарының әр түтіні Галдан Церенге «алман» ретінде жыл сайын қыр түлкісінің бір терісінен төлеп тұрды.
Ойрат билеушілерінің, Орта Азия иеліктерінен жиналатын алым-салық көлемі жайлы, Жоңғариядағы орыс елшісі К. Миллерге ойраттардың айтуы бойынша, олардың иелері: «Ташкенттен екі жыл сайын кілем, жібек маталарын, сауыт-сайман, мылтық, құндыз терілерін және басқа да заттарды тоғыздықтарымен әкелсе, алтын-күмістерді де есеп бойынша алдыртып тұрады».
Қазақтардың көнеден бергі астанасы болып табылатын Түркістанды билеуге барлық хандармен, сұлтандардың ынтызар екендігін байқаған Галдан Церен олардың арасына отқа май құйып, біразына аталған қаланы билеуге жәрдем беретінін уәде етіп қояды. Содан келіп Орта жүз ханы Әбілмәмбет пен Кіші жүз ханы Әбілқайыр, сұлтандар Барақ – Абылайлар арасында қала билігі үшін өзара бақталастықтар туындайды.
1745 жылы ұранхайлық Карнаның Өскемен бекінісі канцелериясына Абылай сұлтан мен Галдан Церен арасындағы жақындықты суреттеуі төмендегідей. «Олардың қырғыз-қайсақтармен арасында өзара келісім орнаған. Абылай-сұлтан өзіне бағынышты қырғыз-қайсақтардан алмандарын жинап, иелері Галдан Церенге жібереді. Ол Абылай-сұлтан қайсақтарымен Шар-Гурбанның бойында көшіп жүреді, оларға нан және басқа да заттарды айырбастауға барып тұрады. Қырғыз-қайсақтарда ешқандай егін өнімдері болмағандықтан, Абылай-сұлтанға иелері Галдан Церен, өз атынан тары мен ұн жіберіп тұрады».
Жоғарыдағы жағдайлардағыдай бірде сыйласып, бірде керісіп жататын жайттарда бабаларымыз күнелтіп жатты. Бірақ қашанда жоңғарлардың басымдығы байқалатын.
Моңғол ғалымы Д. Майдардың жазуынша, ата-тегінен бері мал шаруашылығын кәсіп еткен оларда: «...Малдың жасын тісіне қарап ажыратуға қолданылатын, терминологиялық қалыптасқан сөздердің саны 150-ден асса, моңғол диалектикасында жылқыны түстеуге байланысты қолданылатын 300-ден аса терминдер тіркелген, ал малдың ен-таңбасына байланысты айтылатын 500-ден аса терминдер бар».
Біздерде де арнайы санақ жүргізбесекте бабаларымыздан келе жатқан, жоғарыдағы жағдайларға байланысты қолданылатын терминдердің көптеген түрлерінің бар екендігі рас. Әсіресе жылқылардың түсін түстегендегі көптеген терминдердің орыс тіліндегі баламасын табу қиындық тудыратындығы шындық. Ал сол терминдердің көпшілігі көшпенді мал шаруашылығымен айналысқан көршілес елдердегі ортақ сөздер еді.
Күнделікті қолданыстағы: қара-хара, көк-кух, қатын-хатун, ту-туг, темір-темур, тоқым-тохым, батыр-баатор, оба-обо, алтын-алтан, бұлақ-булыг, бай-байын, тәңір-тэнгр (Тэнгр – бұл санскрит сөзі Дева (құдай) немесе Сураның (құдай) моңғолша аудармасы. Моңғолдарда тэнгр екі мағына береді. 1) Аспан. Көк күмбезі. 2) шамандық анимастикалық түсінік бойынша «көктің рухы». Моңғолдардың әлі күнге дейін «Бурхун тэнгр» (Көк құдайы қолдаса) дейтіндігі сондықтан). Арасан –аршан (расуана – санскрит сөзі. Шипалы су. Моңғолша дыбысталуы аршан) тт. Осыларды саралай келсең Аристовтың: - «....Алтайлықтардың тілі «тамырын тереңнен алатын таза түркі тілі», бірақ оларда ұзақ уақыт қалмақтарға көршілестігімен тәуелділігінен еніп, түркі тіліне ырықтандырылған монғол сөздері көптеп кезігеді» - деген ойынан жоғарыдағы мағыналары бірдей сөздерді аңғарғандығы сезіледі. (ОИГҚ 1896 жыл. 339-бет)
Ал «арасан» демекші біздерде әлі күнге дейін, киелі орындарға «ақтық» байлап тәуеп жататын дәстүріміз бар. Моңғолдарда да осы күнге дейін өміршеңдігін жоймаған, киелі жерлерге, асуларға, тоғыз жолдың тораптарына, арасандарға, биіктерге тас үйіп «обо» тұрғызып «хадактарын» байлап жататын ғұрып бар. (хадак – құрмет көрсету белгісі үшін сыйланатын, кейде қайыр-садақа ретінде де берілетін түрлі-түсті жібек немесе мақта-матасының ұзынша келген бөлігі. Біздің «жыртысқа» келіңкірейді). Ол сол киелі орындарды аластап құдайларына көрсеткен құрметі болып есептелінеді.
Орталық Қазақстан жеріндегі түрлі рулардың таңбасы салынған «Тамғалы тас» жайлы 1888-1889 жылдары Сарысу өзені алқабында топографиялық және гоеграфиялық ізденістер жүргізген Ю. А. Шмидт «Киелі тас» туралы сипаттамасында төмендегідей суреттеген: «Бұл тастың түрі құм тастарына жатады, үлкендігі – 3 текше метр сажын шамасында, оның бетіне сына тәріздес иероглифтер ойылған және қырғыздар (қазақтар) тасты айнала өскен баялыш бұтақтарына түрлі-түсті бұлдардың қиықтарын байлап безендірген, бұл ғұрып оларға моңғол елдерінен енген және шөл даладан аман-есен өту үшін берілген тасаттықтың белгісін білдіреді, жанындағы кең көлемдегі алаңқайда қырғыздардың (қазақ) бейіттері орналасқан». (Шмидт, 1894)
1958 жылы ҚХР-дан атамекеніне оралған көнекөз «қазақы дәуір» адамдарының соңғыларының бірі болған мәлімет беруші Жақияқызы Күләндәнің (Күләш) найман-дөртуыл-ақболат (1929-2014) пұтқа табынушылар жайлы этнографиялық мәнді әңгімелерінен: «Қалмақтар тау бастарына оба тұрғызады екен. Ол олардың құдайлары болып есептелініп, оларға түрлі-түсті торғындардан байлап қояды. Соны бір қазақ қызықтап жинап алады. Сол түннен бастап түсіне қалың қалмақтар кіріп, жиылып шүберектерін сұрап мазалапты. Ұйқыдан қалған ол, молданың кеңесі бойынша алған жыртыстарын орнына байлап, жаны жайланған екен».
«Бірде біздің ағайындар аңшылықтың қызығында жүріп, уақыттың қалай озғанын байқамай қалады. Кештетіп келіп қалмақ қосынына қонады. Шақырылмаған қонақтарға үй иесі қалған-құтқанын жылытып беріп жатқызады. Пұтқа табынушылардың дәстүріне әбден қанық әлгі жолаушылардың бірі үй иесі сыртқа шыққанын пайдаланып, төрінде тұрған жезден құйылған құдайларының бетін сәл бұрыңқырап қойыпты. Содан күндегі әдеті бойынша әлгі қалмақ таңғы асынан алдымен құдайына дәм татқызу үшін, шәйін бүркейін деп құдайына қараса, оның сәл қырындап салқын қабақ танытқандай қалыбын байқап сасып қалады. Содан іштей ойлана келіп, кінә өзінен екенін сезіп, қонақтарға бір семіз қозысын әкеп сойып қарық қылады. Әлгі екеуінің ым-жымы ішінде берген асқа ыңқия тойып алады. Тағы бір мезетте үй иесінің сыртқа шыққанын пайдаланып, құдайларын түзеп қояды. Қош айтысып дастарханнан тұра бергенде төрдегі мейірімін шашып тұрған құдайын байқап, әлгі қалмақ бұл екеуін қасиетті жандарға балап, шапандарын жауып шығарып салыпты».
«Бірде қалмақтарды қазақтар өкшелей қуып келе жатады. Тоқтаған сәтте қазақ жауырыншысы жауырынын жұлып алып – «олар қазір тынығып жатыр және олардың олардың балгері жауырын ашуда, сендер дереу аттарыңды теріс ерттеңдер!» - депті. Сонда «қалмақ жауырынына» қазақтардың кері қайтқаны түсіпті. Жайбарақаттанып жайланып жатыпты. Сол кезде дереу қимылдаған қазақ жасақтары оларды көп қырғынға ұшыратыпты».

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста