Жастарға жол ашық

«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша басым бағыттардың бірі – «Жастар тәжірибесі». Мемлекеттің жан-жақты қолдау көрсетуінің арқасында бұл бағыт бүгінде еліміздің барлық өңірлерінде ойдағыдай жүзеге асырылып, ауыз толтырып айтарлықтай нәтиже беріп отыр.
Бұл бағдарламаның негіз­гі мақсаты – жоғары оқу орын­да­рының, колледждер мен лицейлердің түлектеріне мемлекет тарапынан қосымша қолдау көрсету. Қазір жұмыс беру­шілердің көбі тәжірибесі жоқ жас мамандарды жұмыс­қа алуға құлықсыз екені жасы­рын емес. Бастап жұмыс істе­месе, ол тәжірибе қайдан ке­леді? Сондықтан, бұл жерде мемлекеттің араласып, жас ма­ман­­­ның тауын шақпай, жұмыс табуына, тәжірибе жинауына септесуі аса қажет. Жұмыс беру­ші де жас мамандар арасынан өз көңілінен шығатын, сенім арта алатын, жігерлі маманды таңдап ала алатындай болуы керек.
– Бағдарлама шарты бо­йынша, жас маман меншік тү­рі­не қарамастан, кез келген ұйымда тәжірибеден өте алады. Мемлекет оған ай сайын 34 686 теңге көлемінде жалақы төлеп отырады. Ал жұмыс беруші оның жұмыс ретін, міндеттер көлемін белгілеп, мемлекет бөлген еңбекақының үстінен қосымша ақы төлеуіне болады. Осылайша, алты ай бойы тәжірибеден өтеді де, содан кейін жұмыс беруші қаласа, жас маман келіссе, ол тұрақты жұмысқа қабылдануы мүмкін, – дейді Қарағанды қаласының әкімдігіне қарасты Халықты жұмыспен қамту орталығы­ның директоры Нұрлан Баянов.
Жастардың тәжірибеден өтуі мемлекеттік бюджеттің жұмыспен қамту бағдарламасын жүзеге асыруға арнаған қаража­ты есебінен жүзеге асырылады. Тәжірибеден өткізуге келіскен кәсіпорын, келісімшарт талабы бо­йынша, жас маманға жетекші тағайындауға, оны техникалық қауіпсіздік жөніндегі нұсқау­лықпен таныстыруға, керек болған жағдайда арнайы киім-кешекпен, құрал-саймандармен қамтамасыз етуге міндетті. Ал тәжірибеден өту мерзімі аяқ­тал­ғаннан кейін жас маман­­ға мінездеме беріледі. Қалай болғанда да, жастар тәжірибесінің мерзімі алты айдан аспауы тиіс. Осы уақыт ішін­де жас маман өзі оқыған мамандықтың практикалық қырларын танып, білім-білігін мейлінше арттырып, өзін-өзі көрсетіп, алдағы уақытта жұмыс берушінің талабынан шыға алатындай, сенімін оята алатындай дәрежеге қол жеткізуі керек. Талпынған, ертеңгі күнін ойлаған жастар бұл мақсаттың үдесінен шығуы тиіс.
Бұл бағдарлама жастардың өз әлеуетін бағамдап, келешек­ке қадам жасауына, өз мүм­кін­діктері мен білім-білігін танытуына тамаша мүмкіндік беріп отыр.
Биыл Қарағандыда «Жастар тәжірибесі» бағдарламасына оқу орындарының 322 түлегі қа­тыс­ты. Солардың жар­­­ты-
сы тәжірибеден өту мерзімі аяқталғаннан кейін тұрақты жұмысқа қабылданды. Солар­дың бірі – балқаштық Қай­сар Қарабалин. Ол жастар тәжі­ри­бесінен ойдағыдай өтіп, кәсіп­орын басшыларының сенімін ақтады.
2010 жылы Балқаш гумани­тарлық-техникалық колледжін техник-механик ма­­мандығы бойынша тәмамдап, одан кейін 2014 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық уни­верситетінің машина жасау факультетін бітірген Қайсар жылдан артық уақыт бойы мамандығы бойынша тұрақты жұмыс таппай жүріп қалған еді. Сөйтіп жүргенде «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының ая­сын­дағы «Жастар тәжірибесі» туралы естіп, бірден Қарағанды қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығына барған. Мұндағы мамандар ұсынған бірнеше кәсіпорындағы бос жұмыс орындарынан ол «Эксперименттік зауыт №1» жа­уап­кершілігі шектеулі серік­тестігін таңдап алады.
Өзіне жүктелген мін­дет­тер­ді тың­ғы­лықты, үлкен жауап­кершілікпен атқара білген жас маман тәжірибеден өту мерзімі аяқталар-аяқталмастан, өндіріс орнының металл бұйымдар учаскесіне шебер ретінде жұ­мыс­қа қабылданды. Ол-ол ма, арада жарты жылдай ғана өткенде, Қайсар осы учаске­нің басшысы болып тағайындалды.
– Мен алдымен жас ма­ман­­дардың, оқу орындары түлектерінің жұмыспен қам­тылуына ерекше көңіл бөліп отырған тиімді мемлекеттік бағдарлама үшін Үкіметімізге алғыс айтамын, – дейді Қайсар Қарабалин.
Жұмыспен қамту орталығы жастарға ғана емес, адал еңбек­пен табыс тапқысы келетін кім-кімге де жұмыс қа­рас­ты­руға әрдайым дайын. Қазір орталықтың мәліметтер базасында екі мыңдай бос жұмыс орны бар. Оның ішінде сан түрлі мамандықтар бар, келіп танысқысы келетіндер үшін есік ашық. Тұрақты жұмыс тапқысы келген жанға жалғыз мемлекет көмегі аздық етеді. Ең алдымен адамның еңбек етуге құлшынысы, мақсатына жетпей тынбайтын табандылығы болуы шарт.

Қайрат ӘБІЛДИНОВ,
«Егемен Қазақстан»
ҚАРАҒАНДЫ 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста