Хан Кененің көтерілісі 1837 жылы емес, 1823 жылы басталған...

Кенесары Қасымұлы туралы әйгілі тарихшы Ермұхан Бекмаханов ағамыз өз ойын жан-жақты толық мәнінде айта алмай кетті. Ол ағамызға Омбы, Мәскеу, Қытай, Өзбек мұрағаттарына жол жабық болды. Оның үстіне төбесінен үш қаріптің қылышы жарқырап, басын шабуға таяп тұрған заман еді. Бірақ ағамыз жолын тауып, Алматыдағы Орынбор мұрағатының құжаттарымен танысқан.

Мен Алматы, Омбы, Мәскеудің (екі) мұрағаттарында Кенесары туралы 1000-нан астам хатты қолмен көшіріп алдым. Бірнеше жүздеген хаттың Мәскеудің әскери-тарихи мұрағатынан көшірмесін алдым. Сол хаттармен ішінде ағамыздың танысты деген қолы Алматы мұрағатында бір-ақ жерде кездесті, ал басқаларында жоқ. Соған қарамай Кенесары туралы жазғандарының барлығы мұрағат құжаттарына негізделген. Ермұхан ағамыз өзінің тілі өткір, шындығы айғайлап тұрған еңбегін бір емес, екі рет биік мінберлерде бар жан-тәнімен қорғады. Сол үшін 25 жыл айдалғанын да бастан өткізді. Ресей шовинистері мен қазақтың жандайшап ғалымсымақтарының қорлаған, мазақтаған, жанын жегідей жеген сөздеріне де, істеріне де шыдады. Алған бетінен қайтпайтын қайсар жан екенін көрсетті.
Ағамыз өмір сүрген заман бүгін­гілердің түсіне де кіре қоймас. Қайсар, арыстандай айбатты, нағыз қазақ Ермұхан Бекмахановқа Алматыдан, Астанадан, Павлодардан, Баянауылдан алып ескерткіштер орнатып, атын алтын әріппен жазса қазақ деген атымыз нұрлана түсер еді.
Амал не ондай күн әлі тумағанға ұқсайды.
Әр жерден ағамызды жамандауға дайын тұратындар, кек қайтарғысы келетін, жеке басын дәріптеушілер бастарын қылтитып көрініп қалып жүр. Кейбіреулері өздері ашық ойларын айта алмай жастарды айдап салуда.
Кенесары хан қарама-қайшылығы мол ауыр тұлға. Оның күллі қазақ халқының болашағы үшін күресінде халық сүйсінген, күйзелген, ашынған жағдайлар аз емес.
Ең алдымен, Ермұхан ағамыздың «Кенесары ханның көтерілісі 1837-1847 жылдары болды» деп жар салуын түсіндік пе? Менің ойымша, түсінген жоқпыз. Ағамыз 1824 жылдан басталды деп айта алды? Бірақ Ресей шовинистері мен өз баскесерлеріміз бөгет жасап айтқызбады. Бүгін өз мемлекетіміз бар. Енді еркін түрде айта аламыз. Бірақ бірде-бір тарихшы Кенесары, Саржан, Сартай, Қасымдардың көтерілісі 1823 жылдан басталды деп айта алмай келеді. Менің ойымша, оның үш түрлі себебі болар.
Біріншісі, әлі де Ресейге жалтақтаймыз. Екіншісі, мұрағаттарға барып Кенесары туралы өте көп құжаттармен танысқылары келетін тарихшылардың жоқтығы. Үшіншісі, тарихшылардың ішінде бірін-бірі қызғану деген дерт те бар сияқты. Менің «Кенесары» атты кітабым орыс тіліндегі құжаттар негізінде 2002 және 2005 жылдары жария­ланды. Сол құжаттармен танысқан тарихшыларды естіген жоқпын. Кітаптарым республиканың орталық, облыстық, қалалық, аудандық кітапханаларында, жоғары оқу орындарының көпшілігінде бар. Құжаттар мұрағатта қалай жазылды, солай көшіріп дап-дайын деректер әкеліп бердім. Бірақ соны зерттеген, көңіл бөлген тарихшылар, жазушыларды көрген жоқпын.
Кенесары туралы өте көлемді мақала жазуға болады. Бірақ оны газет-журналдар баса бермейді. Сол себепті негізгі деген мәселелерге тоқталайын.
Бірінші мәселе, ол жоғарыда айтылған Кенесары (Қасым) көтерілісі 10 жыл емес, 24 жыл бойы патша өкіметінің әлегін шығарды.
Патша өкіметі Абылай хан өлгеннен кейін қазақ еліне жыланша жылжып, біртіндеп кіре бастады. Нұралы хан, Уәли хандар әлсіз, жігерсіз болды. Олардың өздері хандық тізгінінен айырылып қалды. Старшындар оларды мойындамай, әрқайсысы өз беттерімен өз жерлеріне қожалық жүргізе бас­тады. Бірін-бірі түрткілеп барымташылықты өрбітті. Одан қорғану үшін таяу жердегі орыс отрядтарын шақырып, солардың көмегімен екінші старшынды өзіне бағындыра бастады. Патша өкіметі қазақ жеріндегі беделді деген старшын-билерді бір-бірлеп сатып алды. Барлау жұмыстарын күшейтіп, старшындарға көмек жасауды сылтауратып қамалдар салды. Енді ешбір қарсылық көрсете алатын басшы азаматтардың жоқтығын сезіп, бір-ақ күнде зорлықпен қазақ жерін басып алып, патша Жарлығымен қазақ хандығын жойды.
Хандықты жойып, басқарудың жаңа түрін өмірге енгізгеніне бүкіл қазақ халқы қарсы болды. Ең көбірек қарсылық көрсеткендер: Ғұбайдолла Уәлиханов, Саржан Қасымов, Сартай Шыңғысов. Жас та болса, Кенесары Қасымов өз жасақтарын құрды (21 жаста еді).
Патша өкіметі жаңа жүйені қолдама­ғандарды тәртіпке шақыру ниетімен ауылдарына шабуыл жасап, оларды жазалау әдісіне көшті. Үгіт жолымен көндіре алмай, оларға күш көрсете бастады. Әсіресе, Кенесарының ағасы Саржан әр жерде халықты жаңа өкіметке қарсы қойып, олардың жазалаушы отрядтарымен қақтығыстар ұйымдастырды.
Ең үлкен қарсылықты Қасым хан бастады. Ол 1824 жылы Қызылжардан 10 мың отбасын немесе 40-60 мыңдай адамды өзімен бірге Ташкент пен Түркістан аралығындағы бейтарап жерге көшіріп алып кетті. Бұл қазақ елінің Ресей отаршыларына қарсы көтерілісінің басы емес пе? Жол бойы мыңдаған ауыл оны қостап, бірге көшіп кетті. Бірақ олар тыныш жатқан жоқ. Патша өкіметін жақтаған болыстарға үгіттеу жұмыстарын жүргізді. Көнбегендеріне күш те көрсетті.
Кенесары ағалары, әкелері халықты патша өкіметіне қарсы көтерген кезде қарап қалған жоқ қой. Оның өз жасақтары болды. Міне, осындай ойымды дәлелдеу үшін Алматы, Омбы, Мәскеу мұрағаттарында көміліп жатқан жүздеген хаттарды қолмен көшіріп, фотокөшірмелерін алдым. Алматы мұрағатындағы құжаттармен 2002 жылға дейін алты адам танысқан. Соның бірі ­Бекмаханов Ермұхан ағамыз. Басқалары диссертация қорғау, монография жазу үшін құжаттардың кейбір жерлерін ғана көшірген.
Алматыдағы мұрағатта Кенесарының Орынбордың шекаралық жазалау комиссия­сының басқарушысы, генерал-майор және кавалер Генс мырзаға жазған хатына кез болдым. Журналист Смирновтың «Кенесары сұлтан және Садықов» атты мақаласы 1880 жылы әскери-оқу мекемесіне арналған журналға жарияланыпты.
Міне, осы деректерге, сондай-ақ орыс полковнигінің патшаға жазған хатына сүйеніп Кенесары көтерілісі 1823 жылдан басталды деп айта аламын.
Смирнов былай депті: «Атақты сұлтан Абылайдың немересі сұлтан Кенесары Қасымов қырғыздарды көтеріп, оларға оңтүстікке қарай даланың ішкі жағына алысырақ көшіп қонуды ұсынып, Ресей мен Қоқаннан Орта Орданың тәуелсіздігін қамтамасыз етуді ойлады».
Бұл 1823-1824 жылдар туралы әңгіме қозғалып отыр деген сөз емес пе?
Әрі қарай былай депті: «Съ этого времени Кенесары со своими приверженцами, число которыхъ возрастало съ изумительною быстротою, открыто выступаетъ врагомъ России и вновь введенного в степи русского управления (1824 г. Б.Н.) и делается душою мятежа, который въ скоромъ времени охватилъ значительную часть степи».
Міне, осы берілген бағаға кім қарсы шыға алады. Бұл шындық қой. Қалайша біз 1837 жылға дейін де 15 жыл күресіп, соғысып, онда қаза тапқан мыңдаған сарбаздарымызды көз жұмып тұрып, есімізден шығарып тастаймыз?
Оның үстіне Кенесары 1837 жылы ғана көтерілісті бастаған болса, онда 1839 жылы: «Шаршадым. Жүздеген туыстарым түрмеде отыр. Сарбаздар шаршады. Демалу үшін Ұлытауды сұраймын» деп қалайша екі-ақ жылда шаршай қалады.
Жаңа ғана басталған көтеріліс бірден бүкілхалықтық сипат алатындай аяқастынан ірі құбылыс бола қойған жоқ қой.
Бұл күрес, алысу-жұлысу, соғысу, қырғынға ұшырау-ұшырату, халықты соңына ерту бірнеше жыл бойына орын алды.
Соның бір дәлелі Ресей офицерінің мына бір хатына көңіл аударайық (Алматы мемлекеттік мұрағаты (қор 4-тізімі, 1 іс, 2009. 5 мамыр 1842 жыл №93).
(лист 29) Милостивый Государь Василий Алексеевич!
На отношеніе Вашего Превосходительства, при коемъ изволили Вы Милостивый государь предпроводить мне копію съ донесенія къ Вамъ Кенесары Касимова, честь имею отозваться, что относя въ Санкт-Петербург до удаления султана Габайдуллы Валиева, не может быть принято къ уважению, ибо съ одной стороны показаніе Кенесары отвергается обстоятельствами произведенного своевременно по сему предмету изследованія, а съ другой весьма естественно, что онъ ищетъ ложью оправдать своего сообщника, что же касается до воспрещения Сибирскому начальству занятия войсками горъ Улу-тау и Кичитау, то эта просьба его уважена быть не можетъ, тем паче, что Государь Императоръ не токмо соизволилъ одобрить временное охранение сего первого пункта нашими войсками, но соизволилъ даже по моему представлению утвердить в горахъ Улу-Тау постоянное водворение двухъ сотенъ казаковъ. Принадлежность же сихъ местъ Кенесаре ни въ какомъ случае допущена быть не можетъ, ибо во-первыхъ, все земли в киргизской степи, суть принадлежность государственная (хотя с 1867 г. Б.Н.), а не частная, в чемъ без сомнении и Вы изволите согласиться, занявъ на семъ основаніи значительное количество земель около Орской, а во-вторых, и потому что двадцатилетнимъ побегомъ (лист 30) за границу достаточно уже утратилъ он на нихъ всякое свое право если бы оно и имелось.
Убедительнейше просить Ваше Превосходительство принять зависящія отъ Вас меры к отклонению очевидно безпорядка проистекающего отъ упорства Кенесары, который не оставит земель Сибирского ведомства не повиноваться местному начальству не хочетъ.
Подпись.
Міне, осындай хаттардан кейін қалайша Кенесары көтерілісі «1837-1847 жылдары ғана болды» дейсіз. Кенесарының 1823 жылдан 1837 жылдарға дейін бостандық үшін күрес жолында құрбан болған мыңдаған сарбаздарының аруақтарын қорлағандық емес пе? Иә, сіздер: «Ұлы тарихшы Бекмаханов айтты ғой. Одан артық білгішсің бе?» деген сұрақ қоярсыздар. Орынды. Бірақ неге ол ағамыздың заманының қандай болғанын естеріңізден шығарасыздар?
Мәскеуде отырған шовинистер, оларға жағымпаздық жасаған өзіміздің ішіміздегі сатқын тарихшыларымыз, коммунистік партияның жандайшаптары тұрғанда ол қалайша айғайлайтын еді. Сол 10 жылдың өзінде Мәскеу шовинистері мойындамай, «Кенесарыны тек өз қара басының қамын ойлаған адам» деді емес пе? Егер ол қара басының қамын ойласа, онда Батыстағы үш сұлтанаттағы Жантуриндерге ұқсап шалқайып, патша өкіметіне жан-тәнімен қызмет етпес пе еді? Көкшетауда, не Ұлытауда аға сұлтан болмас па еді?
Ол заманда Ермұхан ағамыздың әрбір қадамын аңдыды. Үш қаріп бір жағынан, қызғаншақ тарихшы, жазушылар екінші жағынан ізіне түсіп қорлады емес пе? Сондай жағдайда ол асқан батыл ерлігімен Кенесарының күресін 10 жыл болды деуге мәжбүр болды. Біз сол үшін де Бекмахановты ұлы ғалым деп бас июіміз керек.
Кенесары өзінің 25 жыл бойы патша өкіметіне қарсы күресу себебін Орынбор генерал-майоры Генске жазған хатында толық былайша баяндапты (Мұрағатқа орыс, татар тілінде берген екен. Мен қазақ тіліне аудардым (ф.4 оп.1 іс 1996). Соған тоқталайын:
1825 жылы Есіл, Нұраны жайлап жүрген уақыттарда ешнәрсе ойларымызда жоқ еді. Ұлы Император ағзам құзырына атамыз Абылай хан ант етіп һәм біздер де атамыздың жолы бойынша Русия жұртына қарадық деп жатқан заманымызда Қарқаралыдан, қазы сұлтан Жамантай Бөкейұлы бізді ешбір кінәсіз сыртымыздан дуанбасы Иван Семенович Карбышев дегенге дұшпан ғып көрсетіпті. Иван Семенович өштікпен өзі бас болып үш жүз орыс, бір жүз қазақ – Қаракесек руының қырғызы Жапалақты жолбасшы етіп сұлтан Саржан Қасымұлының ауылын және Алтай, Тоқа, Тымаш (Темеш болар Б.Н.) деген елді шапты. 64 кісіні өлтіріп, қанша малды алып кеткенінде есеп жоқ. Қалғандары әзер қашып құтылды.
1827 жылы Көкшетаудан екі жүз орыс бастығы Имантаудағы Меңіреу майор, әліке шұбыртпалы деген елді шапты. «Терісақ-қанда» елу сегіз кісіні өлтіріп кетті. Алған малдарының есебі жок.
1830 жылы «Қара өткелден» жүз орыс бастығы бір «сотни» «Қарағаш» деген жерде 120 кісіні өлтірді. Қалғаны қашып құтылған.
1831 жылы Көкшетаудан бес жүз орыс (бастығы подполковник Алексей Максимович деген) тағы да Саржан сұлтанның ауылын, Алтай, Төке, Тарақты, Қаракесек, Алшын, Жағалбайлыны шапты. Төрт жүз кісіні өлтіріп, Саржан сұлтанның бір баласын алып кетті.
1832 жылы Көкшетаудан 250 орыс (бастығы Кулаков Петр Николаевич деген) Есенкелді, Көшек Қасымұлдарын ұстап алып Ұзын, Торы, Жанайдар ауылдарын шапты. Торғайдың «Құм кешуінде» 60 кісіні өлтіріп кетті.
1836 жылы Ақтаудан 400 орыс аттанып (бастығы Тентек майор) Алшын, Жағалбайлы, Тоқа, Темеш атты елді шапты. Бұлауты-Сарысудан 250 адамды өлтіріп кетті.
1837 жылы Ақтаудан 500 орыс шығып (бастығы тағы да Тентек майор) Ұлытаудан бастап соңымыздан қуып ешнәрсе ала алмай қайтты.
1838 жылы «Қара өткелден» 300 орыс, 100 қазақ (Қоңырқұлжа Сұлтан Құдаймендіұлы бастаған) бастықтары бір майор-сұлтан Көшек Қасымұлының ауылын, Алтай Садалы Бидің елін шапты. 21 қыз, 8 қатын, 25 ер адамдарды өлтіріп кетті. 81 адамды жыланшықтың бойы Ирқұм Аққұмнан ұстап алып кетті.
1838 жылы Жарғайыннан 500 орыс Саржан сұлтанның, Алтай, Қарпық, Темеш ауылдарын шауып 400 кісіні өлтіріп, Баян би бастаған 100 кісіні Торғайдың бойынан, Жалдаманың «Қара обасынан» алып кетті.
Сол жылы тағы да Жарғайыннан 400 орыс, Көкшетаудан 300 орыстар Қуандық, Сүйіндік елін Байғара Тайырұлы, Жалай Айшуақұлы сұлтандардың ауылдарын шауып 400 адамды өлтірді.
1840 жылы Алтай, Қанжығалы, Қозған, Қақсал, Қалмақ-қырған, Қыпшақ, Ұзын, Тары, т.б. жерлерді шауып (1000 адам) 75 адамды өлтірді.
Бұл жоғарыдағы аталған Ресей жендеттерінің жауыздығы толық мәлімет емес. Дәл осындай қайғылы күндер қазақ жерінің көпшілігінде орын алды.
Мұрағаттағы деректерге сүйенсек, патша жендеттерінің 25 жылдың ішінде ең аз дегенде 50 мыңдай жазықсыз, қарусыз бейбіт жандарды қырғынға ұшыратқанына көз жеткіздім.
Ермұхан Бекмаханов көтерілістің 25 жыл бойы болғанын білді. Оны солай деп есептеді де. Бірақ оған Мәскеудегі шовинистер намыстанып қарсы шықты. Ал олар 1837 жылдан бергі айуандықтарын өздері де жасыра алмады. Енді бұл көтерілісті жаншу үшін Императордың өзі Соғыс министріне тапсырды.
Омбы мұрағатынан алған мына хатты оқиық. Қор 366 тізім, 1 іс, 172 (каталогте 177) «Предписание командиру отдельного Сибирского корпуса от Военного Министра Чернышева по поводу совместных действий отрядов войск Оренбургского и Сибирского корпусов против султана Касыма Аблаева 27 декабря 1838 г. (стр.1, 1 об., 2, 2 об.), (мұрағатта қалай жазылды солай көшірдім Б.Н.).
Господину Командиру Отдельного Сибирского корпуса
Я имел счастье всеподданнейше докладывать Государю Императору рапорт Вашего Сиятельства от 22 пр.мес.:
…О настоящем положеній киргизской степи и о необходимости содействия Оренбургского военного Губернатора. Для наказания приграничных племенъ кочующихъ около брода Тайпақа и его Величество Высочайше поручить мне соизволилъ объяснится по всему предметъ с находящихъся ныне здесь, Генералъ-Адьютантомъ Перовским о действияхъ нужныхъ обузданию киргизъ Оренбургского ведомства находящихся в связи с возмутителемъ Кенесарою.
Генералъ-Адьютант Перовский, признавая совершенно пользу, предлагаемыхъ Вашим Сиятельством, совокупных действий войск обоихъ корпусов на бродъ Тайпакъ заметилъ, однако же что по взаимному разстоянию Петропавловска и Верхне-Уральска сборныхъ пунктов войскъ Сибирского и Оренбургского корпусов и отдаленности отъ границъ нашихъ на 1500 верстъ. Означенного брода нетъ почти никакой возможности согласовать движение обоихъ отрядов.
Высочайше повелить соизволилъ: ограничиться со стороны Оренбургского отправлениемъ въ глубь степи въ Апреле наступающего года легкого отряда и не вменяя ему въ обязанность дойти до брода Тайпакъ.
Подпись: Военный Министр Генерал-Адьютант Чернышев
Кенесары туралы мұрағаттан көшіріп алған құжаттарға сүйенсек, 1822-1837 жылдардың өзінде 20-дан артық қамалдар салынған екен. Кенесары көтерілісі (Саржан, Қасым,т.б.) 1823 жылдан басталмаса, ол қамалдар не үшін салынды. Кімдерді, кімнен күзетті? Оның үстіне кішігірім қақтығыстар ғана болса оны жергілікті жерде де басып тастау мүмкіндіктері болды. Оны губернаторларға жеткізбей-ақ басатын еді. Ал екі жылда көтеріліс бүкіл халықтық дәрежеге қалайша жеткен болар еді. Қалайша аяқастынан бірнеше жүз мыңдаған азаматтар көтерілісшілерді қолдай қалады? Егер де көтеріліс 1837 жылы ғана басталса екі губернатор бір жылда аяғынан тік тұрып күштерін біріктіруге бет алмас еді.
Сібір мен Орынбор корпустарының 1500 шақырымдық ара қашықтықтарында бір жылда бірнеше қамал салынуы мүмкін бе? 1823 жылдан бері Ресей әскерлерінің мазасын ала берген соң әр жерлерге қамалдар салынды. 14 жылдың ішінде қазақтың барлық түкпір-түкпірінде Кенесарының барлаушылары халықты көтере білді. Жеке әскер корпустарының күші көтерілісшілерге қарсы тұруға 14 жыл бойына шамалары келмеген соң губернатор Соғыс министріне хабарлауға мәжбүр болды. Егерде көтеріліс 1837 жылы басталса (түсіне де кіруі мүмкін емес көлемде), онда несіне екі губернатор біріге бастаған. Өз күштерімен неге көтерілісті баспаған?
Бір жылда лап етіп күллі халық көтеріліске қалайша көтеріле қалды. Бүкілхалықтық дәрежеге көтерілу үшін халықтың арасында үгіт жұмысы бірнеше жылдар бойына жүргізілуі керек. Солай болды да. Сол себепті де Кенесарының губернаторға жазған хатында айтылғандай, 1825-1840 жылдары арасында мыңдаған адамдар қырылды.
Император көтерілістің көлемін бай­қап және бірнеше жылға созылғанынан қауіптеніп оны тез арада басуды талап етеді. Соғыс министріне Император тапсырма беріп, көтерілісті басуға жоспар жасауға бұйрық берді.
Егерде көтеріліс 1837 жылы ғана басталса, онда оның көлемі онша үлкен де болмас еді. Ұсақ-түйек көтеріліске Соғыс министрі мен Император араласпаған болар еді.
Бұл сұрақтарымызға жауап алу үшін Орынбордың губернаторы К.Крафтың «Қырғыздың бұрынғы заманынан» атты кітабындағы (1845 ж.) мына жолдарға көңіл аударайық: (4-беті) «Въ виду всего этого Правительство вынуждено было принять наконец более решительные меры къ обузданию мятежников и для достижения этого остановилось на мысли о более прочномъ утверждении влияния русской власти в Киргизской степи. Для осуществления этого могли, независимо производства особыми партиями слепки и изследованія степи, Государю Императору благоугодно было повелеть:
1. Въ Киргизской степи Оренбургского ведомства постоянно занять два передовых пункта: один на реке Иргизъ, между урочищами Аиръ-Кизилъ, и Кара-Куга, а другой на реке Тургае, между песками Тусумъ и верхнем бродомъ Тайпакомъ, такъ какъ со стороны Сибирской линіи заняты горы Улутаускія.
2. Во всехъ пунктах возвести укрепленія и водворить собственно подвижные резервы.
3. Предприятіе это совершить въ текущем году».
Міне, осылайша Императордың талабымен қорғандар салынған.
Қазақ жерінде айуандық істерді жасыра алмай министр Императордың атына мынадай хат жазды.
Қор 366 тізім, 1 іс, 177 беттері 1, 1 сырты, 2-шілде 1839 ж.
Осы хатта министр Ресей әскерлерінің жауыздығын былайша мойындаған:
Оберъ-квартирмейстеру Отдельнаго Сибирского корпуса полковнику Горчакову
Усматривая изъ последнего донесенія Вашего Высоблагородія от 20 июня №126, что 13-го числа при нападения на аулы достигнутые Вами около брода Тайпака, все безъ изъятия были истреблены и былъ известенъ, что всякая излишняя жестокость противна воли Государя Императора. Прошу Васъ на будущее время въ подобныхъ случаяхъ избегать по мере возможности кровопролития, оказывая особенно пощаду детямъ, женщинам и старикамъ.
Министръ.
Қор 366 тізім, 1 іс, 175.
Орынбордың Губернаторы Императорға былайша баяндапты (1839 жыл, 5-мамыр):
…Старшина Лебедевъ нашелся вынужденнымъ атаковать ауыл и исполнить это с полным успехом. Причем убить киргизъ до 50 человек, 13 взято в плен.
Міне, осындай хаттар 1825 жылдан 1848 жылға дейін жүздеп кездеседі. Осы 23 жылда қатардағы старшыннан полковник генералдарға дейін көтерілді. Егерде көтеріліс 1837 жылы басталса, бір-екі жылда 50-ден астам адамға әр жылда бір дәрежесін жоғарылатса да ол старшыннан майор, полковник, генерал дәрежелеріне еш уақытта жете алмайды.
Қор 4 тізім, 1 іс, 2009 ж. (Алматы мұрағатында).
(лист 161) От чиновника Министерства Иностранных дел Коллежского советника Ларіонова.
«Управляющему Арғынского рода – Джугары Чиклинскимъ племенем, старшин Чигену Мусину (внук Шакшак Жанибек Батыра Б.Н.) и прочих почетныхъ біямъ.
Въ мае месяце сибирскимъ отрядомъ разбито 17 ауловъ киргизовъ Табынского рода веденія Бія Байкадама на Каркуме, около речки Каргалы, причемъ перебито много киргизов, детей и женщинъ и разграбленъ у нихъ весь скотъ и имущества. После того въ скоромъ времени опять разбито 30 ауловъ киргизовъ Чумекейского рода приверженных Бію Сарману кочеваших на Каракуме, где также били людей безпощадно…»
…Генералъ-лейтенантъ Князъ Горчаков.
Кенесарыны қанішер етіп көр­се­туге тырысқан Ресей профессоры С.В.Бах­рушиннің мына бір жолдарын келтірейін: «…Кенесары взял в плен простой киргиз по имени Колча. Женщины-киргизки потребовали отдать Кенесары им нарасправу, они отсекли ему голову и разорвали на части».
Тағы да А.Якунин (Ермұхан ағамызға жала жапқан жауыз) мақаласында былай депті (К вопросу об оценке характера национальных движений 30-40 годов ХІХ в. в Казахстане): «Этот гуманный хан» применял по отношенію к «непокорным» казахским родам самые варварские, садистские методы устрашения. Так, например, Кенесары приказал у захваченного в плен батыра Бабыра вырезать филейные части и обжарить их и скормить ему же (28. с.48).
Дәл осындай ойдан шығарылған өтірік «Жасауыл қырғыны» атты поэмада да орын алды.
Осы айтылған қатыгездік туралы әң­гі­мелер ешқандай құжаттармен дәлел­денбейді. Барлығы шындыққа жатпайды. Егерде Кенесары дәл осы айтылған айуандық істермен шұғылданса, Ресей офицерлері, генералдары Генерал-губернаторларға, Канцлерге, Императорға жазған хаттарында міндетті түрде көр­сеткен болар еді. Кенесары ондай жауыз­дыққа барған емес. Оның өлімі жөнінде Алматының құжатында, Омбы­ның мұрағатында толық, анық жазылған қырғыздың бас манапының бірнеше хат­тары бар. Оның басын кескен қара қыр­­ғыздардың бас манапы Жантай Қара­бековтің мына хатына көңіл аударайық (фонд 374 опись, 1 дело 2920 лист 40):
Переводъ съ письма Пограничному Начальнику Сибирских киргизов Господину Генералу Главного Манапа Кара-Киргизского Джантая Карабекова
Донесеніе
«Во-вторыхъ, въ нынешнемъ 1847 году, когда вновь приступилъ къ намъ, тогда выехалъ ему на сопротивленіе, три дня держалъ его въ осаде, въ это время султан Рустемъ (двоюродный брат Кенесары Б.Н.) съ Біемъ Супотаемъ Алибековымъ взявъ войска, обратились, предоставивъ мне по своему разумению поступить съ Кенесарою; брать же нашъ Усман его не виделъ, справедливо потому, что остался позади, мятежника же Кенесары схватил мой человек по имени Колча и первый известил меня о томъ. Я за сделанныя имъ многимъ народамъ злоденияния, а равно, чтобы доставить обиженнымъ спокойствие и …….. годею не послушавшись сказаннымъ мнениемъ, умертвилъ его, темъ самымъ высказалъ услугу Государю, потомъ брату моему Калыгулу отдавъ голову при письме с печатью на ономъ отправилъ султану Рустему и Бію Супотаю на тотъ конец, чтобы они о томъ, Господин Генералъ, на все это осталось въ безъ известности за самъ, если князь дозволитъ предстать предъ его лицо мне, султану Рустему, Бію Супотаю и по одному сыну нашему, то вместе съ симъ для сопровождения насъ, исходатайствуйте о поездке съ нами татарину Галиму Якупову».
Кенесарының сарбаздарының шектен тыс қаталдығы да аз болған жоқ. Оның қол астындағы сарбаздары өздеріне бұрын қысымшылық жасаған ауылдарының старшындарынан, болыстардан кек алу үшін (Кенесарының рұқсатынсыз) ауылдарына шабуыл жасап, ондағы халықтардан еріксіз түрде жылқыларын тартып әкеткен, тіпті қорғанған адамдарды өлтірген кездері де болды. Сол себепті кейбір ауылдардың адамдары Кенесарының отрядына қарсылық жасап оның тілегіне көнбегендері де жеткілікті. Осы арада ұлы атамыз Дулатидың мынандай бір ескертуі еске түседі: «Патшалықты басқарудың бесінші шарты мынандай: Тақсыр патша адамдарға жағыну үшін өзінің шешімінде әлсіздік көрсетпеуі, екіжүзділікке жол бермеуі, шындықтан және шариаттан әркімді қанағаттандыру үшін айнымауы керек. Ол білетін болсын, басқарудың ерекшелігі мынада, халықтың жартысы әрқашанда әміршіге риза болмайды. Өйткені қарсылас жағын шындықпен қанағаттандыру мүмкін емес, бүкіл халық әміршінің әділетті шешіміне қаңағаттанады деген де қате.
Патша адал ниеттілікпен және алаламай іс істесе, онда өзінің өмірінде Аллаһтың келісімін іздейді. Адамдардың ашу-ызасын ойламайды. Сонда атақты Аллаһ оған риза болады, ол өзі халықты риза етеді».
Осы ғажап дана сөздері Кенесары ханға да арналған. Оған қарсыластарының алдыңғы қатарында сұлтандар Жантуриндер басқарған үш сұлтанат. Әрине, ол жердегі қарапайым халықтың көпшілігі Кенесарыны қолдады. Ал басқа өлкелерде де кейбір сұлтандар, аға-сұлтандар қарсылық көрсетті. Соның бірі Баянауыл округтік приказдың аға-сұлтаны Боштай Тұрсынбаев, Аякөздің округінің аға-сұлтаны Бөлек Шанхаев.
Баянауыл округтік приказдың аға-сұлтаны Боштай Тұрсынбаевтың хатымен танысайық.
№752 лист 1
16 мая 1840г. Получено 23 июня
Защита Баян-Аулскій (фонд 374 оп.1 д.627)
Приказъ Донесение о Пойманном
киргизе. Господину Правящему
Должность Пограничного Начальника По судной части Сибирских киргизовъ 17 июня 1840г.№1343 Баянаулъ
«Исправляющий должность старшего султана поручилъ Боштей Турсунбаевъ въ донесении своемъ Приказу за №30 изъяснениемъ, что настоящего июня месяца 10 числа в ночи во время стоянія волостей сдешняю округа на речке Ументе, со стороны урочища Ерейментау шайка мятежника Кенесары Касымова напавъ на волости Айдабульского и Джантачу Айдабульскую угнали у них в баранту 2743 лошадей. Получив сіе известіе онъ Турсунбаевъ немедленно пустился в погоню за хищниками, достигнув их на речке Слете, учинили драку и успели отбить угнатыхъ у нихъ лошадей, кроме 144. Во время сшибки сей убито ими у барантащиковъ два человека и 5 лошадей и онъ Турсумбаевъ самъ лично схвативъ одного из нихъ киргиза Конуспая Джабыкова живого представилъ при тоя донесений въ приказъ».
Атақты Қазыбек би атамыздың ұрпақтары Алшынбай, Қазанғап (Тәттімбеттің әкесі) тағы басқалар Кенесарыны қолдап, оларға жылқыларын беріп көмектесіп тұрған. Олардан сезіктенген Омбының губернаторы молда жіберіп (жансыз) тексеріпті. Оны мына хаттан көруге болады.
Алматының мұрағатында қор 374 тізім,
1 іс, 251.
№840 9 августа
Стр.1 Его Высокоблагородію
Господину Правящему Должность
Пограничного Начальника
Сибирских киргизовъ Полковнику
и Кавалеру Ладыженскому
Ахуна Омской Магометанской мечети и Средней Киргизской Орды
Шарифа Абрахимова
Почтеннейшее донесеніе
По духовной обязанности и возможности Вашимъ Высокоблагородіемъ, на меня поручено, бывшимъ въ киргизскихъ волостяхъ, Баян-Аульского, Каркаралинского иныхъ возвращенныхъ Акмолинских округов, я заметилъ…. между киргизами некоторые беспорядки, в предъ …… преданность къ мятежному Кенесары Касымову, некоторыхъ изъ почитающихся въ родахъ своихъ Біевъ удостоверяемую многоими из таковыхъ ….. въ справедливости, а именно:
Въ Баянъ-Аульскомъ:
1-е) Волостей: Урманчинский старшина Ульданабай, Туртугум Карджавской біи Чадаръ Буктинъ и Укубай Найзабековъ и Акмолинскомъ, киргизы Каржас – Алтаевской волости, веденія Волостного управителя Таймаса Бектасова (о которыхъ самъ Управитель объявил мне) по возвращеніи ныне отрядомъ на голуби степи, хотя выказываютъ наруженостно преданность Российскому Правительству, но секретными в уме водвигами своими совершенно преданы мятежнику Кенесары Касымову и есть ни при малейшемъ покушеніи последнего сблизиться к окрестностямъ ихъ волостей, то первые имеют намереніе предаться въ ночное его покровительство, и то полудикости своей нисколько не размышляютъ, что они чрезъ то, подвергнуться худым последствиямъ отъ Российского Правительства, а стараются только избавиться отъ верноподданического долга приносимого имъ богатства в состояніи какъ напротивъ, действія Кенесары одно лишь раззореніе.
Въ Каркаралинскомъ:
3-е) Чанчаръ, Казангапъ Мушкеевъ и Мендеке, такъ же колеблются у маски въ преданности, и имеютъ сношеніе съ мятежникомъ Кенесары Касымовымъ, который ныне въ начале лета чрезъ письмо приглашалъ ихъ съ волостію къ себе, и они отвечали ему, чтобы онъ постарался отклонить русскіе отряды съ дороги, могущіе воспрепятствовать имъ въ изъявленности на то согласіе, и ответил ей на бумаге и былъ вложены въ выдолбленное место в суилъ (палки) такъ посланъ съ киргизцомъ, чтобы въ случае перехвата сего русскими не могли найти того письма и открыть ихъ сношенія. Письмо это отъ Кенесары читалъ и ответъ писалъ братъ Первого Заседателя Берда Тленчинъ, но когда Казангапъ хотелъ довести до сведенія томъ приказа, то Берда съ братомъ ему запретилъ и оное осталось безгласным».
Біздің қазақ халқы аңқау ма, сенгіш пе, таяқтың ішінен қуыс жасап жасырын әкелген хатты молданың көзінше ашып оқыған. Ол молда Ресейдің барлаушысы-жансызы екеніне мән бермеген. Осылайша Қазыбек бабамыздың ұрпағы да Кенесарының көтерілісін қолдағандығы белгілі болды.
Кенесары туралы Смирновтың кітабында оның адамгершілігін, қатал мінезін бірдей суреттеген.
Жанқожа батырмен екеуінің арасындағы достықты, халықтың арасындағы аңызда оны өте қатал, мейірімсіз жан ретінде баяндайды.
Жанқожа батыр Кенесарыға риза болып, қарындасын оған тұрмысқа берген. Аз уақыт өткен соң Кенесарының басқа қатындары ұйымдасып жас қатынын масқаралау мақсатымен сарбаздардың бірін сатып алып, оның жас жұбайының киіз үйінің іргесіне тығып қояды. Кенесарыға: «Жас тоқалың сені сатып кетті. Сенбесең жүр» деп Кенені киіз үйден алыстау жерде ұстап тұрады. Сол кезде сарбаз киіз үйден шыққандай болып қашып кетеді. Осыны көрген Кенесары хан ойланбастан ашу қысып, жас жұбайының мұрнын кесіп тастапты» дейді. Бұл аңызға сенуге де, сенбеуге де болады.
Жанқожа батыр туралы Мәскеудің мемлекеттік және әскери-тарихи мұрағаттарынан өте көп құжаттар таптым. Оның Кенесары ханмен қарым-қатынасы туралы да мұрағатта көп құжаттар бар. Бірақ анадай аңыз туралы еш құжат кездескен жоқ. Сол себепті Кенесарының жаулары ойлап шығарған аңыз ба дегендей де ойға келемін.
Ал Кенесарының әкесі Қасым ашу-ызамен екі ұлын, бір немересін өлтірген жауыз­дардан кек алу үшін 37 адамды бауыздап, екеуінің мұрын-құлақтарын кесіп Ташкентке жіберуін де Кенесарыға жабуда. Бұл әкесінің жауыздығы. Бірақ ашу-ыза кездерінде болуы мүмкін жағдай.
Кенесары жауларына өте қатал болды. Оны мына хаттан көруге болады (қор 4 тізім, 1 іс, 385):
«…Въ начале июля съ Оренбургской линіи высланъ на поиски въ степь новый отрядъ, подъ начальством полковника Дуниковского, в составе 500 Уральских и Оренбургских казаковъ при 2-х орудияхъ.
Въ ночь съ 20-го на 21-е июля (1844г.) на р.Улькоякъ (Елкебек Б.Н.), недалеко отъ верховья Тобола, на отрядъ Дуниковского напалъ Кенесары, перерезалъ султанов, биевъ, почетных киргизовъ по вине и беспечности Дуниковского».
Бұл қайғылы уақиғаның алдында Кенесары шабармандарын жіберіп, аталған адамдарға ескерткен. Ол: «Маған қарсы шықпаңдар. Мен қазақ хандығын қалпына келтіру үшін күресудемін» деген екен. Ал құрбан болған азаматтар патша өкіметінің қол астындағы қызметтеріне риза болып, қазақ мемлекетінің жойылғанын қолдаған жандар. Оларға жан тыныштығы керек болған. Отан деген ұғым оларда болмағанға ұқсайды. Қазақтың жеке мемлекет болу мүмкіндігіне сенімсіздікпен қараған. Қазақ мемлекетін құру ойларына да кіріп шықпаған жандарға ұқсайды.
Кенесарының Ресей отарлаушыларына қарсы көтерілісін соғыспен де теңеуге болады. Ол қара қырғыздармен соғыста өз отандастарымыздың көмегімен қаза тапты. Кенесарының аты, оның көтерілісі туралы жағымды пікір мәңгілік жасайды.
Оны Шортанбай Қанайұлы былай жеткізіпті:
Көз көрген қазақ батыры
Алысқа кеткен дағбыры,
Хан Кенедей ер қайда?
Өлшеулі күні біткен соң.
Алладан ажал жеткен соң,
Кәпір салған тұзаққа
Ілініп бір кеткен соң,
Қош, қош айтып еліне.
Ынсапсыз екен бұл кәпір,
Жеріңді алды, малды алды,
Пәлесі жоқ салмаған
Қайысады қабырғаң.
Көтере алмай салмағын…

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста