Хан Кененің бас сүйегі Омбы, Мәскеу, Санкт — Петербургтің бірінде?

Жақында ғана Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс (1837–1847жж.) жөнінде Омбы облысының Мемлекеттік тарихи қорындағы (ООМТҚ) мұрағаттық істерде «ҚҚА» грифі бар құжаттар пайда болды.
Әрине, мұндай құжаттарды алуға (әсіресе қазақстандықтарға) ешқандай мүмкіндік жоқ. Дегенмен, Омбы облысының Мемлекеттік тарихи қорында табылған бір құжат Кенесары Қасымұлының бас сүйегіне қатысты жасалған жорамалдар теріске шығарады.
2009 жылы петрлік кунтскамерадағы (Санкт-Петербург) бір апталық жұмыстан кейін Кенесары Қасымұлының бас сүйегін іздестіру жұмысын Омбы жерлерінің қойнауында жалғастыру керек екендігі анықталды. Аталған сапардың нәтижелері «Следы останков последнего казахского хана ведут… в Омск» («Қазақтың соңғы ханының сүйегі…Омбы қаласында қалған «) мақаласында жарияланған.
1847 жылы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс тақырыбын қозғалмадым, ал 1991 жылы алғаш рет бұл мәселені «Әлихан Бөкейхан. Таңдамалы — Избранное» (Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1995 ж.) жинағын құрастырғанда көріп қалдым. Сол кезде «Сұлтан Кенесары Қасымұлының тарихына байланысты деректер " кітапшасы шыққан. Оның ресми редакторы: профессор Поливанов және Халел Досмұхаммедұлы. Кітапшаға К. Степняк қол қойған. Менің байқағаным, «Алаш» қозғалысы жетекшісінің лақап аты — К. Степняк — болып көрсетілген. Аталған материалдар Ә.Бөкейхан таңдамалы шығармалардың жинағына енген.
Естеріңізге салып кетейін, өз көзімен көрген қырғыз Калигулла Әлібековтің әңгімесі бойынша жоғарыда аталған брошюрада Кенесары сұлтаны қалайша өлгені мен1836–1851 жж. оның бас сүйегі Омбыдағы Петр Горчаков Батыс Сібірдің генерал-губернаторына жеткізілуі баяндалады. Белгілі жазушы, тілші-зерттеуші, марқұм Амантай Сатаевпен кездесуім Кенесарыға деген менің көзқарасым өзгертті. Амантай Сатаев Кенесары бастаған ұлт-азаттық көтерілісін көп уақыт зерттеген. Осыдан кейін қазақ халқының бостандығы үшін күрескен Кененесарының басын табу менің мақсатыма айналды.
Амантай Сатаев өз зерттеу жұмыстарын өткен ғасырдың 60-80-ші жылдары жасаған. Бір айта кететін жайт: бұл уақытта осындай кез-келген зерттеу жұмыстарын жүргізгендегі жетекшінің басты мақсаты — МҚК (КГБ) кәріне ұшырамай қалу, өйткені МҚК (КГБ) тараптарынан жазасы өте қатал болды: кем дегенде психикалық ауруханадағы емделу. Мен Кенесары Қасымұлының бас сүйегіне қатысты тақырыпқа Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін қайта оралдым. Әрине, сол кезде бұл тақырып зерттеулеріне ешқандай тыйым салынбаған еді. Мен Амантай Сатаев жұмысын жалғастырып, сонымен қатар ХХ ғасырдың басындағы «Алаш» қозғалысы мен Ә.Бөкейханды зерттедім. Омбы қаласына жасаған соңғы экспедициям да осы мақсатқа арналған болатын. Бұл экспедицияның құрамына ғалымдар: тарих ғылымдарының докторы, «Еуразия» гуманитарлық ғылыми зерттеу орталығының директоры Зиябек Қабылдинов, тарихи ғылымдарының кандидаты, этнограф Сұлушаш Құрманова мен Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің докторанты Еркiн Рахметуллин кірген болатын.
Экспедиция мүшелері Омбы қаласының мекемелерінде, атап айтқанда: Омбы мемлекеттік тарихи-өлкетану музейінде, әсіресе Омбы облысының Мемлекеттік тарихи қорындағы (ООМТҚ) мұрағаттық істерде, яғни ОМТӨ не ООМТҚ музейлерінде сақталған Кенесары Қасымұлының бас сүйегі кімнің екендігін айқындап, дұрыс шешімді дәлелдеп беру қажеттігін айтты. Экспедицияға қатысқандар «Кенесары Қасымұлының бас сүйегін Петр Горчаковтың қолына тапсырғаннан кейін Алаш көсемінің басы емес те болып қалуы мүмкін» өз болжамын айтқан. Бұл экспедицияның құрамына кiрген ғалымдар ОМТӨ музейінде шығарылған экспонаттың тағдырына көңіл бермей отырып, басқа маңызды сұрақтарға жауап іздеген, атап айтқанда: бас сүйегі 1917 жылғы төңкеріске дейін немесе кейін, қашан және кімнің бұйрығы бойынша, қай жаққа жіберілген?
2003 жылдың 7, ақпанында «Экспресс-К» қазақ газетінде жарияланған Юрий Хорошиловтың (СССР ҒА Музейлік қорының бұрынғы директоры) таңқаларлық сұхбатында «Кенесарының басы советтік кезеңде СССР-дің Гохранасында (Федералды қазыналық мекеме) сақталып жатқан, ал қазір — Ресейдің Гохранасында сақталуда» деген деректер келтірілген, алайда бұл сұхбат ғалымдардыңбірде-бір сұрағына жауап бере алмай жатыр.

Хан Кененің қару-жарағы

Ресей Мемлекеттік кітапханасының (РМК) Анықтамалық-библиографиялық бөлімінен алынған «Экспресс-К» газетінде Хорошилов академигі айтып кеткендей, «СССР ҒА Музей бюллетеньдерінің тізбесіндегі экспонаттар арасында „бас сүегі“ жоқ, тіпті осы бюллетеньдерде Кенесары Қасымұлының бас сүйегі мен оның әскери туы туралы ешқандай деректер келтірмеген». 1946–2012 жылдары арасында «Вестник МГУ. Сер. 8. История» баспасөзінде Кенесры Қасымұлына қатысты Ю. И. Хорошиловтың ешқандай мақалалары жарық көрмеген. Кенесары Қасымұлы бас сүегінің тағдыры қазіргі уақытқа дейін-де белгісіз болып қалады.
Кенесары ханның мылтығы
Омбы мемлекеттік тарихи-өлкетану музейінің бұрынғы қызметкері, ресейлік мәдениет қоры филиалының директоры Алескей Сорокинмен және өлкетанушы Александр Лосуновпен кездесулер біздерді шабытандырып, белгіленген бағытта жұмыс жалғастыру керек екендігін көрсетті. Олардың екеуі бізді үміттендіріп, белгіленген тақырыпта қалай жұмыс істеу керек екендігіне сендірді. Бірақ ООМТҚ қорларымен жұмыс істегенде біз күтпеген жағдайға тап болдық. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысқа (1837–1847 жылдар аралығы) қатысы бар маңызды құжаттарда «ҚҚА», «АҚ" грифтері тұрған. Мұрағаттық істерде Кенесары есімінің «Кенесара», «Кенисары» нұсқалары кездесіп тұрады. Музей қызметкері мынандай түсінік береді: «ҚҚА» — «Қызметтік қолданысқа Арналған», «АҚ» —«Аса құнды». «ҚҚА» таңбасы советтік кезеңде «аса құпия» деген таңбамен сәйкестендіруге болады. Аталған «ҚҚА» таңбасы Ресейдің мұрағаттық қорларында 20-жылдан астам уақытында кедергісіз жұмыс істеген автордың көңіл-күйін бұзған.
1991 жылғы СССР МҚК, 1992 жылғы Қазақстан МҚҚ, Ресей Федерациясының Федералды қауіпсіздік қызметінің (1995 жылғы КФҚ -қарсыбарлауд федералды қызметінің де) мұрағаттары — ең жабық мемелекет мекемелерінің бірі — олар да 2014 жылғы Омбы облысының Мемлекеттік тарихи қорымен салыстырғанда, біршама ашық болып шықты. СССР, Қазақстан мен Ресей арнайы қызметтері автордың аталған мұрағаттарда жұмыс істеуіне бірден рұқсат берді. 1992 жылғы Қазақстан МҚҚ автордың жұмысына күмән келтірмей, кіру рұқсатын тез берді.
150 жылдық тарихы бар оқиғаларға қатысты құжаттардың бетінде «ҚҚА» грифінің тұрғаны маған түсініксіз болып көрінді.

Омбы облысының Мемлекеттік тарихи қорының директоры біз сапармен келгеннен кейін кезекті еңбек демалысына кетті. Музей қызметкерлері бұл істегі өздерінің айыптарын сезгендей болды, біздің сұрақтарымызға «мұрағаттарға рұқсатсыз баруға болмайды, рұқсатты тек директор шыққанда ғана алуға болады» жауап беретін. Әрине, біз, аң-таң болып қалдық. Осындай форс-мажорлық жағдайлар бірден пайда болды. Нұсқаулар музей тарапынан емес, Мәскеудің өзінен келген шығар.
«Аса құнды» грифі-де бізге көп қуаныш әкелмей қойған жоқ, өйткені Астана ғалымдары мұрағаттық істердің көшірмелеріне тапсырыс беру үшін, ақшасын да төлеп берген. Дегенмен, Андрей Палашенковтың жеке қоры (жергілікті өлкетанушылардың арасында «Палашенковтың қоры» ретінде белгілі) бізге зор көмек берген. Палешенковтың қорында сарғайып кеткен екі қағаз аса құнды болып шықты. Мұнда жазылғаны аяқталмай қалған мақалаға ұқсаған. Мақала Кенесары Қасымұлының тарихын баяндап берген: «Батыс Сібірдің Басты Басқармасында сақталған көптеген мұрағаттық істердің арасынан құжатхананың ішінде, әдебиетші Сергей Марков жазғандай, империяның тыныштығын бұзған сұлтан Кенесары жөнінде іс жатқан. «Аталған «іспен» бірге таңқалдырарлық «қосымшасы» да болған: УАҚЫТТАН САРҒАЙЫП КЕТКЕН АДАМНЫҢ ҚАТТЫ БАС СҮЙЕГІ, ОНЫҢ МАҢДАЙЫНДА ҚАЗЫНАЛЫҚ МӨР БАСТЫРЫЛҒАН ЕКЕН(!). Бұл — АБЫЛАЙ ХАННЫҢ НЕМЕРЕСІ, СҰЛТАН КЕНЕСАРЫ ҚАСЫМҰЛЫНЫҢ БАС СҮЙЕГІ… " (ООМТҚ: 2200-ші фонд («Палашенкованың қоры»),2 тізімдемесі, № 888 іс,1 парақ).
Келтірілген дәйексөзден қорытынды жасаудың алдында автор тұлғасын мен дәйексөздің шығу тарихын да жан-жақты зерттеу керек.
Андрей Федорович Палашенков (1886–1971) — орыс ғалымы, омбылық өлкетанушылардың арасында ең белгілілерінің бірі, этнограф, музей қайраткері, ол 1936 жылы Қарлагтан мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылғаннан кейін өмірдің соңына дейін Омбыда тұрған.
1937–1943 жылдары арасында Омбы өлкетанушы музейінде (қазіргі ОМТӨ) қызмет еткен, 1943–1957 жылдары осы музейді басқарған. Сергей Николаевич Марков (1906–1979) — орыс совет жазушысы, тарихшы, географ, саяхатшы, этнограф — 1920-ші жылдарда, Ақмола, Петропавл мен Новосибирск қалаларында тұрған. Өзінің алғашқы шығармаларын 1921–1924 жылдары, ақмолалық газетте жариялаған, кейін 1928 жылға дейін Петропавл, Омбы мен Новосибирск қалаларының мерзімді баспасөздерінде өз еңбектерін бастырып отырған. 1930–1932 жылдары Орта Азияға саяхат жасаған болатын. Шоқан Уәлиханов туралы повесін-де жазған.
А. Палашенков жоғарыда келтірілген дәйексөзді С. Н. Маркованың қай шығармасынан алатыны белгісіз, алайда екі этнографтың өмірбаянына қарағанда, мынандай қорытынды шығаруға болады: 1917 жылғы төңкеріске дейін, тіпті 1930-ші жылдарға дейін Кенесары ханның басы Омбы қаласының шекарасынан өтпей қалған, ескертетін жайт, ол істің «қосымшасы» ретінде бекітілген. С.Марковтың жазғанына қарағанда, ол Кенесары ханның маңдайында бастырылған қазыналық мөрді өз көзімен көрді. ОМТӨ не ООМТҚ қорларында іс табылмаған. Бәлкім, «Бүлікші сұлтан Кенесары Қасымұлының ісі» «ҚҚА» таңбасы бар істердің арасында әдейі жасырылған. Іс өзінің «қосымшасыз» қалып, алғашқыда ханның бас сүйегі Эрмитаждағы кунсткамераға беріліп, кейін — этнос пен адманың ата-тегін зерттейтін ҒЗИ мұрағатына түскен.
Федералды қазыналық мекемесіне түсіп, РФ-нің Гохранасына көшірілген болатын. «Қосымшаның" осылай бір жерден екінші жерге жүріп кетуін сипаттаған Ю. И. Хорошилов «Экспресс-К» газетінде. Академик Кенесары ханның басы Кунсткамераға қалайша тап болғанын айтпады. Дегенмен, соның бәрі — болжамдар ғана.
С. Марковтың деректеріне сүйеніп отырсақ, сұлтанның басы қай жерде жатса, оны ерекшелендіретін бір белгісі бар, яғни «Кенесары ханның маңдайында қазыналық мөр быстырылған».
С.Марковтың айтуынша, «Кенесары ханның маңдайында қазыналық мөр быстырылған», солсебептен-де қазақ бүлікшісінің басынан күлдеуіш жасалған деген болжам жалған екен.
Омбы мемлекеттік тарихи-өлкетану музейінде Кенесары Қасымұлы сұлтанының мылтығы сақталған. Жасыратыны жоқ, бұл — «омбылық экспедицияның" табылғаны. Мылтық музей қорында бір ғасырдан астам уақытында қойылым ретінде тұр. 1882 жылы мылтық Кенесары ханның өлімінен кейін 35 жыл өткенде Қазақ даласының генерал-губернаторы Герасим Колпаковскийге сыйлыққа берілген.
Осы жылы генерал-губернатор Герасим Колпаковский мылтықты Императорлық Орыс Географиялық Қауымының Батыс-Сібір бөліміне сыйлыққа тартады. Экспедиция сый берушінің есімін анықтап алды — ол М.Дусентаев деген болып шықты. Осы оқиға жайлы біз Сергей Первыхтың шимай дәптерінен біліп алдық. Сергей Омбы мемлекеттік тарихи-өлкетану музейінде көптеген жылдар бойы қызмет еткен, сондықтан 1927 жылғы тарихи-революцияшыл бөлімдегі мылтық түгендеу тізімдемесінің алғашқы түрі ол кісіде сақталған.

Мылтықты түгендеу тізімдемесі

Омбылық экспедицияның алдын-ала нәтижелері бойынша бірнеше маңызды қорытынды жасауға болады. Жоғарыда аталған сұрақтарға жауап іздеу жұмысы Омбы қаласында әрі қарай жалғастыруда. Бұл іздестіру жұмыстарына Мәскеу мен Санкт-Петербург сияқты ірі қалалардың деңгейінде біздің еліміздің үкіметі-де өз үлесін қосса екен… СССР ҒА Музейлік қорының бұрынғы директоры Юрий Хорошиловтың жасаған мәлімдемесін не растап, не теріске шығарып, Кенесары ханның басы мен әскерінің туы ресейлік жерде не басқа аймақтарда жатқанын дәлелдеп, бүкіл қазақ халқын тыныштандыру керек. Юрий Хорошиловтың айтуынша, «орыс жүзбасылықтарымен Қазақ даласынан алып кеткен «сыйлықтардың " саны үш жүзден астам «, «мемлекеттік-деңгейде бір кісідей жұмылып әрекет етсек, бұл сұрақты тез шешуге болады».

e-history.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста