Хан Кене басының тағдырына байланысты кейбір болжамдар жоққа шықты

Хан Кене басының тағдырына байланысты кейбір болжамдар жоққа шықты

Омск облысындағы Мемлекеттік тарихи мұрағатта қазақтың ханы Кенесарының басына қатысты көптеген аңыздар мен болжамдарды жоққа шығаратын құжат табылды, деп жазады «Мегаполис» газеті.
Құжат экспедиция кезінде табылған. Мақаланың авторы Астанадағы Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіндегі «Алаш» ғылыми-зерттеу институтының директоры Сұлтан хан Аққұлы Омскінің белгілі өлкетанушысы Андрей Палашенковтың (1886-1971) жеке мұрағатынан алған дәптердің сарғайып кеткен екі парағына жай қарындашпен жазылған құжатты көпшіліктің назарына ұсыныпты.
«Бұл қолжазба аяқталмай қалған мақаланың немесе сілтемелердің нобайы секілді. Автор Кенесарының тағдыры туралы жазбақ болғанға ұқсайды», дейді мақала авторы. Белгілі әдебиетші Сергей Марков жазғандай «Батыс Сібірдің Бас басқармасында сақталған көп мұрағаттардың арасында шенеуніктер бүлікші Кенесарының ісін де сақтаған. «Іс құжаттарының» жанында ерекше «қосымшасы» – әбден сарғайып кеткен адам бас сүйегінің қаңқасы болған, оның маңдай тұсына мөр басылған. Бұл – Абылай ханның немересі Кенесары Қасымовтың басы» делінген құжатта.
Сұлтан Хан Аққұлы 1917 жылға, тіпті 1930 жылдарға дейін Кенесары ханның басы Омскіде болған деп пайымдайды. Марковтың сөзіне қарағанда ол «бүлікшінің» ісіне «ерекше қосымша» ретінде тігілген Кенесарының мөр басылған басын өзі көрген болу керек.


Алайда музейден де, мұрағаттан да бұл істі табу мүмкін болмаған. Ғалымның пайымдауынша, «Кенесарының ісі» құпия істер қатарында болу мүмкін.
Қазіргі таңда хан Кененің ісі өзінің «ерекше қосымшасынсыз» қалған болуы да ықтимал. Егер оны шынымен де Эрмитаждағы Кунсткамераға берген болса, онда ханның басы Этностар мен адамның шығу тегі ғылыми-зерттеу институтына,одан кейін алдымен Ресей Гохранына, кейін РФ Гохранына қалай ауыстырылды. Бұл туралы «Экспресс К» газетіне берген сұқбатында академик Хорошилов айтқан болатын. Алайда ол хан Кененің басы Кунсткамераға қашан, қалай қойылғаны туралы ашып айта алмайды. Ал Палашенковқа сілтеме жасай отырып, Марковтың келтірген дерегіне сәйкес, Кенасары сұлтанның басы қайда болса да оны басқа адам қалдықтарынан ерекшелеп тұратыны – «маңдай тұсындағы мөрі», дейді ғалым.
«Бұған дейінгі «Кенесары ханның басынан орыс монархына арнап күлсалғыш жасалды» деген жантүршігерлің болжамды да Марковтың келтірген дерегі жоққа шығарып отыр», деп санайды Сұлтан Хан Аққұлы.
«Омск экспедициясының нәтижесі әзірге осы табыспен, алайда өте маңызды болжаммен шектеліп тұр. Жоғарыда айтылған және басқа да сұрақтарға әлі де жауап іздеу жалғаса береді. Осы ізденіске Мәскеу, Петербург және Қазақстан Үкіметі де араласса жөн болар еді. Сонда КСРО Музей қорының бұрынғы директоры Юрий Хорошиловтың «Кенесары Қасымұлы мен оның әскерінің туы Ресей Гохранында» деген сөзі не расталып, не жоққа шығарылар еді», дейді автор.
Сондай-ақ оның айтуынша сол уақытта орыс жүзбасыларының қазақ даласынан әкеткен «кәдесыйлары» үш жүз заттан асатын көрінеді. Егер осы мәселенің басын ашуға тиісті деңгейде әрекет етсек, ешқандай у-шусыз –ақ анық-қанығына жетуге болатынын айтады автор.
nur.kz сайтынан алынды

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста