Үржардың баламасы «Ұры жар» - ма?

Үржардың баламасы «Ұры жар» - ма?

Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы шұрайлы жерлердің бірі Тарбағатай қырқасының оңтүстік баурайындағы жоғарыдағы аталынған өзеннің атына байланысты аталынатын Үржар ауданына қарасты елді-мекен екендігі белгілі. Аталынған аймақтың табиғатының өзіндік ерекшелігі жайлы «Таудың аты Тарбағатай ма?» - атты мақалада тоқталып өткенбіз. (Алаш айнасы. 10.10.2014 ж.) Асан қайғы бабамыз жел маясымен желіп жүріп, осы құтты мекенге келгенде:
«Қарыс жерде бұлақ бар – жер сорлысы осында,
Қатыны семіз, ері арық – ер сорлысы осында» - деп бағалағандығы ел аузында сақталған. Бабамыз өз сөзінде бұл мекеннің ері мен жерін кемсітейін деген ойдан емес, керісінше сан алуан бұлақтардың суын пайдаланып, суармалы егін шаруашылығын дамыту барысында тынымсыз тілгіленетін жерді аяп, сол жерден мол өнім аламын деп самайынан тері сорғалап, табанынан тозған ерді меңзесе керекті.
Ерте заманнан бері жер-су атауларының атауы сол жердің өзіндік табиғи ерекшелігі, немесе сол жерде орын алған есте қаларлықтай тарихи оқиғаларға байланысты аталғандығы мәлім. Тарбағатай тауының оңтүстік-батыс баурайынан бастау алып, жол-жөнекей түрлі бұлақ суларымен қосыла ағып, Алакөлдің суының толығуына өзіндік үлесін қосатын Үржар өзенінің атының аталу тарихы жайлы ел аузында сан қилы аңыз-әңгімелер сақталған. Солардың көбісінде аталған өзен бойындағы терең сайлар, жықпылды-бұрмалы төбешіктер қашанда ұрлықты кәсіп еткен кәнігі қулар үшін, ұрлық малдарын жасыруға өте қолайлы өлке болғандықтан «Ұры жар» аталынды десе, кейбіреулері әуелі өз малың жайылымға өзенді бойлап кетсе, ойлы-шұңқырлы терең сайлардан лезде көзден таса болып, табуға қиындық туындайтындығын айтып «жардың өзі ұры», содан келіп «Ұры жар» аталынған деп түсіндіреді. Шындығында жоғарыда аталынған таудың арғы-бергі беті тұрғындары жоқтаған малдарын осы өзеннің бойында ұрылар бекітіп қойған жерлерден тауып алып жататындығын естіп те, көріп те жатамыз.
Ал кейінгі буын ағалары бұл өзеннің аталуына «ұрлықтың» еш қатысы жоқ, бұл шұрайлы өлкеде ертеде қалмақтың «үріп ауызға саларлықтай жар» - болуға лайықты өте сұлу қызы тұрыпты-мыс, соны батыр бабаларымыз қатындыққа алған, содан келіп «Үржар» атауы шықан деген жорамалдарын таратқан.
Әрине елдің, жердің тарихы көзі ашық, көкірегі ояу жандар үшін қашанда қызғылықты. Киелі Тарбағатай топырағынан жаралып, бұлағынан нәр алғандардың бірі ретінде, ел аузындағы этнографиялық маңызды әңгімелерді ғылыми еңбектермен сабақтастыра қарап, көңілдегі шешуін таппаған жұмбақ ойлардың кілтін тауып, шешімімен көпшілікті таныстырып жатсаң, елге-жерге деген көрсеткен құрметің емей немене!
1648 жылдары Тарбағатай тауын мекендеп, көшіп-қонып жүрген қалмақтар арасына келіп, рухани азық беруші Зая-пандитаның٭ өмірдерегін жазушы Раднабхадраның еңбегінің орысша аудармасының 61 бетінде:
«Осень года быка (1649) [Зая-пандита] провел в [урочище] Улухун между[рек] Ур и Яр. Зимовал же в Хара-Бута ниже по течению от сумэ на [реке] Бора-Тала» - делінген.
Осы еңбектегі аталынған өзендердің сырын ұғынудың сәті түсіп, 2014 жылдың жазында аталынған аймақты түбегейлі шолып шықтық.
Үржар өзені басталар тұсы оң саласын Кішкенетау өзенімен, сол саласын Қосақ өзендерімен бастаса, ортасынан Талдыбұлақ бұлағы құйылып, Үржар елді-мекенінің маңында бірігеді.
Кішкенетау өзені басын Ақберді биігінің сайларынан алып, етекке қарай құлдилай ақса, Қосақ өзені таудың тік шатқалдарын жара отырып, жазықа шығар алдында терең сайдың түбімен сырғып ағып, бір-бірінен ерекшеленеді. Байқампаз адамға жоғарыдағы қалмақ жазбасындағы Ур٭ және Яр٭ сөзінің мағынасы өзіміздің Өр мен Жардан аққан өзендер екендігін аңғарудың еш қиындығы жоқ. Қосыла келе «Өр жар» суларын құрайтындығы сезіліп-ақ тұр. Әрине білмектің кілті білім мен ғылымда. Оқыған, ізденген сайын, жоғыңды тауып, мұратыңа жетуіңе жетелейді.
٭Зая-пандита жайлы толығырақ білгілеріңіз келсе «Ойраттардың рухани және саяси көсемі Зая-пандита» (Алаш айнасы. 30.10.2014 ж.) танысып шығуға болады.
٭(Бір қызығы қазіргі моңғол ұранқайларда өр-ур, жар-яр делінеді)
Жоғарыдағы суретте Үржардың «ұры сайлары»

Серікбосын Сайдығалиұлы
Ғылыми ізденуші
Алматы қаласы

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста