Үндістан мұрағатынан 3 мыңнан астам қазақтың дерегі табылды
![Үндістан мұрағатынан 3 мыңнан астам қазақтың дерегі табылды](/image/stub.png)
Нью-Дели ұлттық мұрағатында қуғын-сүргін және ашаршылық жылдары Үндістанға Қытайдан келген 3 мыңнан астам қазақтың дерегі табылған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Хабар арнасына сілтеме жасап.
Өткен жылы Ұлттық қолжазба орталығы қызметкерлері Үндістанға жасаған ғылыми экспедициясы барысында бірқатар құжаттар тапқан.
Делегация қатысушыларының айтуынша, ата-бабаларымыз Локпал мен Қарабат маңында өмір сүрген. Содан кейін қоныс аударушылардың бір бөлігі Түркияға кеткен, ал қалған этникалық қазақтар әлі күнге дейін сол жерде тұрып жатыр.
Үндістандағы Нью-Дели ұлттық мұрағатынан табылған сирек фотосуреттер мен хаттар 26 мамыр күні Астанадағы мұрағаттық құжаттар көрмесінде көпшілікке ұсынылды.
Расталған деректерге сйкес, Үндістанға 3200 қазақ барған. Сондай-ақ оларда мал, екі мың қошқар, 500-ге жуық жылқы болған. Мыңдаған адам қайтыс болды. Себебі Гималайда қысым жоғары мен температура төмен.
Егер Үндістандағы қазақтардың тарихын тереңірек зерттейтін болсақ, менің ойымша, одан да көп фактілерді табуға болады, – деді Ұлттық қолжазбалар және сирек кітаптар орталығының директоры Жандос Болдықов.
![Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре](/storage/news/news_8/content/77ba922a7153e69614c2696d03df2247.jpeg)
![Фанаты "Барыса" получили негативные известия](/storage/news/news_9/content/894e85af4a81fee5581284b173d8de7b.png)
![GTA VI впервые покажут уже в декабре](/storage/news/news_10/content/0f3617646441be5001798ee92b7f5304.jpg)
![Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке](/storage/news/news_11/content/6b8f066a857c9b077df125a9f335fd1a.jpg)
!["Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу](/storage/news/news_12/content/436157d8a12238a4b7bb912aebc1bb8e.jpg)
![Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу](/storage/news/news_13/content/bc8a6eae0f23d162f30b91a3d7c47f59.png)