Ұлы Абай «Аллаһ» демеген

Ұлтымыздың ұлы тұлғасы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын атап өтуді Президент Қ.Тоқаевтың мезгеуімен тойлау емес, ойлау тұрғысында ұйымдастырудың түрлі іс-шаралары басталып кетті.

 

Абайдың адам танудағы тереңдігі, білімді-біліктілігінің кемелдігі таңқалдыратыны әлімсақтан мойындалған ақиқат. Осы орайда ақынның телегей теңіз тәмсілдерінің ішінен тек Алла сөзін қалай қолданғандығын төмендегі себепке ғана байланысты сөз етпекшіміз

 

Мұсылмандықтың жөн-жосығын терең меңгерген Абай Құнанбайұлының Жаратушымыздың есімі Алланы бүгінгі кейбіреулерше «Аллаһ» демеген. Өлеңдерінде де, «Қара сөздерінде» де «Алла» деп қана жазыпты. Ақынның басқа шығармаларын айтып сөзді көбейтпей-ақ «Алланың сөзі де рас, өзі де рас» деп басталатын өлеңіне көңіл қоялық.

 

Осы он төрт шумақтан тұратын өлеңінде данышпан Абай Құдайдың есімін «Алла» деген нұсқада он рет қолданыпты. Ал «Абай тілі сөздігіне» («Ғылым» баспасы, 1968 жыл, 44-бет) жүгінсек, Алла есімін шығармаларында 133 мәрте осы қалпында жазғанын көреміз.

 

Аталған сөздіктен де бір-екі мысал келтіре кетелік. «Күллі мақұлық өзгерер, Алла өзгермес», «Сен асыққан екен деп Алла әмірін өзгертпес», «Алла-тағала өлшеусіз, біздің ақылымыз өлшеулі», «Адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, Алланың сүйген құлының бірі боласың», «Алла-тағаланың көрмегі, сезбегі біз секілді көзбенен, құлақпенен емес, көргендей, естігендей білетұғын ғылымның бір сипаты».

 

Бұл мысалдарды ұсынудағы мақсатымыз – ойшыл ақынның Алланы Бір деп танудағы берік ұстанымын аңғарту. Соншалықты терең имандылығымен Алла есімін «Аллаһ» деп жазбаған Абайдың «қатесін» араға ғасыр салып біздің «түзетіп» жатуымыз қаншалықты ақылға сыйымды болмақ?

 

Тағы да Абайға жүгінуге тура келеді.

«Интернатта оқып жүр,

Талай қазақ баласы.

Ойында жоқ олардың,

 

Шариғатқа шаласы», – дейді ұлы ойшылымыз. Бүгінгі күні біз де «баламыз медреседе оқып жүр, иманды болады, имам болады» десеміз. Бірақ шариғатқа шалалығын тани алмаймыз. Өйткені оның білімінің толық не шала екенін өзіміз білмейміз. Содан барамыз да әлгі діни оқығанымыздың әр сөзіне тамсанамыз. Өкініштісі, басқа жағын қоя тұрғанда, Алланы «Аллаһ» деп тамағы қырылдай түрлендіруінің себебін әлгі діни білімдіміздің өзі де білмейді.

 

Осы тұста Жаратушы иеміздің ғажа­йып есімін түрліше дыбыстаудағы өзгерістің жай-жапсарын біраз діндарлардан сұрағанымызда тұщымды жауап бере алмағандарын да айта кетейік. Ал тілші ғалымдарымыз Алла есімінің араб тілінде «Аллаһ» деп жазылатынын, бірақ соңғы «Һ» әрпінің оқылмайтынын айтады. Міне, осы жерден келіп біздің «шариғатқа шалалардың» әр ұлттың осындай тілдік ерекшеліктеріне тән заңдылықтары болатынын білмей, араб тілінің қыр-сырын әбден меңгерген оқымыстыша қазақша айтылудағы Алла есімін Аллаһқа айналдырып, арабшалап жібергенін танимыз.

 

Осы «шариғатқа шалалықтан» тағы да бір нәрсе аңғарылады. Еліміздегі Діни басқарма бұдан бірнеше жыл бұрын «Аллаһ» емес, «Алла» деп қолдануға пәтуа шығарған. Өкініштісі, әр жақтан дін ілімін меңгердік деп келген діндарларымыз мүфтиаттың осы өздері орындауға тиісті пәтуасын да қаперге алмай «Аллаһ», «Аллаһым» деп қырылдауларынан қайта алмай жүр. Одан да өкініштісі, кейбір діни оқулықтарда да («Ислам Ғылымхалы» М.Исаұлы, Қ.Жолдыбайұлы, 2010 жыл; «Мұхтасар Ғылымхал» Бейнелі намаз, 2010 жыл) «Аллаһ» деп жазылған.

 

Мүфтиаттың пәтуасы шыққаннан кейін белгілі ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков баспасөздегі бір мақаласында енді Алла деп айтатын болдық деп қуанып еді. Бұл қуанышты хабар да діндарлар тарапынан әзірге ілтипатқа алынбаған күйі қалғандай.

 

Біздің тіл ғылымымызда ұлттық тіліміздің қазіргі қолданыстағы көркемдік кестесін негіздеген ұлы ақынымыз Абай Құнанбайұлы екендігі мойындалған, мақұлданған ақиқат. Олай болса, әр жерден естігенімізді, көз жүгіртіп оқығанымызды менікі дұрысқа сала бермей, тілді шұбарлаудан, қалыптасқан ұлттық ұғымның тазалығын көмес­кілендіруден сақтай білейік. Бұрғанымызды түзетейік, бұзғанымызды жөн­дейік.

 

Бағдат ҚАЛАУБАЙ.

Бәйдібек ауданы. Түркістан облысы.

www.zamana.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста