Тұрсын Жұртбай: Жармахан Тұяқбай елден кешірім сұрасын! (видео)

Өзінің ғұмыр тарихын, Алаш идеясының санасына қалай енгенін, тілдің мәселесін сөз еткен алаштанушы алдағы кезектен тыс президент сайлауына қатысты өз ойын ашық айтты.

Еліміздегі кезектен тыс президент сайлауының дүбірлі датасы таяған сайын ұлт қайраткерлері, ақын-жазушылар, зиялы адамдар айтысып қалуда. Белгілі алаштанушы, жазушы Тұрсын Жұртбайдың сайлау қарсаңында білдірген пікірін Qamshy.kz ақпарат агенттігі ютубтағы Qajet арнасына сілтеме беріп жариялайды.

–Әй, айналайындар! Жансыз қуыршақ та сахнаға шығады ғой. Жансыз қуыршақ солай кейіп танытады ғой. Қайда? Қосановтан басқалары қайда? Олар не үшін түсіп отыр?, - деп ашына сауал тастады Тұрсын Жұртбай.

Алаштанушы азаматтың ойынша, қазіргі таңда саяси аренада жүрген барша оппозиционерлерді отставкаға жіберу қажет. Өйткені, олар да ұрандатып қана қалуды, науқанда ғана бой көрсетуді сәнге, ғадетке айналдырып алған-мыс.

–Жармахан Тұяқбаев қайда? Бірінші президент өз өкілеттілігін аяқтай сала "өз миссиямды атқарып болдым" деген желеумен орнын тастап жүре берді. Ел алдындағы жауапкершілік деген болуы тиіс қой. Осы уақытқа дейін мыңдаған халықты артына ертіп келді де, нағыз кесіп түсетін кездік болар тұсында жылыстап кетті. Ол осы ісі үшін елден жария түрде кешірім сұрауы керек, - деді қаһарына мінген алаштанушы ағамыз.

 

Ол ел азаматтарының да сауаты төмендігіне, ұлттық болмыстың қалыптаспай келе жатқанына қарны ашатынын білдірді.

–30 жасқа дейінгілер – түгел орыстанған, санасы құлдықтағылар. 30 бен 50 арасындағылар – дүдәмал күйде қалғандар. Енді жаңа ұрпақты жөнді тәрбиелеу керек, - деп төтесінен тартқан жазушы өз өмірінен бірнеше мысалдар келтірді. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста