Ташкентте болған той

Ташкентте болған той

1923 жылдың 18 қаңтарында Қазақ АССР Халық ағарту комиссариатының алқасы бұрын-соңды болмаған ерекше қаулы қабылдады. Ол қаулы бойынша ұлтымыздың ұстазына айналған Ахмет Байтұрсынұлының 50 жылдық мерейтойын бүкiл елiмiз көлемiнде атап өту көзделген.
Бұл орайда мерейтой иесiне арналған жинақ шығарып, газеттер мен Қазақстанды зерттеу қоғамының еңбектерiнде ол туралы мақала жарияламақ болды. Сондай-ақ, Қазақ халыққа бiлiм беру институтына Ахмет Байтұрсынұлының есiмiн берудi дұрыс деп тапты. Алайда, бұл шаралар орындалған жоқ.
Себебi... iле-шала, 23 қаңтарда облыстық партия комитетi мен президиум аталған қаулыға қарсы шешiм шығарған едi. Онда мерейтойды тек жекелiк тұрғыда тойлауға болатыны көрсетiлдi. Онымен қоймай, мерейтойда сөйлейтiн Сәкен Сейфуллиннiң сөзiне қырағылық танытуды ескерттi.
Кеңес орындарының мұндай шара қолданатындай себептерi бар едi. Ахмет Байтұрсынұлының 50 жылдық мерейтойын осының алдында ғана бүкiл Түркiстан автономиялы республикасы болып атап өткен болатын.
– 1922 жылы Ахаң Ташкентке келедi. Ол кiсiнiң бұл келуi үлкен бiр оқиға болды. Негiзi, Ахмет Байтұрсынұлы Ташкентке өзiнiң елу жылдығын атап өтуге келген жоқ болатын. 1918-1924 жылдар аралығында Түркiстан автономиялы республикасы деген бар едi. Мұсылман елдерiнiң басын бiрiктiруге ұмтылған қазақ зиялыларынан Кеңес үкiметiнiң өзi қорқа бастаған кез болатын, – дейдi филология ғылымының кандидаты, ахметтанушы Аманқос Мектептегi. – Ахаң Ташкентке сол кездегi Сырдария мен Жетiсу облыстарын Қазақстанға қосу мақсатымен келген едi.
Шынында да, ендi ғана күш алып келе жатқан Кеңес үкiметi қазақ зиялыларынан қатты қорқа бастаған болатын. Себебi, қазақтың сол уақыттағы оқыған азаматтары кеңестiк қитұрқы саясаттың арғы жағындағы астарын анық көре бiлдi. Оның үстiне, бүкiл түркi әлемiнде қазақ зиялыларының шоқтығы биiк едi.
Патшалы Ресей ғасырлар бойы жүргiзiп келе жатқан отаршылдық саясатты одан ары Кеңес өкiметi сипаты бөлек мәдени жолмен жалғастыра бастады. Алдында олар, тiптi, қазақ жерiн екiге бөлудi көздедi. Құдай берген дарыны бар Ахмет Байтұрсынұлы секiлдi қырағы көз халық қаһармандары оны жақсы түсiндi. Ахаң ұлтымыздың ұстазы ғана емес, шын мәнiнде, ұйытқысы да болды. Ол өзi ауыл молдасынан хат таныған соң, Торғайдағы екiжылдық орыс-қазақ училищесiн тәмамдады. Содан кейiн 1891 жылы Орынбордағы мұғалiмдер мектебiне оқуға түседi. Бар болғаны осы. Энциклопедиялық терең бiлiм меңгерген оның бар оқуы осы ғана. Бұл – Ахаңның өмiр бойы асқан ыждағаттықпен өз бетiнше оқып-жетiлген ғаламат ерлiгiнiң айғағы.
1905 жылғы маусымда Қарқаралы уезiнiң Қоянды жәрмеңкесiндегi әйгiлi петицияны ұйымдастырушылардың басында жүруi Ахмет Байтұрсынұлының саяси күреске сол кезде-ақ бел шеше кiрiскенiн көрсетедi. Ал, Ахаң қазақ арасында ғана емес, бүкiл түркi жұртында үлкен беделге ие болған.
Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөнiндегi комитеттiң бас маманы Ғазиза Исахан:
– Басқа еңбектерiн былай қойғанда, Қазақ автономиясын құруда, қазақ мемлекеттiгiн нығайтуда, аштыққа ұшырағандарға көмек көрсетуде, Қазақ зерттеу қоғамын құруда Ахмет Байтұрсынұлының еңбегi ұшан-теңiз. Бүкiл ғұмырын елiнiң болашағы үшiн арнаған Ахаңның мұндай үлкен беделi сол кездегi кеңестiк билiк басында отырғандарды қатты алаңдатты. Кеңес өкiметi күш ала бастаған соң, бұрын талай лауазымды қызметтер атқарған Байтұрсынұлы қызметтен шеттетiле бастайды. Мұстафа Шоқай сөзiмен айтсақ, бұл Ресей компартиясының отарлау саясатының бiр көрiнiсi едi, – дейдi тебiрене ойланып.
Бұл рас еді. 1907 жылы патша итаршылары Ахмет Байтұрсынұлын Қарқаралы түрмесiне отырғызды. Одан босап шыққан соң, көп ұзамай-ақ, тыңшылар оны тағы да Семей түрмесiне апарып жабады. Ал, 1910 жылы 21 ақпанда қазақ жерiнде тұруға екi жылға тыйым салып, жер аударды. Сол уақыттарда Ахаң, алдымен, Омбыға, одан кейiн Орынборға келедi.
1912 жылы «Айқап» журналының 4-5-сандарына оның «Жазу тәртiбi» атты мақаласы шықты. Бұл мақала жалпы түркi әлемiнде болған үлкен жаңалық едi. Қолданып жүрген жазу жалпы қазаққа көп қиындық туғызып жүрген. Араб қарпiн пайдаланғанда бiр жазудың өзiн әркiм әрқалай оқып жүрдi. Әрiптердiң әртүрлi жазылып, әртүрлi оқылуы сауат ашуға тұсау болды. Ақырында, «Байтұрсынов альфабитi» өмiрге келiп, бiлiм-ғылымда ұлы реформа жасалды.
Филология ғылымының кандидаты, ахметтанушы Аманқос Мектептегiнiң айтуынша, көптеген түркi халықтарының өкiлдерi басында оны қолдағысы келмей, қарсылық танытқан. Оны, тiптi, «Айқап» журналының позициясы да қолдайды. Ахмет Байтұрсынұлының пiкiрi бiздiң қазақ зиялыларын екiге бөлдi. Тiптi, қазақ зиялылары жiкке бөлiндi деп айтуға болады. Себебi, жазу бiздiң мәдениетiмiздiң ең бiр буынды жерi едi. Ахмет Байтұрсынұлы болса, басты мәселе жазуда деп түсiнiп, жазуды өзгерттi.
Ахаңа деген ел сүйiспеншiлiгi осындай ұлы iстердiң нәтижесi едi. 1922 жылдың соңында Ташкентке келуi оны айқын дәлелдедi. Байтұрсынұлының келетiнiн естiген Түркiстан автономиялы республикасына қарайтын бүкiл қазақ үлкен әзiрлiк жасады.
Ахаңның алдынан қазақ қана емес, 7 ұлттың өкiлi шығады. Сөйтiп, қазақта бұрын-соңды болмаған той өттi. Ахаңды қарсы алғанда, алғашында, қазақтар «Жасасын қазақ! Жасасын Ахмет Байтұрсынұлы!» деп айғайлап, ұрандайды. Ұлт ұстазының келу құрметiне үлкен концерт берiледi. Ахаңа арнап екi жағына естелiк сөз жазылған алтын жетон (медаль) тапсырылды. Көше-көшеге Абайдың, Ахаңның суреттерiн iлiп, бұл тойға халық өзi дайындық жасаған болатын.
Ахмет Байтұрсынұлына деген ел сүйiспеншiлiгiнен кеңестiк билiк иелерiнiң аяқ тартқандығын түсiнуге болатын едi. Ахаңның мерейтойын Кеңес орындарында тойлауға тыйым салуына да сол себеп болды. Алайда, халық кеңес орындарының қаулысына қараған жоқ, Смағұл Сәдуақасов басы-қасында болып, Ахаңның тойын Орынборда да атап өттi. Онда Сәкен Сейфуллин сөз сөйлеп, Смағұл «Ахаңның алдында» деген баяндама жасаған. Жалпы, түркi жұрты үшiн сiңiрген еңбегiн терең талдап, жан-жақты көрсете бiлген Смағұл Сәдуақасовтың баяндамасы халықтың көңiлiнен шыққан едi.
Ел-жұрты елу жылдығын дүркiретiп атап өткен соң, кеңестiк орындар, амалсыз, «Ахмет Байтұрсынұлына ел-жұрт шiрiк жемiс-жидек, жұмыртқа лақтырды» деген қауесет таратады. Ол, тiптi, сол кезде газетке де басылды. Алайда, арнайы тапсырыспен жазылған бұл мақала халықтың Ахаңа деген көңiлiне қылау түсiре алған жоқ.

Anuar Auyelbek

www.facebook.com парақшасынан 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста