Тарихта «Ақ Орда» деген мемлекет болмаған – ғалым

Тарихта «Ақ Орда» деген мемлекет болмаған – ғалым

Тарихшы Жақсылық Сәбитов Еуразияда «Ақ Орда», «Алтын Орда» атты мемлекеттер болмаған деген пікір айтты. Оның пайымдауынша, бұл ұғымдар ол кезде мемлекетке емес, хан ордасына қатысты ғана айтылған. Бұл туралы Жақсылық Сәбитов vlast.kz басылымындағы «Ақ Орда не мағына береді?» атты мақаласында жазады. Орта ғасырларда қазақтар «ұлыс» деп мемлекетті, «Ақ Орда», «Алтын Орда», «Көк Орда» деп хан ордасын немесе хан ордасы тұрған жерді ғана айтқан дейді тарихшы. Және ол дәл осы нәрсені бұдан 150 жыл бұрын Шоқан Уәлихановтың да жазып кеткенін еске салады.

Сәбитов «Ақ Орда мен Көк Орда мемлекеттері қай аймақтарда болды?» деген таластың 1830 жылы аустриялық шығыстанушы Йосиф Хаммер-Пургштал мен ресейлік ғалымдар арасында басталғанын айтады. 180 жылдан бері шешімі табылмай келе жатқан бұл ғылыми мәселеге отандық тарихшылардың көзқарасы әртүрлі.

«Өзім бір кездері Ақ Орданы Алтын Орданың оң қанаты, Бату ханның ұлысы деп білген едім. Ал кей ғалымдар Ақ Орданы Жошы ұлысының сол қанаты дейді. Мәселеге қатысты нақты деректің болмауы себепті қазір тарихшылар бұл туралы көп айтпайтын да болған. Тарихшы Радик Темірғалиев айтпақшы, Ақ Орда нақты қай ұлыстың аумағында болғанын дәлелдеу мүмкін емес. Қазір қарап отырсам, тарихшылардың көпшілігі оңбай қателесіп келген» дейді Жақсылық Сәбитов.

Қазақстандық мектеп бағдарламасындағы оқулықтарда Қазақ хандығының Ақ Орда мемлекетінен шыққаны айтылады. Ал уикипедияда әртүрлі мәліметтер бар. Қазақша уикипедияда Ақ Орданың Алтын Орда құрамынан шығып, Қазақ хандығының осы мемлекеттен бөлініп шыққаны жазылған. Ал орысша уикипедияда бұл мемлекет туралы біржақты мәлімет жоқ. Уикипедияның қос нұсқасына да ортақ нәрсе – Ақ Орданың белгілі бір мемлекет немесе аймақ болғаны және Жошы әулетінің қоластында болғаны. «Мен де 2014 жылға дейін осылай ойлап келдім. Алайда бір күні маған Радик Темірғалиев мәселеге нүкте қоятын бір ой айтты. Оның пікірі өте қарапайым және шындыққа барынша жақын еді. Өкінішке орай, ол кісі әлгі ойын арнайы еңбек етіп жазбады. Бірақ дәл осы ойды Шоқан Уәлиханов XIX ғасырда айтып кеткен болатын.

Идеяның мәні мынада: Алтын Орда, Ақ Орда және Көк Ордаға жекелеген мемлекеттер емес, Жошы ұлысы хандарының резиденциялары ретінде қарау керек. Ақ Орданы мемлекет деп таныстыру Мәскеу князьдігін Кремль мемлекеті, АҚШ-ты Ақ үй мемлекеті дегенмен бірдей» дейді тарихшы.

Кеңес кезінен бері тарихта Алтын Орда деген мемлекеттің болғаны айтылды. Сәбитовтің пікірінше, ол да жеке мемлекет болмаған. Ол да хан ордасы болған. Ал орыс князьдіктерін бағындырған сол кездегі мемлекет Ұлы Ұлыс немесе Жошы ұлысы аталған.

Яғни, дейді Сәбитов, Алтын Орда Жошы ұлысының Ақ үй, Букингем сарайы, Кремль секілді басты резиденциясы болған. «Алтын Орда» атауын осы орайда мемлекет атауымен шатастырмау керек.

Шоқан Уәлиханов былай деп жазады: «Орда» сөзі қазіргі қазақтардың тіліндегі мағынасы секілді ханның тұратын жері дегенді білдіреді. Алтын Орда – Жошы ханның тұратын алтын сарайы. Кейін ол барлық ханның сарайына қатысты айтыла бастады. Сондықтан Ақ Орда, Көк Орда – барлығы ханның жекелеген сарайлары болған.

Осылай деп Шоқан Уәлиханов 150 жыл бұрын айтқан. Ал біздің мектептерде әлі күнге дейін Ақ Орда деген мемлекет болған деп оқытып жатыр. Мектеп бағдарламасын былай қойғанда, Шоқан Уәлихановтың атындағы тарих және этнология институты ғалымдарының өздері әлгіндей қателік жіберіп отыр. Уәлихановтың бұл тұрғыда кеңес академиктері мен қазіргі ғалымдарға қарағанда әлдей қайда терең ойлағанын көреміз.

Тарихи деректерді ескермегеннің өзінде «орда» сөзінің қазақ тілінде «резиденция», «сарай» деген мағынаға келетінін бәріміз білуіміз керек емес пе? Осыны түсінбеген қазіргі ғалымдар оқушыларды Қазақ хандығы Ақ Орда мемлекетінен бөлініп шықты деп адастыруда. Әлі де кеш емес, оқулықтағы бұл қателікті түзетуге болады дейді белгілі тарихшы.

Оның айтуынша, осы тұрғыда Қазақстан Президентінің резиденциясы «Ақ Орда» деп аталуы өте орынды. Өйткені, қазақ ұғымында «орда» ежелден мемлекет емес, сарай немесе резиденция мағынасын береді. 

egemen.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста