Тарихшыларымыз ресейлік идеологиямен жазылған жалған тарихтың ізінде кетпесе екен...
Кавказда VIII-ХVI ғасырлар аралығында өмір сүрген касах-кашактар біздің қазақтың бір бөлігі ме, басқа ма? Осы сауалды нақты жауабын табу аса маңызды нәрсе. Кейінгі орыс тілді казактардың арғы тегі Қазақ екенін академик Бартольд жазған, оны Мұрад Аджи де нақтылайды. Ресей тарихшылары да ХІХ ғасырдағы Дон казактарының ескі сөздері киргиз-кайсак (қазақ) сөздерімен бірдей екенін жазған. Сол казактардың ұлттық киімдері кавказдықтардікіне ұқсайды.
Бұл олардың ата-бабалары Кавказдан шыққан қазақтар екенін байқатады. Ресей империясының оқымыстылары: «Казактар Ресейден крепостной құлдықтан қашқан орыс-славяндардан қалыптасты, Дон аймағындағы түркі тайпалары қосылғандықтан және еш патшаға бағынбай еркін өмір сүргендіктен олар түркіше «еркін салт атты» ұғымын беретін «казак» атауымен аталып кеткен» деп сендіруге тырысты. Кавказда болған касах-кашак елін «кабардиндердің ата-бабалары» деп тұжырымдады. Алайда, нақты фактілер орыс ғалымдарының тұжырымдарының жалған екенін дәлелдейді. Соларға нақты тоқталсақ:
1. Араб тарихшысы Ибн әл Асир VIII-ХІ ғасырлар арасындағы Кавказдағы оқиғаларды баяндай отырып ондағы касах-кашак елін қыпшақ деп көрсетеді, яғни түркітілді халық екенін айғақтайды. Ал орыстар «касах-кашактардың ұрпағы» дейтін кабардиндер адых тілді (адыгей-абхаз тілдерімен туыс) халық екені белгілі. Оның үстіне, Анна Антоновскаяның «Великий Моуровий» деген еңбегінде қазіргі Грузияда ХVI ғасырда грузиндерге көрші қазақ елі отырғаны, ол қазақтардың түркі тілді әрі жартылай көшпенді екені жазылған. Осы фактілер араб жазбаларында «касах-кашак» деп кездесетіндердің қазақтар екенін, олардың кабардиндерге үш қайнаса сорпасы қосылмайтынын айқын дәлелдейді. Ал оларды өзара туыс деу қазақтың ертеден бар халық екенін жасыру үшін ғана қажет болған.
2. «Казак» деген ел Қырымға ХІІІ ғасырда орныға бастағаны көне жылнамаларда жазылғанын орыс тарихшылары мойындайды, оның үстіне Донға жақын аймақта Касогта деген көшпенді ел ХІІ ғасырда өмір сүргені көне рус жылнамаларынан мәлім. Ал крепостной құлдық Ресейде ХVII ғасырда (1649 жыл) пайда болды, ХVI ғасырда болған деген пікір де бар. Сондықтан «Казактар крепостной құлдықтан қашқан орыс шаруалары» деуге еш негіз жоқ. Әрине, казактарға ХVIІІ ғасырда ішкі Ресейден крепостной құлдықтан қашып келіп қосылғандар болды. Алайда, олар казак елін қалыптастырған жоқ, өз еліне келіп қосылған казактар. Олар ХVI ғасырда Москва патшалығының әскері болған казактардың ұрпақтары болатын. Иван Грозный әскері «стрелеские полки» деп аталғаны және ол тек казактардан жасақталғаны белгілі (казактар – Иван Грозныйдың нағашы жұрты). Сол «стрелеские полкін» жойып, ондағы казактарды крепостной құлдыққа сатып жіберген – ХVIІ ғасырдағы Петр І патша. Екатерина ІІ патша заманында крепостной құлдықтағы сол казактардың кей ұрпағы Дондағы ата-бабаларының еліне, яғни Казак еліне қашып барған (оларды кейін қайтару үшін әйел патша арнайы әскер жіберген). Осы деректерді пайдаланып, «Казактар құлдықтан қашқан орыс шаруаларынан қалыптасты» деп бұрмалайды. «Өтіріктің құйрығы – бір-ақ тұтам», тереңірек зерттесек, мұның анық-қанығына көз жеткізу қиын емес.
3. Орыстардың ұлттық киімі мен казактардың ұлттық киімдері бір-біріне мүлде ұқсамайды. Донға жақын аймақта отырған қазақтардың ұлттық киімдері де казактардың киім үлгісіне жақын емес. Ресей ғалымдары айтқандай, казактар құлдықтан қашқан орыс шаруаларынан және оларға қосылған жергілікті түркі тайпаларынан қалыптасса, ұлттық киімдері орыс немесе қазақ ұлттық киімдеріне жақын болуы тиіс еді. Казактардың ұлттық киімдері кавказдықтарға ұқсайды. Демек, олар Дон аймағына әуелде Кавказдан келген. Әуелгі казактардың түр-түстері де сары орысқа ұқсамаған, қара түсті кавказдықтарға келетін. Екатерина ІІ патша заманында Донға ішкі Ресей орыстарын жаппай қоныстандыру басталды, соның нәтижесінде казактар ассимилияцияға түсіп орыстілді этносқа айналған. Христиандықты қабылдап, тек шіркеу-орыс тілінде сөйлеуге міндетті болғандықтан, төл ана тілдерін (қазақ тілін) жоғалтқан. Діні бір орыстармен жаппай араласып, қыз алысып, қыз беріскен соң, көп казактардың түрлері де орысқа ұқсап өзгерген.
Демек казактар – христиандықты қабылдау арқылы ана тілінен (қазақ тілінен) айрылып, орыс тіліне көшуге мәжбүр болған қазақтар. Орыс тілінде «қ» әрібі болмағандықтан, «қазақ» атауы «казак» болып өзгерген. Олар – Кавказдағы қазақ елінің ХІ ғасырдан кейін Дон аймағына қоныс аударғандарының ұрпақтары. Казактардың ата-бабасы – кавказдық қазақтар, ал кавказдық қазақтар – VIІ ғасырда қазіргі Қазақстан даласынан Кавказға барған азияттар (Закавказьені 626 жылы «қысық көзді, жалпақ бетті» азияттар басып алғаны тарихшыларға мәлім). Олай болса, қазақ халқы VIІ ғасырда өз жерінде өз атауымен болғаны ақиқат. Ал Кавказдағы Қазақ елі – біздің халықтың ажырамас бір бөлігі. Осы фактінің өзі қазақ тарихшылары Құрандай сеніп жүрген Дулати мен Қашхари жазбаларының жалған екенін, ол еңбектер қазақтың ертеден бар екенін жасыру үшін арнайы дайындалғанын дәлелдейді.
Закавказьені 626 жылы жаулап барған Батыс Түркі қағанаты әскері деп танылатын. Олар қазіргі біздің даладан барған және Хазар қағанатын орнатқан. Ресейліктер оларды хазарлар деп тұжырымдаған. Сондықтан Закавказьеге барған қазақтар жайлы айтпас бұрын, әуелі хазарлар жайын анықтап алу қажет. Ендеше хазарлар жайлы деректерді шолып өтелік:
«Во дни его (Кобад, правил 489-531 г.) выступили хазары и вторглись в его страну и дошли до Динавера. И послал Кобад против них военачальника, одного из своих великих военачальников, во главе двенадцати тысяч (воинов). И вступил он в страну Аррана и завоевал то, что между рекой, известной (под названием) Аррас до Ширвана. Вслед за тем, Кобад двинулся за ним и построил в Арране город Байлакан и город Барда’у, главный город всего края, и другие. А хазары остались (там). Затем он построил преграду Аллана между областью Ширвана и воротами Аллана. И построил над преградой много городов, которые были разрушены после постройки Баб-ал абуаба...» (Ибн әл Асир – «Полный сборник летописей).
Мұнда Иранды Кобад билеген заманда (489-531 жылдар арасы) хазарлардың Иранға басып кіргенін, олардың Динавер деген жерге дейін жеткенін айтады. Ол заманда Иран мен Эфталидтер жиі қақтығысқан, эфталидтер иелігі Иранға көрші қазіргі Түркімения аймағында болғаны белгілі. Ал ат-Табари мен Прокопий жазбалары Кобадтың билікке эфталидтер көмегімен келгенін, 506 жылдары Византиямен соғыста эфталидтер көмегіне сүйенгенін, алайда Кобад пен эфталидттер бірде одақтас болса, бірде жауласып отырғанын көрсетеді. Эфталидтер сол ғасырларда қазіргі Ауғаныстан аумағын биледі, ондағы Хазарей халқы сол заманда барған хазар тайпасынан қалыптасқан десек, қателеспейміз (жергілікті пуштун, дари халықтары ықпалымен кейін жартылай иран тілді болып кеткен). Хазар – қазіргі түркімендер құрамындағы үлкен тайпа. Осы деректер хазарлардың қазіргі Түркіменстан аймағынан шыққанын айғақтайды. Яғни, Иранға басып кірген хазар тайпасы эфталиттер әскері болған. Кобад оларға мықты қолбасшысын үлкен әскерімен жіберген, сосын Иран әскері Закавказьеде Аракс өзені мен Ширван аймағы арасын жаулап алған. Кобад сол жерлерде шекаралық бекініс қамалдар салдырғанын және хазарлар сонда қалған. Алайда, Кобад хазарларды Иран жерінен қуып, Закавказьеге кетуге мәжбүр етті ме, әлде хазарларды бағындырып, Савир еліне қарсы жорыққа қолданды ма, осы жағы түсініксіз. Ибн әл Асир жазбасының арабша түпнұсқасын тікелей қазақшаға аударса көп нәрсе айқын болар еді. Ал біз амалсыз орыстар өз қажеттеріне қарай бұрмалап аударған құжаттарға жүгініп отырмыз. Қалай болғанда да, Ибн әл Асир хазарлардың қазіргі Азербайжан аймағына Кобад заманында (VI ғасырда) орныққанын айқын көрсетеді.
Сол кезде Кавказда христиан дінді Савир патшалығы өмір сүрді. Прокопий жазбасында Азиядан келген Ивир елі деп таңбаланған, ал ресейліктер Ивир елін әуелгі Грузин княздігі деп түсіндіреді (осының өзі Савир патшалығы Закавказьеде болғанын айғақтайды). Прокопий жазбасы Савир билеушісі Курген 523 жылы Кобад әскері қысымынан Византияға қашқанын баяндайды, тарихшылар да Иран әскері сол жылдары Савир әскерін талқандағанын айтады. Яғни, VI ғасырдың басында (523 жылы) Кобад әскері Закавказьедегі Савир патшалығының кей аймағын жаулап алғаны анық. Ибн әл Асирдің «Аракс өзені аралығы мен Ширванға дейін», «Кобад онда Байлакан мен Бардау қалаларын салды», «ал хазарлар (сонда) қалды» деген деректері ол аймақтың қазіргі Азербайжанның оңтүстік-шығыс өлкесі екенін аңғартады. Осылайша араб тарихшысы хазарлардың VI ғасырда қазіргі Түркіменстаннан Иранға келгенін, сосын Иран әскері қысымынан Арран еліне барғанын растайды. Нақтырақ айтсақ, хазарлар VI ғасырда (523 жылы) Закавказьеге орныққан. Ол кезде Армения Иран елінің құрамында болған, қазіргі Азербайжан жері Арран деп аталған, ал Азербайжан деп ол тұста Ирандағы қазіргі Оңтүстік Азербайжан аймағы айтылған.
Кобад 531 жылы қайтыс болады, орнына ұлы Хосрой Ануширван патша болған (531-579 жылдар арасы). Ибн әл Асир сол Хосрой Ануширван заманында абхаз, банджар, баланджар дегендер Иран еліне жорық жасағанын, олар әуелі Арменияны басып алғанын былай баяндайды: «И собрались абхазцы и банджар и баланджар с целью (напасть) на его (Хосрой Ануширван, правил 531-579 г) страну и направились в Арминию, чтобы напасть на ее жителей, а путь (туда) был легким. И дал им (Хосрой) время (до тех пор), пока они не углубились в страну. И послал против них войска и они сражались с ними и уничтожили их, за исключением десяти тысяч человек, которые были взяты в плен и поселены в Азербайджане» (Ибн әл Асир – «Полный сборник летописей»).
Міне, Хосрой Ануширван оларды өз елінің ішіне бойлап енгенше тимеген, сосын үлкен әскермен барып соғысып жеңген, олардың аман қалғандарын Азербайжанға қоныстандырған (Ирандағы Шығыс Азербайжан өлкесіне). Тарихшылардың пікірінше, Иран жеріне шабуыл жасаған Савир әскері және бұл оқиға 556 жылы болған. Ибн әл Асир жазбасының орысшасында абхаз, банджар, баланджар деп көрсетілгендер Савир патшалығындағы халықтар атауы, олардың арабша түпнұсқадағы атаулары абхаз, журжан, авар немесе алан немесе құмық болуы ықтимал. Өйткені, Савир патшалығының өз халқы – журжандар (жужан) және ол аймақта алан, абар, абхаз, құмықтар мекендегені Әл Масуди деректерінен белгілі. Қалай болғанда да олардың арасында хазар деген жоқ (ат-Табарани мен Прокопий деректерінде де олардың арасында хазарлар бары жазылмаған). Иранға Армения аймағы арқылы шабуылдаулары олардың Тбилиси аймағынан шыққанын байқатады. Ал хазарлар қазіргі Азербайжанның шығыс-оңтүстігіне орныққанын айттық (Аракс өзенінен Ширванға дейін). Хосрой Ануширван олардың ел аймағына бойлап енуін күткен, сосын оларды түгелге жуық қырып салған. Келген жағына шегініп қашар мүмкіндіктері болмаған олардың ту сыртынан соққы беріп шегінер жерлерін жауып тастаған хазарлар болуы мүмкін. Хосрой оларды қырып салғаны, бар болғаны он мың адамды аман қалдырғаны жазылған дерек Савир әскерінде кем дегенде 40-50 мыңдай адам болғанын байқатады. Осы соғыс нәтижесінде Савир патшалығы қатты әлсіреп, көп ұзамай толық жойылды. Ал халқы қазіргі Грузия аймағындағы кіші Кавказ тауына кетіп аман қалған. Өйткені, грузин-орыс тарихшылары Прокопий дерегіндегі Ивир (Савир) елін Грузия княздігі деп таниды және грузиндердің әуелде журзан деп аталғаны мәлім.
Савир империясын орнатқан Гунн билеушілері және савирлер Кавказға ІV ғасырда біздің даладан барғаны белгілі. Сол Жужан қағанаты заманында Каспий теңіз Журжан деп аталды. Олай болса Савир мемлекетін орнатқан – жужандар (журжан), олар Савир патшалығының негізгі халқы болды. Грузиндер ертеден өз аймағында отырды, олар ешқашан Солтүстік Кавказды немесе Дағыстанды мекендемеген. Демек, Савир патшалығы Закавказьеде өмір сүрген. Алайда Ресей ғалымдары әдеттерінше деректерді өз қажеттеріне бұрмалап түсіндіреді. Олар: «Хазарлар 556 жылдары Савир әскері құрамында Дағыстаннан барып Иранды шабуылдады, оларды жеңген Хосрой хазарлардың бір бөлігін Закавказьеге қоныстандырды» деп түсіндіреді. Осылайша Кобад билеген заманда болған оқиға (523 жыл) мен оның баласы Хосрой Ануширван заманындағы оқиғаны (556 жыл) біртұтас көрсетуге тырысады (арасы – 33 жыл). Анығында, хазар тайпасы Кобад заманында, шамамен 523 жылы Закавказьеге орныққан. Олар Кобад патша савирлерден тартып алған жерге – Аракс өзені мен Ширван арасындағы өлкеге қоныстанғанын Ибн әл Асир жазады. Савир патшалығы өз жерлерін тартып алып орныққан хазарларға жау болғаны, сол себептен хазарлар Иранмен одақтасқаны анық. Иранға шабуыл жасаған Савир әскерінде хазарлардың болмауы соның айғағы. Хазарлар керісінше, Иранның одақтасы ретінде олардың ту сыртынан соққы берген болуы мүмкін (сол көмектері үшін хазарларға савирлер жеріне, Тбилисиге дейінгі аймаққа қоныстануға Хосрой рұхсат еткен болар).
Хосрой Ануширван заманында Савир патшалығы толық жойылып, Тбилиси қаласы ирандықтар қолына өткен. Сол соғыстарда Хосрой Ануширван әскері хазарлар болған сияқты. Өйткені, содан кейінгі ғасырлар жайлы деректерде Каспий теңізінен Тбилисиге дейінгі аймақта хазарлар отырғаны жазылады (Әл Масуди, Ибн әл Асир деректері). Савир патшалығы жойылған соң, Закавказьеде хазарлар негізгі күшке айналған. Хосрой патша Савир патшалығы орнында Хазар патшалығы пайда болуынан қорыққан. Оның Закавказьедегі әр халыққа жеке патша сайлап, көптеген жеке княздіктер орнатуы соның айғағы (ол княздіктер орысша аудармада престол, филаншах, лакзов, маскат деп кездеседі, оның бірі арабша түпнұсқада «хазар» болуы әбден мүмкін). Хосрой Ануширван хазарлар күшейсе Иран қалаларын тонауға көшетінін жақсы түсінген. Сол хазар жорықтарының алдын алу үшін Иран мен Закавказье шекарасында мықты қорғандар мен қалалар салдырғанын, оның ең негізгісі – әл-Баб қаласы мен оның тау мен теңіз арасына салынған қорғаны. Ресейліктер әл-Баб деп қазіргі Дербент қаласын көрсетеді. Осылайша «Хазарлар қазіргі Дағыстан аумағында отырған, ал Иран мен хазарлар шекарасы қазіргі Дағыстан мен Азербайжан шекарасы маңында болған» деген түсінік қалыптастырды (орыстардың тұжырымына сай дерек беретін Прокопий жазбасында ол жер «Каспийский проход» деп көрсетілген. Теңіз кейінгі ғасырларда ғана Каспий деп аталғанын ескерсек, онда Прокопий жазбасы Ресей тарапынан бұрмаланып өзгергенін түсінеміз). Шындығында, әл-Баб қаласы қазіргі Иран мен Азербайжан мемлекеттері шекарасына жақын маңда болғанын Ибн әл Асирдің мынау деректері анық дәлелдейді: «И построил Кобад стену, прилегающую к одной части той местности. Когда же он скончался, царем стал его сын Ануширван, положение его укрепилось и совершил поход в Фергану Бурраджан, он, по возвращении, построил город Шабаран и город Маскат и город ал-Баб-в-ал-абуаб, который был назван Ябуаб потому, что он был построен на дороге в гору. И построил другие, кроме этих, города и для каждых ворот прохода он построил каменный замок. И построил Ануширван стену, с моря, и провел ее по вершинам гор и устроил над ней железные ворота и назначил людей для ее охраны. И выбрал Ануширван царей, которых он распределил по разным областям, и между ними владетель Престола и Филаншаха и Лакзов и Маската и других. И оставалась Арминия в руках персов до появления ислама... Покончив с ал-Бабом, Сурака послал Букайра ибн-'Абдаллаха, и Хабиба ибн-Масламы, и Хузайфу ибн-Усайда и Сальмана ибн-Раби'и к населению тех гор, которые окружают Арминию; при этом Букайра он послал в Мукан, Хабиба – в Тифлис, Хузайфу – в горы аллан и Сальмана – в другую сторону. ...В этом же, 762 году восстали тюрки и хазары в Баб-аль-абуабе и убили большое число мусульман в Арминии...» (Ибн әл Асир – «Полный сборник летописей»)
Ибн әл Асирдің осы үш дерегі әл-Баб қаласы Арменияға көрші орналасқанын айғақтайды (Дербент қаласы мен Армения көрші емесі анық). Әл-Баб қаласы Арменияға көрші екенін Х ғасырдағы араб тарихшысы әрі географы Әл Масуди де жазады. Осы географ-ғалым әл-Баб қаласы Кавказ тауының Каспий теңізіне (Хазар) тірелген сілемінде орналасқанын, таудың екінші шетіндегі сілемі Қара теңізге (жағасында Трабзон қаласы орналасқан) тірелетінін анық көрсетеді: «Одни из отрогов горы, как мы уже сказали, подходит к Хазарскому морю около ал-Баба. Другой отрог идет к упоминавшемуся морю Майтас, куда выходит Константинопольский пролив. На этом море лежит Трапезонд, прибрежный город...» (Ал Масуди «История – Ширвана и Ал Баба»). Осы деректегі Трапезонд қаласы ол таудың кіші Кавказ тауы екенін айқын дәлелдейді. Яғни, әл-Баб қаласы кіші Кавказ тауының Каспий теңізіне тірелер тұсында болған. Ақиқаттығын ғалымдар мойындаған осы екі арабша жазба Дербент қаласы әл-Баб қаласы емесін, Хазар қағанаты әуелден Закавказьеде болғанын, мұсылман әскері келгенге дейін Хазар қағанаты мен Иран шекарасы Арменияға көрші жатқанын айқын растайды. Осылайша ресейліктердің «Хазар қағанаты аймағына Дағыстан мен Повольжия және Батыс Қазақстан кірді» деген тұжырымы толық жалған екенін көреміз.
Ибн әл Асир Түркі қағанаты әскерінің, яғни қазақтардың VIІ ғасырда Закавказьені жаулап алғанын былай баяндайды: «Когда же воцарился Хосрой, он построил в округе Сула и Джоражана много построек и укрепленные замки, которыми он укрепил всю страну. И направился хакан Синджибур в его страну. Это был величайший из тюрок и он привлек на свою сторону хазар, абхазцев и баланджара и они подчинились ему. И выступил он (хакан) во главе большого числа (воинов) и написал Хосрою, требуя с него подать и угрожая ему, если он (этого) не сделает. Но Хосрой не удовлетворил ни одной из его просьб, так как он укрепил свою страну и укрепил область Арминии так, что она могла довольствоваться (для своей защиты) небольшим числом (воинов). И повернул хакан в свою страну, не достигши своей цели, так как он не мог ничего сделать...» (Ибн әл Асир – «Полный сборник летописей).
Осы деректегі Хосрой мен Хосрой Ануширван екі бөлек адам. Біреуі – билеуші Хосрой Парвиз. Ол 570-628 жылдар арасында билік еткен, Хосрой Ануширванның немересі. Деректе түркі ханы Синджибурдың әуелі хазар, абхаз, баланджарларды бағындырғаны, сосын Иранға жасаған жорығы іске аспағаны, өйткені Хосройдың алдын ала Армения аймағындағы шекарасын қорғандармен күшейтіп қойғаны көрсетілген. Осындағы абхаз, хазар, баланджарлар мен Иран шекарасы ретінде Армения аймағы көрсетілуі оқиғаның Закавказьеде болғанын айқын дәлелдейді. Синджибур – Түркі қағанатының өкілі, ал Түркі қағанаты әскері Закавказьеге VIІ ғасырдың алдыңғы жартысында ғана, анығырақ айтсақ 626 жылы барғанын тарихшылар мойындайды. Хосрой Ануширван ол заманда өмірде болған жоқ, 579 жылы қайтыс болып кеткен. Демек, Синджибур шабуылы заманындағы Иран билеушісі Хосрой Парвиз екені анық. Ресей ғалымдары болса, Хосрой Ануширван мен оның немересі Хосрой Парвиздің есімдері бірдей екенін пайдаланып, екеуін бір адамдай көрсетеді. Осылайша Түркі ханы Синджибур жорығы Хосрой Ануширван заманында болғандай бұрмалайды. Олар еш дәлелсіз Синджибур хан мен Истеми қаған бір адам деп тұжырымдап, Истеми қағанның эфталид елін (қаәзіргі Түркіменстан аумағын) жаулап алуы мен Синджибур ханның Закавказьені жаулап алуын бір оқиға етіп бұрмалайды. Өтіріктерін ашатын Ибн әл Асир жазбасын сенімсіз етіп көрсету үшін «Ибн әл Асир деректерді Иран жазбаларынан көшіре салған» дейді. Сосын 626 жылы Закавказьені басып алған түркі ханының есімін басқаша атайды (өздері бұрмалаған иран-византия жазбаларын пайдаланады). Алайда, еуропалықтар алғаш байқап, өз тілдеріне аударып үлгерген, сол себептен орыс оқымыстылары бұрмалай алмаған Ибн әл Асир жазбасы шындық тіпті басқа екенін дәлелдейді. Ол Синджибур ханның Закавказьені басып алғанын, содан соң Армения аймағы арқылы Иранға жорық жасауға тырысқанын анық көрсетеді. Осы деректер қазіргі Түркіменстан аумағын жаулап алған Истеми қағанның Синджибур хан еместігін аңғартады. Бұдан Ресей тарихшыларының еуразиялық халықтар тарихын жүйелі түрде өзгерткенін, өткенді христиандық империя саясатына сай қайта бұрмалап жазғандарын тағы байқаймыз.
Ибн әл Асир хазарларды Синджибур ханның әскері демейді, керісінше Синджибурдың абхаз, баланджарлармен бірге, хазарларды да бағындырғанын айтады. Осы дерек Синджибур біздің даладан барып Закавказьені басып алғанда хазарлар сол аймақта отырған жергілікті халық екенін көрсетеді. Синджибур хан Иран еліне аттанған, алайда Хосрой Парвиздің ел шекарасына орнатқан мықты қорғандары оған кедергі болған. Синджибур өз еліне қайтты дегені оның Иранға бет алған жорығын тоқтатып, Закавказьеге, яғни өзі орнатқан Хазар қағанаты аймағына оралғанын дәлелдейді. Хосрой Парвиздің Армения аймағының қорғанысын күшейткені Иран мен Хазар қағанаты шекарасы Армения аймағында екенін тағы байқатады. Ол заманда (620 жылдары) Түркі қағанаты екіге ыдырап, Ашина династиясы қазіргі Қазақстан аймағындағы билігінен айрылғанын, ол аймақта Жужандық сұрбөрас-шибөраш династиясы Он Ақ Түтін қағанатын (Батыс Түркі қағанаты) орнатқанын алдыңғы мақаламызда жазғанбыз. Синджибур хан – сол Түркі Ашина династиясының өкілі, биліктен айрылған соң қазақ халқының өзіне бағынышты бөлігін ертіп Кавказға кеткен. Демек, VIІ ғасырда қазақтарды Закавказьеге бастап барған – Синджибур хан. Ол сол жердегі хазар, абхаз, құмық, алан тәрізді жергілікті халықтарды бағындырып, өз мемлекетін орнатқан (Хазар қағанаты). Закавказеде хазарлар басым болғандықтан және парсылар VI ғасырдан ол жерді «Хазарлар иелігі» деп танығандықтан, Синджибур хан орнатқан мемлекет Хазар қағанаты болып тарихқа енді. Анығында оны орнатқан қазақтар болатын, ол замандарда арабтар қазақтарды «түркі» деп те атаған. Өйткені, Ибн әл Асир ортаазиялық қалалар тұрғындары мен Закавказьедегі хазарларды «түркілер» деп атамайды. Ол «түркілер» деп жалпақ бет, көзі қысық дала халқын айтады. Закавказьеге қазіргі қазақ даласынан барған қысық көз, жалпақ бет азияттар екенін ғалымдар бір ауыздан мойындайды, тек орыс оқымыстылары ғана оларды еш дәлелсіз «хазарлар» деп бұрмалайды.
Синджибур хан Асылұяның Түркі Ашина династиясынан. Өйткені, ғалымдар Хазар қағанатын Түркі Ашина тобы билегенін айтады. Алдыңғы мақалаларымыздың бірінде Түркі Ашиналар Сұрбөрас тобын «шибөраш» деп атап кеткені және өздерін «бөрші» деп атағаны жайлы айтқанбыз («шибөрашты аулайтын бөріші» деген мағынада). Сондықтан Синджибур хан есімі дұрысында – Асұяңшыбөрі. Арабша жазылуы: اثيانشيبورى Асйаншибури, ثيندشيبورى – Синдшибур. Шындығында, хазарлардың VI ғасырда (523 жылы) Закавказьеге қоныстанғанын осы Ибн әл Асир деректерінен көрсеттік. Олай болса, VIІ ғасырда (626 жылы) Закавказьені жаулап алған қазақтар. Онда VIІІ ғасырда Қазақ деген бекініс-қала болғаны, Византия императорының ІХ ғасырда Закавказье даласын «страна Касахия» деп көрсетуі соның дәлелі. Ресейліктер: «Хазар қағанаты VIІ ғасырда қазіргі Дағыстанда орнаған» дейді, ал Ибн әл Асир VIІ ғасырда ол аймақты Дағыстан деп өз атауымен жазады: «И написал он царю Джурджана, Зернан-Сулу, и тот ответил ему и заключил с ним относительно Джурджана мир, по которому он платить джизью с тем, чтобы Сувайд прекратил войну с Джурджаном и оказал ему помощь в случае, если он, Зернан-Сул, будет побежден. Сувайд (Он оставался там) до тех пор, пока не собрал харадж и не познакомился с границами его (Джурджана), для защиты которых он приставил тюрок из Дахистана, причем тех, кого он назначил для их защиты, он освободил от джизьи, тогда как с остальных он ее взыскал. Говорят, что завоевание их было в 639 году.... В. 729 году тюрки вторглись в Азербайджан, где их встретил ал-Харс ибн-‘Амру и обратил их в бегство. Ал-Джаррах вступил в страну хазар со стороны Тифлиса, завоевал их город ал-Байд'а и возвратился благополучно...» (Ибн әл Асир – «Полный сборник летописей»).
Жоғарыда Журжан (грузин) патшасы өз елін хазарлардан қорғау үшін араб қолбасшысы Сувайдтан көмек сұрағаны және салық төлеп тұруға уәде бергені, Сувайдтың Дахистан («тағыстан» – «жабайы ел» деген мағына) аумағы түркілерін Хазар қағанаты мен Журжан патшалығы шекарасына орналастырғаны баяндалған. Осы деректен мұсылман халифаты қазіргі Азербайжан аумағын VIІ ғасырда Хазар қағанатынан тартып алғанын, кіші Кавказ тауындағы Журжан (грузин) елі де халифат билігін мойындағанын және Хазар қағанаты мен мұсылман халифаты шекарасы Тбилиси аймағы болғанын көреміз (Хазар қағанаты Колхида даласы мен Қара теңіз және Азов теңізі жағаларына дейінгі аймақта сақталып қалған). Ал Дағыстан сол заман өз атаумен болған. Ол жерде Хазар қағанаты болса адамдарын «хазарлар» деп жазар еді. Өйткені, Ибн әл Асирдің деректері хазар мен түркілер одақтас болғанымен, екі бөлек ел екенін айқын көрсетеді: «Тем временем тюрки объединились с хазарами и вступили с мусульманами в кровопролитную войну. В этом, 652 году хазары и тюрки одержали победу над мусульманами.... В этом, 722 году одна мусульманская армия, во главе которой стоял Сабит ан-Нахарани вступила в страну хазар со стороны Арминии. Собравшись в очень большом количестве, хазары, которым на помощь пришли кипчаки и другие тюркские племена, встретили мусульман в месте, известном под названием «Луг камней...» В этом, 730 году был убит ал-Джаррах ал-Хаками ибн-'Абдаллаха. После того как ал-Джаррах обратил хазар и тюрок в бегство, они снова явились со стороны Аллана...» (Ибн әл Асир – «Полный сборник летописей»).
Ибн әл Асир мұсылман әскерінің VIІІ ғасырда Армения аймағынан Хазар қағанатына шабуыл жасағанын баяндайды. Осы дерек Хазар қағанаты Арменияға көрші қазіргі Грузияда орналасқанын, яғни Хазар қағанаты Дағыстанда емесін тағы дәлелдейді. Сол соғыста хазарларға қыпшақтар көмектескенін айтады, яғни осы жерде түркілерді «қыпшақ» атауымен көрсеткен. Оның «қыпшақ» деп отырғаны – қазақ, арабша түпнұсқада «қазақ» деп анық таңбалануы әбден мүмкін. Ресей оқымыстылары «қыпшақтарды Грузин патшасы Давид ХІ ғасырда солтүстіктегі даладан шақырып алған» дейтіні мәлім. Ал Ибн әл Асир болса, одан 300 жыл бұрын (VIІІ ғасырда) Закавказьеде хазарлар мен қыпшақтар бірігіп араб-мұсылман әскерімен соғысқанын айтады. Сол аймақта «Қазақ» атаулы жерлер көп сақталғаны, ал «қыпшақ» атауы мүлде жоқтығы, олардың қыпшақ емес қазақ деп аталған ел екенін дәлелдейді.
Араб тарихшысы әрі географы Әл Масуди Х ғасырдағы Хазар қағанаты жайлы көп құнды деректер қалдырған. Ол Хазар қағанатының әуелгі астанасы Самандар екенін, ол аймақты мұсылмандар басып алғанда мемлекет орталығы Қара теңізге жақын Амал қаласына көшірілгенін жазған. Сонымен қатар Қырымда урус пен сакалбан (рус, сакалиба) елдері отырғанын, ал қазіргі Дон аймағы Ұлы Бұлғар патшалығы жері екенін де мәлімдеген. Сол құжаттардан Дон аймағында, яғни Ұлы Бұлғар патшалығында көшпелі қазақтар да болғанын көреміз: «Здесь находятся хорошо снаряженные люди хазарского царя. [Их задача] оказывать сопротивление каждому, кто идет с этого моря или с той стороны земли, части которой простираются от Хазарского моря до Нитас (Черного моря). Это потому, что тюркские кочевники— гузы приходили зимовать в этих местах. Иногда рукав, который соединяет реку хазар с проливом Понта, замерзает, и гузы с их конями переправляются через него. Это большая вода, но она не расступается под ними потому, что [зимой] она крепнет, как камень. Так гузы проходили на хазарскую территорию, и нередко, когда люди хазарского царя, поставленные здесь для отражения гузов, не могли удержать их, выступал сам царь, чтобы воспрепятствовать их прохождению по льду и отогнать их от своего царства; но летом для тюрков нет пути для переправы...» (Ал Масуди – «История Ширвана и Ал Баба»). Әрине ресейлік аудармашы оларды «кочевники гузи» деп көрсеткен. Алайда, «Древне русские летописи» деген жазбалар ХІ ғасырда ол аймақта көшпенді Касогта елі болғанын баяндайды. Көне урус жазбасындағы «Касогта» дұрысында «Касахтар» деген орынды, яғни «кочевники Касогта» – көшпенді Қазақтар.
Әл Масуди жазбасының арабшасындағы «ғазақ» атауын орысшада «гузи» деп бұрмалаған (арабта «г» әрпі жоқ, «ғ» әрпін орысшада «г» деп жазған). Арабша жазылулары: غذق – ғазақ, غذى – ғузи. Демек, Дон аймағын қазақтар ертеден мекендеген, шамасы олар Түркі қағанаты әскері ретінде VIІ ғасырда Кавказға және Қара теңіз маңындағы далаға барып орныққан. Енді Әл Масудидің Каспий мен Қара теңіз арасындағы аймақ (қазіргі Азербайжан, Грузия, Шығыс Дағыстан және Абхазия жерлері) халықтары жайлы деректеріне көз жүгіртсек: «Вернемся теперь к описанию ал-Баб вал-абваба и племен, живущих поблизости от Стены и горы Кабх (Кавказ). Мы сказали, что вреднейшим из таких соседних народов является княжество Джидан. Его царь — мусульманин, который заявляет, будто он араб из [племени] Кахтан. В настоящее время, а именно в 943 году, он известен как Салифан, и в его государстве нет других мусульман, кроме него, его сына и семьи.... Между Джиданом и ал-Бабом живут мусульмане арабы, которые не говорят хорошо ни на каком языке, кроме арабского. Они живут на границе с царством Джидан, но защищены от него зарослями и реками. От них до города ал-Баб около трех миль, и жители ал-Баб приходят им на помощь.
Со стороны Кабха и Сарира Джидан граничит с [землей] царя, называемого Б.рзбан, который мусульманин, и город его называется К.р.дж. (*Карах). Они вооружены булавами. Каждый правитель этого царства зовется Б.рзбан. За этой землей лежит владение Гумик. Его жители – христиане – не подчиняются никакому царю, но имеют начальников и живут в мире с царством Алан. Затем в сторону Сарира и гор – владение Зарика-ран (Зирих-Гаран), что означает “Мастера кольчуг”, потому что большинство из них делает кольчуги, стремена, уздечки, мечи и другие роды оружия из железа. Они исповедуют различные религии: ислам, христианство и иудейство. Их страна гористая, и это защищает их от соседей. Затем идет [владение] царя Сарира, который зовется Филан-шах (Килан-шах?) и исповедует христианство. Его стали называть “Владетель трона”, а его столица называлась Хунзах. Его страна суровая, и по этой причине недоступная, будучи расположена на одном из отрогов Кабха. Царь совершает нападения на хазар и одерживает победы над ними, потому что они на равнине, а он в горах...» (Ал Масуди – «История Ширвана и Ал Баба»).
Әл Баб қаласы, шамамен қазіргі Ленкорон қаласына жақын аймақта, ал Джидан деген бұзақы ел (еврей елі) қазіргі Азербайжанның Тертер мен Бардин аудандары аумағында болғанын аңғардық. Ал мұсылман Барзбан патша елі дегені – мұсылман Қазақ елі. Өйткені, орысша аудармада Карадж және Карах деп екі түрлі нұсқамен көрсетілген қала – қазіргі Қазақ қаласы. Арабша жазылулары: كزح – казах, كرح – карах, كرج – карадж (Қазақ қаласы екенін мойындаса, онда әл-Баб қаласы Дағыстанда емесін де мойындауға мәжбүр болатындарын орыстар жақсы түсінеді). Ел билеушісін орысша «Барзбан» деп аударыпты, ол дұрысында «Бадшаң» (патша) болуы мүмкін. Батыс қазақтары, оның ішінде Кавказда анық болған адайлар билеушіні «Бадша» деп атайды («хан» демейді). Арабша жазылулары: بارذبان – барзбан, باضشان – бадшан. Олардың қаруы «булава» екен, Дон казактары да осы қаруды ұстаған (казактар – Кавказдан барған қазақтар екенін айттық). Олардың көршілері христиан дінді Құмық (гумик) елі екен (олардың хунь халқының құман тайпасынан қалыптасқанын алдыңғы мақалаларымыздың бірінде жазғанбыз). Ибн әл Асир дерегі де Қазақ қаласы VIІІ ғасырда болғанын (орысша аудармада «хайзах» деп көрсетілген) және оған көрші Құмық елі отырғанын айғақтайды: «В 738 году Мерван ибн-Мухаммеда ибн-Мервана, будучи правителем Арминии, совершил поход; он ... вторгся в Гумик — укрепленный замок, в котором находились дочь царя и его престол. Царь бежал от него и прибыл в замок по имени Хайзах, в котором находился золотой престол...» (Ибн әл Асир – «Полный сборник летописей»).
Ол Қазақ пен Құмық елін басып алған адамның Армения аймағы билеушісі екенін айтады. Бұл Құмық елі ол заман Дағыстанда емес қазіргі Азербайжанда болғанын айғақтайды. Қазіргі Қазақ қаласы да солай екеніне куә, өйткені Әл Масуди мен Ибн әл Асир де Құмық елі осы қалаға көрші екенін анық жазады. Осы Қазақ қаласы ХV ғасырдан бастап Ресей империясы басып алған ХІХ ғасырға дейін Қазақ сұлтанатының астанасы болды (ХІХ ғасырда Еуропада қазақ кілемдері зор сұранысқа ие болғаны белгілі).
Ибн әл Асир Шыңғысхан әскерінің қазіргі Азербайжаннан Грузин (курдж) еліне жасаған жорығына жергілікті закавказьелік қазақтар да қатысқанын былай сөз етеді: «Они (татары Чингисхана) двинулись и пошли в страну курджов. К ним присоединился тюркский мемлюк по имени Акуш, который собрал в большом числе жителей тех гор и пустыни из туркмен, курджов и других; он вступил в переписку с татарами, пригласив их присоединиться к нему, и те ответили ему согласием и склонились к нему из-за общего их происхождения (родства)...» (Ибн әл Асир – «Полный сборник летописей»).
Бұл жолдарда Шыңғысхан әскеріне Акуш деген мамлуктің жергілікті түркімен, курдж өкілдерін жинап қосылғаны, олардың Шыңғысхан әскеріне туыс екендігі көрсетілген. Орысша аудармада «түркімен, курдж» деп жазылған атаулар арабша түпнұсқада «түркі қазақ» екеніне күмәнім жоқ (бұл «түркі қазақ» пен Шыңғысхан әскерінің қазақтар екенін жасыру үшін «түркімен, курдж» деп орысшаланған). Ресей аудармашылары оларды түркімен мен грузин (курдж) деп түсіндіреді, кейбірі түркімен мен күрді деп тұжырымдайды. Алайда, түркімен, грузин, күрділердің ешқайсысы Шыңғысхан халқымен туыс емес, ал Шыңғысхан әскері қазақ тайпалары екенін ешкім жоққа шығара алмайды. Арабша жазылуы: كزح – казах, كرج – курдж. Олай болса, Шыңғысхан әскеріне қосылғандар – Қазақ қаласы аймағының қазақтары. Олардың елін ХІІ ғасырда Курзан (грузин) патшасы басып алып, өздерін қаңғытып жіберген. Олар туыстығын пайдаланып Шыңғысхан әскеріне (қазақтарға) қосылып, өз жұртын азат етуге тырысқан. Олардың грузиндермен соғыста шешуші роль атқарғанын Ибн әл Асир баяндайды. Олардың Шыңғысхан әскерімен туыстығы, орысша «түркімен курдж» деп көрсетілген атау арабшада «түркі қазақ» болатыны көп шындықты ашады. Ол шындық: Азербайжандағы қазіргі Қазақ қаласы ол заманда мұсылман Қазақ елінің астанасы болған және ХІІІ ғасырда Закавказьеге барған Шыңғысхан әскері де – қазақтар.
Құмық елі билеушілері Алан патшасының ықпалында болғанын байқаймыз. Аландар – ұрпағы бірін-бірі «алан» деп атайтын қарашай мен балқарлар, олар мен құмықтардың тілі қазақ тіліне жақын. Құмық елінің солтүстігінде, таулы жерде Зарах-ғаран елі орналасқан, ол ұсталар елі еді (қару жарақ жасайтын ел, «Зарах ғаран» атауы қазақша – «Жарах ғару»). Одан кейін Сарир патшалығына келсек, Хунзах қаласы ол елдің Аварлар патшалығы екенін айғақтайды. Осы ел жайлы алдыңғы жазбаларымыздағы деректерді еске сала кетейік: Асылұя жайлы мақалардың бірінде IV ғасырда Жужан қағанатын орнатқан Сұрбөрас династиясы екенін, олардың Закавказьедегі тобы онда Савир патшалығын орнатқанын (Сұрбөр атауын «сивиир-ивир» деп бұрмалаған парсы-грек жазбалары ықпалымен тарихқа Савир болып енген), ол мемлекет халқы журжан деп аталғанын (негізінен хунь халқының сұрбөрі тайпасы), олардың әскерінде абар мен маңғы (адай руы да бар) тайпалары да болғанын айтқанбыз. Савир билеушілері V ғасырда христиандыққа өткенін, VІ ғасырда бір жағынан Иран әскері мен хазарлар жаулаған, екінші жағынан Византия қысқан Савир патшалығы жойылғанын, оның халқы журжандар қазіргі Грузиядағы кіші Кавказ тауына кетіп «Журзан» (грузин) деген христиан халық болып қалыптасқанын мәлімдегенбіз. Савир патшалығы 558 жылы жойылғанда халқының Баян хан бастаған үлкен тобы Еуропаға кетіп, онда 562 жылы Авар қағанатын орнатқан болатын (астанасы Сиавур деп аталған). Савир патшалығы жойылғанда маңғы тайпасы қазіргі Шығыс Осетия аймағында қалғанын онда сақталған Адай тауы, өзені, шатқалдары дәлелдейді және дигор-осетиндердегі Адаев әулеті де солардан қалған белгі. Тбилисидегі маңғы тайпасы қарапапах халқын қалыптастыруға қатысқанына қазіргі қарақалпақтардағы маңғыт тобы куә (Киевтегі «чорноклобук» құрамында «могуты» деп аталады). Сонымен қатар Дағыстандағы ноғай ұлтының негізі – маңғыт тайпасы. Шығыс Остетиядағы маңғы тайпасы VІІ ғасырда сол жерге орныққан Қазақ елі құрамында қалған, өйткені ХІІ ғасырда Закавказьеден ежелгі ата қонысы Маңғыстауға қайтып оралған маңғылар (адайлар) өздерін «қазақпыз» деп таныды. Ал абар тайпасы Савир патшалығы жойылғанда үлкен Кавказда шоғырланып, Сарир деген жеке княздік орнатқан. Олардың мекені – Хунзах үстірті және астанасы Хунзах қаласы болғаны мәлім. Аварлар мен грузиндердің (журзан) христиандық діндері мен шіркеулік жазбалары ХІ ғасырға дейін бірдей болған. Осы фактінің өзі авар мен грузин Савир патшалығының халқы болғанына куә (ХІ ғасырда абарларды Қырымнан келген урус тобы католик дініне көшірген, ал ХV ғасырда аварлар Ислам дінін қабылдаған). Абар тайпасының әуелгі отаны біздегі Тарбағатай тауы екенін (ондағы «Абыралы» атауы солардан қалған), хунь мен сақтардан қалыптасқан қазақ халқы әуелі құңзақ деп аталғанын және халық атауы солай болған ІV ғасырда абар тайпасы Кавказға кеткенін, олар өзімен бірге Хунзах атауын Кавказға және VІ ғасырда одан әрі Венгрияға (Авар қағанатына) алып барғанын жазғанбыз (Венгриядағы Кишкунзак пен Надкунзак атаулары). Осы деректер қазіргі кавказдық авар ұлты қазаққа құмық, қарашай, балқардан (аландардан) жақын екенін көрсетеді. Алайда, тілдері ұзақ ғасырлар ұстанған византиялық және католиктік шіркеу тілдерімен қатты өзгерген және отырған аймақ климаты да оларды «кавказдық» еткен (осындай себептен және Ресей өзгерткен тарихты оқып өскендіктен, олардың өздері де қазаққа туысқан екендеріне сенбейді, біз де сене қоймаймыз). Әл Масуди Тбилиси аймағындағы мұсылман патшалығының көршілері Алан, Абхаз, Журзан (грузин), Санар (шемар-вайнах) княздіктері екенін баяндайды: «Затем следует царство Алан. Аланский царь выступает [в походах] с 30 тыс. всадников. Он могуществен, мужествен, очень силен и ведет твердую политику среди царей. Народ, соседний со страной Алан, называется абхаз. Абхазцы исповедуют христианство и сейчас имеют своего царя, но аланский царь главенствует над ними. Живут они около горы Кабх. К ним примыкает царство Джурзийа (Грузия). Это большой народ, они — христиане и называют их джурзан. Они теперь имеют царя, он зовется ат-Таби'и, а столица этого царя называется Масджид дзил-Карнайн. Абхазцы и грузины платили харадж владетелю пограничной области Тифлис с того времени, как Тифлис был завоеван и в нем поселились мусульмане, до времени Мутаваккила. В Тифлисе был человек по имени Исхак б. Исмаил, который с помощью бывших с ним мусульман властвовал над соседними народами, и они покорялись ему и платили подушную подать. Он повелевал всеми, кто здесь был, пока Мутаваккил непослал Буга, который вошел в пограничную область Тифлис. Он оставался там, ведя бои, и наконец взял [Тифлис] силой оружия и предал смерти Исхака за то, что тот был захватчиком этой области. С того времени до настоящих дней в пограничной области Тифлис страх перед мусульманами исчез, и соседние владения вышли из повиновения и прирезали себе большую часть тифлисских поместий. Пути проникновения из стран ислама в пограничную область Тифлис оказались прерваны [так как] они шли через земли этих племен неверных, ибо ими была окружена пограничная область. Однако обитатели ее полны силы и смелости, несмотря на то что их окружают упомянутые земли. К царству Джурзан примыкает страна, называемая Самсхи, которая состоит из христиан и язычников и не имеет царя. За ним, между пограничной областью Тифлис и уже упомянутой крепостью “Аланские ворота”, лежит царство Санария, царь которого называется корискус, что является обычным титулом здешних царей. Они христиане, но претендуют на происхождение от арабов, а именно от Низара б. Ма'адда б. Мудара, а затем от ветви семьи Укайл, поселившейся здесь с давних времен. В этой страна они господствуют над многими народами». (Ал Масуди – «История Ширвана и Ал Баба»).
Сарир княздігінің (авар елі) оңтүстік-батысында Алан патшалығы орналасқанын көреміз, аландар ұрпағы – бірін-бірі «алан» деп атайтын қарашай мен балқар ұлттары. Осетиндердің дигор деген бөлігі де аландардан, олар аландардың ас-тұғыр (аш-дигор) тайпасынан. Ал осетиндердің екінші негізгі бөлігін құрайтын ирондардың аландарға еш қатысы жоқ (ресейліктер дигор тобын пайдаланып, «осетиндер – алан ұрпағы» дейді. Алайда, осетиндердің негізгі бөлігі ирондар екенін мүлде айтпайды). Астанасы Тбилиси болған мұсылман мемлекеті Алан еліне шекаралас екен. Осы мұсылман патшалығы Қарапапах елі екені анық, азербайжандар құрамына кейін енген қарапапах ұлтының үлкен тобы әлі де Тбилиси аймағында отыр. Әл Масуди осы мұсылман елі Х ғасырға дейін журзан (журжан-грузин) мен абхаз елін билеп келгенін жазған. Ал ІХ ғасырдағы Византия императоры өз жазбасында Тбилиси орналасқан аймақтағы елді «Папагия» деп көрсеткен. Оның «Папагия» дегені осы қарапапах елі. Шамасы, Савир патшалығының астанасы да осы Тбилиси болған. Савир патшалығы жойылғанда Хазар тайпасы билеушілері немесе Иранның аймаққа бас-көз етіп тағайындаған өкілдері Тбилисиде отырған (626 жылы қысық көз азияттардың Тбилисиді қалай жаулап алғанын сол ирандық деректер жеткізеді).
Қарапапахтар Тбилиси аймағына сол VІ ғасырда орныққан хазарлар мен Тбилисиді VІІ ғасырда (626 жылы) жаулап алған қазақтардың өзара араласуымен қалыптасқан (хазарлар – қазіргі Түркімениядан шыққан тайпа, түркімендер құрамында әлі бар). Хазарлардың бас киімі түркімендік папаха болған, Закавказьеге осы бас киімді жеткізген хазар тайпасы деп тұжырымдаймыз. Қарапапахтар Тбилисиде отырып айналасындағы таудағы абхаз, журжан (грузин) тәрізді елдерді билеген. Папаха киетіндіктен Византия императоры олар билеген аймақты «страна Папагия» деп атаған. Кейін папах барша Закавказье халықтарының бас киіміне айналғанда, олар өздерін билеуші ретінде ерекшелеу үшін қара папах киген және өзгелерге оны киюге тыйым салған дегеніміз дұрыс орынды. Сол қара түсті бас киімдерінің себебінен «Қарапапах» деген жеке халық болып қалыптасты. Осы Қарапапах елін ХІІ ғасырда Журзан (грузин) патшасы жойып, Тбилиси қаласын тартып алады. Сол заманда қарапапахтардың бір тобы Куаб (Киев) княздігіне барып орнығып, тарихта «чорно клобуки» атауымен қалды. Олардың бір бөлігі Орта Азиға қайтып келіп, өздеріне бағынған қазақтың қыпшақ, қоңырат, қаңлы руларын құрамына сіңдіріп, қазіргі қарақалпақ ұлтын құрады. Қарақалпақ пен ноғай тілі қазақ тіліне өте жақын, сол себепті ол екі тілді қазақ тілінің диалектілері деген ғалымдар да болған.
Қарақалпақтардың ұлттық бас киімі «қара папах» екені белгілі, олардың ұлттық киімдеріндегі ою-нақыштар азербайжандардың ою-нақыштарымен ұқсас және әйелдерінің ұлттық киімі азербайжан мен қарақалпақтармен бірдей десе де болады. Қарақалпақ құрамындағы «қазаяқлар» – Тбилисиді VІІ ғасырда жаулап алған қазақтардың ұрпағы. Тбилиси хазарлары өздерін басып алған қазақтарды «қазақлар» деп атаған. Екеуі бірігіп Тбилиси аймағында қарапапах халқы болып қалыптасқан, сол қазақтар қарақалпақтағы қазаяқлар болып табылады. Қарақалпақтағы оймауыт, атанақ, омир, гобдир рулары мен түркімендердегі йомуд, ата, эмирели, чобдир рулары туыс десек, қателеспейміз. Қазаққа ең жақын қарақалпақ тілінде түркімендік белгілер де барлығы осындай тарихпен байланысты.
Аранн атауы закавказьелік екеніне және «аран» дегендер армиян ұлтын қалыптастырғанына ешкімнің дауы болмас. Сондықтан қарақалпақтағы араншы руы сол Закавказьеде қарапапахтарға сіңген жергілікті арандар дегеніміз жөн. Хорезмшах әулеті ХІІ ғасырда Кавказдан келген қарапапахтардың билеуші династиясы деп білеміз. Оларда Түркі Ашиналар болғандықтан, оғыз елін билеген Түркі Селджуктермен (Төргі Асылжік) жақындаса алған және кейін солардың орнына билікке келген. Жалпы, Хорезм қаласы Иран аумағында болғанын Ибн әл Асир жазады, орыстардың Үргеніш қаласын көне Хорезм дегені – жалған. Ибн Батута жазбасындағы Хожелі қаласын да орыстардың Хорезм деп бұрмалағанын алдыңғы мақалаларымыздың бірінде нақты дәлелдермен көрсеттік. Сондықтан «Хорезмшах» атауы арабтық түпнұсқа жазбаларда «Харапапах» болып шығуы ғажап емес. Ибн әл Асир деректерінде VІІІ ғасырда «Астархан хорезмиец» деген түркі ханы Арменяны шауып, ол жерден көп мұсылманды тұтқындап, Тбилиси қаласына алып кеткені қамтылған: «В этом, 764 году напал Астархан-хорезмиец во главе полчища тюрок на мусульман где-то в Арминии, увел много народу, как мусульман, так и зиммиев и вступил в Тифлис...» (Ибн әл Асир – «Полный сборник летописей»). Яғни, осы «Астархан хорезмиец» деген адам – Тбилиси аумағындағы Қарапапах патшалығының билеушісі. Оның «Астархан» есімі «Ас династиясының ханы» деген мағына береді. Демек, ол да Асылұя династиясынан, анығырақ айтсақ, Түркі Ашина тобынан. Оның «Астархан хорезми» деген атауы арабтық түпнұсқада «Астархан харабафақ» болып шығуы әбден мүмкін (Арапша жазылуы: حاربفق – харабафақ, حارذمى – хорезми).
Хорезмшах династиясы қыпшақ тайпасымен тығыз одақтас болғаны белгілі, қыпшақтар қарақалпақ құрамына сол заманда сіңген. Шыңғыс ханнан қашқан Хорезмшахтың Кавказға бой тасалауы және ондағы Тбилиси қаласынан гуржандарды (грузин) қуып шыққаны, өзінің сол қалада орнығуы бекер емес. Ол өз елінің Тбилисиде қалыптасқанын, яғни Отаны Тбилиси екенін ұмытпаған және қарапапахтардың үлкен тобы Тбилиси аймағында әлі де отырғаны анық. Қазіргі азербайжандағы қарапапахтарда хан тайпасы деп танылған «Борчало» деген ру бар, оның әуелгі дұрыс атауы – Бөршілер. Әуелде Түркі Селджук (Төргі Асылжік) билеушінің қызметшісі болған (орысшада «құлы» делінген), кейін патшалықты иеленген Хорезмшах қарапапахтардың Бөрші Ашина тобынан дейміз. Құз хан Ас Шыңның Хорезмшахты «Өзің айтқандай шынымен сұлтан болсаң...» деп сөккенін алдыңғы мақаламызда айтқанбыз. Осы сөздер Хорезмшахтың құл ұрпағы емесін, керісінше сұлтандар тұхымынандығын, яғни асылұялық екенін көрсетеді.
Абхаз елі Алан патшалығына көрші екен, яғни Алан патшалығы Сарир (авар) мен Абхаз елдері арасында орналасқан. Ал Абхаз еліне кіші Кавказ тауында отырған Журзан (грузин) елі көрші. Тағы Самсхи елі мен арғы тегі араб Санар елі де сол маңда отырған. Осылардың барлығы – Тбилиси аймағынан Колхида ойпатына дейінгі таулы аймақтарда орналасқан елдер. Ол заманда абхаздар қазіргі Абхазияда емес, Тбилисиге жақын аймақты мекендеген. Журзан деп отырған грузиндер ІV ғасырда Закавказьеде Савир патшалығын орнатқан Журжан (жужан) елінен қалыптасқанын айттық. Олардың билеушілері V ғасырда Византиядан христиандық қабылдаған (Боарикс – Бөріқыз, Зилигта – Жілікті деген хандары), кейін мемлекеттері жойылғанда қазіргі Грузиядағы кіші Кавказ тауына барып христиан дінді Журзан деген халық болып қалыптасты. Олардың қазаққа ұқсас тілдері христиандық Византия-грек тілімен қатты өзгеріске ұшырады. Әуелі – журжан, Х ғасырда – журзан, сосын ХІ ғасырда курзан деп аталған сол халық – қазіргі грузин ұлты. Грузин ұлттық аспабы домбыраға өте ұқсастығын, грузин тілінде көп сөздердің қазақы екенін алдыңғы мақалаларымызда жазғанбыз. Әл Масуди Закавказьені аралаған Х ғасырда олардың тілдері қазақылығын әлі жоғалтпағанын, билеушісінің Атаби (ат-табии), ел астанасының Мешіт Зұлқарнайын (Масджид дзил-Карнайн) деп аталғанын баяндаған. Ал ХVІ ғасырдағы Грузия патшаларын тағайындауда төреші болған грузин батырының халық берген лақап аты – Моуровий, оның ескі мағынасы – Мұра Би екенін Х ғасырдағы грузин билеушісінің Ата Би деген атауы байқатады.
Ал Санар елі – қазір өздерін вайнах деп атайтын шешен-ингуш-аккилердің ата-бабалары, арабша түпнұсқадағы «шамар» атауын орысшада «санар» деп бұрмалануы мүмкін. Олардың ескі атауы шемар екені шешендердің аңыз деректерінде айтылады. Ол атау Таяу Шығыстағы Шемар деген жерден келгендіктерімен байланысты (арабша жазылуы: شمر – шемар, سنر – санар). Вайнах елінің арғы тегі арабтан екені олардың тілдерінің дыбысталу ерекшеліктерінен және олардағы «тейп» сөзінен байқалады (арапша «тайфа» – оларда «тейп»). Көршілері авар, құмық, қарашай, балқарлар «тұхым» сөзін қолданады, тек вайнахтарда ол «тейп» (арабтық «тайфа»). Олардың арабтық тілден алыстауы көп жылдар бойы византиялық християндықта болуларымен байланысты (шіркеулік грек тілі ықпалымен шемар-вайнах тілі араб тілінен қашықтаған). Олардың кекшілдік қасиеті христиандық заманынан қалуы мүмкін. Өйткені, мұсылман халыққа кекшілдік тән емес, көбіне христиандарға тән екеніне орыстың түрікке немесе армиянның азербайжанға деген тарихи көзқарастары куә. Шемар халқының сөзге шешен бөлігін «шешен», аса қу бөлігін «әккі», ал тауды үңгіп үй салатын бөлігін «үңгіш» деп атаған Кавказдағы қазақ елі деп білеміз. Яғни, шешен, акки, ингуш ұлттарына атау берген Колхида ойпатында отырған қазақтар.
Енді Әл Масудидің Колхида даласындағы Қазақ елі жайлы айтқандарына назар аударсақ: «За царством аланов находится народ, называемый кашак. По поводу моря, у которого они живут, мнения людей расходятся: одни полагают, что это Румское море, а другие – что это Нитас. Во всяком случае, по морю от них недалеко до земель Трапезонда, откуда товары идут к ним на кораблях и с их стороны также отправляются [корабли]... На этом море лежит Трапезонд, прибрежный город, где ежегодно происходит несколько торгов, и на них для торговли приходит много народов, таких, как мусульмане, греки, армяне, а также люди из страны кашаков...». (Ал Масуди – «История Ширвана и Ал Баба»).
Әл Масуди Аландардың батысында (Колхида даласында) Кашақ елі отырғанын, олардың жері Қара теңіз жағасына дейін созылатынын айтады (оның Қара теңіз екенін Трапезонд қаласы айқын дәлелдейді). Византия императоры да ІХ ғасырда осы Колхида аймағын «страна Касахия» деп көрсеткен. Арабша жазылуы: كاشح – кашах, كاسح – касах. Ал ХІІІ ғасырдағы араб тарихшысы Ибн әл Асир оларды «Қыпшақ» дейді. Ол жақта қыс жылы, жаз салқын болатынын, жерінің шөбі шүйгін екенін және жері Қара теңізбен шектесетінін былай баяндайды: «Тогда татары послали сказать кипчакам: “Мы с вами одного рода (происхождения), а эти аланы вам не родня, чтобы вы им помогали.... ... татары же остались в стране кипчаков, богатой большими постбищами зимой и летом. В ней есть холодные летом и теплые зимой места, богатые пастбищами. Это — страна лесов на берегу моря. Они (татары) дошли до города Судака, города кипчаков, где их главные силы; он находится на берегу Хазарского моря и к нему пристают корабли. В нем продаются одежды и покупаются рабыни и рабы, буртаси, кондор, соболь и другие продукты их страны. Это Хазарское море соединяется с заливом Констатантинополя...». (Ибн әл Асир – «Полный сборник летописей»).
Ибн әл Асир қыпшақ елінде Судак деген портты қала барын, ол жағасында отырған Хазар теңізінің Константинополь бұғазымен байланысты екенін айтып өтеді. Теңіздің Хазар емес Қара теңіз екенін осы Константинополь бұғазы айқындайды. Арабша түпнұсқадағы «Хара» атауын «Хаза» деп түіндіріп, теңізді орысшада әдейі Хазар деп көрсетуі әбден мүмкін (арабша жазылулары: حازا – хаза, حارا – хара). Бәлкім, жағасында қазақтар отырған теңіз 13 ғасырда «Хазақ» деп, оны арабша түпнұсқадан орысшаға «Хазар» деп аударған болар (арабша жазылулары: حازاق – хазақ, حازار – хазар). Қара теңіз жағасында Судак қаласы барын, ол Алтын Орда билігінде екенін және тұрғындары қыпшақтар екенін ХІV ғасырдағы араб саяхатшысы Ибн Батута да жазады (ол қала қазіргі Новороссиийск екенін Ибн Батута туралы жазбамызда дәлелдегенбіз). Ибн әл Асир қыпшақтардың Шыңғысхан елімен бір халық екенін нақты дерекпен көрсетеді, осы дерек олардың түркітілді екенін айғақтайды (адых тілді кабардиндердің ата-бабасы емесін дәлелдейді). Ал «Кашах», «Касах» және «Қыпшақ» атауларын «Маңғол» атауымен байланыстыру еш мүмкін емес. Кавказдағы осы ел ХVІ ғасырдағы Грузия тарихында «казах» деп анық жазылған (Анна Антоновскаяның «Ұлы Моуровий» деген еңбегі). Осы деректер Кавказдағы сол ел қазақтар екенін және Шыңғысхан елі де қазақтар болғанын анық растайды. Қазақ елі ХVІ ғасырда грузиндерге көрші отырғаны Анна Антоновскаяның «Ұлы Моуровий» атты еңбегінде былай жазылған: «Казахи подумают – помощь Кахети оказали..., тваладцы держали в страхе врагов царя, особенно казахов,... От послов же Георгий X потребовал запись на оставление в Картли 150 стрельцов и досылки остальных по уговору для войны против казахов и других агарян…, Кахети еще не оправилась от набегов казахов, ... в Средней Картли "гостили" казахи, и многие деревни остались не только без хлеба, но и без жилищ... Первым увидел казахов зоркий глаз Датуна, еще восемь деревень разрушили казахи за ханского сына... Много женщин в аулы погнали. Опустошительный набег казахов и запоздалая помощь горийских дружин не способствовали веселому настроению.... «В замке долго высмеивали сумасшедшего азнаура, идущего войной с горстью дружинников на казахские эйлаги... Срывая пестрые полотнища шатров, картлийцы набрасывались на спящих. Казахов, пытавшихся прорваться из эйлага, приканчивали на месте тайные засады тваладцев. Саакадзе распорядился снять с ароб казашек и предоставил дружинникам выбрать себе девушек, детей отделил для продажи в Имерети. Под смех и жестокие шутки казашки с дикими воплями прижимали к себе плачущих детей. Старая Кетеван голову казаха на память выпросила, около буйволятника прибила... Впереди зурначей на длинном шесте колыхалась разукрашенная петушиными перьями голова Мамбет-хана, окруженная свитой из двухсот казахских голов на черных шестах. Зугза, пленница в Метехском замке, была по-прежнему непокорной казашкой. ... Дай коня и одежду джигита! - страстно выкрикнула Зугза. - Вернусь к брату в эйлаг, снова ханшей буду! Луарсаб войной пойдет на казахов. Мысль о том, чтобы дать возможность царю успокоиться в битве с казахами, ... готовиться к войне с казахским ханом..., немедленно напасть на Казахию и убить Омар-хана. Через несколько дней грузинские войска подошли к Казахии. ... Луарсаб удивился, заметив спешные военные приготовления хана Казахии. Казахи ордой бросились на стройные ряды грузинского войска. Луарсаб стремительно рвался в глубь Казахии... Волнения в царстве не утихают: то обнаглевшие казахи устраивают набеги. Все же другого выхода нет, придется идти войной на богатую Казахию.... На левом краю иранцев хан Казахии, храбрый Шабанда, уже развернул легкую степную конницу'.... С диким гиканьем вынеслись казахи за своим ханом на край долины.... Гиви сунул священнику несколько марчили, попросив привезти казахскую плетку...» (Анна Антоновская – «Великий Моуровий).
Анна Антоновская әңгіме қылып отырған қазақтар біздің ұлтымыздан екені даусыз, оны ресейлік ғалымдар да мойындайды. Ондағы «эйлак (айлақ), ауыл, шатр (киіз үй), казахский плет (қазақ қамшысы)» деген сөздер олардың біздің қазақ екеніне куә. Алайда, Зугза, Мамбет, Омар, Шабанда деген кісі есімдері ол елдің ертеден кавказдық қазақтар екенін көрсетеді. Олардың қазақтар екеніне Ресей тарихшылары да амалсыз бас изейді. Оны өздері дайындаған жалған тарихқа сай ету үшін «ХVІ ғасырда кей қазақ тайпалары Грузия аймағына қоныстанған» деп бұрмалайды. Егер солай болса, ол қазақтар азияттар болуы тиіс еді. Бірақ Анна Антоновская деректерінде олардың түр-түсі азияттық болғаны мүлде айтылмайды, керісінше олар жергілікті кавказдықтар екені байқалады.
Ибн әл Асир қазіргі Азербайжандағы Қазақ қаласы VІІІ ғасырдан бар екенін және сол жүз жылдықта ол аймақта қыпшақтар мекендегенін айтса, Әл Масуди ол қаланың Х ғасырда мұсылман патшалығының астанасы болғанын жазады. Византия императоры Колхида даласында ІХ ғасырда Касахия елі болған дейді, Әл Масуди сол далада Қара теңіз жағасына дейін отырған халықты «Қашақ елі» деп көрсетеді. Ал Ибн әл Асир ол елді ХІІІ ғасырда Қыпшақ елі деп атайды және Шыңғысхан елімен олардың бір халық екенін баяндайды. ХVІ ғасырда ол елдің өз атауы қазақ болғанын, олардың киіз үйлерін тастамаған (шатрларын) мұсылман қазақ екенін Анна Антоновская еңбегінен көреміз. Азербайжан жерінде ХV-ХІХ ғасырлар аралығында болған Қазақ сұлтанаты (астанасы Қазақ қаласы) жайлы ел тарихында: «Қазақ сұлтанатын ХV ғасырда Грузия аймағынан ауып келген түркі тайпалары орнатқан» деп көрсетіледі. Христиан дінді грузин патшалары ХV ғасырдан бастап Колхида даласындағы мұсылман Қазақ елін жиі қырғынға ұшыратып, тонаумен болғанын осы Ұлы Моуровий өмірі де анық байқатады. Сол қысымнан ондағы қазақтар қазіргі Азербайжан аймағындағы қандастарына (Қазақ қаласы орналасқан аймақтағы қазақтарға) барып қосылумен болған және сол жерде дербес Қазақ сұлтанатын орнатқан. Осы келтірілген деректер мен нақты фактілерді көріп-біліп отырып, қазақтың ежелден бар екеніне еш сене алмайтын қазақ тарихшыларын қалай түсінуге болады?
Грузияда туып-өскен Анна Антоновскаяның еңбегі ХХ ғасырдың басында жарық көрген. Ол атақты Моуровий жайлы, яғни грузин батыры Саакадзе тарихын баяндайды. Осы еңбегі үшін Сталиннің мадағына ие болған. Моуровий мен Сталиннің өмірінде көп ұқсастықтар бар, екеуі де Картли аймағынан шыққан. Саакадзе-Моуровий ХVІ ғасырда Колхида даласындағы аз ғана мұсылман қазақтарды қырғынға ұшыратып, қалғанын Грузия аймағынан қазіргі Азербайжанға біржолата қуып шықты және майда княздіктердің басын қосып Грузия мемлекетін қалпына келтірді әрі оның аймағын кеңейтті (Қазақтың жері есебінен). Ал Джугашвили-Сталин ХХ ғасырда Ресей империясы аймағындағы ұлттық автономиялардың атқамінерлерін жойып, ол автономияларды орталыққа толық бағындырды, осылайша Кеңес одағын алып империяға айналдырды және Моуровий тәрізді ол да қазақ халқын қырумен болды. Қазақты қолдан жасаған аштықпен азайтты, сосын қазақ жерін кавказдық халықтармен толтырды. Осылайша Грузия жерін месхет түріктерінен, күрділер мен азербайжандардан және гректерден «тазалады», Қазақстанға қуылған балқарлардың көп жерін Грузияға қосты. Моуровий шын мәнінде Сталиннің кумирі болған. Сол себептен Анна Антоновскаяның еңбегі цензураға ұшырамаған, нәтижесінде ондағы қазақ елі жайлы деректер өшірілмей жарыққа шыққан. Енді сол Колхида даласындағы Қазақ елі мен оның көршілері жайлы Әл Масуди тағы не айтады, қарап көрелік: «За царством аланов находится народ, называемый кашак. Среди племен этих мест нет народа более изысканной наружности, с более чистыми лицами, нет более красивых мужчин и более прекрасных женщин, более стройных,... и нет народа лучшей внешности, чем этот. Они одеваются в белое, в румскую парчу, в ярко-алую ткань и в различные парчовые ткани, затканные золотом. В их стране производятся различные ткани из каттан того сорта, который именуется тала и который более тонок и носок, чем сорт дабики; один отрез его стоит 10 динаров, и он вывозится в соседние страны ислама. Такие же ткани вывозятся и смежными народами, но славится сорт, вывозимый этими [кашаками]... Причина их слабости по сравнению с аланами в том, что они не допускают назначить над собой царя, который объединял бы их слова. В таком случае ни аланы, ни какой-либо народ не мог бы выжить. За этой прибрежной нацией следует нация, чья страна называется ас-саб'булдан. Это большое и хорошо защищенное племя... Его земли простираются далеко, но я не знаю, к какой из наций оно принадлежит и какова его религия... К ним примыкает другое большое племя, отделенное от кашаков рекой, которая по величине подобна Евфрату и впадает в Нитас, на котором стоит Трапезонд. Оно называется Ир.м и состоит из странных людей. Их вера язычеcкая...» (Ал Масуди – «История Ширвана и Ал Баба»)
Қазақтардан ары отырған ас-сабулдан елі қазіргі батыс Грузиядағы Сван халқы деп білеміз. Алдыңғы мақалаларымыздың бірінде б.д. дейінгі І ғасырда сақтардың албан мен сыбан (албан мен суан) тайпалары Закавказьені жаулап алғанын, сондықтан V ғасырға дейін ол аймақ Албания деп аталғанын (Кавказская Албания), парсылар сыбан (суан) тайпасын «саксыбан», ал албан тайпасын «сакалбан» деп атағанын айтқанбыз (сакалбандардың Еуропаға кеткені Албания халқын қалыптастырды, Қырымда отырғаны қырымлар ұлты болып бірікті, ал сақсыбандар азербайжандарда «көшпенді шахсеван» тобы болып сақталды және көбі Грузияның батысында «сван» атауымен жеке ел болған (Армениядағы Сван көлі де солардың атауынан)). Әл Масуди жазбасындағы сақсыбан елін орысшаға «ассабулдан» деп бұрмалап аударған (Арабша жазылулары: شكصبن – шаксыбан, اثبلصان – ассабулдан). Сван деген ел Грузияның батысында қазір де бар және грузиндер әлі де оларды толық ассимилияциялай алған жоқ. Ал «Ир» өзенінің қарсы жағасында отырған кәпір елдің ұрпағы – «ирон» деп аталатын осетиндер екені түсінікті (қазір ол өзен «Рион» деп аталады). Осетиндер өздерін «ирон» деп атайды және негізгі тобы әлі ескі сенімдерінде (осетиндердің дигор деген аз бөлігі аландар ұрпағы екенін айттық).
Әл Масуди: «Кашактар сол аймақтағы барша халықтардан әдемі, өйткені беттері өзгелерге қарағанда таза» дейді. Онысы кашактардың беттері қатты жүндес емес дегені. Қазақтар VІІ ғасырда сол аймаққа барғанда жалпақ бет, қысық көзді азияттар болғаны деректерден белгілі екенін айттық, ал Х ғасырдағы Әл Масуди беттері аса жүндес емес кашактар сол аймақтағы халықтардың ең көркемі екенін айтып отыр. Демек, VІІ ғасыр мен Х ғасыр аралығында ол қазақтардың түр-түсі азияттық кейіптен жартылай-кавказдық кейіпке өзгеріп үлгерген. Осы дерек кашактардың бізден барған қазақтар екенін тағы байқатады. Әл Масуди кашактар өте жұқа мата өндіретінін, оның аты «тала» екенін жазады, ондай матаны өзгелер де шығаратынын, алайда кашактардың матасы ең жақсысы екенін баяндайды. Ең жұқа мата ешкі түбітінен тоқылатын «шәлі» екені, оны Орынбор казактары өндіргені белгілі. Казактардың арғы тегі кавказдық қазақтар дедік, оның үстіне сол аймақтағы азербайжан, армиян тәрізді ұлттар орамалды «шаль» деп атайды. Әл Масуди жазбасындағы «шәлі» атауын орысшада «тала» деп көрсеткені ғой (арабша жазылулары: شالا – шәлі, تالا – тала).
Ешкі малы суыққа төзімсіз келеді, ешкі ұстауға ең қолайлы жер екі Кавказ тауы арасындағы Колхида даласы екені даусыз. Қазақ даласында суық жел жиі болатындықтан халқымыз ешкіні көп ұстамаған, қойды бастап жүретін аз ғана ешкі баққан (ол аз ғана ешкі суықтан қой арасына тығылып жылынады). Сондықтан ешкі жүнінен жұқа шәлі өндіру бізде жаппай үрдіс алмаған, ал екі Кавказ тауы арасындағы қазақтар ешкі ұстап, оның түбітінен шәлі өндіріп сатумен айналысқан. Әл Масуди ол қазақтардың өз патшасы болмағандықтан, көрші елдерден ұдайы қысым көретінін айтып отыр. Шамасы, Х ғасырда сол Қазақ елі Хазар қағанаты құрамында болған (сол себептен жеке патшасы болмаған). Ал Алан, Абхаз, Шемар (вайнах), Журзан (грузин) елдері өз патшалары бар дербес княздіктер екені жазылған. Хазар қағанаты шамамен ХІ ғасырдың басында жойылды, ал Журзан патшалығы керісінше күшейіп ХІІ ғасырда Колхида даласын жаулап алды (Давид Строитель патша заманы). Яғни, олар Қазақ елін басып алды. Журзан билігін мойындамаған қазақтар сол кезде Қырымға және Дон аймағына қоныс аудара бастаған, ал бағынған қазақтар грузин әскері құрамында мұсылман әскеріне қарсы соғыстарға қатысқаны Ибн әл Асирдің мынау деректерінен белгілі: «В этом, 1120 году произошло вторжение курджов, они же хазары, в мусульманские области. ...С наступлением этого года они выступили вместе с кипчаками и другими соседними народами. Выступили вперед двести человек кипчаков... Войска провели весьма тревожную ночь, думая о сражении, но бог неожиданно послал им облегчение: он посеял между курджами и кипчаками раздоры и вражду, и они бились между собой в ту ночь...» (Ибн әл Асир – «Полный сборник летописей»).
Осы деректе Курджан патшасы ХІІ ғасырда қазіргі Азербайжан аймағына шабуыл жасағаны («Журзан» ХІ ғасырдан «Куржан» деп жазылады) және курдж әскерінде қазақтар бары баяндалған. Сонымен қатар Колхида даласындағы Қазақ елі әлі мұсылмандық қабылдамағаны жазылған (олардың Х ғасырда мұсылман емесін Әл Масуди де мәлімдеген). Ибн әл Асир осы дерегінде қазақтар мен куржандар (грузиндер) өзара қырылысқанын көрсетеді, яғни қазақтар сәті келсе бостандыққа ұмтылған. Ибн әл Асир курдж (грузин) әскерін «хазар» деп жазады (Хазар қағанаты аймағы куржандар иелігіне өткендіктен болар). Алдыңғы жазбаларымыздың бірінде Савир патшалығы жойылғанда жужан-сұрбөрас династиясы армиян, грузин, урус-сакалбан елдерінде биліктерін сақтап қалғанын айтқанбыз (Әл Масуди «Сиавурда – армияндардың аса жауынгер бөлігі» деген, грузиндер – сол журзан-савир елі, ал урус-сакалбан елін билеген Сұрбөрі тобы кейін «бөрі», сосын «бөрік» деп аталды, оны «рюрик» деп тарихқа енгізген орыстар). Сол үш елді билегендердердің екеуі ХІ ғасырда католик дінінде болды (армиян мен Қырымдағы урус-сакалбан елі). Ал Давид Строитель патша (Давид Астартөлі) ХІ ғасырда византиялық-християндықтағы грузин шіркеулеріне басшы етіп Католикосты (католиктік атау) тағайындады. Осы үштік одақ ХІ-ХІІ ғасырларда Түркі Ашина династиясы билеген Хазар қағанатын, Ұлы Бұлғар патшалығын және авар еліндегі Сарир княздігін жойып жіберді. Авар еліндегі Сарир княздігі орнына Авар нуцалдьдігі орнағаны, оны билеген Қырымнан келген урустар (арғы аталары Арысхан) екені және заңдарында «Урус өкілі қалмаған жағдайда билікке армиян немесе грузин өкілі отыруы тиіс» деп жазылғаны мәлім. Грузин патшалары мен Ресейді билеген Рюрик тобы Шыңғысхан әулетімен, яғни Бөріжігің руымен (борджигин) туыс болатынын, олар жужандық сұрбөрас-шибөраш династиясы ұрпақтары екенін Асылұя тайпасы жайлы мақаламызда мәлімдегенбіз. Шыңғысхан әскерінің Куржан (грузин) патшалығы жерін толық жаулап алмағаны, тек Тбилиси аймағымен ғана шектелуі Шыңғысхан руының грузин патшаларымен туыстығынан деп білген дұрыс (Грузия тарихында өзара бітімге келгені жазылған). Алайда, Шыңғысхан әскері Алан елін толық жаулап тонады және өздерімен бір халық болғанына қарамастан Колхида даласындағы Қазақ елін де толықтай жаулап, тонауға ұшыратты. Себебі, Алан елі мен Қазақ елін билегендер Түркі Ашина династиясынан (Түркі Ашина руы мен Жужан сұрбөрас (шивей-шибөраш) руы Асылұя династиясынан және өзара бақталас-жау екенін Асылұя тайпасы тарихында айтып кеткенбіз).
Араб-парсы жазбалары Куржан (грузин) патшалығы ХІ-ХІV ғасырлар аралығында Закавказьедегі негізгі күшке айналғанын, олардың Гяндж қаласы аймағын мұсылман халифатынан тартып алғанын айғақтайды. Осы дерек ХІ ғасырдың соңында Қазақ қаласы да грузин патшалығы иелігіне өткенін, яғни ол аймақтағы мұсылман Қазақ патшалығы жойылғанын байқатады. Азербайжан мемлекеттілігінің негізін қалаған ХІІ ғасырдағы Илденгиз Атабектің құлдыққа сатылған қыпшақ баласы екені, оның өмірі грузин патшалығымен соғысумен өткені, оның бірде Гяндж қаласын қайтарып алғаны, алайда артынша грузин әскері ол қаланы қайта басып алғаны тарихшыларға жақсы таныс. Сондықтан «Азербайжан мемлекеттілігінің негізін қалаған – қазақ Елтеңіз Атабек» десек, қателеспейміз. Оның асыл арманы – ата-баба мекенін (мұсылман Қазақ патшалығы жерін) азат ету болған. Илденгиз Атабек әскерінде қыпшақтар (қазақтар) көп болғаны, олардың көбі артынан қазіргі Иран аймағына қоныстанғаны тарихи деректерде кездеседі (оған кейінірек тоқталмыз).
Сол мұсылман Қазақ патшалығының оңтүстік-шығысында Джидан (еврей) патшалығы, ал солтүстігінде христиан Құмық елі орналасқанын Х ғасырдағы Әл Масуди мәлімдейді. Алайда, ХІ ғасырдан кейін жидан мен құмық елдері айтылмайды, Шыңғысхан әскері келген ХІІІ ғасыр деректерінде де кездеспейді (Акуш деген құл бастаған қазақтардың Шыңғысхан әскеріне қосылып грузиндермен соғысқанын айттық). Анығында, Куржан (грузин) державасы мұсылман Қазақ патшалығын да, Джидан-еврей патшалығын да және християн Құмық елін де жойып, оларды қазіргі Дағыстанға ауа көшуге мәжбүр еткен. Өйткені, ХІІ ғасырда Авар нуцальдігіне көрші ақбоз атты мың жауынгері бар Джидан елі пайда болған және Дағыстанның шығыс аймағында мұсылман Ғазы-Құмық мемлекеті орнаған. Бұл деректер Дағыстан тарихында былай баяндалады: «Негізін қалаған Мухаммад, Двин (Армения) билеушісі. 1020 жылы кіші ұлы Эскуйа оған қарсы шықты, алайда Фадл оған қарсы басқа ұлы Мусаны жіберді, ол Азербайжанға өз кемелерімен келген Рустармен одақтасып, солардың көмегімен Байлаканды жаулап алды. Эскуйа өлтірілді... 1032 жылы Кавказ аймағына жорық жасаған Мстислав Тмутараканьский Сарир мемлекетінің жауына айналды... Е.М.
Шиллингтің мәліметтері бойынша "Анди Койсуының сол жағасындағы бүкіл аумақ І Жъугъут ханға (сөзбе сөз "Еврей ханы"), ал оң жағалаудағы жерлер Аварлық Суракатқа тиесілі деп қарастырылады".... Осылайша ХІ ғасырдың аяғында бұрынғы Серир аумағында бірнеше мемлекет пайда болды: Андийлік иелік, Хунзах нуцальдігі мен көптеген ерікті қоғамдар. Суракат заманында тақ мұрагерлігі тәртібі орнады, тек оның ұлдары мен қыздарынан тарағандардың ғана таққа мұрагерлік құқы белгіленді. Егер оның әулетінен ешкім қалмаса, онда таққа Рус, Грузин және Армян адамдарының бірі отыруы тиіс делінген. Мухаммед Рафидің "Тарихи Дагестан" жылнамасындағы Авар нуцальдарының шежіресінде Саратан ханның ата-бабалары тізбесінде бірінші болып Арскан аталған... ХІІ ғасырда Ғазы-Құмұқ шамхалдығы деп аталды. ХІІ ғасырда шамхал мұсылман болған тәрізді және Ислам Құмұқ та билеуші дінге айналды. Құмұқ атауы Қазы деген жалғауға ие болды... Суракат Шейх Ахмад үшін басты жауына айналды. Ахмад Суракатты нуцальдіктен қуып жіберді. Суракаттың ұлы Байар тақты қайтармақ боп талпынды, алайда арабтардан тойтарыс алды. Тек қана оның ұлы, егде жасқа келгенде ата-баба тағын маңғолдардың арқасында қайтара алды... Маңғолдар әуелі Құмықты ойрандады... Құмықтардың Хамзадан тараған бүкіл князьдары әлемнің төрт тарапына ығысып кетті. Ары қарай, маңғолдар Авир облысына жетті, бұл – аварлар жері. Мухаммед Рафи маңғолдар мен аварлар арасында бекітілген одақ туралы "Мұндай одақ достыққа, келісім мен бауырластыққа негізделді", жазады, оның үстіне әулеттік некемен нығайтылды. Дереккөздерде келтірілгендей, Авария мемлекетінің шекарасының кенеттен кеңейтілгені және шаруашылығының күрт дамығаны, оларды маңғолдардың анық қолдауының арқасында жүзеге асқан деуге болады..» (Дағыстан тарихы деректерінен).
Осы деректерден Х ғасырда қазіргі Азербайжанда отырған құмық пен еврей елдері ХІ ғасырдың соңында Дағыстанда болғанын көреміз, яғни сонда қоныс аударғаны анық. Ал урус (русь) әскері армиян билеушілерінің шақыруымен Қырымнан кемелерімен Закавказьеге келген және олардың Сарир княздігімен жау болған. Көп ұзамай Сарир жойылып, орнын Авар нуцальдігі басты, оны билеген Урус тобы және одақтастары грузин мен армиян билеуші топтары екен (аварлар сол заманда католик болғаны анық). Олармен көрші мұсылман Ғази-Құмық патшалығы жау болған. Құмық билеушісі XIV ғасырда «Асэлдер» деп аталғаны мәлім («Ас билеуші» деген мағынада, яғни Асылұя адамы). Шыңғысхан әулеті Дағыстандағы Ғазы-Құмық хандығын жойып, бүкіл Дағыстан мен Солтүстік Кавказ аймағы билігін Авар нуцальдігі әулетіне, яғни қырымдық Урус елінен келген династияға бергені жазылған. Араб саяхатшысы Ибн Батута қазіргі Прохладная қаласынан бір күндік жердегі тауда (Солтүстік Кавказда) XIV ғасырда христиан дінді Урус елі барын жазғанын ол кісі жайлы мақалада мәлімдедік (яғни, Урус елі Алтын Орда империясымен көрші әрі тату болған). Шешендерде Урус деген тейп сақталғаны және Урус-Мартан қаласы атауы солармен байланысты екені мәлім. Дағыстан мен Солтүстік Кавказда көк көзді, қызыл шашты адамдар аз кездеспейді. Өйткені, ХХ ғасырға дейін ондағы тауларды қалың ну ормандар көмкеріп жатқан, ал күн сәулесі аз түсетін ормандағы халықтың шашы қызыл, көзі көк болатыны заңдылық (ол ормандарды Кавказ соғысында Ресей әскері өртеп азайтты, қалғанын кейін Кеңес әскері өртеді).
Дағыстанда Тавказах және Чудур-казак деген жер атаулары бар. Армиян деректері құмықтарды «казах» деп көрсеткені де тарихшыларға таңсық емес. Сол құмық тілі қазақ тіліне қарашай-балқар тілдерінен де жақын. Шындығында, ХІІ ғасырда Дағыстанда орнаған мұсылман мемлекеті – Ғазы-Құмық емес, Ғазақ-Құмық хандығы. Арабта «г» әрпі жоқтығын айттық, «ғ» әрпін «г», ал соңғы «қ» әрпін «и» етіп бұрмалап, арабшадағы «Ғазақ» атауын «Гази» еткен, әрине орыс тарихшылары. Арабша жазылулары: غازق – Ғазақ, غازى – Ғази. Құмықтарды жақсылап зерттесе, «қазақ» деп аталатындар әлі де бар деп сенемін (солай деп бір кавказдық айтып еді).
Қарашай, балқар, ноғайларды Қазақстанға жер аударған Сталин құмықтарға тиіскен жоқ. Шамасы, құмықтардағы қазақ дегендер Кавказда қазақтың бұрыннан болғанын жария қылудан қорыққан тәрізді. Біздің тарихты өзгертуде Сталин үлкен істер атқарған. Дигор ұлтына дигор тілін қолдануға тыйым салған, түркілік ұлттардың арабша жазбасын әуелі латыншаға, сосын кирилицаға көшіртіп, олардың ұрпақтарын ежелгі жазбаларын түсіне алмайтын күйге жеткізген Сталин еді. Ресей иезуидтерінің түркілер тарихын өзгерту жоспарларын ары қарай іске асырған да осы Сталин болатын. Құмықтар ХІ ғасырда Дағыстанға түгел көшіп кеткен екен, ал еврей мен мұсылман қазақтардың бір бөлігі қазіргі Азербайжан аймағында қалып қойған. Өйткені, онда еврей мекендері әлі бар, атақты Черкизов базарының қожайыны Тельман Исмайлов сол жердің еврейі. Ал қазақтар онда «борчало-казах», «қазахлар» деген атаулармен белгілі және Қазақ даласы мен Қазақ қаласы сонда сақталып қалды.
Ал ХІІІ ғасырда Шыңғысхан әскері келгенде Колхида даласындағы Қазақ елі дербес патшалық болғанын және Алан патшалығымен одақтас екенін Ибн әл Асир дерегі растайды. Шыңғысхан әскері олармен өздері бір халық екенін айтып үгіттеп және сый-сиапат жасап қазақтарды соғысудан бас тартқызғаны, сосын әуелі аландарды талқандағанын, кейін Қазақ елін шауып тонағанын Ибн әл Асир баяндайды. Сол кезде Қазақ елінің көп бөлігі жан-жаққа босып кеткен. Ол дерек былай өрбітіледі «После того, как татары заняли землю кипчаков, последние рассеялись: одна часть ушла в страну русов, другая рассеялась по своим горам, большинство же их, собравшись, направились к Ширван.... Однако мусульмане, курджи, лакзы и другие, почувствовав смелость по отношению к ним, уничтожили их, убили, грабили и захватили в плен, так что кипчаский раб (мемлюк) продавался в Ширване по (самой) низкой цене...». (Ибн әл Асир – «Полный сборник летописей»).
Міне, осы кезде Қазақ елінің бір тобы Дон аймағына кеткен (ұрпақтары – Дон казактары). Бір тобы Урус еліне, яғни Қырымға барған, бір тобы Армения жеріне кеткен (ондағы Касах өзені мен сарқырамасы сол қазақтардан қалған белгі). Олардың көбісі қазіргі Азербайжан аймағына барған және қазақтардың көбі тұтқынға түсіп құлдыққа сатылған (Аландар құрамында құл тобы деп көрсетілген «касах» пен дигор-осетиндері құрамында құл тобы деп көрсетілген «касаг» та сол құлдыққа түскен қазақтар екені түсінікті). Өз жерінде қалған қазақтар XVІ ғасырда қандай күйде екенін Анна Антоновская еңбегіндегі деректермен жеткіздік.
Дон аймағында Х ғасырда көшпенді қазақтар болғанын араб тарихшысы Әл Масуди жазғанын айттық. Ал «Дон» атауын қазақшалағанда – дөң, орысшасы – холм. Дөңді, қыратты аймақ болғандықтан қазақтар солай атаған (мысалы, Ақтөбе облысындағы Дөң деген жерде «Дөң» кен байыту фабрикасы орналасқан, оны орысша «Донское горно обоготительная фабрика» деп атайды). Дон – өзен атауы емес, ол өзен Танайс деп аталған ертеден. Атаудың қазақ халқымен байланысты екенін жасыру үшін «Дөңді» «Дон» қылған және сондағы өзен атауына айналдырған Ресей империясының саясаты. Алайда, ол аймақты ертеден казактар мекендегені және Ресей ол елді кейінге дейін «Дикое поле» деп атағаны анық фактілер. Араб саяхатшысы Ибн Батута XIV ғасырда сол Дон аймағын мекендегендер түркі тілді қыпшақтар екенін баяндайды (яни, қазақтар). Ол сол түркітілді қыпшақтардың қазіргі Кубандағылары христиандар екенін, ал қазіргі Ставропол аймағындағылары мұсылмандар екенін көрсетеді. Христиан қазақтар Шыңғысхан шапқан ХІІІ ғасырда Колхида даласындағы Қазақ елінің Қырымға барғандары деген жөн. Олар Қырымда отырған Урус пен Сакалбан елінен христиандық қабылдаған. Дон қазақтарының XVІ ғасырда Ресей империясы ықпалына түсуіне сол христиан қазақтар себепкер болған тәрізді. Казактардың бір тобының ұлттық киімі қазақтардікіне ұқсайды, ал негізгі бөлігінде ұлттық киім кавказдыққа жақын. Ұлттық киімдері қазақша казактар – Дон аймағында отырған көшпенді қазақтар, ал қалғаны – Кавказдан барған қазақтар екені даусыз. Көшпенді қазақтардың көбісі мұсылман болды, сондықтан олар қазақтығын жоғалтпай сақтап қалды және әлі де Волгоград, Астрахан аймақтарында ата-бабаларының жерінде отыр. Казактарға XVІІ ғасырда черкес дегендер қосылған, олар – қазақтың шеркеш тайпасының христиандыққа өткен бөлігі. Ресей ғалымдары өз әдетімен қазақ тарихын жоққа шығарумен болды, олар ХІХ ғасырдан бастап адыгейлерді «черкес» деп атап келеді. Алайда, адыгей халқы өзін ешқашан «черкес» деп танымаған және оны мойындамайды. Ал қазақтың шеркеш тайпасы сол Донға жақын аймақта әлі бар, осы фактіні орыстар әдейі көзге ілмейді.
Колхида даласындағы Қазақ елі ешкі жүнінен шәлі мата өндіргенін, сондай матаны Орынбор казактары да тоқығанын айттық. Қавказдан шыққан қазақтар Дөңге (Дон аймағына) малымен бірге көшіп барғаны және малдары негізінен ешкілер болғаны анық (Орынбор казактарында ешкі шаруашылығы сақталған). Орыстар Алтын Орда заманында Алтын Ордаға бодан Бұлғар елі болғанын араб саяхатшысы Ибн Батута дерегімен көрсеттік. Бұлғарлар – түркі тілді халық, олар Қазақ елін қысқаша «қаз ел» деп атаған. Өйткені, Бұлғар елін, яғни Ресейді билеген Иван Грозныйдың әскері Дон қазақтары болды. Иван Грозныйдың өз есімі – Тит («титтай» деген мағынада), оны христиан әрі славян етіп көрсету үшін «Иван Грозный» деген жалған атпен тарихқа енгізген кейінгі Ресей империясы. Иван Грозныйдың анасы – қазақ ханы Мамайдың қызы (Мамай болса Қасым ханның баласы, Қасым хан қайтыс болғанда орнына хан болған, шындықты жасыру үшін оны қазақ шежіресіне Мамаш деп енгізген де орыс саясаткерлері). Иван Грозный қол астындағы орыс-бұлғарларды бағынышында ұстау үшін нағашы жұрты қазақтарды әскер етіп ұстаған (стрелеские полки), ол орыс-бұлғарлардың жаппай христиандық қабылдауын тоқтату үшін шіркеулерді өртеп, священниктерді өлтірумен болды. Алтын Орда заманынан Бұлғар елі мен Алтын Орданың негізгі халқы – қазақтар арасында өзара жеккөрушілік болған, оның себебі «бұлғар сеператизмі» екені түсінікті. Қазақтардың мұсылмандығы өте мықты болғанын сол Ибн Батута баяндайды.
Бұлғарлардың Қазақ елін жек көруі ақырында сол қазақтың мұсылмандығын да жек көруге ұрындырған дер едім. Осылайша мұсылман бұлғарлар жаппай христиандыққа өте бастаған (уахабишіл аз ғана қазақты жек көремін деп, ата діні Исламнан жери бастаған қазіргі кей қазақтар тәрізді). Бұлғар елі Иван Грозныйдің әскері болған қазақтарды да жек көрген. Өйткені, ол қазақтар полиция мен жазалаушы армия қызметін қатар атқарған. Бұлғарлар Қазақ елін қысқаша «қаз ел» деп атады дедік, олар сол қазақтардың негізгі малы ешкіні де «қаз ел» деп атаған дер едім. Орыс халқының полицейлерді ертеден «козёл» деп атап жек көруі сол Иван Грозный заманында полицей қызметін атқарған «қаз ел» адамдарымен байланысты сақталған сияқты. Әрине, Дон қазақтары кейін христиандыққа өткен соң, ешкіні қойып шошқа асырауға көшті. Алайда, Орынбор казактары ешкі шаруашылығын сақтап қалғанын айттық.
Шыңғысхан шапқыншылығынан Кавказ қазақтары қазіргі Түркия аумағына да жеткен (жан-жаққа бас сауғалап кеткен соң, оларға кім көрінген әлімжеттік жасап құлдыққа салған). Оларды тарихта «қай» тайпасы деп көрсетеді және олар да ешкіні көп асыраған әрі мата өндіріп сатумен айналысқан. Оларды билеген Сұлеймен ұлы Ертұғырыл және оның әйелі Түркі Селджук (Төргі Асылжік) династиясынан болды. Ертұғырыл ұлы Осман кейінгі Осман империясын орнатқан. Ресей оқымыстылары әдетімен «Қай тайпасы оғыз елінен, олар қазіргі Түркіменстан аймағынан барған» деп бұрмалайды. Ал Түркия ғалымдары ежелгі отандары Ресей империясы қол астында (Кеңес Одағы) болғандықтан, онда дербес ғылыми зерттеулер жүргізе алмады. Амалсыз орыстар айтқан жалған тұжырымдарды қабылдауға мәжбүр болды. Ресейліктер Түркі Селджук тобын да оғыз елінен дейтіні, оларды оғыздардың қынық тайпасынан деп жазатыны рас. Алайда, сол оғыздардың үзілмеген жалғасы түркімендерде қынық пен қай деген ру-тайпа атымен жоқ. Алдыңғы мақалаларымыздың бірінде Түркі Селджук тобы Түркі Ашина династиясынан екенін, яғни Түркі Селджук атауы дұрысында Төргі Асылжік екенін және олардың қазақ даласынан барып Оғыз елін билегенін айтқанбыз. Оғыз елін алғаш билеп бастаған – Түркі Селджук Мәлік әл-Ғази, арабша жазбадағы «әл ғазақ» атауын әдейі орысшада «ал-гази» деп бұрмалап жіберген (Арабша жазылулары: غاذق – Ғазақ, غاذى – Ғази). Арабша жазбадағы «Түркі Селджуктер – қазақ елінен» деген деректі «Түркі Селджуктер – қынық тайпасынан» деп бұрмалаған да Ресей саясаты (Арапша жазылулары: قنق – қазақ, قذق – қынық).
Түріктің Ертұғырыл жайлы телесериалынан оның елі киіз үйлерде тұратын және ешкі ұстайтын халық екенін көрдік. Алайда, олардың түр-түстері азият емес, кавказдық болған (ол жердің халқына ұқсамайтын болса, яғни азияттар болса, тарихи деректерде айтылар еді). Аландарды ертеде билеген руды армиян жазбалары аш-дигор деп көрсеткен, олар қазіргі осетин халқында дигор атауымен сақталған және өз тілдері қарашай-балқарларға жақын. Қарашай-балқарлардың ата-бабасы – аландар Хунь халқынан екенін алдыңғы мақаламызда жаздық (қытайшада – лянь, хұң тілі мен қазақшада – ұлан). Ұлан тайпасының І ғасырда Кавказға орныққандарын парсы-гректер «алан» деп атағандықтан, олар кейін солай аталып кеткен (Прибалтика аймағында XIV ғасырда отырған қазақ («татар-казак» делінген) тайпаларының найман, арғын, улан, қоңырат деп көрсетілуі «ұлан» атаулы тайпа сол ғасырда болғанын дәлелдейді). Сондықтан дигор дұрысында – тұғыр, ал аш-дигор – ас-тұғыр. Ас – Асылұя атауының кейінгі қысқарған нұсқасы, сонда ас-тұғыр хунь халқын билеген Асылұя тайпасының бір руы болғаны.
Кавказдан қазіргі Түркияға барған қазақтарды билеген Ертұғырыл есімі «Ер тұғыр ел» деген мағынада дер едім (тұғыр елінің батыры), оның әулеті Ас-Тұғыр руынан болған. Түркі Селджук династиясы қызына қарапайым рудың адамы үйлене алмаған. Осы фактінің өзі Ертұғырылдың Асылұының Тұғыр (аш-дигор) руынан екенін көрсетеді. Оның елі «қай» деп аталғанын айттық, ал «қай» атауы мен «қазақ» атауы арабшада бірдей жазылады (Арапша жазылулары: قذق – қазақ, قاى – қай). Демек, Ертұғылыл елі – Кавказдан барған Қазақ халқы және Осман империясын орнатқан сол Ертұғырылдың ұлы Осман болатын. Тарихшылар Ертұғырылды «Ертұғырыл ғази» деп те жазады, оны дұрысында «Ертұғырыл ғазақ» деуге болады (жоғарыда «ғази» мен «ғазақ» арабшада өте ұқсас жазылатынын көрсеттік).
Ертұғырыл елі әуелі Алепо қаласынан аса қашық емес аймаққа орналасады, сол қай елі мекеніне айналғаны телесериалда айтылады. Шамамен, Сирияның сол аймақтағы Түркиямен шекаралас провинциясы «Касак» деп аталады. Онда қынық, қыпшақ немесе қай деген атаулар жоқ, ал үлкен провинция – Касак. Бұл бекер емес, ол жер Ертұғырыл ғази елі болса, онда оның халқы қазақ болғаны және оны өзге ел билеушілері Ертұғырыл ғазақ деп атаған. Түрік халқында ежелгі отандары қазіргі Қазақстан деген түсініктің сақталуы да бекер емес. Ол ұғымның Түркі Селджук династиясы мен Осман империясын орнатқан Осман Ертұғырыл елінің қазақтар екендігімен байланысты екені сөзсіз. Түркі Ашина біздің жерімізде VI ғасырда Түркі қағанатын орнатты және халқы қазақтар болды. Олардың ұрпағы Түркі Селджук тобы Х ғасырда бізден барып Оғыз елін бағындырды. Олар ұзақ уақыт Оғыз елін билегендіктен, қол астындағы оғыз халқы диалектісіне көшті. Алайда, өздерін «оғыз» демеген, «түркі қазақ» деп таныды және басшысын араб жазбалары «Селджук Малик ал-ғазақ» деп, яғни «Селджук Әмірші қазақтан» деп көрсетті («қазақ» атауын «қынық» деп, «ал-ғазақ» сөзін «ал-гази» деп бұрмалаған орыс ғалымдары). Оғыз халқы Түркі Селджук тобын қатты қадірлегені, сол себепті өздерін кейін «оғыз» деп емес, «түркімін» деп атауға тырысқаны және түркімен атауы осылай қалыптасқаны байқалады.
Жоғарыда Азербайжан мемлекеттілігінің негізін қалаған Елденгиз Атабектің қыпшақ екені және әскерінде қыпшақтар көп болғаны, кейін сол қыпшақтардың Иран аймағына қоныстанғаны жайлы тарихшылар айтқанын жаздық. Олар шынында қыпшақ емес, қазақтар екені даусыз, оны сол Азербайжан аймағындағы Қазақ атаулары да дәлелдейді (онда қыпшақ атауы мүлде жоқ). Иран мемлекетінде Кавказдан шыққан мұсылмандардан жасақталған казак әскері сарай төңкерістерінде қолданылғаны, оларды Ресейден келген Касаговский деген казак-орыс жаттықтырғаны айтылады. Әрине, Ресей оларды Кавказ қазақтары демейді, оларды ертеде Кавказдан шыққан мұсылман күрді, түркімендер деп көрсетеді. Олай болса, неге «казак» деп аталатынын түсіндіре алмайды. Дұрысында, олар сонау Елденгиз Атабек заманынан бастап Кавказдан барып Иранға орныққан қазақтар.
Осы мақалада көрсетілген әрбір дереккке қазақ тарихшылары назар салса, Ибн әл Асир мен Әл Масуди және Ибн Батута жазбаларын тікелей арабшадан қазақшаға аударса (тек қазақ аудармашылары көмегімен) үлкен іс тындырар еді. Ал сенімсіз әрі деректері өзара қарама-қайшылыққа толы Рашид ад дин жазбасын қазақшалау түк пайда бермейді. Ол тек ресейлік идеологиямен жазылған жалған тарихтың күшейе беруіне жағдай жсайды. Шынында, ол жазбаны дайындаған Ресей империясындағы иезуидтер ордені екенін, оны қазақшалауды еврей алпауыты қаржыландыруын түсінуге болады.
(Жалғасы бар)
Бекжан ӘДЕНҰЛЫ