Тарихшы Бүркітбай Аяған Кенесары ханның бас сүйегін қайтару мәселесіндегі қаупімен бөлісті

Мемлекет тарихы институтының директоры Бүркітбай Аяған Кенесары ханның бас сүйегін қайтару мәселесіндегі қаупімен бөлісті.

«Таяуда ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтың Ресей Премьері Дмитрий Медведевпен кездескен кезде қазақтың ұлы тұлғалары Кенесары мен Кейкі тақырыптарының көтерілуін жақсы нышан деп бағалаймын. Қазақстан бұған дейін осы мәселе бірнеше мәрте көтерген болатын. Сонымен қатар, тарихшылар мен журналистерден құралған топ арнайы Петерборға да барды. Бірақ, бұл шаралар нәтиже бермеді, себебі мұрағаттарда үкіметтің қаулысы бойынша көптеген жәдігерлер бойынша мәлімет жабық болады. Яғни, жоғары жақтан рұқсат берілмесе, олар ғимаратқа кіргізбейді де, көрсетпейді де. Ал енді Дмитрий Медведев Кейкі батыр мен Кенесары ханның бас сүйегін Астанаға қайтарып беру жағын қарастыруға уәде берді ғой. Демек, сең қозғалды, яғни біз жақсы хабар күтуіміз керек», - деп тоқталды Б. Аяған «ҚазАқпарат» агенттігіне берген сұхбатында.

Сонымен қатар ол ғалым ретінде бұл мәселедегі өзінің қаупімен бөлісті.

«Кезінде Кенесарының бас сүйегі болғаны рас, оны ғалымдар көргендігі туралы хабарланған еді. Алайда, кейіннен бас сүйек жоғалып кетеді. Осы ретте бұдан кейін де таба алмаймыз ба деп қорқамын. Жалпы, әлемдік тәжірибеге тоқталатын болсам, кезенді отарлаушы болған елдер кейіннен өзге халықтардан жинаған ұлттық құндылықтарын қайтарды. Мәселен, Франция мен Англия, Голландия бұрынғы отарында болған елдерге жәдігерлерін қайтарып берді. Өткен ғасырларда Еуропаға тасыған жәдігерлерді қайтарып беруге тырысып бақты. Өкінішке қарай, Ресей Орталық Азия мен Кавказ елдерінің құндылықтарын бермей отыр. Кунсткамерада және өзге де мұрағаттарда көптеген ұлттық мұралар жатқандығы белгілі жағдай. Осы ретте «қайтара ма екен және қай деңгейде қайтарады, сондай-ақ не тауып аламыз?» деген сауал туындайды. Осыған байланысты дереу Үкімет тарапынан арнайы комиссия құру керек»,-деді Бүркітбай Аяған.

Бұл тұрғыда ғалым Қазақстан мен Ресей арасындағы жақсы қарым-қатынасты ұтымды пайдаланып, кеткен құндылықтарды қайтарып алу керек екенін айтты. Сонымен қатар ол екі елдің үкімет басшылары арасында бұл мәселе көтерілгеннен кейін, Кенесары ханның бас сүйегі табылуы мүмкіндігін де жоққа шығармады.

«Енді Кейкі батырдың бас сүйегін нақтылау үшін медициналық, популяциялық генетиканың мүмкіндігін пайдалану керек. Осы саланың мамандары Назарбаев Университетінде және басқа да мекемелерде де бар. Жалпы Кенесары мен Кейкі батырдың ұрпақтары елімізде бар, осы ретте генетикалық сараптама арқылы анықтауға болады», - деді ол.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Кунсткамера Қазақстанның батыры Кейкінің бас сүйегін қайтаруға әзір. РҒА Ұлы Петр атындағы Антропология және этнография музейі директорының орынбасары Ефим Резванның айтуынша, Ресейдің федеральдық тізіміндегі жәдігерді федеральдық заңға сәйкес немесе Ресей президентінің жарлығымен қайтарылуы ықтимал. Мұражай басшылығы Петрбордағы Қазақстан консулына нысанды қайтару үшін не істеу керектігін айтып берген.

«Кейкі батырдың бас сүйегі бізде. Оны біз жасырған емеспіз. Ол қорда сақтаулы, ешқашан көпшілік назарына ұсынылмаған. Егер де осындай жарлық шықса, оны бермеуге басқалай кедергі жоқ», - деп түсіндірді Резван.

Мұражай басшысының орынбасары Кунсткамерада Кенесарының басы сақталмағандығын жеткізді. Бас сүйектің қайда екендігі әзірге белгісіз, деп мәлімдеді музейдегілер.

Кейкі батыр 1923 жылы сәуірде өлтірілген, ұлт-азаттық көтеріліс басшысының бас сүйегі Ресейге жіберілген. Қазақтың Кенесары ханы 1847 жылы қаза тапқан. Оның басын Ресейге алып кеткен, алайда ол әлі табылмаған.

Еске сала кетсек, биылғы 12 тамызда Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов РФ Премьер-министрі Дмитрий Медведевпен кездесуінде осындай мәселе көтерген болатын.

Автор: Руслан Ғаббасов 

ҚазАқпарат

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста