Шыңғысхан туған жеріне жерленген

«Шыңғысханды қазақ қылам деу – ұят мәселе», – деді алматылық бір тарихшы. «Сен ана Қытайдан келген Тілеубердіні жақтап шатаспа! Мен Моңғолиядан келгенмін. Бәрін өз көзіммен көргенмін, – деді астаналық бір тарихшы. Бұған, меніңше, ренжуге болмайды. Өйткені, біздің біліми, мәдени дәрежеміз дәл осылай. Біреуіміз пікір айтамыз, екіншіміз оған қарсы шығамыз. Себебі, қарсы шығу білімділік саналады. Ал тарихшының тарихшы емеспен келісуі өлім саналады. Әйткенмен менсінбей-ақ тұрып: «Осы немелердің айтып жүргені не сөз, тексеріп көрейінші», – деп, оның айтқаны мен өзің оқыған кітәптің пікірін салыстырып көру тарихшының мәдениеті саналады. Кез келген тарихшының ең басты міндеті – түпнұсқаға немесе жаңа пікірге құрметпен қарау. Ондай тарихшының табылмауы – қорқынышты.

Мәселенің шынына келсек, тарихты бұрмалап, түпнұсқаға жүгінбей, негіз­сіз­ден-негізсіз Шыңғысханды зорлап қазақ қыл­ғалы жүрген кімдер? Ондайлар бар ма?
1993 жылы Қазыбек бек Тауасарұлы­ның «Түп-тұқияннан өзіме шейін» атты кі­тәбі жарық көргенде, Шыңғысхан мә­селесі ептеп-септеп сөз болған-ды. Не қа­зақ шежіресін білмейтін, не Шың­ғыс­хан­ның шын тарихын білмейтін жұрт оған осқырына қарады. Ежелден маңғол деп қанға сіңіп кеткен адамды қазақ ішін­дегі жалайырға жатқызғаны үшін бұлан-талан болса да, 1776 жылы қаза бо­лып кеткен адамды жауапқа тарту еш­кім­нің қолынан келмеді. Біреу ондай адам жоқ деді, біреу ол кітәпті кәзіргілер жаз­ды деді. Оның бәрі сол кезге тән білі­мі­міз бен дәрежеміз болатын.
Енді көне қытай тілін білетін, көне пі­ші­гін (иероглифті) оқи алатын Тілеу­бер­ді Әбенайұлы Шыңғысхан туралы кө­не қытай пішігіндегі жазуды оқып, Шың­ғысханның түрік жерінде туып-өс­кен, түрік тілінде сөйлеген, мұсылман ді­нін ұстанған адам екенін дәлелдеп, дә­лел­ді жазбаларды қытай тілінен тікелей ау­дарып көрсете бастап еді, Маралбай Ыс­қақбай көкеміз бастаған біраз зиялы бұл мәселеге бұл жолы кәдімгідей мән бер­ді. Тілеубердінің мақаласын Дулат Иса­беков «Мәдениет» жорналына басты. «Қа­зақ әдебиеті» газеті де жедел үлес қос­ты. Ақыры Тілеубердінің пікірі тарихқа үл­кен төңкеріс әкелді. Бірақ «Қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ» болу біздің қа­нымызда бар болып шықты. Көп адам Шың­ғысханды түрік, оның ішінде қият дегенге келіседі де, жалайырға жақындата бас­тасаң ат-тонын ала қашады. Оның ар­ғы түбінде ана жақтың адамы, ана жақ­тың тарихы деген дерт тұрады.
Енді мен осы «ұят мәселеге» өз ұятым­ды көлденең тартайын. Тарихшымыз де­­гендер үшін емес, шын мен өтірікті тал­дай біледі-ау деген көпшілік үшін. Шың­ғысханның өміріне қатысты түпнұсқа са­налатын үш қолжазба бар: «Маңғолдың құпия шежіресі», «Алтын топшы» және Рәшид әд-Диннің «Жылнамалар жина­ғы». Тілеуберді Әбенайұлы «Маңғолдың құ­пия шежіресі» деп жүрген қолжазбаның шын аты «Шыңғысханның қузауыры» еке­нін қытай пішігінен оқып жария етті. Мен оған сендім. Себебі, «Наука» баспа­сы­нан шыққан «Алтан тобчи» (Москва, 1973) кітәбінің алғы сөзінде тарихшы Н.Д. Шастина «Первоначальное же назва­ния памятника было «Родословие Чингисхана» – Чингис-кагану худжаур, – деп жазды (23-бет). Мұны дұрыстап айтсақ, «Шыңғыс қағанның қузауыры» болып шықпай ма?
Егер бұл ескерткішті алғаш аударған адам­дар тарихқа адал болса, қолжазбаның шын атын неге жасырады? Оны «Құпия ше­жіре» деп атауға қандай қақысы бар? Орыс­тар оны осы күні «Сокровенная ис­тория монголов» «Моңғолдың қасиетті ше­жіресі» деп әспеттеп жүр. Бұлай өтірік жазу неге «ұят мәселеге» жатпайды?
Шыңғысхан Теміршың аталған кезде өмір сүрген Бұрқан тауы кәзіргіМоңғолия аталатын мемлекеттің жерінде жоқ. Олар Хэнтэй деген тауын Бұрқан болуы керек деп болжайды. Ал болжауды бекітетін дә­­лелдері жоқ. Алайда, Бұрқан аталатын қа­рағайлы тау Жәркент қаласының сол­түстік желкесінде бар екенін мен бала ке­зімнен білем. Бірақ оның Шыңғысханға қа­тысы барын мен бертінге дейін білгем жоқ, солай аталатын тау толып жатқан шы­ғар деп жүре беріппін. Тек Тілеу­бер­ді­нің қытай тілінен аударған «Шың­ғыс­ханның қузауырын» оқып отырып, Те­мір­шыңның Бұрқаннан қашып барып Түр­ген тауындағы тоғайға тығылғанын біл­генде орнымнан ұшып түрегелдім. Өйткені, Бұрқан мен Түргеннің арасы 1,5-2 шақырымдай ғана жер екені, демек Шың­ғысханның осы Бұрқанда туып-өс­кені маған бірден елестеді. Сегіз ғасыр бойы аты өзгермеген жерді енді ешкім өз­герте алмайтынын бірден түсіндім де, Ті­леубердіні жақтап шыға келдім. Бұрқан мен Түргеннің күні бүгінге дейін солай ата­латынын біле тұрып, үндемей қалуым на­ғыз «ұят мәселе» болмас па еді?
«Бір сөздің артын бір сөз түртеді» деген рас. Тілеубердінің аудармасына қа­рап отырсам, маған таныс жер-су аттары тым көп болып шықты және бәрі де қол­жаз­бада жазылған жер ыңғайына дәл­ме-дәл келеді. Оның ішінде, тіпті мүлдем дау ту­дыр­майтыны да бар. Мәселен, Зерен Қап­шағайдың Алматы түбіндегі Қап­шағай екеніне қалай дауласарсың? Дауласайын десең, сол арадан ашуланып қайт­қан Жамұқа жол-жөнекей 70-ке тарта Жанысты қырып кетеді. Жаныс Өтеген батырдың осы күнгі Шеңгелді маңайын­да үрім-бұтағымен өмір сүргенін, сол араға жер­ленгенін ежелден білем ғой. Бір-бірі­мен қиысып тұрған тарихты қалай мойын­дамассың. Тілеуберді аудармасында Шыңғысханның Сөгеті деген жерде аң аулап жүргені айтылады. Ол Сөгетінің іргесінен мен ауылыма бара жатып, келе жатып жылына әлденеше рет өтем ғой. Жам­ұқа мен Шыңғысхан екінші рет Күй­тең деген жерде соғысады. Үлкенағаш пен Қызылеспе ауылының желке тұсында Ки­тің аталатын аңғар бар, екі таудың ор­тасындағы ұзын жазық. Шындап келгенде, Күйтеңді қытай тілінен Кійтің деп те аударуға болатын көрінеді. Бірақ мені Күй­тің деп отырғаны осы Китің екеніне илан­дырған жағдай мынау: Шыңғысханға кө­мекке келген керей ханы Оңхан Отқия ар­қылы Күйтеңге келсе, Шыңғысхан Кө­рен­лік деген жерден шығады. Отқия деп отыр­ғаны осы күні Қызылқия аталса, Кө­ренлік деп отырғаны Баркөрнеу болып шығады. Оған да күмәнданайын десем, Отқия – Қызылқияның Китіңге қарай асып түсетін бір сайы Керейсай деп аталады. Ал керейлер біздің жақта жоқ. Демек, сөз жоқ, керей ханы Оңхан осы сайға қосын тіккен. Бәрі бір-біріне сай келеді. Оны біле тұрып, пікірімді ортаға салмасам, нағыз ұятсыз мен болмаймын ба?
Шыңғысхан Екі Бөлектаудың маңын­да Телігенбөлтақ, Шұбар, Аралтөбе деген жерде туыпты. Желменің әкесі Шың­ғыс­хан­ға: «Сен Өнен мұранның Теліген Бөл­тақ жерінде туғанда, саған бұлғын жөргек бе­ріп едім», – дейді. («Құпия шежіренің құ­пиясы». Алматы, 2010, 486-бет. Тілеу­бер­дінің аудармасы). Мен осы өңірде туып-өскендіктен, бір-біріне телігендей Қос Қотырқай тауының іргесінде Шұбар, Аралтөбе деген жерлердің де бар екенін жақсы білемін. Олар Орбұлақтан 7-8 ша­қырым ғана жерде.
Жамұқамен бірге Шұбар деген жерде бір жарым жылдай үй ішімен қонақтаған Шың­ғысхан Бөртенің ақылымен оның қасынан бір түнде көшіп кетіп, Көренлік деген жерге барып қоныстанады. Бір түн­нің ішінде Моңғолиядағы Хэнтэй тауына, әрине, ол көшіп бара алмайды, ал Арал­төбе маңындағы Шұбардан 15-20 ша­қырым жердегі Баркөрнеуге көшіп ба­ра алатыны күмәнсіз.
Бұл күнде өзгеге күмәнданса да, Мұ­қа­лидың жалайыр екеніне ешкім күмән келтірмейді. Сол Мұқали және Қайшылы деген жалайыр саған қосыламыз деп, Шың­ғысханды Көренлікке іздеп келеді. Ал жалайырлардың сол Шыңғысхан за­ма­нында отырған жерінде әлі күнге дейін отырғанын Рәшид әд-Дин анық-қанық жазады. Және Мұқали жалайыр екені рас болса, онда діні бөлек, тілі бөлек Шың­ғыс­ханды қай жөнмен іздеп келеді?
Шыңғысхан әуелі өз тайпасының ханы болып, Көкнор деген жерде сайланады. Осы күні Жасылкөл деп аталатын жерді мен сол ара деп санаймын. Өйткені, ол жазылған жағдайға сай келеді. Айналасы таумен қоршалған, тек оңтүстік жағы ғана атпен келуге болатын жер.
Бичуриннің «Соңғы төрт ханның тарихы» деген еңбегi бар. Сонда Шыңғыс­хан­ның арғы аталарын жалайырлардың қа­лай қырғаны баяндалады. Себеп біреу ғана: Алан-Қуаның күйеусіз туған, яғни нұрдан жаралған (нирун) үш баласының ұрпағы өзге жалайырлардан асып барады. Содан жалғыз Қайду деген нағашы қо­лында болған бір ғана бала аман қалып, қал­ғанын жалайырлар қырып тастайды. Кейін жалайырдың ақсақалдары балалар­ды қырып тастаған жалайырларды жаз­ғырып, оларды Қайдуға біржола бағы­ныш­­ты қылып береді. Сол Қайду Қарақол деген жерді жайлады,– деп жазады Бичурин. Сол Қарақол күні бүгінге дейін Қа­ра­­қол аталады. Керейсайдың батысын­да, суы Көктерек өзеніне келіп құяды, кү­ні бүгінге дейін Андас жалайырлар отыр­ған Аралтөбеден он шақты шақырым ғана жерде.
Ал енді ойлап қарайық. Шыңғыс­хан­ның жалайырларға ешқандай қатысы жоқ болса, оның аталарын бір жалайырлардың қырып, екінші жалайырлардың ол жа­лайыр­ларға үкім шығарып, Теміршыңның аталарына жанашырлық танытып несі бар? Соноу мұхит түбінде жатқан маңғол­дар­дың көбейгені, азайғаны жалайыр­ларға қаншалықты қажет? Мәселе Шың­ғысхан араларының өзге жалайырлардан асып бара жатқанында болып тұрған жоқ па? Қазақшалап айтқанда, ағайынның асып бара жатқанын көреалмаушылық қой.
Мен, жалпы, Шыңғысханның жа-лайыр екенін ертеректен естіп келе жат­қан адам­мын. Оның бір себебі: жалайырлар жайлайтын Аралтөбе мен біздің ел жай­лайтын Белжайлау – ортақ. Екі тау­дың ортасындағы бір алқап. Атамның қа­рындасы Үминә, қызы Тоқтар осы Андас жалайырларға ұзатылған. Сондықтан біз­дің үйде жалайырлар туралы әңгіме аз­ды-көпті болып тұратын. Атам Еш­мұ­қам­бет әсіресе Жәлменде баласы Пішән туралы көп айтатын. Пішән – 1921 жылы аты­лып кеткен адам. Бейнелеп айтқанда, ол – жалайырлардың Сегіз серісі. Сол Пішән Әшіркүл және Зейнеп деген Андас қыздарымен айтысып қалады да, екі қыз: «Біздің бабамыз – Шыңғыс сияқты сенің Бәйшегір атаң ешқашан шың-құз аталған емес», – дегенде, Пішән орнынан ұшып тұ­рып: «Ойбай, бабамыздың аты аталған соң, менің тоқтамағаным ұят болады!» – деп, құлдық ұрады. Бұл – ел арасына та­ра­ған әңгіме. Ал шымкенттік ақын Қа­занғап Байболов: «Еңсегей бойлы ер Есім» дастанында Шыңғысханның Іле өңі­рінде туып-өскенін, аңшылықпен күн кешкенін шежірелеп аталарын тарата жыр­ға қосады. Және Қазыбек бек те оны жа­лайырлардан таратады. Осының бәрі еріксіз мені мойындатады.
Басқа ұсақ-түйек жер-су аттарын тер­мелемей-ақ қояйын. Енді ресми тарихқа жүгінейін. Рәшид әд-Диннің «Жылнамалар жинағын» оқып көрсем, Шыңғыс өмір сүрген Онон өзені шығыстан ағады деп анық-қанық жазылған. Ал Моң­ғо­лия­дағы Онон деп жүргеніміз Онын өзе­ні, картаға қарасам, оңтүстіктен тіке сол­түстікке қарай ағып жатыр. Бұл не де­ген сөз? Шыңғысхан өмір сүрген Онон ол емес деген сөз, оның үстіне Онын, Онон дегеннің моңғолша мағынасын ма­ған маңғол тілін білем дегендердің еш­қайсысы түсіндіріп айта алмады. Мен, өз болжамым бойынша, Ононның түп мәні Өнән дегенге саяды деп ойлаймын. «Нән» «Үлкен» деген сөзден туындаған болу ке­рек деп ойлаймын. Бұл өзеннің өз аты емес, оның сипаты деп түсінем. Тілеуберді Ононды Іле дейді, мен оған қосылам. Іле Шыңғысхан заманында да Іле аталған.
Картаға қарап отырып, тағы мынаны са­лыстырайық. Барлық қолжазбада Бұр­қан тауы Онон өзенінің басталар тұсында делінеді, ал Моңғолиядағы Онын Бұрқан осы болу керек деген Хэнтэй тауының дәл өзінен бастау алады, сәйкеспейді. Неге? Өйт­кені, Хэнтэйдің Бұрқан екені, Онын­ның Онон екені – бәрі өтірік.
Шыңғысхан үш өзеннің бойын жай­ла­ған: Керулен, Түрген, Өнән. Рәшид әд-Диннiң «Жылнамалар жинағында» Ке­рулен екi таудың арасынан ағады де­лiн­ген. Ол менiңше, Белжайлаудағы Тері­с­­ақ­қан. Көне сөздердің этимологиясын зерт­теуші ғалым Ә.Нұрмағамбетов Қас­ке­леңнің түп мағынасы Қасқа өлең, яғни Қас­қасу деген сөзден өзгерген дейді. Олай бол­са, Керулен деп жүргеніміз Кері өлең, яғни Кері өзен деген болып шығады. Ке­ріөлең мен Терісаққанның мағыналас еке­нін кез келген қазақ түсінеді. Рәшид әд-Диннің жазғанына Онон да, Керулен де дәл келеді. Ал Моңғолиядағы Хэрлэн­ді­ қаншама Керулен деп өзгерткенмен, ол да Хэнтэйден басталып, Онынмен бағыт­тас оңтүстіктен солтүстікке қарай ағып жа­тыр. Бұл да сәйкеспейді. Бәрі сәйкес­пе­се, оларды «ұялтып жатқан» ешкім жоқ.
Онон, Өнәннің Іле екенін мынадан аң­ғаруға да болады. «Шыңғыс қағанның қузауырында: «Шыңғыс хан мен Тұғырыл хан екеуі Құлжа өзенін құлдай аттанған…Татарилар Құсты-Шаты жанындағы На­раты-Шаты жерінде қорық құрған екен»,– делінген (Алматы, 2010 ж. 496-бет). Мұнда бәрі анық. Бірақ Тілеубердінің аудармасынан басқаларда Құлжаның аты біресе Улд­жа, біресе Улдзн деп бұрмаланып кел­ген. Ал енді картаға қарайық. Ілені өрге бой­лай қарасақ, Қытай жерінде Нараты жо­тасы, оның жоғарғы жағында Құлжа қа­ласы тұр. Бәрі алдаса да, карта алдамай­ды ғой. Сенбеген адам дереу қарай салса бо­лады, сонда «ұят мәселе» өз-өзінен ше­шіледі.
Осыншама ғылыми дерекке мән бер­ме­ген тарихшымен «ұят мәселе» жайында ай­тысып жату маған да ұят. Өзімнің туып-өскен жерімдегі осыншама шын­дық­ты біле тұрып мен шырылдамасам, онда менің кім болғаным?
Теміршыңның басынан кешкен әрбір оқи­ғасы осы өңірдің жер-суында жазылып қалған, тарихтағы жер-су аттары, қан­шама өзгертіп, құбылтып айтса да осы күн­гі мағынасы дәл келіп отырады. Мә­се­лен, тайжігіттер (тайчиуды) Шыңғыс­хан­ды Түрген бойындағы тоғайдан тоғыз күн­нен кейін ұстап алады. Тайжігіттер Онон бойымен оны әкетіп бара жатқанда, күзетші баланы ұрып жығып, Теміршың қа­шып шығады да, құтылып кетеді. Түр­ген мен Ононның және Бұрқанның бір-бі­ріне жақын жерде жатқанын осы оқи­ғадан-ақ аңғару қиын емес. Түргеніміз – Үсек өзені, Өнәніміз – Іле.
Меркіттердің Бөртені тартып әкететін оқи­ғасы да осындай. Шыңғысхан Бүркей-Ірге деген көктеуде отырады. Ол ара кәзір Іргетау аталады. Бүркей-Ірге деген Ық-Ірге деген мағына бермей ме? Түрік, оның ішін­де қазақ сөзі екені ап-айқын.
Китің жақтан келе жатқан мер­кіт­тер­дің дүбірін күтуші әйел Іргетауда жатып естиді де, бәрі Қайшының белі арқылы Бұрқанға қашады. Арбамен қашып бара жатқан Бөртелердің алдынан меркіттер шығады. Арба ішіндегі Бөртені байқамай, олар Іргетауға қарай кетеді де, Есугейдің үлкен әйелін атқа міңгестіріп қайта келеді де, арба ішіндегі Бөртені меркіттер тауып ала­ды. Демек, Бөртенің арба ішінде еке­нін Есугейдің үлкен әйелі айтып қойған ғой. Кейін оның қайта оралып Бұрқанға қайтпай қоюына да осы кінәсі себеп.
Іргетаудан Қайшының белі арқылы Бар­көрнеу асып қашқан Шыңғысханды меркіттер Бұрқанға өкшелей қуып барады. Бірақ таба алмайды. Осы жерде туып-өскен мен үшін осының бәрі дәлме-дәл көз алдыма елестеп отырады. Менің се­нім­ді сөйлейтінім сондықтан.
Жақында Қытайда тұратын Ақпар Мә­жит бауырымыздың «Мұқали» атты кі­тәбі шықты. Сонда ол Мұқалидың ту­ған-туыстары ішінде тек немересі Антұн­ның ғана ата-бабасының мекені Алмалыға бір оралып соққанын жазады. Мұқали­дың ата қонысы Алмалы болса, Шыңғыс­хан­ның мекені де сол өңірде болады ғой, сөз жоқ. Ал көне Алмалы қаласының орны Жәр­кенттің солтүстік шығысында Ақ Бұр­қан аталатын жердің маңында жатыр, Алмалы ауылының желке тұсында. Бұл дерекке сүйенудің несі «ұят мәселе»? Оны көрмеу-білмеу ұят емес пе?
Жарайды, тарихи деректерді де, ше­жі­ресін дәлелдеуді де жинап қойып, қа­за­қы ой мен қазақы қиялға жол беріп кө­релікші.
Шыңғысхан діні, тілі бөлек маңғол бол­са, тіні, діні бөлек қоңырат Дай шешен қызы Бөртені қандай себеппен маңғолға беруі тиіс? Шекжерде, яғни Харазм ірге­сінде өмір сүріп жатқан Дай шешен маң­ғол жерінде Теміршың деген біреу бар еке­нін қалай білген? Бір-бірімен қалай сөй­лескен? Ол кезде қоңыраттардың мұ­сыл­­ман екеніне мен еш күмәндан­бай­мын. Өйткені, Шыңғысхан ордасын іздеп келген еуропалық Карпини мен Рубрук та Эквиус (тарихшылар Екі Өгіз дейді, мен Екі өзен, яғни Қосөзен қаласы деп ойлаймын) қаласы мен Қайылық (Қойлық емес) қаласында царациндерді кезіктірдік деп таң қалысады. Мен царациндер де­ген­ді түсінбеген едім, сөйтсем, еуро­па­лық­тар мұсылмандарды солай атаған екен, Германиядағы түріктерді кәзір де со­лай атайды екен.
Ежелден жалайырлар жайлаған Екі Өзен (Талдықорғаннан 18 шақырым шы­ғыс­та, Көксу мен Қараталдың қосыл­ған жерінде орны жатыр) мен Қайылық елі мұсылман болса, солардың қақ ортасында отырған андастар, яғни Шыңғыс­хан қа­лайша мұсылман болмайды?
Маңғол езгісінде үш жүз жыл жем бол­дық дейді орыстар. Соған жуық ота­рын­да болған қазаққа орыс сөзі сіңді: ке­реует, самауыр, пошта дегендей. Ал үш жүз жыл езгісінде болған маңғолдың қан­ша сөзі орысқа сіңіпті? Бірде-бір сөзі жоқ деуге болады. Есесіне, қазақ сөзі қаншама! Махмұд Қашғаридың «Түрік сөздігіне» қарасақ, «үтік», «каптан» (қаптән), «штан» (іш­тән), «йоғұрт», «жир», «тауар» – бәрі тү­рік сөздері, оның ішінде қазақ тіліне жа­қын сөздер. Ал Олжас Сүлейменовтің дә­леліне құлақ ассақ, мұндай сөздер бір мың­нан асып кетеді. Сонда қалай бол­ғаны? Орыстарды бірнеше ғасыр бойы би­леген Шыңғысханның ұрпағы маңғол емес, қазақ болғаны емес пе?
Орыстың атақты ғалымы К.Кононов «Рус­ские фамилии туркского происхожде­ния» деген кітап жазды. Арғы-бергі орыс атақтысының көбі түрік текті екенін содан білдік. Бұл алып-қашты сөз емес, ғы­лыми куәлік қой. Осының бәрін білген адам өзі де ойланбай ма? Және де арап сая­хатшы Бабута Алтын Орданың ханы Әз Жәнібекке келгенде оның түрікше сөй­легенін жазып, түрік сөздерін тізбелеп көр­сетеді. Ал Алтын Орданы билеген Шың­ғысханның ұрпақтары екеніне кім күмән келтіреді? Оның үстіне қытайшадан Тілеуберді аударған «Жылнамалар жи­нағында» Рәшид әд-Дин ұйғыр, татар, мон­ғол қауымдары тек түріктер екенін ашық айтқан ғой.
«Төре» дегеннің өзі төрді меңзейтін қа­зақ сөзі. Төренің бәрі қазақта ғана. Осы­ның бәрі Шыңғысханның ата-тегін анық­тауға бізді жетелейтін жіп емес пе!
Шыңғысхан сөзінің «әрі биік, әрі те­рең» деген мағына беретін «шың-құз» де­ген сөзден өзгеруінің өзі-ақ, оның тегі қа­зақ екеніне меңземей ме? Осының бәрі бе­кер болса, онда тарихта Шыңғысханның бол­ғаны да бекер. Маған ең ауыр тиетіні – осыншама жерді қазаққа шегелеп беріп кет­кен Шыңғысханды өзімізден өзгеге қа­рай итеру.
Шыңғысханға қатысты мәселенің ең түйткіл жері – оның қайда жерленуі мен «маң­ғол» сөзінің пайда болуы. Ғылым оны да онша құпиялап отырған жоқ. Тілеу­берді екеуміз де Шыңғысхан бейіті Ала­ша ханның күмбезіне жерленген деп жо­рамалдадық.
Алайда, «Алтын топшы» (Алтын неме­се «Асыл топтама») кітәбінде Шың­ғыс­хан­ның сүйегін Онон бойындағы Дэли­гун-Болдагқа арбаға арғымақтарды же­гі­п алып келгені анық айтылады («Алтан топчи», Москва, «Наука», 1973, 241-бет). «Содан бері оның оралған мәңгі ру­хы хандар мен жайсаңдардың тірегіне айналды. Бүкіл халықтың қасиеттісі бол­ды», – деп жазылған онда (Сонда, 242-бет). Алайда, оның сүйегі Бұрқанда, Алтайда жерленіпті деген қауесеттің де бар екенін ескерте кетеді.
Егер «Алтын топшының» айтқанын негізге алсақ, онда Шыңғысхан өзінің туған жері Теліген Бөлтақтың (Қос Бөлек таудың) маңайына әкеліп жерленген болып шығады.
«Шыңғыс қағанның қузауыры» 1240 жы­лы жазылып біткен. Ал Шыңғысхан 1227 жылы қайтыс болған. Соған қара­мас­тан, онда Шыңғысханның қайда жер­лен­гені белгісіз деп жазылған. Бұл – се­нім­сіз жағдай. Өйткені, өлгеніне 13-ақ жыл өтпей жатып хан түгіл қарашаның да қайда жерленгені ұмытылып қалуы мүм­кін емес. Бұл, сөз жоқ, бұрмаланған мә­селе. «Алтын топшы» қолжазбасы тек 1926 жылы ғана табылған. Сондықтан бұл қолжазбада Шыңғысханның қайда жер­ленгені бұрмаланбаған. Оны бұрмалау­шы­лар әлдеқашан өліп қалған. Сон­дықтан бұл қолжазбадағы мәліметке сен­­генді жөн санаймын. Бұрын Шың­ғыс­хан кезінде Көксу бойындағы Лабастан Қорғасқа дейін созылып жатқан тау жалпылай Бұрқан аталған. Қос Қотырқай тауы­ның оңтүстік жақ іргесінде арасы 60-70 қадам екі үлкен оба тұр. Төңірегінде өз­ге оба да, бейіт те жоқ. Қарсы бетінде ға­на ұсақ обалар бар. Бұл екі оба неге оқ­шау тұр? Өйткені, ол, меніңше, Шың­ғыс­хан­ның әке-шешесі Есукей мен Өлең жер­­ленген обалар. Олар өз атамекенінде жер­­ленбегенде қайда жерленеді? Ал Шың­ғыс­ханның бейіті қайда?
Әуелі Шыңғысханның Жошы қасына жер­ленуі мүмкін емесін айта кеткен жөн. Ол үшін балаларын жинап алып, Шың­ғыс­ханның оларға үлес беріп, өсиет айт­қан кезін еске алайық. Әңгіме Жошыға кел­генде, «ол – меркіттің тұқымы» деген­ді көлденең тартып, балалары әке көзінше әдепсіздік жасайды ғой. Сөйтіп отырған балалары өлген әкесін Жошының қасына қалайша апарып жерлей қойсын-ау? Сон­дықтан «Алтын топшының» жазға­нын шындық деп қабылдағанымыз орынды.
Есукей мен Өлең жерленген деп отыр­ған қос обаның қасында қаған жерленді дей­тіндей көрнекті оба жоқ. Бұрқан тау мен Қорғас бойындағы обалардың да ай­рықша ештемесі жоқ. Тек…
Тарихи жазбаларда Шыңғысханның ар­ғы ата-бабалары Қарақорым деген жерде болғаны жазылады. Жергілікті қарттар ертеде Матай тауы мен Қарашоқыны қо­сып Қарақорым депті дегенді айтады. Оны мына оқиға да құптайды. Енші бө­ліс­кен­де екі ағасы кішісіне енші бермей қуып жібереді. Ол Ононның бойында Қол­қан деген жерде құс аулап күн көреді. Қол­қаны Қалқан болу керек. Ол Матай та­уы мен Бесшатырдың қарсысында, Ай­ғайқұмның шығысында Мыңбұлақ деген жер, құс аулауға кәзір де қолайлы жер. Осы­лай десек, Қарақорым Шың­ғыс­хан­ның әу бастағы атамекені болып шығады. Ма­тай тауы Алтынемелмен ұштасып жа­тыр. Ал Алтынемелдiң шығысында Шың­ғыс сай деген сай жатыр. Ол сайдың ау­зын­да Нұрғали Нүсіпжановтың туған ауы­лы Доланалы жатыр. Сайды жұрт бе­керден-бекер солай атай ма?
Сарыөзектің шығысында, Қаспан деген ауыл­дың шығыс жақ іргесінде, Матай тауы­ның қарсысында, солтүс­ті­гін­дегі Ша­ған тауына арқасын сүйеп үл­кен бір оба жатыр. Үлкендігі Қос Қотыр­қай тауы­ның іргесіндегі екі обадан да дәу. Дәл осы оба Шыңғысхан жерленген оба болу керек. Өйткені, Шыңғысхан құпия жерленбеген. Құпия жерленетіндей ол бандит емес, қаған. Оның жерлеуіне жер-жерден, тұс-тұстан ел басшылары мен ел сыйлылары келген. Қос Қотырқайдың маңында он­дай дүйім елді сыйғызатындай кең жа­зық жоқ. Ал Жекетау – шағанның оңтүс­тігі Матай тауына дейін созылып жатқан жазық. Оны ел Қоянкөз жазығы дейді. Меніңше, осы үлкен оба – Шың­ғыс­хан жай тапқан жер. Кінәмізді құдай кешірсін, ол обаның үстіне мәшинемен де, жаяу да та­лай шықтық. Білместік жасадық. Ба­бамыздың бейітін басып жүрміз деп ой­ламадық. Бұл жорамалдың анық-қанығын енді тек археологиялық қазба мен ДНК-ны тексеру ғана толық шешеді.
Ал енді «маңғол» сөзінің түп-төркіні «мәң­гі ел» деген сөзден өзгерген деген Ха­сен Қожахметов ініміздің пікіріне мен то­лық қосылам. Себебі, қазақ үндестік заңы бойынша «мәңгі ел» дегенді «мәң­гел» деп айтады. Балаларына үлес бергенде, Шыңғысхан кенжесі Толыға өз ордасын және оның шығыс жағын берген. Мәң­гел­ге ие болған Толының иелігіне кәзіргі Моңғолия да енген. Бұдда іліміне елік­те­ген Толы ақырында өз дінін де, өз тірші­лі­гін де толық пұтқа бағындырып, соларға сіңіп кетеді. Оны «Алтын топшы» анық жа­зады. Сөйтіп «мәңгел» «маңғол» деген өз­геріспен Толы билеген елде қалып қой­ған.
Қазақ жері, кейбіреу айтып жүргендей, Жошы құрған жер емес, Шыңғысханның өзі құрған жер. Ол тек ол жерді үлкен ұлы Жо­шының басқаруына берген. Жошы Шың­ғысханнан бұрын өлді. Ол – тек әке тап­сырмасын орындаушы. Тарихқа әділ­дікпен келсек, бүгінгі жер-суға ие болып отыр­ға­нымыз – Шыңғысхан қызметінің жемісі.
Шыңғысханның туып-өскен жері кейін Моғолстан атанғанын Рәшид әд-Дин де, Қадырғали Жалайыр да жазады. «Мәң­гел» сөзін қазақтан өзгелері түсіне қой­маған. Ал «ң» дыбысын айта алмайтын парсылар оны «моғол» деген. Осыдан барып Моғолстан сөзі тарап кеткен. Сон­дықтан тарихи негізге қарасақ, «маңғол» сөзі мен «моғол» сөзінің ортақ төркіні «мәң­гел» болып шығады.
Мұның бәрі – «ұят мәселе» емес, із­деніс мәселесі. Ізденуді ұят санаған адам өзі ұятқа қалады.
Бексұлтан Нұржекеұлы
жазушы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері
«Қазақ әдебиеті» газеті 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста