Шөңірек батыр кім?

XVIII-XIX ғасырларда Сырдың өн бойын Қоқан, Хиуа хандықтары билегені бәрімізге тарихтан белгілі. Осы Елді мекендерді билеп, одан алым-салық алып, оны орталыққа жіберіп тұруы үшін қорған, бекіністер салып, әскер жасақтарын ұстағаны.

Сырдың Ақмешіт қамалынан төменгі ағысында орналасқан Қа­­ра­өзек дария бойын ме­кен еткен кешегі Жоңғар шапқын­шылығынан тоз-тоз болып, ту­ған жерінен бе­зіп осында бас сау­ғалап келген ха­лықтар Қоқан бектерінің озбыр әкім­дерінің қор­лығына қарсы бас көтеруге ша­масы жоқ, төзбеске ама­лы тағы жоқ еді. Сыр бойы та­рихшылары осы өңіріміздегі Қо­қан бектерінің билігінен көрген қор­лықты, елдің күйзелісін, сол би­лік кезіндегі жер-су аттарының өзгеріске ұшы­рауын талдап-зерде­легені аз деу­ге болады. Себебі, сол Қоқан бек­терінің әкім-қаралары тұ­рып жайлаған мекендер, солар­ға бай­ланысты жер атаулары ел ау­ғанда бір-екі мәліметтер бол­маса, бүгінгі ұрпақ мардымды сол кезең туралы біле білмейді.

Бүгіндері ұмытыла бастаған Ас­қар Тоқмағанбетов атындағы ша­руашылықтың құрамына ене­тін Қарабауыр, Маймақ атты жер атауы бар. Ол Сырдария өзенінің оң жақ бетінде «Әйтек» су жүйесінің тө­менгі жағы теміржол бойындағы №8 аялдамасының тұ­­сында тегіс жазықтықты бұ­рын­ғы Партияның XVIII съезі атындағы кеңшар сол жерге егін егіп, малына жайлы жайылымдық еткен. Көнекөз, құй­ма­құлақ зер­делі қариялар бұл жер­дің Маймақ аталуы сонау Қоқан бектерінің осы елді билеп тұрған кезінен бері екенін айтады.

Қазақ халқы ат қоюға шебер. «Маймақ» аталуына себепші бол­ған, ел мүддесі мен бостандығы үшін Қоқан бектерімен жеке дара, өзі өле-өлгенше күрескен, елінің құр­метіне бөленген Қарақойлы руынан Бойтаұлы Шөңірек еді. Ол күшіне ақылы сай, қапсағай денелі, шалт қимылды, жауына атойлап, шапқанда аузында боқ­тық сөзі, до­лы мінезімен қар­сыласының мы­сын басып тұрады екен.

Шөңірек негізінен Қоқан бек­те­рінің ел ішіндегі әділетсіз билі­гіне, шамадан тыс алым-са­лығына, халыққа көрсеткен зор­лық-зомбы­лығына қарсы тұрып, олардың ел билеудегі әрекетіне қолынан кел­­­генінше нұқсан кел­тірумен бо­ла­ды.

Бек қызметшілері Шөңіректің бұл әрекетіне төзе алмай, оның кө­зін жоюды көздейді. Бірақ ба­тыр бек сарбаздарымен бетпе-бет шайқасқа бармай, беймезгіл, то­сын­нан қауіп төндірумен болады.

Кектенген бек әкімдері оған қарсы ел ішіндегі өз ағайын­дары­ның ішіндегі жеке басының қамы үшін, неден болса да тайынбайтын атқа мінерлерді жұмсап қолға түсіріп беруді тапсырады.

Билік айтса шұлғи іске кірісе­тін бірнеше атқамінер, батырдың өз ағайындары, ретін тауып, аң­ғал батырды алдап қолға түсіріп, Бек қызметшілерінен сүйінші сұ­рап, алып кетуін өтініп, хабаршы жі­береді. Тұтқындағы Шөңірек ба­тырды Ақмешіт қорғанынан Бек­тердің атақты Маймақ атты батыры келіп, тұтқынды жеке атқа аяқ-қолын байлап-матап Зортөбеден Ақ­­мешіт қорғанына қарай алып шығады. Зортөбе кезінде үл­кен ел­ді мекен, бүгінгі Асқар ауыл­ы­ның Қараөзек дариясының ма­ңын­да ор­наласқан.

Ол кез дарияның шалқып ағып жатқан кезі. Айнала үлкен-үл­кен көлдер болғандықтан, биік ар­қаштардың үстімен қуалай жүрген аттылардың іштей ойлап келе жатқан өз ой-арманы бар. Бірі тұт­қынды аман-есен тапсыру, атақ-абыройға кенелу болса, тұт­қынның бар ойы осыдан қалай аман-есен құтылу.

Аяқ-қолы байлаулы батырға не­ше түрлі ойлар келіп, құтылу жо­лында небір амал-айла ойластыра отырып, осы күйге тұсірген өз ағай­ындарына деген реніш-күйі­ні­шін мына бір шумақпен өрген екен.

Сәрсенбі-сәтті күні міндім атқа,

Тілдіріп күдеріден қылдым тартпа.

Аузынан бірлігі кеткен ағайын-ай,

Жем қылдың аузы түкті қара сартқа.

Сонымен бірі тұтқын, бірі еркіндікте екі батыр жол үстінде ара-тұра сөйлесіп келе жатып, жо­ғарыда атап өткен Маймақ деген жерге келген кезде Шөңірек батыр Маймаққа тіл қатып, «Ей батыр, дәрет сындыруға мұрсат бер?» деп өтініш жасайды.

Ол да «Қолы байлаулы, не қор­қыныш бар» деген оймен атының басын тежеп, тұтқынның бір-бірі­не матаулы екі аяғын шешіп, бола бергенде желке тұсы ашылып, оң­тай­лы сәті келгенде желкеден тістей Маймақпен бірге жерге құлай береді. Батырға да жан керек желкеден қадалған өткір қаруды тістен босануға, ал тұтқын қалай да осы жерден айырылмауға күш салып, екеуі де жан алысып, жан берісіп қан­ша уақыт өткенін кім біл­сін, қан­сыраған Маймақ ақыры құ­лайды.

Осылайша тұтқыннан босан­ған Шөңірек байлаулы қолын бо­сатып, өзі мінген атты жетекке, Маймақтың қаруын алып, атын мініп, Сырдарияның арғы бетіне мал­тып шығыпты. Бұл елде ен­ді қалудың қауіптілігіне көзі жет­кен соң шамалы уақыт дария бой­ындағы қалың қамысты па­на­лай, елден астыртын ха­бар біліпті. Елде Маймақты Шө­ңі­рек өлтіріп кетіпті деген ха­бар елді дүрліктіргенін, өзі­нің жанашырларының бұл іске қуа­нып, опасыздық танытқандар үрей­леніп жатқанының хаба­рын естіген соң сол бетімен Қа­ра­қалпақ елі қайдасың деп бас сау­ғалап кетуге мәжбүр болады. Бірнеше жыл­дар бойы сол елде бой тасалай жүріп, ел халқының егін салып, бау-бақшамен айна­лыс­қанын кө­ріп, суару жүйесімен таныса жү­ріп, ойына тоқи да жүреді. Ел іші тыныштала бас­таса, елге барсам, мен де ел игі­лігі үшін еңбек ет­сем деген ой түйеді. Ал бек қыз­метшілеріне өз батырларынан бір тұтқыннан екінші айырылуы олар­ға қатты соққы болса керек.

Содан бері қанша уақыт өт­се де, осы жер атауы сонау Май­мақ­тың өліміне байланысты аталып кетіпті.

Сонымен бірге осы маңда Қа­ра­бауыр деген жер атауы аталады. Неліктен Қарабауыр аталғаны бел­гісіз, содан болса керек ел-хал­­қы бұл жерді «Қарабайыр Май­­мақ» деп осы сөзді қосып бір­ге айтып келеді.

Ал, Бойтаұлы Шөңірек кім?

Шамамен 1837 жылы дүниеге келген, оның аталас ұрпақтарын тарқатсақ, Қарақойлы Байбол ата­лы­ғының төртінші ұлы Осанақтан – Жәдігер – Тастемір – Пірмән – Қаражан. Қаражаннан ұрпақ жоқ. Тастемірден – Бойта – Әйнеке. Әй­некеден – Ұзақбай – Сәрсенбай – Бейсенбай – Дүйсенбай. Шөңі­ректен – Алпысбай, Жетпісбай. Жетпісбайдан ұрпақ жоқ. Алпыс­байдан-Әбді, Баршақыз, Әбдіден-Маржан. Баршақыздан-Дос­жанов Медетбай. Ол аудан көлемінде 40 жыл есеп саласында еңбек еткен. Ал, Пірмәннан – Кенбай – Алдаберген. Алдабергенен – Нұрмахан, Жармахан, Ермахан.Нұрмаханнан – Сәділ, Бақтыбай.Сәділ аудандық әскери комис­са­риатта есеп бөлімінде өмірінің соңына дейін еңбек еткен.Жарма­ханнан-Алтынбай, Бұқарбай. Ал­тынбай он саусағынан өнер тамған шебер, әрі мал шаруашылығын жетік меңгерген. Небір асау мал­дарды аяғының кемтарлығына қа­рамай бір өзі жығып, байлап-ма­тап жүре беретін. Қамшының 32 өріміне дейін өретін өрімші, әрі ер қосу өнерінің шебері болды. Бұ­харбай ұзақ жалдар бойы байланыс саласында еңбек еткен. Ермаханнан – Әубәкір, Сыздық, Омар, Асан. Әубәкір – есеп бө­лімінде, Сыздық – шаруашылық, Омар – мәдениетсаласында еңбек етсе, Асан – ағарту саласында ұзақ жылдар бойы еңбек еткен.

Біз жоғарыда Шөңірек ба­тыр­­дың Қарақалпақ еліне бой та­салай кеткенін баяндаған едік. Ол бірнеше жылдан кейін ел іші тиыш­тала бастағанда елге оралады.

Шөңірек өмірінің соңғы жыл­дарын саяқ өткізген.

Ағайындарынан сатқындығы үшін көңілі қалған Шөңірек өзін олардан жырақ ұстап жеке қыстау, жалғыз жарым өмір сүрген. Сон­дықтан болса керек тұрмысы өте жұпыны, кедейшіліктің зардабын көрген. Ол кісінің бейітін ешкім бел­гі­лемегендіктен, нақты қабірі­нің орны белгісіздігі.

Егіншілікті кәсіп еткені жайлы аудан, облыс көлемінде танымал ақын Сейтмұрат Ембергенов ақ­са­қалдың 2004 жылы жарыққа шық­қан «Тағылым» атты кітабында «Батырлар бірін-бірі бағалай біл­ген» деген бөлімінде ел қорға­ны­шы бола білген Бұқарбай ба­­тыр мен Шөңірек батырдың сый­­лас­тығы былай сипатталады.

Бірде Бұқарбай бастаған топ­пен Шөңірек Зортөбенің маңында ай­сыз қараңғы түнде кездесіп қал­­са керек. Кім екендіктеріне мән бермеген, бір-біріне атайлап ша­бы­сып, Шөңірек қарсы топтың әл­денеше жігітін аттан түсіріп, ығыс­тыра бастағанын Бұқарбай ұран­дап алға ұмтылғанда Шөңі­рек те Бұқарбай дауысын танып, аттан түсе «Уа, Бұқарбай аға сіз бе едіңіз, мен Қарақойлы Шө­ңі­рекпін» десе керек. Екеуі де ат­тан түсіп,төс түйістіріпті.

Сырттай таныс болғанымен, Бұ­қарбайды арнайы ауылына әке­ліп, қонақ етіп, ауылының ты­ныс-тіршілігімен таныстырады. Шө­­ңіректің балық аулап, егін са­лып, отырықшыланудың көшпен­ді­лік­тен көш ілгері екенін Бұқар­бай кө­ріп сонда егіншіліктің қыр-сы­рын үйретуге ауылына ша­қырған.

Жалағаш ауылындағы осы күн­гі Бұқарбай арығын қосу жұ­мысы осы Шөңіректің көмегі ар­қа­сында іске асқан. Бұл 1865 жылдар ша­масы болар. Шө­ңі­ректің қайтыс бол­ғанын Бұқарбай кеш естіп, асына өзі 18 үй тіктіріп, өткізіпті. Осахан Әбдіреев өз естелігінде екі батырдың достығы мен сый­ластығын осылай көрсет­кен екен.

Осы дерек батырдың Қарақал­пақ еліндегі ағайындардан үйре­ніп келген егіншілік дәстүрлі мә­де­ниетін осы өзіміздегі Сыр бой­ын­дағы ағайындарға жеткізген деу­ге болады. Шөңірек батыр бір­де қоқандықтармен шайқаста алған ауыр жарақатынан ұзақ уақыт азап көріп, көз жұмса керек. Батыр сүйегі Асқар ауылының маңында Ошағанды көлі деген жердегі бейіт­те деген дерек бар.

Шөңірек батырдың өзі тұтын­ған қазақ шеберлері жасаған қы­лышы Тереңөзек қыстағының тұр­­ғыны Әбіласан Ембергеновтің ша­ңырағынан табылды. Ол қы­лыш­ты қандай жолмен тапқаны белгісіз. Еліміздің белгілі заң­гері, Әділет ми­нистрі болған, Шөңіректің жа­қын туысы болып келетін Бекайдар Жүсіповке бұл қылышты өзі ұс­тауы­на зама­ны кедергі келтірген болуы мүм­кін. Емберген ағасына аманат­қа беріп кетсе керек. Өт­кен жыл­дары Бекайдардың ұлы Болат Алматыдан елге бір кел­генде осы қылыштың хабарын ес­тіп, Ем­берген келінінен "әкем сіз­дерге ама­наттап кеткен сол ама­натты бе­­ріңіз, алып кетемін” де­ген-ді. Қы­лышты жергілікті ше­­берлер соқ­қан. Қыны сыр та­лынан тілініп, сыр­тын шикі көн­мен қаптап, қо­сылған жерін та­рамыспен тігіп бе­кіткен.

Бүгінгі күні өткенімізді сара­лай­тын дәрежеге жетіп отырған уақытта халқының бостандығы үшін күрескен батыр ұлдарын ұр­­пақ санасында қалдыру мақса­тында ескерткіш белгі қоюды қол­ға алса.

Жәнібек МАХАНБЕТОВ, Сырдария аудандық тарихи-өлкетану мұражайының ғылыми қызметкері.

www.syrboyi.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста