Шөмішбай Сариев қалың қазаққа мәңгілік азық болар мұра қалдырды

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шөмішбай Сариев 75 жасқа қараған шағында дүниеден озды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол жырсүйер қауымды арқалы поэзиясымен сусындатып қоймай, жүрекпен шырқалар әндерге сөз жазған бірегей ақындардың бірі болды. Ұрпаққа қалдырған мұрасы ұшан-теңіз. Ақынның қазасы қалың қазақтың қабырғасын қайыстырғаны рас.

Артына өлмейтұғын сөз қалдырған Шөмішбай Сариевтің дәм-тұзы таусылды. Маңдайына жазылған 75 жылдық ғұмырында ақын ұрпаққа, қалың қазаққа мәңгілік азық болар мұра қалдырды. Алғашқы өлеңі Арал теңізінің жағасында жазылған. Тырнақалды жинағы «Балдәурен» деп аталды. Оның шығармалары бірнеше томдыққа арқау болған. Бірақ халқы үшін таудай ақын өзін ұлылар санатына әсте қоспады.

Шөмішбай Сариев, ақын: - Өмірде ғұмыр кешіп, ағаларымызды, алдағы үлкен алып топтар - Әбділдә Тәжібаев, Қ.Бекхожин, С.Мәуленов, Жұбан Молдағалиев, Ғ.Қайырбеков, Т.Молдағалиев, Қ.Мырзалиев, С.Жиенбаев кілең Қытай камалындай тұрғындар тұрған кезде мен өзім кейде ойлаймын, сол кезде біз балалықпен ақын боламыз деп ұмтылған екенбіз деп.

Ғафу Қайырбеков Шөмішбай Сариевті «қос қанатты ақын» деп атаған. Поэзиясы өз алдына, оның сөзіне жазылған 500-ге тарта ән көпшілік аузында. «Айналдым сенен, Атамекен-ай», «Сәлем саған, туған ел», «Домбыра туралы баллада» әндері белді байқауларда жүлделі болды. Музыкада тіл жоқ. Ерекше өрнекті өлеңдері қазақтың ғана емес, әлем халқының жүрегін елжіретті. Отанға деген сүйіспеншілікті еселеді.

Шөмішбай Сариев, ақын:

- Ақордадан бастап шекараға дейін

Аспан жерді жалғаған екі араға дейін

Бұлт асқан ақиық тауларыма дейін

Кең көсілген даламның аумағына дейін

Менің мемлекетім

Шөмішбай Сариев халықаралық және мемлекеттік сыйлықтармен марапатталған. Ең бастысы, халықтың ықыласына бөленген бақытты ақын болды.

Мемлекет басшысы Шөмішбай Сариевтің қазасына байланысты көңіл айтты.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста