ШЕЖIРЕЛЕРДЕГI ШЫҢҒЫСХАН

Бізге жеткен қазақ шежіресінің ең көнесі – Қазыбек бек Тауасарұлының «Ата шежіресі». 1776 жылы жазылған. Шындығында, оны жазған Қазыбектің өзі емес, атасы Матай би. Матай – өз заманының озық ойлы, білімді адамы. Кербұлақ ауданындағы Шаған тауының оңтүстік қарсысындағы тау со кісінің атымен Матай тауы аталады. Ертеректе ол тауды Қарақорым дейді екен. Тау Іле өзенінің оң жағалауынан алысырақта, Бесшатыр обаларының солтүстік батысында.

Бұл шежіреде Шыңғысхан жалайыр тай­пасының Андас руынан таратылады. Шыңғыс деген сөздің «шың+құз» деген сөз­ден туғанын айтады. Шыңдай биік, құз­дай терең деген мағынамен қойылған ат. Қазіргі моңғолдар деп жүрген ел бұл сөз­дің мәнін өз тілінде тарата алмайды. Шың­ғысханның азан шақырып қойған аты бұл ше­жіреде Темір делінеді. Ол аса мақ­тал­майды да, датталмайды да. Қазақтың ке­зекті бір ханы есебінде ғана айтылады. 
Шежіреге жатпайтын, алайда, айтпай ке­туге болмайтын тағы бір оқиға бар. Жиырмасыншы ғасырдың бас кезінде Жеті­су жерінде жалайыр тайпасының Бай­шегір деген атасынан тарайтын Жәлменде баласы Пішән (Пышан) деген жас болыс болған. Өзі әнші, өзі сазгер, өзі палуан, өзі мерген, өзі ақын, өзі шешен, қысқасы, на­ғыз сері жігіт болған. Ол шығарған «Әшір­күл–Зей­неп» атты бір ән «Қыз Жібек» кино­фильмін­де Қа­дыр ағамыздың сөзімен айтылса, «Дү­ние шіркін» әні «Толағай» деген атпен айты­лып жүр. Басқа да біраз әні бар. Осындай сері жігіт ел аралап жүріп бір күні Андас ауы­лына нөкерлерімен келіп қа­лады. Той­дың үстінен түседі. Ештеңеден беті қай­тып көр­меген өр мінез жігіт өлең айтып отыр­­ған Әшіркүл мен Зейнеп атты қызбен айтыса кетеді. Қыза келе Пішән екі қыз­ға: 
Өнерім бір басыма мол жетеді, 
Бәрібір жастық шағың бір өтеді. 
Мырзасы Бәйшегірдің келгенінде, 
Көңілімді аулай салсаң нең кетеді? –
деп соғады. Сонда Әшіркүл мен Зейнеп Пішән­ді сөзден тосып: 
Біреуге жалынбаймыз, әзір тым біз, 
Атаңыз Бәйшегір де емес шың-құз.
Кебесің Пышанмын деп, біз қайтпекпіз, 
Бас ұрған барлық қазақ атам Шыңғыс, – 
деп жауап қайтарады. (Бұл деректер халық ақыны Оспан Тұяқбаев пен Балғабек Қы­дыр­бекұлының айтуы мен жазуынан бері­ліп отыр).
Тым дандайсып кеткенін түсіне қойған Пішән орнынан қарғып тұрып, екі қызға құлдық ұрады. Шыңғыстай атамыздың аты аталған жерде енді тоқтамағаным әбестік болар деп түйеді. 
Бұл дерекке қарасақ, Шыңғыстың «шың­-құз» екені де, жалайыр Андас екені де ол кезде ешкімге құпия болмаған.
Алайда, 1921 жылы 37 жасында Пі­шән­ді Кеңес өкіметі атып жіберді. Содан кейін: «Шыңғысхан бізден шыққан!» – деп мақ­танатын андастардың да, жалайырлардың да аузына құм құйылды. Пішәнмен қоса Шың­­ғыс та ұмытыла бастады. «Пішәннің әнін айтшы!» – дегені үшін қанша адамның тұт­қын­далып кеткенін есепке алған адам жоқ. 
Әйткенмен Пішәнді ұмыта жаздаған қа­зақ Шыңғысты ұмыта қойған жоқ. Ол ту­ралы Сәкен Сейфуллин «Қазақ тарихынан қысқаша мағлұмат» деген мақаласын­да былай дейді: «Шыңғысханның тума аты Темушін (Теміршін) екен... Менің ойымша, «темір-шың» деген сөзден бұзып алып жүр­ген есім деуге туралау келеді...». 
1206 жылы Теміршыңның ру бастық­та­рын шақырып құрған үлкен жиылысында (құрылтайында) жиылып отырған топқа шығып, сөз сөйлеп: «Теміршың хан енді кіш­кене хан емес, бұл енді – ұлы, биік хан бол­ды. Көктегі тәңірдің әмірі бойынша, мұ­ның есімі енді «шың-құзхан» болсын!» деп жар қылған». (Көп томдық. 7 том, 12-13-бет). 
Қазақ тілін түсінбейтін ханға қазақша есім береді дегенге өзге сенсе де, өз басым сенбеймін.
Ал Мағжан былай жырлайды: 
Тумайды адамзатта Шыңғыстай ер,
Данышпан, тұңғиық ой, болат жігер. 
Шыңғыстай данышпанның құп аты да, 
Адамның жүрегіне жігер берер.
Бұл, сөз жоқ, қазақ ақынының қазақ ханына деген сүйсінісі. 
1946 жылы қайтыс болған Қазанғап Бай­болов деген ақын өткен. Ол «Еңсегей бойлы Ер есім» атты дастан жазған. Сонда ол Есім ханның ата-бабасы Шыңғысханның Іле өңірінде өмір сүргенін ап-анық айтады. 
Мұның бәрі нені көрсетеді? Шың­ғыс­хан­ның қазақ екенін, қазақ шежірелерінің ежел­ден-ақ айтып келе жатқанын көр­сетеді. Бірақ Шыңғысхан туралы жазылған бір­де-бір кітапта оның Андас алты атасы айтылмайды. Бұны қалай түсінуге болады? Меніңше, мұны былай түсінген дұрыс. 
Бақталас Жамұқа мен Теміршыңның (мен осы ат оның шын аты деп ойлаймын) екі рет анда болғанын барлық дереккөз мойын­дайды. Екеуінің ағайын адамдар еке­нін де құптайды. Олай болса, сол екеуі­не бола екі жарылып келген бір ру Жа­мұқа­ны Шыңғыс өлтірген соң, Андалас не­месе Андас руы болып біріккен болуы керек. Және бұл сөздің жасалу заңдылығы сол өңірдегі Текес, Күнес, Қорғас, Арқас, Лабас (екеу), Талас деген жер-су аттарының жасалу ретімен сайма-сай келеді. Мұндай шежіре моңғол атап жүрген елде мүлде жоқ.
Бізге Шыңғысханды зорлап қазақ ету­дің еш қажеті жоқ. Алайда, шын қазақты өті­рік моңғол етудің тарихи да қажеттігі ша­малы. Оның өтірігін өршітіп жүрген – сая­сат. 
Қазақта сақталған ең көне күйдің бірі – «Ақсақ құлан – Жошы хан». Аңыз бойынша, Жошының өлімін Шыңғысханға осы күймен естірткен. Шыңғысхан кәзіргі моңғол жұртынан болса, ол домбыраның үні­нен естіртуді қалай түсінген? Рубрук та жа­зады, Шыңғысханның ордасын­да­ғы­лар­дың екі ішекті гитара тартқанын. Ол домбыра емегенде, не?
Қазақта: «Қобыланды батыр» жырын біл­мейтін, естімейтін ешкім жоқ шығар. Қо­быланды Қазанға аттанғанда оған Қият­тан шыққан Қараман батыр нөкерлерімен қосылады. Сонда деймін-ау, Қияттан шық­қан Қараман қазақ болғанда, Қияттан та­­­райтын Шыңғысхан қалайша моңғол бо­лады?
Білетіндер қарақалпақ ішінде қият руы­ның қазір де бар екенін айтады. Қияттың тү­рік нәсіліне жататынын осының өзі де дә­лелдейді.
«Моңғолдың құпия шежіресі» деп жүр­ген кітәптің шын аты «Шыңғысханның қу­зауы­ры» екенін Тілеуберді Әбенайұлы әб­ден дәлелдеді. Оның дұрыс екеніне мен де көз жеткіздім. Өйткені, 1973 жылы Мәс­кеудің «Наука» баспасынан шыққан «Алтан тобчи» («Алтын топтама» немесе «Алтын жи­нақ») кітәбінің алғысөзінде «Моңғолдың құ­пия шежіресі» атты қолжазбаның ал­ғаш­қы кезде «Шыңғысханның қузауыры», яғни «Шыңғысханның түп-тұқияны» («Родословие Чингисхана») деп аталғанын ап-анық жа­зады. Демек, Тілеуберді оны дұрыс оқы­ған. Соған қарағанда «Моңғолдың құпия ше­жіресі» деп жүрген кітәбіміздің өзі қа­зақ шежіресі екеніне көз жеткіземіз. «Шың­ғысханның қузауыры» дегендегі ілік сеп­тігінің «-ның» жалғауы мен «-ы» деген тәуел­дік жалғауы-ақ бұл сөздің көне қа­зақ­тікі екенін айғақтап тұрған жоқ па?
Әйгілі әрі тұңғыш қытайтанушы Бичу­рин­нің шежіре әдісімен жазылған «История первых четырех ханов из дома Чинчисова» деген шығармасы бар («История мон­голов». Москва, 2010). Сонда Шың­ғыс­хан­ның арғы аталары болып келетін жеті-се­гіз баланы жалайырлардың қырып тас­тағанын жазады. Тек Қайду деген бір бала ға­на нағашысының ауылында аман қа­лады. Кейінгі ұрпақ сол Қайдудан тарайды. 
Қайдудан басқаларын қырып тастаған жа­лайырларды артынша жалайырдың ақ­са­қалдары жазаға тартып, бәрін Қайдудың бағынышты адамдары етуге үкім шығара­ды. Қайду Қарақол деген су бойын мекен­дей­ді.
Біріншіден, жалайырлардың өйту се­бебі не? Өйткені, жалайырлар қырып сал­ған балалар балалардың Алан Қуа деген сұлу әйелдің күйеусіз туған үш баланың біреуінен тарайды. Және тез арада өсіп-өніп көбейіп бара жатады. Онымен қоймай, билікке де қолдары жетеді. «Таза» жалайыр­лар «шата» жалайырларды көбеймей тұрып қырып тастамақ болған. 
Екіншіден, жалайырлар ежелден найман, керей, меркіт, қоңыраттармен аралас-қоралас отырған. Олар мекен еткен жердің кейін Мугулистан (Моғолстан) деп атал­ғанын Рәшид әд-Дин өзінің «Жылнамалар жинағында» жазған. Моғолстанды моңғол елі деп шатастырып жүрген – орыс аудармашылары мен Моғолстанның Жетісу еке­нін білмейтін тарихшылар. Сонда дей­мін-ау, Көксу – Қаратал бойын ежелден мекендеп келе жатқан жалайырлар Шың­ғысханның моңғол аталарын қырып салу үшін, сонау мұхит қасындағы Хэн-Тэй тауын мекендеп жатқан әрі пұтқа табынатын елге не үшін, не мақсатпен барады? Моң­ғолдарға кеткен жалайырлардың қандай кегі болуы мүмкін? Үшіншіден, Қайду ме­кен­деді деп Бичурин жазып отырған Қа­ра­қол суы күні бүгінге дейін сол атпен Ор­бұлақ өңірінің оңтүстігінде аман-есен ағып жатыр. Жалайырдың негізінен Андас руы мекен етіп келе жатқан Шұбар ауылынан, Аралтөбе жерінен, Көксу өзенінің батысқа бұрылатын тұсынан бар-жоғы 10–15 ша­қы­рым ғана жерде. 
Осының бәрі бізді дұрыс ойға жетектемесе, онда біздің білім қуып, тарих іздеп не­міз бар? Ағылшын келіп немесе қытай мен орыс келіп шындығымызды тауып бе­ре ме? Өз тарихына өзі ие бола алмай отыр­ған елді өзге ел сыйлар ма екен? Жә­не картадан Қазақстанның қайда екенін зор­ға іздеп табатын шетел ғалымдары Шың­ғысхан туып-өскен Бұрқан, Түрген, Шұ­бар, Аралтөбе мекендерінің қайда еке­нін қайдан біле қойсын.
Украина тарихшысы В.Белинский: «Шың­­ғысхан ешқандай моңғол емес, түрік. Оның ішінде қазақ. Оның дұрыс аты – Теміршың», – деп интернетке таратты. Ал біз әлі бір-бірімізге көз бақырайтып отыр­мыз. Өйткені, біздің зиялы қауым, оның ішінде тарихшылар тарихқа сүлесоқ. Яғни пат­риоттық сезімі барда-жоқ. Себебі, білу­ге құлшыныс жоқ. Анау жоқ, мынау жоқтан өз-өзінен «бар» пайда болмайды. Тари­хы­мыз­ды тездетіп бүтіндей алмасақ, сая­сат­тың сыпыра өтірігіне тағы құлаймыз. Содан құ­дай сақтасын!
Рәшид әд-Диннің «Жылнамасында» Шың­ғысхан тұсындағы тайпалар түгел ата­лып, оның әрбіріне тарихи сипаттама бе­ріл­ген. Оның жалайырдан басталуы да бе­кер емес. Оның ішінде «моңғол» деген тай­па, не ру мүлдем жоқ. Болуы мүмкін де емес. Өйткені, бұл сөз рудың да, тайпаның да аты емес, Шыңғысхан құрған мем­ле­кет­тің аты. Хасен Қожахмет ініміздің бұл атау «Мәңгі ел» (айтылуы – мәңгел) деген сөз­ден туындады дегеніне мен де толық қо­сы­ламын. Парсы тілін жетік білетін Жеменей бауырымыз парсылардың «ң» дыбысын ай­та алмайтынын растады. Демек, «-ң»-ды, «-ә»-ні айта алмайтын ел ол атауды «могол» демегенде, не дейді? Моголстан атауы осылай пайда болған деп топшылауға әб­ден болады. Сонда біздің кәзіргі күнде моң­ғол, моғол деп екі түрлі атап жүрген сө­­­зіміздің түп төркіні бір ғана Мәңгі ел (Мәңгел – Мәгел) сөзі болуы шындық сияқ­танады. «Р»-ды айта алмайтын қытайлар Темір­шыңды Темучин деп, «ң»-ды айта алмайтын парсылар «Мәңгелді» Моғыл деп, соның ортасында өз сөзімізді өзіміз өңкей бұрмалаудан тани алмай келеміз. 
Рәшид әд-Динннің «Жылнамалар жи­нағын» оқысақ, Шыңғысхан бойында өмір сүрген Онон өзені шығыстан, Керулен өзе­ні екі таудың ортасынан ағады деп жазыл­ған. Және Бұрқан тауы Онон өзені бастау алатын тұста делінген. Тілеуберді де, мен де Онон өзенін Іле деп ұғамыз. Себебі, ол Шығыстан ағады. Түрікше аты Өнән болуы мүмкін, яғни нән өзен болуы мүмкін. Ол өзеннің бас жағында Нараты жотасы бар екені айтылады. Ол жотаның Қытай жерін­де екені картада анық көрсетілген. Ал Керөлең өзенінің Көксу-Қаратал екеніне менің еш күмәнім жоқ. Басы екі таудың ор­тасынан, Орбұлақтың шығыс тұсынан Салқам Жәңгір бейітінің дәл қасынан бас­тау алады. Бұл арадағы барлық су Ілеге қарай ағады да, тек осы өзен кері ағады. Сондықтан Керөлең атанған. 
Картаға қараған адам Моңғолиядағы Онын мен Хэрлін өзенінің екеуі де оңтүс­тік­тен солтүстікке қарай ағып жатқанын кө­реді. Хэрлінді Керулен, Онынды Онон деп қанша бұрмаласаң да Хэнтейді Бұрқан деп зорласаң да бұлардың еш шындыққа жанаспайтынын Рәшид әд-Дин жылнамасы айғақтап тұр. Демек, қазақ шежіресі мен Рә­шид әд-Дин жылнамасы бір-бірін құп­тайды.

Бексұлтан НҰРЖЕКЕ-ҰЛЫ, ҚР еңбек сіңірген қайраткер

writers.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста