Қазақтың көне ойындарының мәні туралы не білеміз?

Кең сахараны мекен еткен еркін халықтың күнделікті тұрмысында ойын-сауықтың түрі көп болған. Әрбір ойынның шығу негізінде ұлтымыздың дүниетанымы, тарихы жатыр.

Себепсіз ештеңе пайда болмайтындығына ойындардың шығып-қалыптасуы айқын мысал бола алады. Яғни, әрбір ойынның шығу тегінде өмірлік қажеттілік жатыр. Адамзат баласы ойын арқылы бойдағы күш-қуатқа жұмсалатын энергияны кенеттен туындауы мүмкін қауіп-қатерден сақтануға, қапия жағдайлардың алдын алуға пайдаланған. Бұған бір мысал келтірелік. Бала кезімізде ұлы қариялардың жау айбындырған айтулы ерлер туралы әңгімелерін көп естуші едік. Сондағы әңгімелердің бірінің ұзын ырғасы мынадай:

Бірі – түбіт мұрты жаңа тебіндеп келе жатқан жас жігіт, екіншісі – елге қажыр-қайратымен танылған айтулы сақа азамат, өзенді бойлап жол жүріп келе жатады. Алдарында ел тонап дәніккен қарақшылар ұясы болған қатерлі өткел бар екен. «Тәуекел» деп өзеннен өте бергенде бір топ қарақшы тап береді. Сақа жігіт күні бұрын: «Егерде алдымыздан қарақшылар шықса, сен оң жаққа жалт бұрылып, анау бұйратқа қарай қаша бер. Атың жүйрік қой, ұстатпассың», – дейді.

– Сіз қайтпексіз? Топты қарақшының ортасына жалғыз тастап жүре бермекпін бе? Не көрсек те, бірге көрейік! – дейді.

– Маған алаңдама. Айтқанымды орында! – деп пысықтаған еді. Сөйтеді де, қойын-қоншына тас толтырып, айылын мықтап тартады. Айтқанындай, жас жігіт ұшқыр жүйрігіне қамшы басып ытырылып шыға береді.

Ал сақа жігіт болса өзеннің тастақ жиегіне таман көлденеңдейді. Қарақшылардың таяй бергенін тізеден ұрып аттан ұшырып түсіре береді. Шырқ айналып, аттың екі жағына кезек түсіп, тасы таусылғанда өзеннің малта тасын іліп алып атқылап, қарақшылардың тас-талқанын шығарады. Аттан құлағандарынан өзгесі кері айналып қашады.

Міне, осылайша, сойыл-шоқпарсыз, құрық-қамшысыз-ақ ниеті бұзық дұшпанның бетін қайтарған. Сақа жігіт қолданған әдістің негізінде қай ойынның элементі жатыр? Әрине, «Теңге ілудің». Мінеки, «Теңге ілу» ойынын ойнаудың түпкі негізінде – ат үстінде жүретін қазақтың кез келген қысылтаяң мезетте қауіп-қатерден қорғана білуге дайын болу мақсаты жатыр. Демек, теңге ілу – ептіліктің ғана емес, ерліктің ойыны.

Осы тұрғыда кейбір көне ұлттық ойындарға тоқталайық.

 

Ағаш аяқ

Ежелгі қазақ ойыны. Ауыл балалары ашалы қысқа, жуан ағаштарды аяқтарына тағып алып, бірін бірі қуалап немесе жарысып, тіпті итеріп жығуға тырысып ойнайтын болған. Ойынды жұппен немесе команда болып ойнауға болады. Дала циркі рөлін атқарған бұл ойынның жетілдірілген жалғасы – ұзын сырыққа мініп алып атпен жарысу, түйенің үстінен қарғу, қолға домбыра алып ән шырқау сияқты синкретті өнер болып саналады.

 

Ақсүйек

Қазақ халқының көне ойыны «Ақсүйекті» білмейтін адам жоқ шығар. Айлы түндерде ауылдың жастары ойнайтын бұл ойынға қой-ешкі сияқты ұсақ малдардың әбден қуарған жілік сүйегі пайдаланылады. Ақсүйек деп аталуының өзі де осында жатыр. Жаңадан мүжілген майлы сары жілік айлы түнде өп арасынан көрінбейді. Бітеу жілік сүйек граната немесе диск тәрізді, алысқа лақтыруға ыңғайлы болып келеді.

Ойыншылар топқа бөлініп, тобының атын белгілейді. Ойынға қатысушыларды теріс қаратып тұрғызы қойып, төреші лақтырған соң, іздеушілер лақтырған бағытқа рай лап беріп, тезірек тауып алуға кіріседі. Тауып алған ойыншы өз тобының атын атап, төрешіге қарай жүгіреді. Қарсы топтың ойыншылары сүйекті тартып алуға тырысады. «Таптым!», – деп айқайлаған ойыншының сүйегіне таласушылар тек қолға ғана жармасуы тиіс.

Бұл ойынның негізінде қатысушылардың бағдарлай білушілігі, дыбыс сезушілігі, көз жітілігі, жылдамдығы сынға түседі. Қазіргі күнгідей ғаламтор, әлеуметтік желілер, кешегі күнгідей кешкі би, кино жоқ уақытта әр ауыл жастарының айлы түнде өзара танысу-таныстыруы, табысып сырласуы да бозбалалар мен бойжеткендер, жасөспірім балалар қосылып ойнай беретін «Ақсүйек» ойынымен тамаша жымдасқан.

 

Асау көк

Қазақ халқы адамның барлық жүріс-тұрысына, өзін ұстау мәнеріне жете мән берген. Тіпті қонақ болу, қонақты күтудің де өзіндік қалыптасқан салты болады. Бұған әркім дайын болуы керек. Үйде қонған қонақ үй иелерінің сыйы-құрметін көрген соң, өзі де білген өнерін ортаға салуы керек. Ауыл адамдары «Ауылдың алты ауызын» айтып бергеннен кейін қонақтан «қонақкәде» жасауға қолқа салынады. Қонақ өнерлі болса, лайықты «қонақкәде» жасайды. Ал қонақтың «кәдесі» ойдағыдай болмаса, немесе мүлде өнері болмаса, адамның кіндік тұсына таяу биіктікте арқан-жіп құрып, қонақты ерсілі-қарсылы аттатып, «өнерін» тамашалайды. Қонақ «асау көкке» денесін тигізбеуі, ештеңеге сүйенбеуі керек. Бұл да болса, жауапкершілікке, көп алдында әжуаға қалмауға, өзінің сезім күйін игере білуге тәрбиелейді.

 

Бүркіт

Қазақтың ұлттық ойыны. Бұл ойын қазақ халқының саятшылық өнеріндегі басты орынға ие бүркіттің қимылына негізделген. Аласалау таққа, сандықшаға ойыншыны жүресінен отырғызып, тақтың шетінен екі қолмен тіретеді. Ойыншы құсша қомданып, алдында жатқан тақияны тісімен тістеп көтеріп алуы керек. Бұл адамның ептілігін сынайтын ойын. Денесін дұрыс иегермеген ойыншы тоңқалаң асып, мазаққа қалады.

 

Даусынан тану

Қазақтың ұлттық ойыны. Ойынға қатысушылардың бірінің көзін орамалмен таңады да, барлығы бірігіп әндетіп:

Секір-секір деген кім?

Білгіш болсаң таба ғой.

Тауып ал да өзің кел,

Сол орынға тұра ғой, – деседі. Осы кезде бір оқушы дараланып:

 

– Секір, секір! – деп қалады. Ойын жүргізуші ойыншыны бір айналдырады да, көзіндегі орауышты шешіп, жаңағы «секір-секірді» айтқан кім екенін табуды сұрайды. Табылса, айтқан бала айыпқа жығылып өнер көрсетеді. Таба алмаса, ойын ары қарай жалғасады. Бұл баланы жастайынан құймақұлақтыққа, зейінділкке, дыбыстарды ажырата білуге үйретуге арналған ойын.

 

Кагар (Қағар)

Бұл – қазақ халқының «бейсболы». Ойынға екі немесе одан көп адам қатыса алады. Ойын тегіс жазықтықта немесе жарты шеңбер сызылатын қабырғаның түбінде өтеді. Ойын барысында диаметрі 4 метр шамасындағы шеңбер сызылады. Аршын ұзындығындай таяқ пен бір тұтам таяқша қажет болады. Таяқшаның екі ұшы аздап үшкірленіп жонылған. Ұзын таяқты жеребелеп ұстау арқылы ойынды бастаушы анықталады. Ойынды бастаушы шеңбердің ішінде тұрып келісілген бағытқа қарай ұзын таяқпен таяқшаны қия лақтырып, әуелете ұрады. Ал өзге ойыншы немесе ойыншылар таяқшаны жерге түсірмей ұстап алуы керек. Ұстап алса, ойынды өзі бастау құқығына ие болады. Әрі белгіленген ұпай алады. Ал ұстай алмаса сол түскен жерде тұрып қарсылас шеңберді көздеп лақтырады. Тура көзге лақтыруға болмайды. Шеңбер ішіндегі ойыншы ұшып келе жатқан таяқшаны шеңберге түсірмей қағып жіберуі керек. Қағып жіберген таяқша түскен жерден бастап, таяқ ұстаған ойыншы таяқшаны жерден қия кертіп ұрады. Таяқшаның барып түскен жерінен шеңберге дейін таяқпен немесе адымдап өлшеп санайды. Бұл – ойынның ұпайы. Осылайша ойыншы шеңберде тұрып тағы да таяқшаны қиялай ұрып лақтырады. Қағар ойыны адамды жылдамдыққа, ептілікке, сан санауға, көз жітілігіне шыңдайды.

 

Табыс

Бұл – асықпен ойналатын ойын. Ойынға екіден төрт ойыншы қатыса алады. Ойыншылар бір-бірлеріне қарама қарсы, шеңбер жасап оытрады. Әрбір ойыншының қолында бес асық болады. Ең бірінші болып сан айтушы ойыншы асық иіру арқылы анықталады. Осыдан соң әр ойыншы асықтарын артына тығып отырып, өзгелерге байқатпастан жұдырығының ішіне тығып, қолын алға созады. Барлығы да осылай жасайды. Бірінші ойыншы өз асығына қоса алғанда, өзгелердің асығын қосып есептеп, бір санды айтады. Келесі ойыншы мұның атаған санын айтпайды. Өзінің болжамын айтады. Осылайша бәрі айтып боғлан соң, жұмылу жұдырық ашылып, алақандағы асық саналады. Дәл тапқан ойыншы ұтып алады. Осылайша, ұпайдан ұтылып «құржайлақ» қалғандар шыға береді.

 

Тобар

Бұл – қазақ «футболының» арғы тегі. Көктемгі малдың түлеген жүнінен жасалатын домалақ доп. Тығыздап басып, шандыған допты қағып, лақтырып, теуіп ойнайды. Командалық ойында расымен де қазіргі футболдың элементтері бар. Тобар атауы «тебер» деген сөзден шыққан болуы да мүмкін.

Асылбек Байтанұлы ҚР

Ақпарат саласының үздігі

Adebiportal.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста