Қазақтың бір бұтағы сунақ екен

Қазақтың бір бұтағы сунақ екен

Түпкі тегімізді тану және тарихымызды білу, оны кейін­гі ұрпаққа жеткізу – тек тарихшылардың, көне­көз қария­лардың және шежі­реші­лердің ғана парызы емес, ол сонымен бірге бүгінгі және кейінгі ұрпақтардың бәрінің міндеті. Ру тарихи – бабаларымыздың тарихы. Руы мен ата-тегін білу – ұлттық әдеп-ғұрыпты, ұлттық бауырмашылықты сақтау екенін түсінер уақыт жетті. Қазақ халқының тарихында күні бүгінге дейін шежіре төңірегінде нақты, шешімді зерттеу жоқтың қасы. Осы уақытқа дейін аталмыш тақырыпқа байланысты зерттелмеген күрделі кезеңдері баршылық. Шындығында, біздің қазақта тайға таңба басқандай анық шежіре де жоқ. 
1977 жылғы Қазақ Совет энциклопедиясында (10-том, 447-бет), 2006 жылғы Қазақстан Ұлттық энциклопедиясының (8-том, 78-бетте): «Шежіре деректерінде сунақты Орта және Кіші жүздің байырғы тайпаларымен, кейбіреулері қожалармен, Сунақ-Ата әулиемен (жергілікті халықтың ұғымы) байланыстырады», – деп анық көрсеткен.
Енді бір ғалымдардың пікірінше, «Сунақтар Орта жүздің найман тайпасына жататын Дүрмен-Барлас руының бір тармағы болып отыр». («Қазақ шежіресінде» «Атамұра», Алматы, 1994 ж. 100-ші бет).
Белгілі ғалым-зерттеуші Ә.Байбатшаның жазуынша Найман тайпасы ХІІ ғасырдың соңында, ХІІІ ғасырдың басында моңғол даласынан қазақ даласының Батыс бөлігіне қоныстанды. «Қазақ даласының ежелгі тарихы», Алматы, 2001 ж.).
Х ғасырда жазылған Әбілқасым-Туси Фердауси «Шахнамасында» өлең шумағы бар:
Сунақтың табыларсың қала­сынан,
Жай алып жатып, бір су саласынан.
Сунақ атауы ең бірінші рет 660 жылдары, осыдан он бес ғасыр бұрын кейбір діни әкімшілік құжаттарда, Х ғасырда жазылған Әбілқасым-Туси Фердаусидың «Шахнама» жырында келтірілген. Демек, сунақтардың ХІІ ғасырдың соңында, ХІІІ ғасырдың басында моңғол даласынан қазақ даласының Батыс бөлігіне қоныстанған найман тайпасына жатуы мүмкін емес.
Деректеріне сүйеніп жазған Ділдәбеков Бердібай «Ана тілі» газетінің (№8, 1992 жыл) «Ұржық (Қарашор) божбан ұрпақтары» шежіре кітабында.
«Қожа – олар әртүрлі халықтар­дан құралған. Негізгісі – қазақ арасына ислам дінін таратушы есебінде келген араб, ауған, парсы, тәжік, сарт (соғды) жұртының өкілдері.
Сунақ түбі – соғдылар (Сарттар)» – деп келтіреді.
Мұндай тарихы жете талданбаған, негізсіз деректердің (мақалалардың, еңбектердің) жарық көруі ел арасында белгілі бір дәрежеде өкпе-наз тудыратындығын ұмытпағанымыз абзал.
Қолыма қалам алуымның бас­ты себебі, осы аталған кітапта сунақтар жайында нақты тарихта қалдырылған деректерді бұрмаламай, сол қалпында беру оң болар еді. Сонымен тарихта сунақтардың шығу тегі былайша баяндалады:
VII ғасырда Батыс Арабстанда Мұхаммед (с.ғ.с.) соңғы және Алланың ең сүйікті пайғамбарының басшылығымен адамзаттың тарихында тұңғыш мұсылман мемлекеті – Халифат қалыптасты. Қуатты Араб халифатының құрылуына байланысты, олар өзге елдерге ислам дінін тарата бастайды. Мұсылман дінін алғаш мойындаған арабтар ислам дінін бейбіт жолмен жер-жерлерге, өңірлерге таратуды мықтап қолға алады. Олар Орта Азия мен Қазақстан жеріне, яғни жергілікті халықтар арасына алдын ала сауда керуендерімен бірге ислам дінін уағыздаушыларды жіберіп, халықтың сеніміне кіре бастаған.
Алғашқы үш халифтың басқару уақыттарында, Әбу Бәкір ас-Сыддық б.ж.б. 632-634 жж., Омар 634-644 жж., Осман 644-656 жж. Сунна жолдарының миссионерлерін күшейтіңкіреп, үдетіңкіреп жіберу мүмкіншіліктері болған.
VII ғасырдың бірінші жартысынан Сунаққорған регионына алғаш келген миссионерлер – суниттер болғандықтан, суннаны бөлектеп, Сунна-ақ деген сөзбен оның жолдарын таратуға тырысқан.
Сунна-ақ, арабша «әһлі Сунна», яғни «сунналық адамдар» кейін қазақша Сунаққа айналып кеткен. Өздерінің идеялық ұраны ретінде Құдай бір, Пайғамбар хақ, Суннақ-ақ деп жария­лап, көп құдайға табынушылардың арасында үгіт жұмысын жүргізген. Көшпелі дала халықтарын аралап, Құран мен Сунна жолдарын, шариғат заңдарын тарата бастаған. Дінмен қоса білім таратып, ғылымға даңғыл жол ашты. Мешіт тұрғызып, медреселер тұрғызып балаларды тәрбиеге баулып, оқытты. Ислам діні өнер мен білімнің де нұрын ала келді. Руханият, білім және ғылым орталықтары ашылды.
VII-VІІІ ғасырлардың өзінде-ақ Хорезм (Мауараннахр) мен Дешті Қыпшақтың оңтүстік жағы, Сейхун дариясының орта тұсында Ислам дінінің мәдени ошақтары орнай бастаған, білім шамшырағын жаққан. Сондықтан да бұл араларда Қарнақ, Сунақ тәрізді араб миссионерлерінің жаңа Дінкентері орнап қалған-ды деп баяндайды белгілі қаламгер Ілияс Есенберлин («Алтын орда». Тарихи трилогия. Бірінші кітап, Алматы, 1982 ж. 48-бет).
Тарих ғылымдарының докторы, профессор Сәйден Жолдасбайұлы бір топ ғалымдармен бірге «Сунақ Ата» мешіті атты ғылыми мақала жариялады. (Сунақ Ата мешіті. ХVII-ХІХ ғ.ғ «Қазақ тарихы» журналы, №5, 2006 ж.) Онда: «...Сыр бойының орта ағысындағы қалаларда ислам дінінің жаппай таралуы осы ХІV ғасырдан күшейе бастаған. Соның бір айғағы осы мешіт – сағана. Мешіттің қала сыртына салынуы қала ішінің тарлау болуы, сенушілердің көбеюін көрсетеді. Сырдарияның бойына арабтар VІІІ ғасырдың 30-40 жылдары келе бастайды...», делінген.
Зардыхан Қиянатұлы Сығанақ қаласы туралы мынадай мәлімет келтіреді: «...Қала 892 жылы түзілген «Худуд ал-Алам мин ал-Машрик ила-л-Магриб» («Шығыстан батысқа дейінгі әлем шекаралары») атты авторы белгісіз еңбекте «Сунах» атымен алғаш белгілі болды. Мұнда протоқазақтық Кимек мемлекетінің аймақтары мен қалалары туралы жазылған...». (Сығанақ алғашқы қазақ Мемлекеті – Ақ Орданың астанасы, «Отан тарихы», №3,2008).
Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамба­рымыздың ең жақын, ең сенімді серік­тері, төрт шариярынан, төрт Араб халифтарынан (Әбу Бәкір ас-Сыдық, Омар, Оспан, Әлиден) тарағандар ақ сүйектер болып саналған. (Әбу Бәкір ас-Сыдықтан тараған араб миссионерлері алғаш бір ұранмен келіп, бәрі бір адам болып саналған, бөлінбеген, бір ұранмен (Қожа Ахмет Яссауи )өмір сүрген.
1947 жылы қазақтың белгілі дүлділ ақыны Манап Көкенов 19 жастағы мырзашөлдік (Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай ауданы) Нәбира атты келіншекпен айтысында Қожа-Сунақтар жайында халық арасындағы нақты мағлұматтарды төмендегіше дәл айтады:
«...Былайынша жасы үлкен Сунақ атаң, сыйлаймын жақсының бір әулеті деп. Сунаққа қылует жайда орын береміз. Әбу Бәкір рухтың әулеті деп. Қожа-Сунақ деп ешкім ажыратпаған...».
Қазақстанның Халық ақыны Манап Көкеновтің «Ақынды аялайды туған халқы» атты республикалық «Мәдениет» (№4, 1992 ж.) газетінің тілшісіне берген сұхбатынан үзінді келтіріп өтелік:
«500 жыл бұрын Самарқанд, Қытай қағазына түсірілген Әбу Бәкір ас-Сыддыққа баратын Қожа-Сунақ шежіресі (Маснуый шәріп (ескілікті қазақ шежірелері жиынтығы бойынша жазылған кітап аты) «Төменарықта» тұратын Бибі Раба Сәмәдін немересінде сақталған. (Сәмәдін мырза (1858-1935) Сиық атаның ғұлама молласы). Шежірені Сәмәдін ағасы Құдайқұл қажы ұзақ жылдар бойы көзінің қарашығындай сақтап келген).
Ислам дінін таратушы миссионерлер, өз араларында жік пайда болып, дінді таратуды нашарлатпау мақсатымен, белгілі дін адамдарынан, қазіргі түсінік бойынша комиссия құрып, сол комиссияның рұқсаты бойынша VII ғасырда «Хасасіл Әмбия» атты ұлұғ кітап жазылған.
Бұл кітаптың жалғасы ретінде ХІІ ғасырда, екі томдық кітапты, он бір адамнан тұратын жаңа ғана айтылғандай комиссияның шешімімен, Һисамиддин (Сунақ-Ата) жазған. Екінші шежіре томында Әбу Бәкір ас-Сыдықтан тараған Һисамиддин (Сунақ-Ата) өз бұтағы жайында шежіре жазған», – деген еді.
 Хазреті Сұлтан Һисамиддин Сығанақидың (Сунақ-Ата), баласы Сүлеймен Мәулененің (Әбу Сүлеймен Али Қожа-Ата), парсы тілінде жазылған ата тек кестесі және шежіресі 2000 жылы Ташкенттегі «Әбу Райхан Әл Беруни» атындағы шығыстану (қолжазбалар) институтының «Кітап» қорынан табылған. (Аталған шежіре 1785-1885 жылдар аралығында бірнеше әмірлердің өз заманының ғұламалары мен лауазымды адамдары, имамдары мен мөр иеленушілердің кеңестерін есепке алып, әкім басшыларының қолдауымен қағазға түсірілген).
Ташкенттен табылған осынау асыл шежіренің маңызын жоғалтпай, артық ештеңе қоспай, қалай сақталып келсе, мүмкіндігінше солай жеткізуде және ақиқатына күмән келтіруден аулақ ғылыми негізде кейінгі ұрпаққа қалдырылған аса құнды еңбек, ғұлама-ғалымдарының қасиетті құжаты екендігі даусыз. Бұл тарихи шежіреде (Әбу Бәкір ас-Сыддықтың 16-шы ұрпағы имам Аллама (Ғұлама) Һисамиддин (Сунақ-Ата).
Әбу Бәкір ас-Сыдықтың руы – Тайм, Құрайш тайпасынан.
Мұсылмандар қауымының бірінші халифы.
Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамба­рымыздың әйелі Айшаның әкесі.
Айша бүкіл мұсылмандар халқының анасы саналған.
Һисамиддиннің (Сунақ-Ата) баласы Сүлеймен Мәулене (Абу
Сүлеймен Али Қожа-Али Қожа-Ата) ұрпақтары да шежіре хронологиясы бойынша дәл көрсетіліп берілген. Яғни, Һисамиддиннің (Сунақ-Ата) ата-тегі арабтың бірінші халифы Әбу Бәкір ас-Сыддықтан тарайтындығына, сол ғасырлардағы дін басшылары, муфтилері мен билік иелері мөр басып куәландырған. Аталған шежіре халық қолындағы Сунақтар шежірелерінен және бас­падан шыққан шежірелерден онша алшақ емес. Демек, Сунақтар – Һисамиддин (Сунақ-Ата) ұрпақтары.
(Һисамиддин (сунақ-Ата) – Әбу Бәкір ас-Сыддықтың 16-шы ұрпағы).
Сунақтар қазақ халқының бір бөлігі.
Таңба белгісі: – «Қылыш». Ұраны – Қожа Ахмет Иассауи. (Н.И:Гродековъ Киргизы и каракиргизы Сыръ-Дарьинской области. Томъ первый. Юридический бытъ. Приложеніе 1,2. Ташкентъ.1889-1,4-б.).
Жоғарыда көрсетілген ғұлама-ғалымдарының қасиетті құжаттарына, Маснуый шәріпке, Жәмішқан Ержановтың еңбектеріне, халықтың қолында сақталған, сирек кездесетін Сунақ елінің қолжазба шежірелеріне, елімізге белгілі тарихшылардың, жазушылардың пікірлерін; 
ХІІ ғасырда Һисамиддин (Сунақ-Ата) өз бұтағы жайында жазған шежіреге, Ташкенттен табылған аса құнды еңбек, ғұлама-ғалымдардың қасиетті құжатына;
 500 жыл бұрын Самарқанд, Қытай қағазына түсірілген Әбу Бәкір ас-Сыддыққа баратын Қожа-Сунақ шежіресіне («Маснуый шәріп» (ескілікті қазақ шежірелері жиынтығы бойынша жазылған кітап аты);
Болашақ ұрпаққа Сунақтардың шығу тегі жөніндегі ақиқат шындықты жеткізу мақсатында Мәскеу, Ленинград, Ташкент, Алматы, басқа қалалардың мұрағаттарын ақтарып, сарғайған бірнеше жүздеген кітаптар мен қолжазбаға үңіліп көптеген құнды материалдарды тауып, тарихи құжаттарға, көне қолжазба деректерге сүйеніп: 
«Сунақ (Сунақтар) – Әбу Бәкір ас-Сыдық ұрпақтары (Һисаммиддин (Сунақ-Ата) – Әбу Бәкір ас-Сыддықтың 16-шы ұрпағы) деуге толық негіз бар.
turkystan.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста