Қазақ хандығы Түркістанда ғылыми тұрғыда сараланды

Қазақ хандығы Түркістанда ғылыми тұрғыда сараланды

Бүгін 3 сәуір күні Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Қазақ хандығының тарихындағы Түркістанның орны» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті. 

Халықаралық конференцияны ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Түркістандағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» және Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті ұйымдастырып отыр.
Конференцияның ашылу салтанатында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің өкілі Ермек Рақымов, ХҚТУ Ғылыми және инновациялық істер жөніндегі вице-президент, профессор Т.Раимбердиев құттықтау сөздерін жеткізіп, конференция жұмысына сәттілік тіледі.
Профессор Т.Раимбердиев Мәдениет институның профессоры Ерофеева Ирина Викторовнаға «ХҚТУ Құрметті профессоры» атағын табыстады. Профессор Ерофеева Ирина Викторовна «Казахские ханы: неизвестные правители городов присырдарьинского региона. XVII-XVIIIв.в.» атты еңбегімен қазақ хандығын насихаттауға орасан зор үлес қосқан бірегей ғалымдардың бірі. Бұл 2 томдық еңбекте 818 қазақ хандарының хаттары, т.б., тарихи құжаттары жинастырылған. Сондай-ақ, профессор Т.Раимбердиев алыс-жақын шет елдерден келген бірқатар ғалымдарға университет атынан арнайы естелік сыйлықтар табыстады. 


 

Конференция модераторы – белгілі әдебиет зерттеушісі, ХҚТУ «Түркология» ғылыми-зерттеу институтының директоры, профессор Құлбек Ергөбек Сәрсенұлы.
Ел тәуелсіздігін баянды да тұғырлы ету, «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыру мақсатын көздейтін бұл мемлекеттік шараның маңызы аса зор. Конференция жұмысы ұлттық тарихымызды қайта зерделеуде ғасырлар қойнауынан тамыр тартатын Түркістанның тарихын, Қожа Ахмет Ясауи мұрасы мен оның кесенесін, кесенеде жерленген ата-бабаларымыздың өнегелі жолын насихаттауға арналды.
2 секция бойынша жүрген конференция жұмысының негізгі бағыттары:
1. Қазақ хандығы және Түркістан.
2. Қазақстан тарихындағы қала мен дала.
3. Қазақстан аумағындағы көне және ортағасырлық мемлекеттер.
4. Қазақ мемлекеттілігі және тұлғалық фактор.
5. Қазақ хандығының тарихы деректер мен зерттеулерде.
6. Қазақ даласындағы ұлттық пантеондар.
7. Қазақ даласындағы ғылым-білім ордалары.

Қазақ хандығының тарихын зерттеумен айналысып жүрген белгілі отандық зерттеушілер И.В.Ерофеева, А.Исин, Б.Кәрібаев, Н.Атығаев, Ж.Артықбаев, З.Жандарбек, М.Қожа, С.Жолдасбайұлы, т.б., көптеген ғалымдар, сонымен қатар Финляндия Оулу университетінің, Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының, Марджани атындағы Тарих институтының, АҚШ Индиана университетінің, Түркия елдерінің ғалымдары қатысты. Республикамыздағы және шетелдердегі тарих, филология, философия, шығыстану, заң салаларының ғалымдары, этнографтар мен деректанушы, тарихнамашы ғалымдар, ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтарының қызметкерлері де қатысты.
Пленарлық мәжілісте профессор И.В.Ерофеева жоғарыда аталған еңбегін, Финляндия Оулу университетінің PhD тарихшысы Роман Хаутала «Латинские источники о религиозной политике чагатаидских ханов во второй четверти VIV столетия», АҚШ Индиана университетінің профессоры Акрам Хабибуллаев «Медресе Халифа и его роль в распространении религиозного знания в Казахстане», Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры, т.ғ.д., Кәрібаев Берекет Бақытжанұлы «Түркістан аймағының Қазақ хандығы үшін маңызы», Түркия, Гази университетінің профессоры, PhD, доценті Айхан Пала «Осман империясы мен қазақ хандығының қарым-қатынастары», Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бөлім меңгерушісі, т.ғ.к., доцент Нұрлан Атығаев «О некоторых символах власти (трон и корона: от монгольской империи к казахскому ханству) о дипломатических контактах казахского ханства с мусульманскими государствами (XVI-XVIIIв)», Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің профессоры, т.ғ.к., Исин Амантай Исаұлы «Мәскеу мемлекетінің елшілік кітаптарындағы қазақ хандығы тарихына қатысты деректер және олардың игерілуі жайлы», Өзбекстан ҒА Тарих институтының ғылыми қызметкері Гулбоев Низомиддин Нормаматович «Казахи и Хивинское ханства (XVI – начало XXв.)», Ахмет Ясауи университетінің археологы, т.ғ.д., Мұхтар Қожа Бахадырұлы «Қазақ хандығының тарихына байланысты жаңа заттық деректер» атты баяндамаларын тұшымды да әсерлі жеткізді.
Конференцияның материалдары арнайы жинақ болып басылады. Сондай-ақ, ХҚТУ «Түркология» журналында жарияланатын болады. Ғалымдарды тоғыстырған бұл айтулы шарада Қазақ хандығының тарихындағы Түркістан қаласының алатын орнының ерекше екендігі ғылыми деректермен зерделенді.
Конференция модераторы, профессор Құлбек Ергөбек: «Тарих - әрбір ұлттың қасиетті парағы. (Н.М.Карамзин). Міне, бүгін қазақ хандығына қатысты тарихтың бір парағын ғалымдардың, шетел ғалымдарының көзімен қарадық. Сөзсіз, бұндай ізденістеріңіздегі деректерден кейін патриоттық сезімге бөлендік. Еңбектеріңізді «Түркология» журналына шығарамыз. Барлық баяндамашыларға рахмет!» деген алғысқа толық разылық пейілін ғалымдардан жасырмады.

 

Асқат Сәдібеков,
университет баспасөз хатшысы

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста