«Қазақ хандығы 550 жыл» логотипі талапқа сай болған соң жеңіске жетті

 Еліміздің Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақстан халқының рухани даму қоры» акционерлік қоғамы Қазақ хандығының құрылуының 550 жылдық мерейтойына арналған логотип әзірлеу бойынша ашық байқау жариялағаны баршамызға белгілі.

Аталмыш байқау талабы бойынша: Қазақ хандығының құрылуының 550 жылдық мерейтойы логотипінде Қазақ хандығының құрылған уақытымен үндес келетін элементтер мен нышандар көрініс табуы, Қазақ хандығының құрылуының тарихи жолы мен оның бүгінгі мұрагері - тәуелсіз, бейбіт дамып келе жатқан біртұтас Қазақстан Республикасының арасындағы асқақ рухани байланыс қамтылуы тиіс. Сондай-ақ байқау талабы бойынша бойынша мерейтой логотипінің түсі де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының түсіне және Мемлекеттік тудағы көрсетілген нышандарға ұқсас болуы қажет. Яғни Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналған логотипінде бейбітшілік пен берекені сипаттайтын көгілдір аспан түсіне және мәңгілік пен табыстың символы алтын Күннің түсіне басымдық беріледі.
Жалпы, бұл байқауға 14 логотип қатысып, соның ішінде бұл байқауда Алмаз Нұразханның жұмыстары үздік деп танылып, ол байқаудан жеңіп шықты. Негізінен, Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдық мерейтойына арналған логотип маған үлкен әсер берді. Бағамдасақ, қазақ хандығының құрылуының 550 жылдық мерейтойы логотипінде Қазақ хандығының құрылған уақытымен үндес келетін элементтер мен нышандар көрініс тапқан. Логотип байқау талабына сай қазақ хандығының құрылуының тарихи жолы мен оның бүгінгі мұрагері – тәуелсіз, бейбіт, дамып келе жатқан, біртұтас еліміздің асқақ рухани бейнесін автор тамаша көрсете білген. Логотипте қазақтың ұғымындағы ең қасиетті – қастерлі “шаңырақ”, тіршіліктің көзі болып табылатын «күн» шуағы, қанатын жайған «қыран құс» бейнесі үйлесімді бейнеленген. Қазақ халқы “шаңырақ” деген сөзге (шаңырағын биік болсын, қара шаңырақ) көптеген ұғымдарды сыйғыза білді. Шаңырақ киiз үйдiң күмбездiк, жартышарлық ұлттық, көркемдік қасиетiн сақтап тұрады. Үйге жарық түсiрiп, үйге жағылған от түтiнiн ауаға шығуын қамтамасыз етедi. Жалпы “Қара шаңырақ” атауы сол киiз үйге деген ежелдiк көз қарас тудыруымен қатар, қасиеттiлiк күш-қуат та бере алатын ұғым. Күн өсіп-өркендеудің және өмірдің бейнесі болса, қыран құс адалдықтың, айбындықтың белгісі.
Алмаз Нұразханның бұл еңбегі жөнінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан суретшілер қауымдастығы басқармасының төрағасы Хасен Абаев мырза былай дейді:
- Қазақ хандығы мерейтойының логотипін анықтау жөніндегі Арнайы комиссияның мүшесі ретінде конкурсқа түскен жұмыстардың барлығын көріп шықтым. Ішінен ең тәуірі Алмаз Нұразханның жұмысы деп есептедім. Қалған жұмыстардың көркемдік деңгейі жоғары деуге келмейді. Мысалы, кейбірінің 550 деген сандары мен жазулары тым үлкен болды. Ал Алмаз Нұразханның логотипі Қазақстанның туына ұқсас, шаңырақ бейнеленген. Шаңырақ қашанда бірліктің, ынтымақтың, берекенің белгісі болған емес пе?! Конкурс әділ және ашық өтті. Оның жұмысы көпшілік дауыспен жеңгеніне куә болдым.
Қазақ хандығының 550-жылдығы логотипінің авторы – Алмаз Шәкенұлы Нұразхан бұған дейін де мемлекеттік атрибутика мен Қазақстанның Елордасын, басқа да қалаларын безендіруде еңбек етіп жүрген шығармашылық жұмыстарының авторы. Алмаз Нұразхан бұған дейін де Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған логотипті жасақтау байқауынан бөлек көптеген ұлттық, тіпті халықаралық деңгейдегі көрмелер мен байқаулардың жеңімпазы атанған.

Әлия Шаяхметова

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста