Қазақ хандығын қай хан қанша уақыт басқарды? Ел билігіне кімнен кейін кім келді? Оқырман көкейіндегі осындай сұрақтарға жауап беру үшін төмендегі материалды назарларыңызға ұсынып отырмыз.
1465-1473 жж. – Керей хан. Керей – Болат сұлтанның баласы.
1473-1480 жж. – Жәнібек хан – Барақ ханның баласы.
1480-1511 жж. – Бұрындық хан қазақтарды басқарды. Керей ханның баласы.
1511-1518 жж. – Қасым хан билігі. Әз Жәнібектің ұлы
1518-1523 жж. – Қасымның баласы Мамаш хан болды
1523-1532 жж. – Қасымның немере інісі Тақыр хан болды
1533-1534 жж. – Бұйдаш хан Тақырдың інісі хан болды
1534-1535 жж. – Қожа Мақмұт хан болды
1535-1537 жж. – хан атағы болған сұлтандар: Тоғым хан, Ахмет хан, Хақназар, Наурыз-Ахмет хан.
1538-1580 жж. – Хақназар Қазақ хандығының ханы болды, Қасымның баласы.
1580-1582 жж. – Жәнібектің немере інісі 80 жастағы Шығай таққа отырды.
1582-1598 жж. – Шығай қайтыс болып, орнына баласы Тәуекел отырды.
1598-1628 жж. – Есім хан билігі. Шығайдың баласы, Тәуекел ханның інісі.
1613-1627 жж. – Тұрсын хан билігі.
1628-1652 жж. – Жәңгір хан болды. Есім ханның баласы.
1680-1715 жж. – Әз-Тәуке хан билігі. Салқам Жәңгірдің баласы.
1718-1726 жж. – Батырдың билігі.
1726-1730 жж. – Болат хан билігі. Болат – Тәуке ханның баласы.
1720-1740 жж. – Ұлы жүзді Жолбарыс хан басқарды.
1718-1748 жж. – Әбілхайыр Кіші жүзге хан болды.
1748-1786 жж. – Нұралы Кіші жүзге хан болды.
1791-1794 жж. – Ералы Кіші жүзге хан болды.
1795-1797 жж. – Есім Кіші жүзге хан болды.
1797-1805 жж. – Айшуақ Кіші жүзге хан болды.
1805-1824 жж. – Шерғазы Кіші жүзге соңғы хан болды.
1716-1719 жж. – Орта жүз ханы Қайып хан билігі.
1719-1734 жж. – Орта жүз ханы Сәмеке хан билігі.
1734-1771 жж. – Орта жүз ханы Әбілмәмбет билігі.
1771-1781 жж. – Үш жүздің ханы Абылай билігі.
1781-1819 жж. – Орта жүз соңғы ханы Уәли билігі.
1815-1817 жж. – Орта жүз соңғы ханы Бөкей билігі.
1841-1847 жж. – Кенесары қазақтың соңғы ханы. Кенесары – Абылай ханның немересі, Қасым төренің баласы.
Қазақ хандары: Кім, қанша жыл билік құрды?
Последние статьи автора