Қазақ тойларының қадірі қашты ма?

Қазіргі қазақ тойларында анайы байқаулар мен ойындар ұйымдастырылып, асабаның келеке әңгімелері мен ұятсыз анекдоттары айтылып, ұлттық тойлардың қадірі қашып бара жатқандай.
Тіпті youtube арналарында «Қазақ тойларындағы «приколдар» дегендей жеке арналар да көбейіп барады. Анайы ойындар мен шал-кемпірден бастап жас қыз-жігіттердің арсыз билері – ең көп қаралған видеолардың қатарында. Ең кемі – 400 мыңнан бастап 700 000-ға дейін қаралған видеолар жетерлік. Олардың ішінде қазақ қыздарының стриптиз билеуінен бастап, жігіттер мен қыздардың анайы байқауларға қатысуы намысты өртейді.
Атам заманнан ер-аза­маттың образы қазақ үшін батырлық пен қайсарлықтың үндесуі арқасында жоғары тұратын. Содан болар, дана халқымыз: «Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді» деп, ер намысын үлгі етсе, Пайғамбарымыз (с.ғ.у.) бір хадисінде: «Ер жігіттің үш намысы бар: бірі – иманы, екіншісі – отаны, үшіншісі – отбасы, өзгесі – жалған намыс» деген екен. Өкінішке қарай, қазір орта жастағы азаматтардан бастап, жас жігіттердің жалған намысқа бой алдырып, әсіресе, той-томалақта ішіп алып, асабаның «Мықты болсаң жасап көр!» дегендей жалған ұранына еріп, ер кісіге сай келмейтін арсыз әрекеттерге баруы қалыпты жағдайға айналып бара жатқан жоқ па деп қорқамыз. Интернетте мынандай видеолар өріп жүр: асабаның сөзіне еріп, шалбарын шешіп тастап, билеп жүрген «ағашкалар» мен анайы байқауларға қатысып, шақырылған биші қыздармен, тіпті стриптиз билейтіндердің ортасында жүріп, әрқайсысына қолын созып, әрқайсысымен жеке-дара билеп, жұрттың алдында масқара боп жатқан қазақтың жігіттері... Егерде интернеттен кавказдық тойларды көрсеңіз, еркектің сол баяғы еркек боп қалғанын, ұлттық билері – лезгинканы нақышына кел­тіріп билеп жүргенін бай­қайсыз. Ал қазақтың тойларын көрген басқа ұлт өкілдері комментарийлерінде «Какой позор!» деп таңырқайтын бопты.
Хәкім Абай: «Ұят кімде болса, иман сонда» деген екен. Қазіргі жастардың ұяты қандай? Қазақ тойларындағы жаңашылдықтың бірі – флешмобтар! Өз басым жануарларды қорғау бағытындағы немесе экологиялық мәселелерді қозғайтын флешмобтарды жан-жүрегіммен түсінемін әрі қолдаймын. Ал тойда қандай да бір хит әнге жастар болып флешмоб жасаудың не қажеті бар?! Батыстық музыканы бірінен соң бірін қойып, соған сай әрқилы билеу, әсіресе, өз тойында ата-ененің алдында қалыңдықтың жұлқынып билеуі көзге оғаштау көрінеді.
Қазақ халқы: «Жақсы келін – келін, жаман келін – өлім» деп, тектен-текке айтпайды. Ибалы келін болу тәрбиеге байланысты ма, әлде қоғамның дамуына да тәуелді нәрсе ме? Қазіргі тойларда келіндердің жұлқынған билерінен, тәкәппар мінезінен қорқатын болдық. Күйеуімен, құрбы қыздарымен жағаласып, «Oppa Gangham Style» дегендей әндерге бұтын талтайтып, қолдарын жан-жаққа сермеп билейтін келіндер – қоғамдық норма боп бара жатқандай. Бір өкініштісі, келіннің іші томпайған, яғни қос жұптың ақ некеге дейін «көңіл жарастырып» қойғандарын білдіретін той видеоларын қазіргі жастар ғаламторға салуға еш қымсынбайтын сияқты. Бұрындары мұндай нәрсені жасыратын, қазір ғаламторға салып жарысады...
Халқымыз тағы бір өсиеттерінде: «Еркек дауысты әйелде ұят болмас, қатын дауысты еркекте қуат болмас» деп айтса керек. Қазір тойларда көп байқайтын нәрсеміз – шақырылған әнші жігіттердің тым нәзік дауысты болуы! Есесіне, жүріс-тұрысы, киім-киісі, шаш үлгісі еркекке ұқ­сайтын еркекшора әйелдер де оқта-текте кездесіп тұрады. Шыны керек, тойға әнші таңдағанда да арзан екен деп әйелдің киімін киіп, паро­дия жасап жүрген, Батыста «травести-шоу­дың» өкілі ретінде қабылданатын, ал бізде «әйел киімін киген артис» ретінде ақша табатын адамдардан бойды аулақ ұстаған жөн бе дейсің. Тойларда ақ сақалды қариялар мен ақ жаулықты апалар, психикасы енді қалыптасып жатқан балалар көп болмай ма?! Еуропада, Америкада мұндай дәстүрлі емес өнер түрі, өздерін еркектен гөрі әйелге көбірек жатқызатын трансвистеттердің театрлары мен клубтары балалар мен қарапайым халық көрмейтін жабық, алшақ жерлерде бола­ды. Ал біздің үлкен сахна­ларымыз, әзіл-ысқақ театр­ларымыз, телеарналарымыз бен тойларымыз әйел боп киініп, «халықты күлкіге қарқ етем» деп күнін көріп жүрген арзанқол артистерге толып барады. Бұл кері тәрбие, арсыздықтың бір көрінісі. Еркектің батырға, қорғаушыға сай образына қаяу түсіріп, кейінгі өсіп келе жатқан ұл балалардың психикасына кері әсер ететін жайт емес пе?!
Хәкім Абай: «Ұят кімде болса, иман сонда» деген екен. Қазіргі жастардың ұяты қандай? Қазақ тойларындағы жаңашылдықтың бірі – флешмобтар! Өз басым жануарларды қорғау бағы­тындағы немесе экологиялық мәселелерді қозғайтын флешмобтарды жан-жүре­гіммен түсінемін әрі қолдаймын. Ал тойда қандай да бір хит әнге жастар болып флешмоб жасаудың не қажеті бар?! Батыстық музыканы бірінен соң бірін қойып, соған сай әрқилы билеу, әсіресе, өз тойында ата-ененің алдында қалыңдықтың жұлқынып билеуі көзге оғаштау көрінеді.
«Қазақтың «современный» тойлары» деген сілтемеден табылатын видеолар, тіпті намысқа тиеді. Біздің құзырлы органдар қайда қарап отыр екен? Қазақ қыздары стриптиз билеген екі видео жүр: бірінде екі қазақ қызы ортаға шығып, шамасы тойға келген қонақтар болуы керек, сәл мастанып, анайы түрде билей бастаса, екіншісінде, тіпті бір қыз жартылай жалаңаштанып билеп жүр?! Заң тұрғысынан порнографияға тыйым салынған, сондықтан мұны заң жағы жеңілдеу қарайтын эротикамен шатастырудың түк қажеті жоқ. Бұл нағыз порнография емес пе?! Тойда, барша жұрттың, оның ішінде әсіресе, шал-кемпір мен балалардың алдында болған масқара! Естеріңізге салсақ, осыдан екі жыл бұрын Қазақстанда сот шешімімен порнографиялық сипаттағы 486 сайтқа қатаң тыйым салы­нып, ондағы жарияланған суреттер мен видеолар мұра­ғаты бұғат­талған еді. Ең қы­зығы, кейбір анайы материал­дар «қазақтың «современный» тойлары» немесе «тойдағы приколдар» дегендей видео­лардың ішінде де жүр. Әрине, стриптиз билеген қыздардың денелерін әртүрлі видеоны әрлеу тәсілдері арқылы сол күйінде көрсетпей, сәл де болса жап­қандай болған. Бірақ дене мүшелері анық көрінбесе де, стриптиз билеу мен оны сайттар арқылы жариялау фактісі бар ғой! Ал бұл заңмен қудаланатын жайт.
Діндәрлар: «Мұса (ғ.с.) үмбеті қаталдық мінезімен, Иса (ғ.с.) үмбеті кешірімшілдік сипатымен, ал Мұхаммед (с.ғ.с.) үмбеті ұят мінез-құлқымен ерекшеленеді» дейді. Ұят – жақсылықтың бастауы. Бүгінгі қазақ тойларында болып жатқан жайттер заңға да, моральдық-этикалық ұстындарға да, адами қасиеттерге де қарсы. Байқауымызша, интернетте видеосы тарап, масқара болған азаматтар бұған ұялып отырған жоқ. Әйтпесе мұндай ұятсыз видеоларды өшіртудің амалын жасап, дұрыс әрекетке бел бумай ма?
Ең өкініштісі – мұндай анайы видеолардың көбіне-көп ішімдік қойылған тойларда түсірілетіні байқалады. Әйтпесе қаншама халал той өтіп жатыр, құдайға шүкір, оларда ер-азаматтар «шал­барсыз» билерімен емес, бай­салды ой-тілектерімен, қалыңдықтар мен күйеу жігіттер оғаштау флешмоб­тарымен емес, салмақты, ибалы да иманды ұстаным­дарымен, шал-кемпірлер жастармен бірге секеңдеп жүруімен емес, «бісмілләмен» бастап айтқан ақ батасымен есте қалып жатыр. Қазақтың ұлттық діліне қарсы видео­ларды көрген азаматтардың көбі сыни пікірлерін айта келе, мұндай арсыздықтардың қазақ тойларында қайталанбасы үшін, біріншіден, дұрыс асаба таңдауды, екіншіден, үйдегі үлкен кісілермен ақылдасуды кеңес етіпті. Расында да, дәстүрлі айтыскер ақындар мен театр саңлақтары жүр­гізетін тойларда мұндай арсыздық орын алмайды, ғибратты әңгімелер, нәпсіні қоздырмайтын әуендер, көңілге жылулық сыйлайтын, жастарды жақындастыратын байқаулар мен қариялардың ақ батасы беріліп жатады. Сондықтан той жасағалы жатқан жастар өмірде бір-ақ рет болатын ең бақытты күнге қаяу түспес үшін ғибратты ой айтатын асабаны таңдаумен қатар, «шоу жасаймыз» дейтін ивент-агенттіктерінен бойын аулақ ұстағаны жөн-ау. Себебі той видеолары күні ертең балалар мен немерелерге көрсетуге ұят болмайтындай дәрежеде үлгілі де өнегелі болуы керек.

Кәмшат ТАСБОЛАТ
aikyn.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста