Қазақ тілінде жарық көретін кітаптар тізімі жарияланды

Қазақ тілінде жарық көретін кітаптар тізімі жарияланды

2021 жылы алғаш рет қазақ тілінде жарық көретін кітаптар тізімі жарияланды.  
Фолиант баспа үйі біраз уақыттан бері шетел жазушыларының таңдаулы еңбектерін аударып, шығарып келеді. 

Қазақ оқырмандарын әлем әдебиетінің бестселлер кітаптарымен таныстыруды мақсат еткен «Фолиант» баспасы биыл Рэй Бредберидің «Фаренгейт бойынша 451 градус», Джон Рональд Руэл Толкиннің «Сақиналар әміршісі», Стивен Кингтің «Сол», «Жасыл миль», «Рита Хейворт және Шоушенктен қашу», Гузель Яхинаның «Зүлейханың оянуы», Халед Хоссейнидің «Батпырауық қуған бала», Кен Кизидің «Жындылар үйіндегі жанжал», Луиза Мэй Олкотттың «Кішкентай ханымдар», Шарлотта Бронтенің «Джейн Эйр», Джо Диспензаның «Түпсана күші», Герберт Уэллстің «Көрінбейтін адам», Ахмет Үміттің «Ыстамбұл естеліктері», Джон Стейнбектің «Тышқан мен адам хақында», «Інжу-маржан», Клайв Стейплз Льюистің «Арыстан, сиқыршы және киім шкаф», Роберто Риччидің «Қызыл Арлекин», Миясе Сертбаруттың «Сыр жасырған тұман» туындыларын жарыққа шығаруды жоспарлап отыр. 

Баспа үйінің өкілі Диана Исабекова аталған әлемдік бестселлерлер авторлары өкілдерімен авторлық құқық туралы мәселелер толығымен аяқталып, қазіргі таңда аталған кітаптардың тәржімаланып жатқанын, редакциялық жұмыстары басталып кеткенін айтып өтті. 

Баспадан жарық көретін бұл туындыларды аударуға тәжірибелі аудармашылар, әдебиеттанушылар тартылды. Кітап аудармасы, оны басып шығару – аудармашы, редактор, корректор, дизайнер, заңгер, кеңесші, сондай-ақ техникалық топты біріктіретін күрделі шығармашылық процесс. Жуырда жарық көретін туындылар қазақ оқырмандарының көңілінен шығады деп сенеміз, – деді Диана Исабекова.  
Естеріңізге салсақ, баспасының бастамасы бойынша әлем әдебиетінің алтын қазынасына айналған Халед Хоссейнидің «Жарқыраған мың күн», Мо Янның «Өмір мен өлім азабы», Орхан Памуктың «Ақ қамал», «Сезім музейі», «Менің атым Қырмызы», «Менің оғаш ойларым», «Үнсіз үй»  туындылары қазақ тілінде жарық көрген болатын. Наурыз айында Швеция Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Елшілігімен бірлесе, әлемге танымал швед жазушысы Астрид Линдгреннің тұңғыш рет қазақ тіліне аударылған «Ұзыншұлық Пиппи» кітабының тұсаукесері өтті.

BAQ.KZ

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста