Қазақ өлеңінен көз жазса, қанша өркениетті болса да оңбайды; азар болса, Америка болады!

Қазақ өлеңінен көз жазса, қанша өркениетті болса да оңбайды; азар болса, Америка болады!

ТАҒЫ ДА ӨЛЕҢ МЕН ӨРКЕНИЕТ ҚАХЫНДА

Қасым оқуларында болып, ФБ-ға қарауға қол тимеп еді. Кешегі Асқар Жұмаділдаевтің "Қазаққа ақын емес, технократ керек" - деген сөзінен кейін әңгіме ушығып бара жатыр екен. "... технократияға да әуелі Поэзия қажет. Онсыз технократия - өте қауіпті құбылыс. Бұған не дейсіз, Құс баласы?!" деп, Шығыстан Тыныштықбек ақын суырылып шығыпты. Басқа ақындар әлі үнсіз... Олардың өздері бүкіл ғұмырын арынаған Ұлы Мәртебелі Поэзияға жау шапқандай, ел дүрлігіп жатқанда, мына дүниеде түк болмағандай бей-жай қалғаны несі?! Енді бізді осы сауал ойландырып отыр.

Мен де Асқар Жұмаділдаевті таный қоймаймын, бетпе-бет жолықпаған кісім. Бірақ, оның ақпарат-құралдарына беріп жүрген емен-жарқын, жүрекжарды лебіздеріне жаныммен тәнті кісі едім. Әсіресе, Абай поэзиясы, Абай дүниетанымы, Хакімнің болмыс-бітімі қахындағы ой-пікірлеріне баяғыдан ішімнен бас иіп жүргем. Өзі қазақ поэзиясының айтулы классиктерінің бірі һәм бірегейі Тұмағаның (Т. Молдағалиев) туған күйеу баласы. Мұндай ірі тұлғаны ұлттық поэзияға қарсы немесе оны түсінбейді деп айту ұят қана емес, – обал болады! Мен бір білсем, бұ кісі қазақ жырының ғана емес, әлемдік поэзияның озық үлгілерін жан-тәніне сіңірген адам болуы керек? "... Мен күй тыңдасам не классикалық музыка тыңдасам... мысалы, "Тәттімбет", "Жұмыр қылыш", "Көрұғлы", "Жолаушының жол қоңыры"... өзінен өзі ой келе бастайды..." деп, о кісі босқа айтып отырған жоқ. Сутегі атом бомбасын ойлап тапқан ұлы физик А. Сахаровтың өзі Андрей Вознесенский мен Евгений Евтушенконың тоталитарлық қоғамның шаңырағын шайқалтқан тегеурінді тентек жырларына өмір бойы сүйсініп өткен! Осы математиктің өзінің Хакім Абайға деген махаббатының өзі қандай! Абайды ақындардан да терең түсінеді ғой бұ кісі! Асқар Жұмаділдаев өлеңдегі өзереген халтураға қарсы: "... ақындардың жазатын 3-4 тақырыбы бар: "Махаббат, Туған жер, Отан". Басқа тақырып жоқ. Махаббат деген ең оңай тақырып. "Сүйдім-күйдім" деп бәрі жазады емес пе?! - деп тұр ғой?!

Жақсының жағасынан алмай, осы математик нені мегзеп тұр деп ойланайық та? Бүгінгі қазақ жырының шыққан биігі қандай? Орыны ойсырап тұрған жері не? Соны таразылау керек-ті. Біз қазақ поэзиясы шырқау шыңға шығып кетті деп мағұмұрланып жүрміз. Ол рас. Бізді көш соңына қалдырып кеткен отыз елдің өздері қазақтың қара өлеңімен қанжыға қағыса алмайды! Мемлекет инвестицияны, міне, осы жерге құюы керек еді? Орта ғасырдағы Асан Қайғы, Доспамбет, Шалкиіз жырларындай ұлы құбылыс бізден басқа ешкімде жоқ қой?! Соны әлемдік жырдың айналымына түсіре алдық па? Түсіре алмадық қой! Гомерден бастап, Евтушенкоға дейін қазақша сайрап тұр! Әрісі – 300 жыл, берісі – 70 жыл төсекте басымыз, төскейде малымыз қосылған орман жұрты Абайдың өзін өз деңгейінде орысша аудара алмады ғой? Мағжан ше? Қасым, Мұқағалилар ше?! Ендеше біздікі не мақтан осы?!

Қазақ жыры неге елден ерек? Біздің маңдайымызға көшпелі өмір сүру салты жазылған. Атқа мінген қазақтың арқасына аруақ қонып, аузынан өлең төгіледі! Қазақтың шетінен "ақын..." болып жүргені – содан... Бірақ, дүниеге Абай келгеннен кейін ақынға деген көзқарас күрт өзгерген. Қазақ оны әлі байқаған жоқ. Жапондардың интеллектуалдық деңгейінің өсіп кеткені сонша, бір-біріне өлеңмен қолтаңба бере береді екен, бірақ, өздерін "ақынмын" деп айтпайды... Жапон жырының аруағынан именеді! Бізде, мүлде, олай емес, қазақта "... өлең жазған адамның бәрі – ақын..."(Мұқағали). "Бірақ, Абай қайтадан тіріле ме?!."( Тағыда – Мұқағали). Біз: " ... тіріледі! Ол – бізбіз!" – дейміз кеудемізді керіп!. Ал, керек болса?! Біз диалогқа жоқ халықпыз. Біздікі ылғи – монолог... Асекең, міне, осыны айтып отыр.

Асекеңнің ақындар айтысы туралы айтқаны исі қазақты жерге қаратады:

"Қазақта айтыс деген өнер бар. Сөзбен салғыласу. "Сен Қыз Жібек емессің" дейді. Оған жауап ретінде: "Мен Қыз Жібек болмасам, сен де Төлеген емессің" – дейді. Айналып келгенде сөзбен салғыласу..." дейді Асекең! Баяғы Біржан салдар мен Сараның айтысындай айтыс бар ма бізде? Ондай айтыс енді болмайды! Оның заманы әлдеқашант өтіп кеткен! Ол бір кезде сайын далада, ат үстінде, Еуразияда асыр салып өскен көшпелілердің төл өнері еді ғой! Оның соңғы тұяғы Жамбыл мен Шашубайлар-ды. Солармен бірге туып, бірге кетті ол! Асекең адалын айтып отыр. Енді біз құр сөзбен салғыласа бермей, өркениет өріне шығуымыз керек! Алпинист құсап! Құмырсқаша өрмелеп – немесе... Әйтпесе, бір-бірімізбен айтысып... далада қаламыз!

"Тілсіз (ойсыз, сөзсіз.,) - ешқандай да есеп шықпайды. Ал, Тілдің ең көркем де көсемі - ПОЭЗИЯ. Поэзия - адамның жанын нұрландырады. Математикада ондай қасиет болмайды. "Итке темір не керек" демекші, жаны нұрланбағандарға математиканың да еш қажеті жоқ" – деген Тыныштықбек бауырымның сөзі де өте орынды. Бұған алып-қосарымыз жоқ. Ақын алдын пайғамбардай болжап отыр! Сондай заман келе жатыр... Қазақ отырықшы жұртқа айналғанда өлеңнің дәурені өтіп, өркениеттің заманы туады... Бірақ, өлеңінен көз жазса, қанша өркениетті болса да оңбайды; азар болса, Америка болады!

Асекең қыза келе "Қазақта математик туралы бір өлең бар ма?!" – депті. "Қазаққа ақын емес, – технократ керек! Ертең сенің балаң сөзіңді мойындамайды! – депті? Сол сөзі шамыма тиіп кетті... Неге жоқ,  – бар, оқыңыз? Менің өлеңім:

ЗАМАН ЕСЕБІ

Физика-математика – несібіңіз,
Алты Алашқа әйгілі есіміңіз.
Бірақ, аға, есебін бұ қулардың,
Сіз шығара алмайсыз – кешіріңіз!

Бұл шайтанның есебі жан улаған,
Шығара алмай, ел естен тануда, аға:
Амалында қосу мен көбейту жоқ,
Бөлу ғана – мұныкі,
Алу ғана.

Мен түгілі, көктегі Құдайға анық,
Көз атаулы барады лайланып:
Бөлуменен алудың күні туды,
Көбейту мен қосуың былай қалып.

Өз есебін шығармай қоймайды бұл,
Біз – етекте,
Төбеден ойнайды құр:
Сізді қалай – ақымақ, мені – мәжүнін,
Елді – есалаң тобыр деп ойлайды бұл?!.

25.01.2019 ж.

P.S. Айтпақшы, осы әңгімені жалғанның жарығына шығарып, көкейкесті ой қозғаған Тұрынбек Башарға рахмет!

Серік Ақсұңқар
Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста