Қазақ неге қырғыз аталып кетті?

Қазақ неге қырғыз аталып кетті?

Ыстықкөл тұрғындарымен сөйлесе қалсаңыз олар сізден міндетті түрде: «Сіз білесіз бе революцияға дейін қазақтарды қырғыз деген? Кеңес үкіметі құрылғанға дейін Қазақстан деген ел болмаған, есесіне Қырғыз КСР деген мемлекет болған» дейді. Бұл ненің нышаны? Бұл сөз тіркесі қайдан шықты?
Шынында да Қазан төңкерісіне дейін қазақтарды неге қырғыз деген? Бұл сұрақты мен алғаш рет мектеп қабырғасында жүргенімде-ақ тарих пәнінің мұғаліміне қойғанымда ол маған нақты жауап берудің орнына қазақтар мен қырғыздар тамырлас, туыс ел деп қана жылы жауып қойғаны есімде. Жуырда мен осы сұрақтың нақты жауабын Тарих және этнология институтының аға қызметкері Ирина Ерофеевадан естідім. Оның айтуынша, ұлттардың атына қатысты бұрмалаушылық осыдан 280 жыл бұрын жазған журналистер жіберген қателіктен орын алған екен. Сол уақытта қазақтардың қырғыз болып аталып кетуіне журналистердің немқұрайлылығы өзінің кері әсерін тигізбей қоймады. Сонымен бұл мәселеге рет ретімен тоқталайық.
«Қазақ» сөзі алғаш рет XV ғасырда пайда болған, 1460 жылы Жәнібек пен Керей хан Сырдария жағалауларындағы өз ауылдарынан үдере көшіп, Моғол басқарушысы Есен-бұғының иелігіндегі Жетісу аймағына шоғырланған бойда (1460 жылы) Қазақ хандығын құрған. Ал ондағы тайпалар өзара бірігіп, өздерін еркін елдің өкілдері ретінде «қазақтар» деп атаған. Сол уақыттан бері көшпелі халықтар өздеріне «мен қазақ» атауын саналы түрде таңған. Ресей патшалығы тұсында Жоңғарияға жіберілген Иван Унковскийдің журналында (1722 жылы) қолында билігі бар кейбір қазақтар құжаттарға «қазақ» деп қол қойғаны туралы мәліметтер баршылық. Алайда ол уақытта қалың көпшілік Унковскидің жазғандарынан бейхабар болатын. Есесіне халықтар арасында голландық Никол Витзеннің кітабы танымал-тын. Ол кезде нидерландтық саяхатшы Петр І тапсырмасымен Ресей империясының оңтүстік бөлігінде орналасқан халықтар туралы мәліметтерді жинауы керек болған. Ол саяхатшы өзіне артылған міндеттемелерді толық орындауға шамасы жетпеген. Ол тіпті кейбір мәліметтерді бұрмалағаны кейін белгілі болған. Өзіне бейтаныс, ұшы-қиыры шексіз даланы аралауға жүрексінген ол бір жерге тұрақтап алып, ары-бері өткен шенеунік, саяхатшылар мен алып-сатарларды сөзге тарту арқылы шығыстағы көшпенді халықтар туралы мәліметтерді түртіп алып отырған. Атап өтерлігі сауалнама қатысқандардың кейбірі өздеріне қойылған сұрақтарға дәлме дәл жауап беріп отырса, енді бірі мүлде кереғар пікір келтірген. Осыны ескермеген Витзен қолда бар мәліметтерді сұрыптаудан өткізбестен жинағына енгізіп отырған.
Алайда бұл еңбекте құнды деректер де жоқ емес. Мәселен, онда Әбілқайыр ханның әкесі Қажы сұлтан туралы да деректер баршылық. Витзен сондай-ақ, өз еңбегінде Азия халықтарының географиялық жағынан орналасуына да ерекше тоқталған: ол башқұрт, Енисей қырғыздары мен хакастар туралы мәліметтерді де жеке жеке топтастырған. Ал қазақтар туралы ақпараттар ара-кідік «Бұқар» бөліміне де, «қазақтар» және «татар қазақтары» деген жеке атаумен де топтастырылып отырған. Қысқасын айтқанда, ол еңбекте қазақтар жайындағы деректер әр бөлімге бөлініп жазылып отырған.
Соңғысы мынамен байланысты. ХVII ғасырдың соңында қазақ хандығы Орталық Сырдария аумағына ықпалын жүргізу мақсатында Бұқар хандығымен ара-тұра соғысып тұрғандықтан қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының кейбір аймақтары қолдан қолға өтіп отырған. Ал Витзеннің жинағы жазылып жатқан кезде ол аймақтарға Бұқар хандығының саяси ықпалы жүріп тұрғандықтан жергілікті қазақтар туралы мәліметтер де «Бұқар» бөлігіне еніп кеткен екен. Ал «қазақ» атауына қатысты өрескел қателік 1734 жылы газет бетіне басылып кеткен. Атап айтқанда, нақ сол жылы Әбілқайыр ханның ұлы Ералы бастаған делегация мүшелері ресми сапармен Санкт-Петерборға барғанында ондағы орыс жұртшылығы қазақтардың қандай ұлт екенінен, қайдан шыққанынан бейхабар болғандықтан жергілікті «Санкт-Петербургские ведомости» газеті осы тақырыпқа көлемді мақала әзірлеуді алдарына мақсат етіп қояды. Сол уақытта газеттің Бас редакторы қызметін атқарған Михайло Ломоносов газет журналистерінің біріне қазақ делегациясы туралы мақала жазуды тапсырғаны сол-ақ екен ол журналист бірден Витзеннің кітабына жүгінген. Ал мақаланы жазу процесі кеш аяқталғандықтан оны Бас редактор оқып үлгермепті. Және ол мақалада: «Қазақтар енисей қырғыздарынан шыққан» деген сөз тіркесі де ілесе кеткен.
www.express-k.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста