Павлодарда көшелерге Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп, Әлихан Бөкейханның аттары беріледі

Павлодар қаласындағы көшелерге Едіге би, Бұқар жырау, Шәкәрім Құдайбердиев, Мәшһүр Жүсіп, Жүсіпбек Аймауытов, Әлихан Бөкейхан, Ермахан Бекмаханов, Сағадат Нұрмағамбетов есімдері берілмек, деп хабарлайды   ҚазАқпарат pavlodarnews.kz сілтеме жасап.

«Колос» орталығында Павлодар қаласының кейбір көшелерін қайта атау мәселесі бойынша көшпелі тыңдау өтті. Тыңдауға қоғамдық кеңес мүшелері, Құрметті азаматтар, ардагерлер, қала тұрғындары, қалалық мәслихат депутаттары, атқарушы орган және БАҚ өкілдері шақырылған.

Тыңдау барысында Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Светлана Гладышева көше атауларын өзгерту бойынша түскен ұсыныстарды атап өтті.

Оның айтуынша, С.Торайғыров атындағы ПМУ ғалымдары мен профессорларынан Димитров көшесін – Жүсіпбек Аймауытов, 1 Май – Мәшһүр Жүсіп, Карл Маркс – Әлихан Бөкейхан, Киров – Ермахан Бекмаханов, Короленко – Бұқар жырау, Ж.Аймауытов – Ақжол, М.Ж.Көпеев – Ақбеттау, Бестужев – Шәкәрім Құдайбердиев атауларына ауыстыру туралы ұсыныс түскен. Сондай-ақ Қазақстан Жазушылар одағы Павлодар облыстық филиалының директоры Арман Қанидан Володарский көшесін – Желтоқсан, Большая Обьездная – Жібек жолы деп атау, қалалық зиялы қауым өкілдерінен, «Jebe» қоғамдық бірлестігінің төрағасынан және Павлодар қаласының Құрметті азаматы Шолпан Байғалыдан Крупская көшесін – Едіге би, Сағадат Нұрмағамбетов атындағы қордың директорынан Чкалов көшесін – Сағадат Нұрмағамбетов атына беру, облыстық ардагерлер кеңесінен Пахомов көшесін – Қабдеш Нұркин атымен атау туралы ұсыныс түскен.

- Біз мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Павлодар қаласындағы ономастикалық жұмыстарды жалғастырудамыз. Биыл жеке және заңды тұлғалардан облыс әкімінің, Павлодар қаласы әкімінің атына түскен өтініштерді қарастыру үшін барлық құжаттар қалалық мәслихатқа жіберілді.

Аталған идеологиялық тұрғыдан ескірген көше атауларын ауыстыру мемлекетіміздің қалыптасуына үлесін қосқан тарихи тұлғаларымыздың есімін жаңғыртуға мүмкіндік береді. Оған қоса, құрамында өзге ұлт өкілдері бар тұрғындарға бұндай тұлғалармен танысуға мүмкіндік беріп, халық арасында жарасым табуға үлесін тигізеді. Сондықтан бұл шешімімізді қолдауды сұраймын, - деді Светлана Гладышева.

Тыңдау нәтижелерін ескере келе, қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының 8 депутаты бір ауыздан шешімді қолдап дауыс берді.

Айта кетейік, енді Қазақстан заңнамасымен орнатылған мерзімде тиісті метриалдар республикалық ономастикалық комисияның қарауына жіберіледі.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста