Отырардан шыққан отыз әл-Фараби

Қазақ жерінен бір емес, 30 Әл Фараби шыққан. Бұл туралы Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры, Қазақстанның Жоғары мектеп ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы Әбсаттар қажы Дербісәлі мырза «Жас қазақ» газетіне айтып берді. Ол Отырардан шыққан ғұламалар туралы бұрын да айтып, жазып жүрген. Десек те Түркия кітапханаларынан табылған 10 Фараб тумасының өмірі мен шығармашылығынан – жаңа мәлімет.

Шығыстанушының пікірінше, қазақ жерінен шыққан ойшылдардың бәрі энциклопедист Әбу Насыр Әл Фарабиден (870-950) кейін, яғни ІХ-Х ғасырдан соң өмір сүрген. Әрқайсысы ғылымның бір-бір саласының білгірі болған.
Әбу Ибраһим Исхақ бин Ибраһим Әл Фараби. Отырарда өмірге келген ғалымның туған жылы белгісіз. Өмірден өткен мерзімі «961 жыл». Оны Әбу Насыр Әл Фарабимен замандас деуге болады.
Екінші Фараб тумасы – Әбу Насыр Исмаил бин Хаммад әл Жауһари Әл Фараби. Оның да туған жылы белгісіз. Өмірден өткен жылы 1002 // 1008 жыл деп көрсетіледі. Ол да араб тілінің көрнекті өкілі. Екінші Әл Фарабидің әрі жиені, әрі шәкірті. Ұстазының шақыруымен Бағдат пен Дамаскі қалаларына келіп, сонда оқыған. Еңбегі – «Тіл тәжі және ақиқат араб тілі» деп аталады.
Фараб қаласының үшінші перзенті – Мұхаммед бин Хұсейн Әл Фараби. Ол Әбу Насыр Әл Фарабидің философиялық еңбегіне түсіндірме жазған. Ғалымның артында «Кемеңгерлік меруертіне» түсіндірме», «Афоризмдер» сияқты еңбектері қалған.
Түрік кітапханаларында сақталған он Әл Фарабидің төртіншісі – Абдуллаһ бин Мұхаммед бин Йусуф Насыр Әл Фараби Әл Азди. Оның «Андалусия ғұламаларының тарихы» атты еңбегінің қолжазбасын профессор Әбсаттар қажы Ататүрік университетінің кітапханасынан тапқан.
«Жаңа араб әлеміндегі ой-пікір және әдеби қозғалыс» атты еңбектің авторы – Отырардан шыққан бесінші перзент – Абд Әл Латиф ибн Ахмад Әл Фараби. Өкінішке қарай, ғұламаның өмір жолы туралы деректер өте аз.
Шығыстанушы ғалым, профессор Әбсаттар қажы Дербісәлінің мәліметіне сүйенсек, алтыншы Фараб тумасы – Әбу-л Фадл Таһир бин Мұхаммед Әл Фараби Заһир. Оның еңбегінің аты – «Диуан» деп аталады.
Аға Хасан Әл Фараби – ғұламалар тізімінің жетінші орнында тұр. Оның артында «Һидая тәржімасы» деген еңбегі қалған.
ХІІ ғасырда өмір сүрген Отырардың келесі тумасы – Бұрһан ад-дин Ахмед бин Әбу Хафс бин Йусуф Әл Фараби. «Тіл ережелеріне бағынбайтын әйел тегіне (женский род) қолданылатын қалыптар» еңбегі араб тілін зерттеуге арналған. Тағы бір еңбегі – «Намазда Құран оқушының шатасуы» деп аталады.
Түркия кітапханаларында еңбегі жиі ұшырасатын ғалымның бірі – Фараб (Фарйаб) ұланы Әбу-л Қасым Махмұд бин Ахмед Әл Фараби (Фарйаби). Ол – 1130-1210 жылдар аралығында өмір сүрген. Жинақтары негізінен дін тақырыбына арналған.
Қауам ад-дин әл Итқани Әл Фараби ат Түркістани. Бұл да түрік кітапханаларында еңбегі сақталған көрнекті ғұлама 1286-1356/57 жылдар аралығында өмір сүрген. Ол Түркістанның кіреберісіне 20 шақырымдай жердегі Иқан кентінде туған.

Жарас ШӨКЕ 

jasqazaq.kz/2016/01/19/otyrardan-shyan-otyz-l-farabi.html

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста