Осы мақаланың кесірінен барлық желтоқсаншылар «қара жамылды»...

Осы мақаланың кесірінен барлық желтоқсаншылар «қара жамылды»...

Кейінгі кездері көптеген ақпарат құралдары желтоқсаншылар мен Желтоқсан ұйымдары туралы «сенсациялық» мақалаларды жариялауға әуес болып алды. Ақпараттың бұл «белсенділігі» қоғамдық пікірде «ақпарат барлық басқа тақырыптар таусылса тек желтоқсаншылар туралы жазады» дегендей күмәнді ойға жетелейді. Шынында да, желтоқсаншылар арасындағы дау-дамайдың таусылмай келе жатқанына талай жылдың жүзі болды. Оның басы сонау 2010-2011 жылдардан басталады. Сол кезде республикалық деңгейдегі жеке-дара ұйым – «Желтоқсан ақиқаты» қоғамдық бірлестігінің басшысы Бейсенғазы Нүкенге «шабуыл» басталған еді.

Содан кейін бақандай төрт-бес жылға созылған соттасу процестері басталған-ды: біресе ана жағы, біресе мына жағы «жеңіске жетіп», онысын олар у-шу тойлап, қандары қыза-қыза аз-маз «жеңістеріне» апталап масаттанып – оңы мен солына қарауға, айналасына байыппен қарауға мұршалары болмай: «Ойпырмай-а, осы біз тәуелсіздік бастауы саналатын, халық мәртебелеп отырған, халқымыздың ары мен намысының символы болған Ұлы Желтоқсан Көтерілісінің атына, одан қалды, алаңда екі күн атойлаған 20-30 мың жап-жас ұл-қыздарымыздың атына, көтерілісте құрбан болғандардың аруағы алдында, бүгінде өздерін тәуелсіздік бастауында тұрдық деп мақтаныш сезіміне бөленуші мыңдаған азаматтардың атына кір келтіріп отырған жоқпыз ба?» деп бір сұрақ қоюға мұршалары болмады...

Сірә, олай ойлауға олардың өресі де жете бермейтін сияқты, шамасы... Неге десеңіздер, сол уақытта да, қазіргі шатақтың да бел ортасында басы-жоғы үш-төрт адам тұрғанын көріп отырмыз. Әрі-бері бұлтақтамай ашығын айтсақ: біріншісі – «Желтоқсан ұйымын» әуелден оппозиция құрылы ретінде қолдануды көздеген, алайда өзі Желтоқсан көтерілісіне қатыспаған, егер желтоқсаншылар осы жолмен жүрмесе мен оны жабамын, әлде, оны үш-төртке бөліп тынамын дейтін журналист Гүлмира Тойболдина болса, екіншісі – «Мен Желтоқсан ұйымын құрғамын, сондықтан ол ұйым менің қалауымша жұмыс істеуі тиіс» деуден таймайтын Жақсылық Жексенбаев. Бірақ біз және барлық желтоқсаншылар оның қандай адам екенін жақсы біледі. Оның айналдырғаны күндіз-түні айтатын өсек-аяң мен өтірік. Әдетте, мұндай адамның басты «қасиеті» мансапқорлық екені аян. Сондықтан ол «мені анау орынға отырғызбады, бүйтпеді-сүйтпеді» деп шағымданудан өзге, осыған дейін қоғамға бір пайдалы іс жасаған емес. Оған бүкіл желтоқсаншылар куә. Үшіншісі – өзінің заңсыз басып алған жерін заңдастыра алмай, сол үшін «статус әперем, жер әперем» деген сылтаулармен қиыншылыққа тап болған желтоқсаншыларды әкімшілік алдына жиып алатын әйгілі «шу көтергіш», ұстала қалса «мен ешкімді щақырған жоқпын» деп тайып кетуші «тайғанақ», ал әкімшілікке кіре қалса «жерімнің мәселесін шешсеңдер менің қарамды көрмейсіңдер» деп, жұртты қалқан етіп алға салушы Бейсенбай Сайфолда тұр (бұрын Құспеков еді, кейін Сайфолда етіп өзгеріпті, сірә, солай етсем жерімді заңдастыру жеңіл болар ма деді ме екен...).

Бұл жерде оларды желпіндіріп отырған «құрылтайшылар» мәселесіне тоқталмаса болмайды. Кезінде бұл ұйымды құрар кезде, оны бастаған Бейсенғазы Нүкенге заңдық тұрғыда тіркелу үшін 11-12 адамнан құрылтайшылардың тізімін жасау қажет болған. Олар осы ұйымның бастауында тұрған нағыз құрылтайшылар еді. Бірақ, кейін соттасу кезінде Тойболдина бастаған топ сол құрылтайшылардың тізімін заңсыз өзгерте салған. Яғни, қазіргі «құрылтайшылармыз» деп жүргендер «Желтоқсан ақиқаты» ұйымының бастауында тұрған жоқ. Оны кез келген адам, қажет болса, дәлелдей алады. Сөйтіп, «соттасу» кезінде асығыс және кездейсоқ тізімге ене кеткен «жаңа құрылтайшылардың» Желтоқсан көтерілісіне қатысы бар ма, жоқ па – оны ешкім тексере қоймапты. Мәселен, тіркелу кезінде «Құрылтайшылар келісім-шарты» деген құжат міндетті құжат болып табылады. Ал оларда ол жоқ. Ендеше, қазіргі «құрылтайшылар» олай тартсаң да, бұлай тартсаң да – ҚР Заңдары тұрғысынан «Желтоқсан ақиқаты» құрылтайшылары бола алмайды деуге болады. Міне, сол себепті де, жуырда өтейін деп отырған кезекті конференцияда ең алдымен «төрағадан» бұрын, осы – «құрылтайшылар» мәселесі қойылатын болады. Осыны сезген «құрылтайшы» төрт-бес «желтоқсаншы» айғай-шуды алдымен бастап жібергендері кімге болса да түсінікті болар деп ойлаймыз.

Енді, «Жас алаш» газеті жариялаған мақалаға нақты-нақты жауап берейік:

1. Г.Тойболдинаның «Бекіту конференциясы» деген айыптауы бойынша жауап: Егер Конференцияда тек қана бір сұрақ «Құрымбаевты бекіту» қарастырылса, онда оны мүмкін «бекіту» деуге болатын шығар. Бірақ Конференцияда басты мәселеде «Есеп беру» тұрды. Екіншісі - «Төраға сайлау», үшіншісі – Басқарма мүшелерін сайлау, төртінші – Тексеру комиссиясын сайлау, қоғамның «Ақылдастар алқасы» тізімін бекіту және т.б. көптеген сұрақтар қарастырылды. Сонда мұның қай жері «бекіту» болмақ? Тек хатшының хаттама бетіне «бекіту» деп жазылып жібергеніне бола Конференцияны «Бекіту конференциясы» деп атауға еш негіз жоқ. Конференцияның екі түрі ғана болады, ол: «кезекті конференция», не «кезектен тыс конференция». Ал ол конференция шын мәнісінде «кезектен тыс конференция» еді.

2. Ал Ж.Жексенбаев мырзаның «жыры» таусылмайды. Ол жоғарыда аталған тізімде «құрылтайшылар» деп көрсетілгендіктен оны Тексеру комиссиясына өткізу ҚР заңдарына қайшы. Сондықтан оны тексеру комиссиясына сайламады. Жексенбаевтың әйгілі өтірікшілігін барлық желтоқсаншылар жақсы біледі. Ол қазіргі айтып отырған сөзінен кімді болса да көзін бақырайтып қойып, табан астында тайқып кетудің де шебері. Сол конференцияда Жексенбевтың төртжылдық төрағалығына есеп беруге шамасы келмегенін, айналдырған бір жылға ғана 10 мың төңірегінде «есеп» бергенін қайда қоямыз? Мұның бәрі бізде хаттаулы тұр ғой? Жас алаш газеті тілшісі келіп сұраса көрсетер едік. Жексенбаевтың одан өзге талай «өнерін» жыр ғып айтып берер едік Мысалы, «қоғамға бір тиын жарна төлемеңдер» деп үндеу тастаушы ол қайдан алғаны белгісіз 10 (он мың) теңгені қоғамға «бергені» қызық болды − Жексенбев қоғамға он тиын берген емес! Керісінше, ол барлық өңірлерге телефон шалып «жарна төледіңдер ме, демеушілерден көмектер болды ма?» деп тіміскіленуде. Жақында тіркелген бір облыс филиалы төрағасы оған «саған есеп беретіндей сен кімсің?» деп Жексенбаевты әзер тоқтаттым дейді. Жексенбаев кезінде қоғам атынан жерді заңсыз басып алу «науқанына» талай адамды үгіттеп жүрген адам еді. Ал қазір өзі «заң қуғыш» бола қалыпты... Ал «жер дауына» іліккендердің көбі әлі де не ақшасын, не жерін ала алмай жүр. Тіптен, бір желтоқсаншы (атын айтпаймыз) үш-төрт жылды арқалап кете барған... Біз «Жас алаш» тілшісіне осыны да айтып берер едік...

3. Енді, мақала кейіпкері Темірбекова Гүлзатханға тоқталайық. Ол қоғамда жиналған жарнаны жинақтаушы болып сайланған болатын. Былайша айтқанда – «банк». Міне, біз сенген «банк» бір күні өзін «банкрот» жариялап, «енді мен ешкімге ақша өткізбеймін» деп жар салды. Әрине, қоғамға тиесілі жарнаны тығып отырған Гүлзатханның әрекетін бағалау үшін қоғам енді заң органдарына жүгінуге мәжбір. Бұл біз үшін ауыр. Бірақ әділеттілік деген қасиетті ұғым бар. Біз одан ешқашан ауытқымаймыз.

4. Қожанадиров Талғат деген азаматымыз бар еді. Қазір біз олай айта алмаймыз. Неге? Мысалы, ол басқаратын ауданның желтоқсаншылары ....... күні жиналыс ашып, оны орнынан алып тастады. Қандай себептермен екені оларға жақсы белгілі. «Жас алаш» тілшісі осыны неге зерттемеген? Бізді де осы мәселе қатты ойландырып отыр. Бүкіл республикаға тарайтын «Жас алаш» газеті не себептен өсек-аяңды шындықтан жоғары қоюға бет алып еді?

Осы мақаланың кесірінен барлық желтоқсаншылар «қара жамылды». Егер, өздерінің ғана мүддесін ойлайтын үш-төрт адамның жеке амбициясын «Жас алаш» газеті қазақ халқының намысының апогейі саналатын Желтоқсан көтерілісін осылай «құрметтейтін» болса – біз – барлық желтоқсаншылар «одан гөрі сол алаңда неге өліп кетпедік» дейтініміз анық.

Болды, осымен сөз тәмәм!

Болат Құрымбаев
Abai.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста