Мұстафа Шоқайды өлтіруге тапсырыс берген кім?

Былтырғы жылдың соңында Берлинге барғанбыз. Әлемдегі ең әдемі мешіттер тізімінде он екінші орын алатын, Берлиннің қақ ортасында орналасқан «Шаһидтік» (Şehitlik) мешітінде иісі түркі баласы мен мұсылман үмбетіне аянбай қызмет қылған атақты адамдар жерленген. Мұс­тафа Шоқай да осында мәңгілік тыншу тапты…

Тарихтан білеміз: Мұстафа Шоқай Грузияға, кейін Түркия арқылы Германияға, одан ары Францияға барады. 1941 жылы 22 маусымда, Екінші дүние­жүзі­лік соғыс басталған күні Парижде тұт­қындалады. Үш аптадан соң Берлинге жеткізіліп, оған Түр­кістан легионын құру туралы ұсы­ныс жасалады. Басқаруға ұсы­ныс тастайды. Мұстафа Түр­кістанның болашағы үшін Гер­маниядағы оқу орындарында кадрларды даярлауды және Түркістан шекарасына жақын жерден түркі тектілерден тұратын әскери құрылым жасақтауды талап етеді. Шоқайдың бұл талабын Гитлер қабылдамайды. Көп ұзамай Мұстафа Шоқай 1941 жылы 27 желтоқсанда Бер­лин ауруханасында жұмбақ жағ­дайда көз жұмады. Ресми құжатта ол «қанның улануынан қайтыс болды» деп жазылған екен.

Мұстафа Шоқайдың «Түркі­стан Советтердің үстемдігі ас­тында», «2 томдық таңдама­лы­лары», «Түркістандағы төңкеріс. Ақпан дәуірі» атты еңбектері бар. Одан қалды Мұстафаның Кавказ елдерінің, Түркияның және Ба­тыс Еуропаның газеттерінде түрік, француз, ағылшын, неміс тілдерінде көптеген мақаласы жа­рияланған. Мұстафаның «Ор­та Азиядағы ұлттық қозғалыс» атты еңбегін мұқият оқып, зерде­леген адам қайратты күрескердің сын садағы басқа-басқа емес, ең алдымен сол кездегі Совет Ода­ғының көсемі Иосиф Сталинге тікелей бағытталғанын бағамдай алады.

Сөз жоқ, қазақ арысы – өте білімдар тұлға. Оның өмірбаян дерегінде «Мұстафа Шоқайұлы Шоқаев, мұсылман дінінде, 1890 жылы желтоқсанда дүниеге келген қазақтың ұлы. Ташкент гимназиясын бітіргендігі жө­ніндегі 1910 жылы №1035 кәме­леттік аттестатпен Санкт-Пе­тербордың Императорлық уни­верситетінің студенттері қата­рына алынып, Заң факультетіне тіркелді. Онда төмендегі курс­тарды тыңдады: Рим құқығының тарихы, рим құқығының дог­масы, Орыс құқығының тарихы, Мемлекеттік құқық, Шіркеу құқығы, Полиция құқығы, Саяси экономия, Статистика, Аза­мат­тық құқық және Сот өндірісі, Сауда құқығы және Сот өндірісі, құқық және Сот өндірісі, Қаржы­лай құқық, Халықаралық құқық, Құқық энциклопедиясы, Құқық философиясының тарихы бо­йын­ша», – деп жазылған.

Мұстафа Шоқай Түркияға неге табан тіремеді? Бұл елде оның Үлкен Түркістан туралы идеясы қолдау табуы мүмкін еді ғой. Соған қарамастан, Парижге барып тұрақтады. Мұның да өзін­дік себебі бар секілді. Өйткені бір заманда мұнда Герценнің «Ко­ло­колы» Ресей патшасының зәре-құтын қашырып тұрғаны белгілі.

Эмиграциядағы Мұстафа Шо­қайдың Совет Одағының со­лақай саясатын әшкерелеген ма­қалалары мен Үлкен Түркістанды қайтадан құру идеясы Сталиннің зәресін алғаны түсінікті. 1925 жылғы 25 мамырда Ио­сиф Сталин «Ақ жол» журналы туралы Киркрайкомның бюро мүшелеріне жолдаған хаты бар. Хат екі пункттен тұрады. Соның бірінші пунктінде Сталин былай дейді: «Я имел возможность на днях познакомиться с журналом «Ак жол». Я вспомнил в связи с этим некоторые статьи небезыз­вестного Чокаева в белогвар­дейской печати и к ужасу своему открыл некоторое, так сказать, духовное «единство» между этими статьями и журналом «Ак жол». Невероятно, но факт. «Ак жол», конечно, помимо своей воли дает громадның материал Чокаеву. Чокаев далеко не по­мимо своей воли обобщает эти материалы и преподносит пуб­лике. Я понимаю критику, я вполне сознаю, что критиковать деятельность коммунистов мож­но и нужно. Но критика злорад­ная и злобствующая, – это не наша критика. Такой критике не должно быть места в Советской стране. Такая критика может представить лишь орудие в руках буржуазии против коммунизма, против Советов, против всего того, чем живет и дышит Совет­ский Союз», – дей келе, «Ақ жол» журналын түп-тамырымен өзгер­тіп, ондағы бейпартиялық интел­лигенттерді тырқыратып қуып, журналды коммунистік насихат органына айналдыруды ұсынады. Екінші пунктте «Я против того, чтобы беспартийные интел­лигенты занимались полити­чес­ким и идеологическим воспита­нием киргизской молодежи. Не для того мы брали власть, чтобы политическое и идеологическое воспитание молодежи предос­тавить буржуазным беспар­тийной интеллегентам. Этот фронт должен быть оставлен це­ликом и без остатка за ком­му­нистами. Иначе победа чокаевых может стать в Киргизии неиз­бежным. А это равняется идео­ло­гическому и политическому кра­ху коммунизма в Киргизии», – деп темір түйін жасайды. Енді қараңыз: Мұстафа Шоқай Парижде тұрып, Сталин үшін «Совет Одағының ит-тері­сін басына қаптап» жатыр. Бер­линге келіп, Түркістан легионын құру туралы келісім жасайды. «Иначе победа чокаевых может стать в Киргизии неизбежным. А это равняется идеологическому и политическому краху комму­низма в Киргизии», – деп 1925 жы­лы Мұстафаға азу тісін білеп жүрген адам Мұстафа Шоқайдың саяси күш алғанын қалай ма?!. Әлбетте, қаламайды. Қандай жол бар? «Нет чело­века – нет проблем» деген сөзді айтқан Сталин емес пе? Троц­кийдің ажалы неден болды? Мұс­тафаның ажалы қайдан келді? Тарихи параллелизм екі тапсы­рыстың да авторы бір адам екенін айғақтап тұрған жоқ па?!.

Нұртөре ЖҮСІП

aikyn.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста