Манифест: басты назардағы бес бағдар

Манифест: басты назардағы бес бағдар

Вашингтонда өткен ядролық қауiпсiздiк жөнiндегi саммиттiң басты оқиғасы ҚР Президентi Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев жариялаған «Әлем. ХХI ғасыр» манифесi екенi даусыз. Өйткенi, аталмыш маңызды саяси құжаттың бiтiмгершiлiк құндылықтары зор болғанын айрықша атап өтуiмiз қажет. Естерiңiзде болса, осыдан 60 жылдай уақыт бұрын жаппай қырып-жоюды ойлап тапқан ғалымдар Альберт Эйнштейн мен Бертран Рассел: «Бiз адам баласын жоюға тиiспiз бе әлде адамзат соғыстан бас тарта ма?» деген манифест жариялаған болатын.
Жасыратыны жоқ, ол кезде дүние коммунизм және антикоммунизм деген екi лагерьге бөлiнiп алып, «қырғиқабақ соғыс» өршiп, тайталасып жатқан-ды. Олар бiр-бiрiмен бәсекеге түсiп, жанталаса қарулануға ден қойды. 70 жыл iшiнде адамзат баласы құлақ естiп, көз көрмеген жаппай ажал себетiн жойқын қарудың неше түрiн жасап үлгердi. Бұл ешкiмге жеңiс әпермейтiн қауiптi қадам едi. Тiршiлiк атаулы түп тамырымен жойылып кетудiң аз-ақ алдында тұрды.
Мiне, арада 60 жыл өткен соң ядролық қарудан бас тартқан мемлекеттiң басшысы ретiнде Елбасымыз Вашингтон саммитiнде өз манифесiн жариялады. Бұл дер кезiнде көтерiлген игi бастама едi. Манифест бүкiләлемдiк ұйымның ең негiзгi органы — БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы мен Қауiпсiздiк Кеңесiнiң ресми құжаты мәртебесiн алды. Бұл әлемдiк қауымдастықта адамзатқа төнген қауiп-қатердiң алдын алуға негiзделген құнды бағдарлама ретiнде бағалануы ерекше оқиға болғаны анық. Былайша айтқанда, Қазақстан тарихта тұңғыш рет ядролық полигонды жапқан бiрден бiр ел ретiнде әлемге танымал болғанын дүние жүзiнiң бейбiтшiлiксүйгiш тұрғындары мойындап отыр.
Расында да, күн өткен сайын әлемдегi жағдай шиеленiсiп барады. Жер-жерде қақтығыстар ошағы көбейе түсуде. Әсiресе, жаппай қырып-жоятын қарудың арамниеттi терроршылардың қолына түсiп қалу қаупi жаһан жұртшылығын қатты алаңдатып отырғаны құпия емес. Манифесте орынды аталып өткенiндей, мұндай қақтығыстарды адамзат өз қолымен жасап отырғандықтан ашу мен бәсекелестiкке бой алдырмай, сабыр мен ақылды ғана серiк етiп, туындаған мәселенi ушықтырмай саналы әрi бейбiт жолмен шешу қажет.
50-ден астам мемлекет басшысы мен танымал саясаткерлер қатысқан жиында Елбасы жер шарында бейбiтшiлiктi сақтаудың нақты жобасының негiзгi бес бағдарын ұсынғаны мәлiм. Оның бiрiншiсi -- ядролық қарудан азат әлем құруға қадам басу. Оны бейбiт мақсатта отын ретiнде пайдалану. Екiншiсi, дүние жүзiнде ядролық қарусыз 6 аймақ бар екен. Ендi солардың санын көбейту. Үшiншiден, әскери блоктардан бас тарту. Төртiншiден, ядролық қарусыздану бағдарламасын жаңа тарихи жағдайларға қарап бейiмдеу. Бесiншiден, соғыссыз әлем құру. Барлық ұлттардың тең дәрежеде әдiлеттi еркiн өмiр сүруiн қалыптастыру.
Мiне, Елбасы манифесi осындай имандылыққа бастар iргелi iстердiң ұйытқысы болды.

С.МӘТҚАЛИҰЛЫ
okg.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста