«Мәңгі тастың» көшірмесі елордаға жеткізілді

Көне түркі ру-тайпаларының таңбалары қашалған «Мәңгі тастың» ғылыми көшірмесі Астанада орнатылды. Таңбатас VII ғасырда Моңғолия жерінен табылған. Биіктігі 2 метрден асатын ескерткіштің ашылу салтанатына Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия елдерінен келген мәртебелі меймандар қатысты. «Мәңгі тастың» бетінде 60-қа жуық әртүрлі таңба бедерленген. Аталған жазбалар жайында осы күнге дейін әлі бірде-бір рет арнайы ғылыми зерттеулер жарияланбаған екен. «Алайда тастың өзі – сонау түркі қағанатынан қалған бірліктің нышаны», - дейді ғалымдар. Мырзатай Жолдасбеков, мемлекет және қоғам қайраткері: - Қазір дүниежүзінде бұлқан-талқан болып, неше түрлі оқиғалар болып жатқан кезде бізге бірлік керек. Көршімен де тату болуымыз керек. Өзіміз де тату болуымыз керек. «Мәңгі тас» бізді соған шақырып отыр. Бұл – бабалардан қалған аманат. Мұнымен қоса, бүгін елордада Түркітілдес елдер парламенттік ассамблеясының IV пленарлық отырысы өтті. «Ұлы даладағы Мемлекеттілік және Парламентаризм» тақырыбындағы халықаралық конференцияға парламенттік ассамблеяға мүше елдерден келген өкілдер қатысты. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей бастамасымен дүниеге келген ұйым елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға негізделген. Қабиболла Жақыпов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы: - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту жолындағы халықаралық бастамалары жалпы жұртқа жақсы таныс.
 24.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста