Ел жадындағы ер Закарин

Мемлекеттің қалыптасуына ерекше еңбек сіңіріп, өлшеусіз күш жігерін арнаған айтулы тұлғалар болады. Асқар Закарин елдегі білім жүйесінің дамуына, қазақ жастарының сапалы білім алуына атсалысқан көрнекті ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері, физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педогогикалық университеті, әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ жайлы сөз қозғала қалса ең алдымен Асқар Закариннің есімі айрықша аталады. Cебебі, математика ғылымының негізін қалаушы қайраткер аталмыш оқу орындарда өз қолтаңбасын қалдырып, сан мыңдаған шәкірт тәрбиеледі.

Сапалы ұлт, білімді ұрпақ қағидасын ұстанған ғалым алдына келген әр шәкіртіне айырықша мейірім мен ерекше қамқорлықпен қарады. Ғалымның өмір жолын парақтаған сайын оның қазақ біліміне, ғылымына қосқан үлесі, қайраткердің қазақты сапалы ұлтқа айналдыру жолындағы атқарған еңбегі даралана береді.


Спандияр Көбеев, Міржақып Дулатов, Сейдәзім Қадырбаев пен Әлмағамбет Қасымов сынды алаш арыстары шыққан қасиетті Торғай топырағынан шыққан түлек Орынбордағы жұмысшы факультетін Ғабит Мүсірепов секілді ұлы тұлғамен бірге тәмамдады. Одан кейінгі білім жолындағы ізденісін М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің механика-математика факультетін де жалғады. Өз замандастары секілді А.Закариннің де жастық шағы екінші дүниежүзілік соғыспен тұспа-тұс келді. Ол Мәншүк Мәметова, Тахауи Ахтанов, Әзілхан Нұршайықов секілді қазақтың ардақты перзенттерімен иық тірестіре жүріп, ұлы майданды өткерді.

Қазақтың алғашқы математик ғалымы соғыстан кейінгі жылдары мыңдаған жоғарғы білімді мамандарды тәрбиеледі, өзін ғылымға арнады. Көрнекті ғалымның туғанына бүгін де 110 жыл. Артына өшпес мұра қалдырған айтулы тұлғаның қайраткерлік, ғалымдық, ұстаздық жолы талай ұрпаққа үлгі, келешекке өнеге. «Бiз Алаштың ақысын өзгеге жегiзбеуiмiз керек, қазақтың құқын қорғауымыз керек. Ұлттың құқын, халықтың ар-намысын ешкiмге таптатпаймыз!» (Жанша Досмұхамедов) немесе «Хан баласының мойнында қазақтың өтелмеген қақысы бар еді, соны ақтауға тырысам, қазаққа қайтсем де қызмет қылам» (Әлихан Бөкейханов)деген алаш арыстарының ағартушылық бағытын ұстанған Закарин әртүрлі лауазымды қызметтерде болды. 1950-1953 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педогогикалық институтында директор, 1953-1955, 1961-1970 жылдары С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде ректор, 1958-1961 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары, Сыртқы істер министрі міндетін атқарды.
Жас ұрпақтың алаңсыз білімі үшін Асқар Закарияұлы аянбай еңбек етті. Бүкіл өмірі өнегеден тұратын ғалым жайлы естеліктер де қызық, әрі құнды. Енді солардың "Өнегелі өмір" сериясымен шыққандағы кітаптағы бір парасына назар салайық:
Ғалым Мұтанов, академик, әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ ректоры:
"Ұстаз, ғалым, қайраткер ҚазМҰУ-дегі механика-математика факультетінің жаңа ғимаратын салдырып, жоғары оқу орындары үшін біліктілікті арттыру факультеті мен философия-экономика факультетін, гидробиология, ихтиология, метеорология, жоғары математика, орыс филологиясы, қатты денелер физикасы кафедраларын аштырды, математика факультеті негізінде республикадағы тұңғыш есептеу орталығын құрды. Студенттердің Мұхтар Әуезов атындағы әдеби бірлестігі, "Жеті муза" қоғамы да А.Закарин тұсында ашылды. Республиканың сыртқы саяси қызметіне басшылық жасаған ол университетті халықаралық деңгейге көтерді, осы жылдары оқу орнында әлемнің 20 елінен келген ғалымдар мейман болып, студенттер 36 елге сапар шекті. Жоғары геометрия кафедрасын 1984 жылға дейін үздіксіз басқарған Асқар Закарин математика пәні бойынша қазақ тілінде оқу-әдістемелік құралдар мен ғылыми-көпшілік кітаптар жазып, Алаш арыстарының ағартушылық бағытын ілгері ұластырғаны бүгінгі ұлттық идеямызбен үндесіп жатыр. Бұл қайраткер-ғалым мұрасының өміршеңдігін, халқымызбен бірге жасай беретіндігін көрсетсе керек.

Қабдеш Жұмаділов, жазушы:
"Қазақ университетінде ректор өзгеріпті. Бұрынғы біз білетін Дарқанбаевтың орнына Асқар Закарин деген математик келген. Жаңа ректор әр сөзін санап сөйлейтін, өте салмақты, сырбаз кісі екен. Менің мән жайды баяндаған арызым мен студенттік құжаттарымды көз жүгіртіп қарап шықты да: "Төрт жыл үзілістен соң студентті қайта қабылдау біздің университетте бұрын соңды болмаған нәрсе. Бірақ сіздің жағдайыңыз ерекше екен... Амал жоқ, заңды бұзуға тура келеді!"-деп күлді де, арызыма "Қабылдансын!" деген бұрыштама соқты. Байқайсыз ба, Закариннің көрегендігін. Оқуының бірінші курсынан соң Қытай жақтағы ауылына демалысқа барып, орынсыз күдікпен төрт жыл бойы бергі бетке өте алмай қалған студентті барлық кедергілерге қарамастан қайта қатарға қосуы неткен тектілік еді!"

Замандастары, көзкөргендер Асқар Закариннің матиматиканы қазақ тілінде сөйлеткен алғашқы қазақ екенін айтады. "Об основных идеях современной геометрии", "Геометрия негіздерінің элементтері", "Абель, Галуа, Лобачевский, Эйнштейн (Математика ғалымдарының өмірі мен еңбектері), "Роль прямого ортонормированного репера в курсе дифференциальной геометрий" секілді тағы басқа да көптеген еңбектері ел игілігіне қызмет етіп, ұзақ жылдардан бері білімін ұштауға ұмтылған жастың кәдесіне жарап келеді. "Қазақ тілінде тамаша адамдар туралы жазылған кітаптар тым аз. Кезінде Максим Горький іргесін қалаған бұл сериядағы шығармалардың орыс тілінде жүзден астам кітабы басылып шықты, олар ұзақ жылдар бойы жас ұрпақ үшін білімнің сарқылмас бұлағы болып келеді. Сондықтан да мектептерде және жоғары оқу орындарында оқушы жастар үшін, математикалық үйірмелерді басқаратын мұғалімдер үшін көмекші құрал есебінде осы кітапты жазу қажет болды,сәті түсіп жазылмай жүруші еді. Сол ойды жүзеге асырып, тамаша төрт математиктің: Абель мен Галуаның, Лобачевский мен Эйнштейннің өмірлерін әңгіме еттік"-дейді ғалым өз аударған еңбектеріне кіріспе де. Бұдан оның математика ғылымын қазақ тілінде сөйлетуге деген үлкен жауапкершілігін, ынта-ықыласын көреміз. Ғылымдағы кей салалар кешеуілдеп болса да, осындай жанкешті азаматтардың арқасында қазақ тілінде сөйледі.
Асқар Закарин тек математика саласын ғана емес, асқан зиялылықпен әдебиетті, мәдениетті, өнерді де қатты құрметтеді. Ғалымның ұлы, техника ғылымдарының докторы, профессор Едіге Закариннің айтуынша, қайраткер Е.Брусиловский, А.Жұбанов, Қ.Сәтпаев, М.Әуезов секілді белгілі тұлғалармен дәмдес, тұздас болып, етене араласқан. Мұхтар Әуезовтың қолтаңбасымен сыйланған "Қараш Қарашын" көзінің қарашығындай сақтап, қастерлеп өткен ол соғыс жылдары әскери газеттерде журналистік міндетті де атқарыпты. "Сегіз қырлы, бір сырлы" азаматтың ауыз толтырып айта берерлік қасиеттері талай тарихқа жүк. Мұның бәрі ғалымның бүгінгі қоғамдағы келбетінің айқындауышы іспетті. Асқар Закарин өнегелі өмірімен өз тарихын қалаған тұлға. Қазақтың физика, математика ғылымдары жаңаша сипатқа ойысқан заманда осы ғылымның сүбелі бір корифейіне айналған азамат қазақтың қадір тұтатын аяулы есімдерінің қатарында тұрады.
Жадыра Құдайберген

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста