Думан Рамазан: Қызыл қарақшылар Кейкінің әйелі Ақжанның да басын шапқан

Думан Рамазан: Қызыл қарақшылар Кейкінің әйелі Ақжанның да басын шапқан
«Жер бетінен тағы бір пендесінің жоғалғанына жүрегі жеңілдей қояр ма екен, бұл даланың»…

Не бары 35 жыл өмір сүрген талантты жазушы Ақан Нұрмановтың аты аңызға айналған Кейкі баба жайлы кітабы осылай басталады. Ұлтының азаттығы, басының тәуелсіздігі үшін жан аямай күресіп, осы жолда опат болған ұлдары аз емес, біздің халықтың.
Солардың бірі - Кейкі Көкімбай. Ұлы батырдың тағдыр-талайы қандай қиын болса, оның соңғы сәттері де, яғни өлімі де аянышты. Кейкінің бас сүйегі шет жерде, туған топырақтан жырақта жатыр. Оның өмір жолын, ерлік дастанын кейінгі ұрпақ біле де бермейді. Бұнымен қоса, бүгінгі таңда батырдың өліміне қатысты таласты дүниелер көп.
Сондай таластың бірі – оның бас сүйегіне қатысты. Халық арасында «батырдың басы шабылған жоқ. Ол оққа ұшып өлді» деген де сөз бар. Бәлкім, бұл біздің пайымдауымызша, Ақан Нұрмановтың «Құланның ажалы» атты романынан кейінгі шыққан әңгіме. Жазылғанына 38 жыл өтсе де, бұл еңбек классикалық дүниелер қатарына енді. Бірақ қысым-қыспақтың кесірінен талантты жазушы көп мәліметті оқырманға бере алмады. Жалпы, «Кейкі батыр кім, оның тағдыры не себепті зобалаңға ұшырады, бас сүйегі неге елден жыраққа кетті?» деген сауалдарға жауап іздеп, біз жазушы Думан Рамазанға жолыққан едік. Кейкі бабаның бас сүйегін іздеп Санкт-Петерборға барып, біраз мәлімет алып қайтқан Думан бізге Кейкі бабаға қатысты біраз мәлімет берді. Енді соны сіздермен бөліспекпіз, құрметті оқырман.

Кейкінің басы шабылғаннан соң, біраз уақыт Торғайдағы алаңда ілулі тұрған
Кейкі батыр өте күрделі тұлға. Ол жәй ғана батыр емес, ол асқан көреген, данышпан адам болған. Мергендігіне ешкім шәк келтірмейтін азаматты елі «Құлеке, Батыреке» деп құрмет тұтып, иіліп тұратын болған. Ол әділдігін кесіп айтатын, бауырларын бітімге шақырып, еңбекке ұйытатын кесек тұлға деседі, халық. Оның ақтармен де, қызылдармен де дәм-тұзы жараспағаны белгілі. Батыр ақтармен бірге қызылдарды да отаршылдар деп түсінген. Сол үшін де ымыраға келмей, өмірінің соңына дейін, олармен жағаласып өткен.
Қызылдар да оған көп қысастық жасады. Артына түсіп қуғындады. Кейбір деректерде Кейкіні «1921 жылы өлтірген» дейді. Мен оған мүлдем келіспеймін. Оған айтар дерек-дәлелдерім де бар. Бірақ оның бәрін айтып жатудың қажеті жоқ. Батырды қызыл қарақшылар 1923 жылғы көктемнің бір күнінде қараша үйде демалып жатқан жерінде қоршап алып, атып өлтіреді. Оның осы үйде демалып жатқанын қызылдарға қандас тыңшымыз жеткізеді. Оқ батырдың қақ маңдайынан тиген. Сөйтіп, «елім» деп еңіреген ержүрек ұлан абайсызда мерт болды.
Қызыл қарақшылар деп отырғанымның себебі бар, олар батырдың өзін ғана өлтіріп қойған жоқ, айы-күні жетіп отырған жүкті әйелі Ақжанның да басын шауып, қылышпен қарнын жарған. Іштегі нәрестені етіктерімен таптаған. Бір қызығы, ол кезде мұндай жантүршігерлік әрекет үйреншікті әдетке айналған. Өздерінің берік дәстүрі бойынша, қызыл қарақшылар Кейкіні өлтіргендерін дәлелдеп, батырдың басы мен қолын кетпенмен шауып алып, қоржынға салып, алтын тапқандай, Торғай қаласына алып барады. Ол бас біраз уақыт Торғай қаласындағы алаңда ілулі тұрған. Ал денесін қасындағы алты адаммен қосып, Жалаулы жайлауындағы Жыланшық өзенінің маңындағы бір сайдың жырасына сүйреп апарып, көме салады.

Бабамыздың басы қалай Петерборға жол тартты?
Әдетте «адамның басы – алланың добы» деуші еді, ал Кейкінің басы «адамның добы» болып, 1926 жылы Қазақстан астанасы Орынбордан Қызылордаға ауысып жатқан қарбалас шақта, орыстың Букинич дейтін ғалымы Кейкі батырдың басын алып кетеді де, Санкт-Петербор мұражайына атамыздың басын сыйға тартады. Бірақ кейініректе Кейкі бабамыздың қаны жібермей, ол аузына қан толып, соған тұншығып, елуден аса қайтыс болды. Осылайша, ол өз жазасын алды.

Мұражайда 60 000 бас бар, Кейкінің бас сүйегінің нөмірі – 3383
Мен Санкт-Петербордағы антропология және этнография мұражайынан Кенесары хан туралы ғана емес, Кейкі батырдың бас сүйегі жөнінде де біраз мәлімет таптым. Батырдың бас сүйегін өз көзіммен көрген жоқпын, бірақ біраз құжатты ақтардым. Біз бұл мұражайға барғанда, бас сүйектер сақтайтын қоймаға жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр екен. Сондықтан да онда сақтаулы тұрған 60000 бас сүйек Санкт-Петербор қаласының шет жағындағы елеусіздеу бір қоймаға апарылып, тоғытылып тасталыпты.
Оны қарап шығуға рұқсат алуын алып едік, бірақ уақытымыз болмады. Үйіліп жатқан алпыс мың басты аударыстырып қарап шығу, қыруар уақытты қажет ететін болды. Қайтатын уақытымыз таяған соң, оларды ақтарудың реті келмеді. Бірақ сол кездегі антропология және этнография мұражайының ғылыми қызметкері, антрополог Юрий Чистовтың көмегінің арқасында 60000 бастың тізімін қарап шықтық. Кейкі батырға қатысты құжаттарды тауып алдық. Батырдың бас сүйегінің нөмірі – 3383 екен. Негізгі құжатта: «3383. череп знаменитого бандита казаха Кейки, уроженеца Кайдаулской вол., Тургайского у., казненного в советской перёд. от д.д. Букинича в дар в1926г. документ: записка собирателия. 3/хы-33» деп жазылған.
Міне, батырдың бас сүйегінің сол мұражайда сақтаулы тұрғаны анық. Мен Чистов мырзадан: «бұл бас сүйектердің жоғалып кетуі мүмкін бе?» деп сұрап едім, ол маған жымиып: «сен екеуміздің басымыздың қайда қалғанын білмей қалуымыз мүмкін, ал бұнда сақтаулы тұрған бас сүйек түгілі, сіріңкенің қорабы да жоғалмайды. Ол үшін біз басымызбен жауап береміз» деген еді, нық сеніммен.

Атамыздың басы заң бойынша, Ресейдің ұлттық байлығы екен
Осы антропология мен этнография мұражайының директоры Ю.К.Чистовтан: «Атамыздың басы ғой, елге апарып, туған топырағына тапсырайық. Беріңіздер!» – деп сұрағанымда, ол шімірікпестен: «Бұл – бас сүйек сендердің аталарыңның басы болғанымен, біздің мұражайдың экспонаты, Ресейдің ұлттық байлығы», – деп жауап берді. Сөйтсек, Ресейдің «Мәдениет туралы» заңы бойынша, ел мұражайларындағы зат-бұйымдардың барлығы Ресейдің ұлттық байлығы деп есептеледі екен…
Кейкі батырдың есімін ел жадында қалдыру үшін, оның елге оралуына бәріміз ат салысуымыз қажет. Оған ең алдымен, жоғарғы жақтың бір-бірімен келісімі керек. Содан соң батырдың өмірбаяны мен ерліктері туралы тыңғылықты зерттеулер жазылуы тиіс. Астана мен Алматыдан батырға ескерткіш орнатып, ол ұлттық батыр ретінде насихатталса. Елімізде сол жайлы көркем һәм деректі фильмдер түсірілсе деген де арман бар.

Шолпан Құрманбай,
Айқын.
2006 жыл 

(Тақырыбы өзгертілді)
Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста